Жерді бір санаттан басқа санатқа ауыстыру және оны қорғаныс мұқтажы үшін беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 269 қаулысы

       2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 2-бабына, 13-бабының 3) тармақшасына және 105-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қызылорда облысы Қызылорда қаласының босалқы жер санатынан жалпы ауданы 20,0 гектар жер учаскесі өнеркәсіп, көлік, байланыс жері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер санатына ауыстырылсын.
       2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесі өнеркәсіп, көлік, байланыс жері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер санатынан «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Шымкент аудандық пайдалану бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалану құқығында мотоатқыштар бөлімшесін орналастыру үшін берілсін.
       3. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Шымкент аудандық пайдалану бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алу салдарынан болған ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтесін.
       4. Қызылорда облысының әкімі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
       5. Осы қаулы қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                      К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 269 қаулысына    
қосымша        

Босалқы жер санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс жері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер санатына ауыстырылатын жер учаскесінің экспликациясы

Р/с №

Жер учаскесінің орналасқан орны

Жалпы ауданы, гектар

оның ішінде

жайылым

басқа жерлер

1

2

3

4

5

1

Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» әуежайының ауданында

20,0

14,08

5,92


Барлығы

20,0

14,08

5,92

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады