"Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 шілдедегі № 813 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 706-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жекешелендiру объектiлерiн сату қағидасында:
      1-тармақтың 12) тармақшасы алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Мемлекеттік мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді республикалық мүлік бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган, коммуналдық мүлік бойынша тиісті жергілікті атқарушы органдар айқындайды.»;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Сауда-саттықты өткізуге дайындықты сауда-саттықты өткізу туралы хабарламаның уақтылы жариялануын қамтамасыз ететін, өтiнiмдер қабылдауды және жабық тендер мен екі кезеңді рәсiмдер жолымен өтетін конкурсқа қатысушыларды тiркеудi жүргiзетiн, тендердің және екі кезеңді рәсімдер жолымен өтетін конкурстың келіп түскен материалдарын комиссияның қарауына беретін сатушы жүзеге асырады.»;
      22-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «22. Жабық тендерге немесе екі кезеңді рәсімдер жолымен өтетін конкурсқа қатысушы ретінде тіркелу үшін мыналарды:»;
      23-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «23. Жабық тендерге немесе екі кезеңді рәсімдер жолымен өтетін конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардың өтінімдерін қабылдау және оларды тiркеу талап етілетін құжаттардың толық жиынтығы болған кезде жүргізіледі.»;
      23-123-2 және 23-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «23-1 Аукционға немесе коммерциялық тендерге қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:
      1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты, әкесінің атын (бар болса);
      2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
      3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;
      4) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail);
      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.
      23-2. Аукционға немесе коммерциялық тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ-мен қол қойылған осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.
      Коммерциялық тендерге қатысушылар өтінімді мынадай:
      1) мемлекетке тиесілі акцияларды сату кезінде – акцияларына иелік ететін акционерлік қоғамдар туралы ақпаратты қамтитын акционерлер тізілімінен (хабарламаның жариялану сәтінде) үзінді-көшірмелерді;
      2) тендерге қатысушы қол қойған, тізілімнің веб-бетінде арнайы бөлінген электрондық конвертке жүктелетін тендерлік ұсыныс пен бағалық ұсынысты;
      3) сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген сатып алушыға қойылатын ерекше шарттар мен қосымша талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қоса тіркейді.
      Шетелдік заңды тұлғалар қазақ және/немесе орыс тілдерінде нотариатта куәландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттарының нотариатта расталған көшірмелерін ұсынады.
      23-3. Аукционның немесе коммерциялық тендердің жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстырып тексеру үшін мынадай құжаттардың:
      1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың;
      2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не анықтаманың;
      заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариатта куәландырылған көшірмелерін ұсынады.
      Коммерциялық тендердің жеңімпазы сатушыға сатып алу-сату шартына қол қойған кезде өтінімге тіркелген құжаттардың тұпнұсқаларын не нотариатта куәландырылған көшiрмелерін ұсынады.
      Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.»;
      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «25. Қатысушылардың құжаттары журналда тіркелгеннен кейін сейфте сақталады, жабық тендерге немесе екі кезеңді рәсімдер жолымен өтетін конкурстың өткiзiлетiн күні қатысушылардың құжаттары комиссияға қарау және жабық тендерге немесе екі кезеңді рәсімдер жолымен өтетін конкурсқа жіберу үшін берiледi.
      Коммерциялық тендерге қатысушылардың өтінімдері және оларға қоса берілетін электрондық (сканерленген) құжаттардың көшірмелері тізілімнің дерекқорында сақталады және сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақытқа дейін жүктеу мен қарау үшін қолжетімсіз болады.»;
      26-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «26-1. Аукционға немесе коммерциялық тендерге қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мәліметтердің тізілімнің дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізеді.
      Қатысушының осы Қағиданың 23-1 және 23-2-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сатушының шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін жетпіс екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
      Тізілімнің дерекқорында сатушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдау және қатысушыны аукционға және коммерциялық тендерге жіберуді жүзеге асырады. Тізілімнің дерекқорында сатушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәлімет болмаған жағдайда, тізілім веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады.
      Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.
      Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.»;
      36-6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «36-6. Бағаны өзгерту қадамы былайша белгіленеді:
      1) жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 20 000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезінде өзгерту қадамы 10 пайыз мөлшерінде белгiленедi;
      2) жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 20 000 еселенгеннен бастап 50 000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезінде өзгерту қадамы 7 пайыз мөлшерінде белгiленедi;
      3) жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 50 000 еселенгеннен бастап 100 000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы 5 пайыз мөлшерінде белгiленедi;
      4) жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 100 000 еселенгеннен бастап 250 000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы 2,5 пайыз мөлшерінде белгiленедi;
      5) жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 250 000 еселенгеннен бастап 500 000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы 1 пайыз мөлшерінде белгiленедi;
      6) жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 500 000 еселенген мөлшерінде және одан жоғары болған кезде өзгерту қадамы 0,5 пайыз мөлшерінде белгiленедi.
      Аукцион төменде көрсетілген екі әдістің біреуі бойынша жүргізіледі.»;
      36-9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «36-9. Әрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нәтижелері аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, сауда-саттық өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қол қояды.»;
      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «41. Егер тiркелген тендерге қатысушылардың саны екеуден аз болса, онда жекешелендiру объектiсi бiр ғана қатысушыға сатылуы мүмкiн үшiншi және одан кейiнгi сауда-саттықты қоспағанда, тендер өтпеген деп жарияланады.
      Егер тендер өтпеген деп жарияланса, сатушы тендердің өткізілмегені туралы актіге қол қояды.»;
      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «43. Коммерциялық тендерге қатысуға өтінімдерді ашу сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақыттың басталуы бойынша тізілімнің веб-порталы арқылы автоматты түрде жүргізіледі. Жабық коммерциялық тендер кезінде сатушы тендердің келіп түскен материалдарын комиссияның қарауына береді.
      Тендердi өткiзу кезінде комиссия ұсынысы жекешелендiру объектiсi үшiн ең жоғары мәнді қамтитын және тендердiң шарттарын қанағаттандыратын қатысушыны тендердiң жеңiмпазы деп жариялайды.
      Егер тендерде екi және одан көп қатысушының ұсынысы бірдей ең жоғары бағаны қамтитын және тендер шарттарын қанағаттандыратын болса, онда осы қатысушылардың арасында ұсыныстары бірдей ең жоғары бағаны қамтитын және тендер шарттарын қанағаттандыратын қатысушылардың басқа өтінімдерінен өтінімі бұрын қабылданған қатысушы тендердің жеңімпазы болып танылады.»;
      44-тармақ алып тасталсын;
      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «45. Әрбiр сатылған жекешелендiру объектiсi бойынша жабық тендердiң нәтижелерi сауда-саттық аяқталғанда комиссияның төрағасы, комиссияның барлық мүшелері және тендердiң жеңiмпазы қол қоятын әрбiр жекешелендiру объектiсi бойынша сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамамен ресiмделедi және тізілімге енгізілуге тиіс. Комиссия мүшесi қажет болған кезде өзiнiң айрықша пiкiрiн хаттамада жазбаша баяндайды немесе хаттамаға қоса береді.
      Коммерциялық тендердің жеңімпазы коммерциялық тендер аяқталғаннан кейін электрондық хаттамаға қол қою үшін сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық почта арқылы хабардар етіледі.
      Коммерциялық тендерде сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама тізілімнің веб-порталында қалыптастырылады, оған сауда-саттық өткізілетін күні комиссияның барлық мүшелері мен коммерциялық тендердің жеңімпазы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қояды.
      Коммерциялық тендер кезінде сатушы тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушылардың электрондық мекенжайларына коммерциялық тендер нәтижелері туралы электрондық хабарламаны жібереді, оған комиссия қол қойған сауда-саттық нәтижелері туралы хаттаманың электрондық көшірмесі қоса беріледі.
      Жабық тендер аяқталғаннан кейiнгi күннен кешiктiрмей, комиссия барлық қатысушыларға тендердiң нәтижелерiн жариялайды.»;
      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «47. Сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттама сауда-саттық нәтижелерi мен жеңiмпаздың және сатушының тендердiң нәтижесi болып табылатын шарттармен жекешелендiру объектiсiн сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін тiркейтiн құжат болып табылады. Жеңімпазбен жасалған сатып алу-сату шартына сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Жеңімпаз сатып алу-сату шартына белгіленген мерзімде қол қоймаған жағдайда, осы жекешелендiру объектiсi сауда-саттыққа қайтадан қойылады.
      Егер жеңімпаз коммерциялық тендер нәтижелері туралы электрондық хаттамаға не сатып алу-сату шартына көрсетілген мерзімдерде қол қоюдан бас тартқан жағдайда, сатушы тендер нәтижелерінің күшін жою туралы актіге ЭЦҚ арқылы қол қояды және осы жекешелендіру объектісі сауда-саттыққа қайтадан шығарылады.»;
      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «50. Жабық тендердi өткiзу тәртiбi осы Қағиданың 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 45, 46, 47, 48, 49-тармақтарымен реттеледi.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады