Қызылорда облысы Қызылорда қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 907 қаулысы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 13-бабының 5) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қызылорда қаласының әкімшілік аумағынан жалпы алаңы 6955 гектар жердің бір бөлігін Қызылорда қаласының шекарасына (шегіне) қосу жолымен «Қазақстан Республикасы Үкіметіне Қызылорда облысы Қызылорда қаласының шекарасын (шегін) өзгерту жөнінде ұсыныс енгізу туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2013 жылғы 22 қазандағы № 148 шешіміне және Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 22 қазандағы № 326 қаулысына келісім берілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 5 тамыздағы
№ 907 қаулысына   
қосымша       

Қызылорда қаласының әкімшілік аумағынан Қызылорда қаласының
шекарасына (шегіне) қосылатын жерлердің бір бөлігінің
экспликациясы

Қызылорда қаласының шекарасына (шегіне) қосылатын жерлердің ауданы (гектар)

Оның ішінде:

орман қорының жері

су қорының жері

босалқы жерлер

өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер

6955

3051,0

458,6

3390,2

55,2

Жерлердің жиыны: 6955

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады