Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқасына қосу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдерін тағайындау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 442 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 қазандағы № 677 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 24.10.2018 № 677 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқасына Қазақстан Республикасы Үкіметінің мына өкілдері:

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі тағайындалсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданыска енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады