"Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 799 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1516 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қарашадағы № 714 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.11.2016 № 714 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 799 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 632-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасында:
      4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) жол жүру құжаты (билет) – осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз немесе электрондық-цифрлық (электрондық жол жүру құжаты) нысанда ресімделетін, жолаушыларды тасымалдауға шарт жасалғандығын куәландыратын және жолаушылар поезында жол жүруге құқық беретін құжат;»;
      5-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Ақпаратты беру тілдерді, мәтіндерді, рельефті-нүктелі Брайль қарпін, түйсік қатынасты, ірі қаріпті, қолжетімді мультимедиялық құралдарды пайдалана отырып, мүгедектер үшін де қамтамасыз етіледі.»;
      7-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Жолаушылар поездарына жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеу жолаушылар тасымалдарын автоматтандырылған басқару жүйесінде (бұдан әрі – АБЖ) және жол жүру құжатын (билетін) сатып алуға ниет білдірушінің жеке басын куәландыратын құжат (қала маңы тасымалдарын қоспағанда) ұсынылған кезде қол технологиясы бойынша (қала маңындағы тасымалдар үшін билеттерді басып шығаратын машиналар арқылы жүзеге асырылады) не жолаушының талап еткен жеріне жеткізу арқылы жүргізіледі.
      Жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату билет кассаларында, оның ішінде жолаушылар агенттіктерінің билет кассаларында және (немесе) электрондық терминалдар мен интернет ресурстары арқылы жүргізіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:
      «24-1. Жол жүру құжаты (билет) мынадай міндетті ақпаратты қамтиды:
      1) жол коды және теміржол әкімшілігінің шартты белгіленуі;
      2) құжаттың атауы;
      3) жол жүру құжатының (билет) нөмірі;
      4) поездың нөмірі;
      5) поезды жөнелту күні (күні, айы) және уақыты (сағаты, минуты);
      6) вагонның үлгісі мен нөмірі, қызмет көрсету класы;
      7) билеттің құны;
      8) плацкарттың құны;
      9) адам саны;
      10) жол жүру құжатының түрі;
      11) төлеу нысаны;
      12) тасымалдаушының атауы және қосылған құн салығын төлеуші куәлігінің нөмірі;
      13) жөнелту және келу станцияларының атауы (станциялардың коды);
      14) вагондағы орын нөмірі;
      15) тасымалдаушының БСН-і;
      16) жол жүру құжатының сериясы және нөмірі;
      17) қорғаныш коды;
      18) АБЖ-дағы тапсырыс нөмірі;
      19) жол жүру құжатын (билетті) ресімдеу күні;
      20) жол жүру құжатын (билетті) ресімдеу уақыты;
      21) жол жүру құжатын (билетті) сату пунктінің нөмірі;
      22) мемлекеттің коды және жүріп өтетін мемлекеттер арқылы жол жүру құны (халықаралық поездарда);
      23) жеке басын куәландыратын құжаттың түрі және оның деректемелері, тегі және атының, әкесінің атының (болған жағдайда) бас әріптері. Кәмелетке толмаған жолаушыны жол жүруге ресімдеу кезінде қосымша туу туралы куәліктің сериясы мен деректемелері, оның туған күні (күні, айы, жылы) көрсетіледі;
      24) жол жүру құжатының (билеттің) жалпы құны, оның ішінде;
      тариф және қосылған құн салығының сомасы;
      сервистік қызметтер және қосылған құн салығының сомасы;
      25) межелі станцияға келу күні мен уақыты, жолаушы келетін поездың нөмірі (үш таңбалы).»;
      25-тармақ алынып тасталсын;
      2627-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «26. Электрондық терминалдың жол жүру құжаты жол жүру құжаттарын (билеттерді) ресімдеу процесін жолаушылардың өздері тікелей жүзеге асыруы үшін пайдалануға арналған.
      27. Электрондық жол жүру құжаты (билет) жолаушыны теміржолмен тасымалдау туралы ақпаратты электрондық-цифрлық нысанда ұсынумен интернет-ресурстар, электрондық терминалдар және билет кассалары (оның ішінде жолаушылар агенттіктерінің билет кассалары) арқылы ресімделеді.
      Электрондық жол жүру құжаты мынадай ақпаратты қамтиды:
      1) жол коды және теміржол әкімшілігінің шартты белгіленуі;
      2) құжаттың атауы;
      3) электрондық жол жүру құжаты тапсырысының сәйкестендіргіші;
      4) поездың нөмірі;
      5) поезды жөнелту күні (күні, айы) және уақыты (сағаты, минуты);
      6) вагонның үлгісі мен нөмірі, қызмет көрсету класы;
      7) билеттің құны;
      8) плацкарттың құны;
      9) адам саны;
      10) жол жүру құжатының түрі;
      11) төлеу нысаны;
      12) тасымалдаушының атауы және қосылған құн салығын төлеуші куәлігінің нөмірі;
      13) жөнелту және келу станцияларының атауы (станциялардың коды);
      14) вагондағы орын нөмірі;
      15) тасымалдаушының БСН-і;
      16) жол жүру құжатының сериясы және нөмірі;
      17) қорғаныш коды;
      18) АБЖ-дағы тапсырыс нөмірі;
      19) жол жүру құжатын (билетті) ресімдеу күні;
      20) жол жүру құжатын (билетті) ресімдеу уақыты;
      21) жол жүру құжатын (билетті) сату пунктінің нөмірі;
      22) мемлекеттің коды және жүріп өтетін мемлекеттер арқылы жол жүру құны (халықаралық поездарда);
      23) жеке басын куәландыратын құжаттың түрі және оның деректемелері, тегі және атының, әкесінің атының (болған жағдайда) бас әріптері. Кәмелетке толмаған жолаушыны жол жүруге ресімдеу кезінде қосымша туу туралы куәліктің сериясы мен деректемелері, оның туған күні (күні, айы, жылы) көрсетіледі;
      24) жол жүру құжатының (билеттің) жалпы құны, оның ішінде;
      тариф және қосылған құн салығының сомасы;
      сервистік қызметтер және қосылған құн салығының сомасы;
      25) межелі станцияға келу күні мен уақыты, жолаушы келетін поездың нөмірі (үш таңбалы);
      26) штрих коды (2D-баркоды).»;
      99-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «99. Бүлінген жол жүру құжаттары (билеттер), егер оларды сәйкестендіруді жүзеге асыру мүмкін болса, сондай-ақ жоғалған жол жүру құжаттары (билеттер) билет кассаларында телнұсқасын беру арқылы қалпына келтіруге жатады.
      Егер бұрын жоғалған немесе бүлінген жол жүру құжаты (билет) қайтарылмаған жағдайда, телнұсқа жолаушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, жолаушының жазбаша өтініші негізінде беріледі.
      Бұрын сатып алынған жол жүру құжатының (билеттің) телнұсқасы дереу беріледі.
      Жолаушы жазбаша талап ету бойынша қалпына келтірілген және жоғалған жол жүру құжатын (билетін) қайтара алады.
      Бүлінген немесе жоғалған жол жүру құжаттарын (билеттерді) қалпына келтіру терминалмен жабдықталмаған билет кассаларында тариф үшін төлем алынбай, жол жүру құжатының (билетінің) бланкісінде қолмен ресімделеді, оның бақылау талоны вагон үлгісі мен поезд санатына және қалпына келтірілетін жол жүру құжатының (билетінің) құнына сәйкес кесіледі. Жол жүру құжатының (билетінің) беткі жағына және жол жүру құжатының (билетінің) түбіртегіне «бүлінген билеттің орнына берілді» немесе «жоғалған билеттің орнына берілді» деген белгі қойылады.
      Бүлінген немесе жоғалған жол жүру құжаттарын (билеттерді) қалпына келтіру үшін жолаушы уәкілетті орган белгілеген мөлшерде алым төлейді.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Жолаушыларды, багажды және  
жүк-багажды темір жол көлігімен
тасымалдау қағидасына    
қосымша           

Жол жүру құжатының (билеттің) нысаны

ҮЛГІ

1) Жол коды, теміржол әкімшілігінің шартты белгіленуі   2) Құжаттың атауы   3) Жол жүру құжатының нөмірі

ПОЕЗД

шифр

ЖӨНЕЛТІЛУ
ОТПРАВЛЕНИЕ

ВАГОН

типі
ВАГОН
№ тип

БАҒАСЫ теңге
ЦЕНА тенге

Адамдар саны Количество человек

ҚҰЖАТ ТҮРІ/ВИД ДОКУМЕНТА

күні

число

айы

месяц

сағат

часы

минут

билет
билет

плацкарт
плацкарта

4) Поездың нөмірі   5) Пойызды жөнелту күні және уақыты   6) Вагонның үлгісі мен нөмірі қызмет көрсету класы   7) Билеттің құны   8) Плацкарттың құны   9) Адам саны   10) Жол жүру құжатының түрі   11) Төлеу нысаны   12) Тасымалдаушының атауы   Қосылған құн салығын төлеуші куәлігінің нөмірі   13) Жөнелту және келу станциясының атауы (станциялардың коды)   14) Вагондағы орын нөмірі 15) Тасымалдаушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі   16) Жол жүру құжатының (билеттің) сериясы және нөмірі    17) Қорғаныш коды    18) АБЖ-дағы тапсырыс нөмірі    19) Жол жүру құжатын (билетті) ресімдеу күні    20) Жол жүру құжатын (билетті) ресімдеу уақыты   21) Жол жүру құжатын (билетті) сату пунктінің нөмірі    22) Мемлекеттің коды және жүріп өтетін мемлекеттер бойынша жол жүру құны (халықаралық поездарда)   23) Жолаушының жеке басын куәландыратын құжаттың түрі Құжаттың деректемелері Жолаушының тегі және аты-жөні   24) Жол жүрудің жалпы құны, оның ішінде: Тариф және қосылған құн салығының сомасы; сервистік қызметтер және қосымша құн салығының сомасы   25) Межелі станцияға келу күні мен уақыты Жолаушы келетін поездың нөмірі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады