"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1445 қаулысы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер
қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
жобасы туралы» Үкіметтің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1445
қаулысына баспасөз релизі

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы (бұдан әрі - Қаулы) 2013 жылғы 23 қаңтардағы № 01-7.1 Елбасының тапсырмасын және 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 1399-4 паб, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 01-38.58 бұйрығымен бекітілген Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 3-тармағын орындау үшін әзірленген.
      Қаулыға қол қойылған күннен қолданысқа енгізілді.
      Қаулының мақсаты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісіне қарауға енгізу.
      Болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар: жобасын қабылдау теріс құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарларға әкеп соқтырмайды.
      Болжанатын тиімділік: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы геологиялық барлауға құқық беру жүйелерін түбегейлі оңайлатуға, кен орындарын «өнімсіз» алыпсатарлық практикасынан қорғауға, сондай-ақ, ірі стратегиялық кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға (пайдалы қазбаларды өндіруге) келісімшарттар жасасу немесе өзгерістер енгізу кезеңінде Қазақстанның экономикасын әртараптандыруға жәрдемдесу бойынша инвесторларға қойылатын міндетті талаптарды ілгерілетудің тетіктерін айқындауға бағытталған.

      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз