Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 270 қаулысы.

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес санда офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2018 жылы екі жыл мерзімге әскери қызметке шақырылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
      Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 17 мамырдағы
№ 270 қаулысына қосымша

2018 жылы әскери-есептік мамандықтар бойынша әскери қызметке шақыруға жататын запастағы офицерлердің саны

Р/с

Әскери-есептік мамандық

Саны

1.

Офицер Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-медициналық қызметі

50

2.

Қазақстан. Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара кызметі

40

БАРЛЫҒЫ


90


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады