Қостанай облысының Қостанай ауданы және Рудный қаласының шекараларын (шегін) өзгерту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 64 қаулысы.

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексі 13-бабының 5) тармақшасына, 108-бабының 3-тармағына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес облыстық маңызы бар Рудный қаласының шекараларына (шегіне) Қостанай ауданы жерлерінің жалпы ауданы 501,9191 гектар бөлігін қосу жолымен Қостанай облысы Рудный қаласының және Қостанай ауданының шекараларын (шегін) өзгерту туралы "Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қостанай облысы Рудный қаласының және Қостанай ауданының шекараларын (шегін) өзгерту туралы ұсынысты келісуге енгізу туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 ақпандағы № 1 қаулысына және Қостанай облыстық мәслихатының 2017 жылғы 10 ақпандағы № 115 шешіміне келісім берілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 64 қаулысына
қосымша

Рудный қаласының шекараларына (шегіне) қосылатын Қостанай
облысы Қостанай ауданының жерлері бөлігінің экспликациясы

      гектар

Ауданның атауы

Рудный қаласының шекарасына (шегіне) қосылатын жерлердің алаңы (гектар)

Соның ішінде:

Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын
елді мекендердің жерлері, жайылымдар
(гектар)

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждығына және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер
(гектар)

1

2

3

4

Қостанай

501, 9191

164, 1423

337, 7768

Жердің жиыны:

501, 9191

164, 1423

337, 7768


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады