"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне "Қолжетiмдi тұрғын үй - 2020" бағдарламасы шеңберiнде тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесi арқылы тұрғын үйлердi жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға кредит берудің 2014 жылға арналған шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 167 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 559 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне «Қолжетiмдi тұрғын үй – 2020» бағдарламасы шеңберiнде тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесi арқылы тұрғын үйлердi жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға кредит берудің 2014 жылға арналған шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 28 ақпандағы № 167 қаулысына мынадай өзгеріс енгізсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне «Қолжетiмдi тұрғын үй – 2020» бағдарламасы шеңберiнде тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесi арқылы тұрғын үйлердi жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға кредит берудің 2014 жылға арналған шарттарында:
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы қарыз алушыларға 29 472 165 000 (жиырма тоғыз миллиард төрт жүз жетпіс екі миллион бір жүз алпыс бес мың) теңге сомасындағы кредиттер тұрғын үйлерді жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға 9 (тоғыз) жыл мерзімге сыйақының 0,01 % мөлшерлемесі бойынша беріледі.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады