"Mega silk way" сауда-ойын-сауық орталығын салу" басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2016 жылға арналған квоталарды белгілеу және "Mega silk way" сауда-ойын-сауық орталығын салу" басым жобасын іске асыру үшін шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру шарттарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 9 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Mega silk way» сауда-ойын-сауық орталығын салу» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2016 жылға арналған квоталар белгіленсін.
      2. Қоса беріліп отырған «Mega silk way» сауда-ойын-сауық орталығын салу» басым жобасын (өтініш беруші – «Mega Plaza» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары бекітілсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2016 жылғы 12 қаңтардағы 
№ 9 қаулысына      
қосымша         

«Mega silk way» сауда-ойын-сауық орталығын салу» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2016 жылға арналған квоталар

Р/с №

Жобаның атауы

Өтініш беруші

Іске асыру орны

Іске асыру мерзімі

Квота, адам.

Жыл

Барлығы

1

2

3

4

5

6

7

1.

«Mega silk way» сауда-ойын-сауық орталығын салу

«Mega Plaza» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Астана қаласы

2016 ж.

2016

1400

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2016 жылғы 12 қаңтардағы 
№ 9 қаулысымен     
      бекітілген       

«Mega silk way» сауда-ойын-сауық орталығын салу» басым жобасын (өтініш беруші – «Mega Plaza» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары

      1. Аумағында басым жоба іске асырылатын әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкiлеттi органына жұмыс берушi не ол уәкiлеттiк берген тұлға ұсынатын шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған өтінішке қоса берілетін құжаттарда мыналар қамтылуға тиіс:
      1) тегi, аты, әкесiнiң аты (оның iшiнде латын әрiптерiмен), туған күнi, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмiрi, берiлген күнi және оны берген орган, тұрақты тұратын елi, шыққан елi, бiлiмi, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекiтетiн Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшiлерi лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығына, жұмысшылар кәсiптерiнiң тарифтiк-бiлiктiлiк сипаттамаларына және 01-99 «Кәсiптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сыныптауышына сәйкес мамандығының,  бiлiктiлiгiнiң (лауазымының) атаулары көрсетiле отырып, тартылатын шетелдiк қызметкерлер туралы мәлiметтер;
      2) Қазақстан Республикасының күшiне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен заңдастырылған бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған аудармалары (егер құжат мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде толтырылған болса, көшiрмелерi);
      3) оның бұрын iстеген жұмыс берушiсiнiң ресми бланкiсiндегі қызметкердiң еңбек қызметi туралы жазбаша растауы немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берiлген, қызметкердiң еңбек қызметi туралы ақпарат (тиiстi кәсiп бойынша жұмыс өтілі жөнiнде бiлiктiлiк талаптары болған кезде);
      4) басым жобаны іске асыруға қатысуы туралы куәландыратын шарттан нотариалды расталған үзiндi не салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсынумен көшірмесі (мердiгерлік және қосалқы мердiгерлік ұйымдар үшін).
      2. Уәкілетті органның жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруі мынадай қатынастар сақталған кезде жүзеге асырылады:
      1) Қазақстан Республикасы азаматтарының саны «Mega Plaza» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі «Mega silk way» сауда-ойын-сауық орталығын салу» басым жобасын іске асыруға арналған бас мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы екінші санатқа жатқызылатын қызметкерлердің тізімдік санының 50 %-нан кем болмауы тиіс;
      2) Қазақстан Республикасы азаматтарының саны «Mega Plaza» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі «Mega silk way» сауда-ойын-сауық орталығын салу» басым жобасын іске асыруға арналған мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы үшінші, төртінші санатқа жатқызылатын қызметкерлердің тізімдік санының 30 %-нан кем болмауы тиіс.
      3. Шетелдік қызметкерлердің келуі «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында көзделген шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады.
      4. Үшінші және төртінші санаттар бойынша рұқсаттар алынған шетелдік қызметкерлерді басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердің аумағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдарға іссапарға жіберуге болмайды.
      5. Шетелдік жұмыс күшін тартудың осы шарттармен реттелмеген өзге де талаптары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру қағидаларында және шарттарында регламенттеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады