Солтүстік Қазақстан облысы білім беру ұйымдарының атауы мен қайта аталуы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 1372 қаулысы

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мына:
      1) Петропавл қаласының № 20 қазақ орта мектебіне көрнекі мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеновтың;
      2) Петропавл қаласының қалалық классикалық гимназиясына белгілі жазушы, драматург Сафуан Шәймерденовтің есімдері берілсін.
      2. Есіл ауданы Николаевка ауылындағы Николаевка орта мектебі «1941 – 1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қазақ КСР оқу ісінің үздігі Асқар Игібаев атындағы орта мектеп деп қайта аталсын.
      3. Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады