"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 303 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24,148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 92, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 123-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 19-I, 100, 101-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-I, 60-құжат):

      1) 13-баптың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы жүзеге асыратын тасымалдау кезiнде, әуе көлігін қоспағанда, көліктің барлық түрлерінде 7 жастан 15 жасқа дейiнгi балаларға билеттi оның толық құнының 50 процентiн төлей отырып сатып алуға;";

      2) 24-1-баптың 9-тармағы алып тасталсын.

      2. "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжат; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 100-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-I, 60-құжат; № 24,124-құжат):

      1) мазмұнында:

      9-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-бап. Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), оны Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау";

      88-5-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "88-5-бап. Теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылық жағдайы туралы жеткізілетін бастапқы хабарламаның, анықталған бұзушылықты жоюға нұсқаманың нысандары";

      мынадай мазмұндағы 10-2-тараудың және 88-6, 88-7-баптардың тақырыбымен толықтырылсын:

      "10-2-тарау. Қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтарды тергеп-тексеру

      88-6-бап. Қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтарды тергеп-тексеру

      88-7-бап. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл";

      2) 1-бапта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) авария – нәтижесінде адам ауыр дене зақымдарын алған немесе күрделі жөндеу жұмыстары көлемінде теміржол жылжымалы құрамы, арнайы жылжымалы құрам зақымданған магистральдық, станциялық, кірме жолдардағы немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржолдарындағы теміржол жылжымалы құрамының, арнайы жылжымалы құрамның соқтығысу, шығып кету оқиғалары;";

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) алушы – багажды, жүк-багажды немесе пошта жөнелтілімдерін алатын және тасымалдау құжаттарында көрсетілген тұлға;";

      23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "23) жылжымалы құрам – жолаушыларды, багажды, жүктердi, жүк-багажды және почта жөнелтiлiмдерiн темiржолдармен тасымалдауға арналған тартқыш көлiк құралдары (локомотивтер), вагондар, өздiгiнен жүретiн және өзге де теміржол көлiк құралдары, сондай-ақ арнайы жылжымалы құрам;";

      мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "30-1) апат – нәтижесінде адам қаза болған немесе мүкаммалдан шығарып тасталатын дәрежеге дейін теміржол жылжымалы құрамының, арнайы жылжымалы құрамның зақымданған магистральдық, станциялық, кірме жолдардағы немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржолдарындағы теміржол жылжымалы құрамының, арнайы жылжымалы құрамның соқтығысу, шығып кету оқиғалары;";

      32-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "32-1) қауіпсіздікті басқару жүйесі – операцияларды жоспарлау, дайындау және орындау, мониторинг және бақылау, талдау жасау процестерін қамтитын және тасымалдау процесінің қауіпсіздігі жөнінде белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге және адам өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіру, тасымалдау процесіне қатысушылар мен үшінші тұлғалардың мүлкіне залал келтіру қатерін азайтуға бағытталған, тасымалдаушыны басқарудың өзара байланысты және өзара әрекеттесетін құрамбөліктерінің жиынтығы;";

      мынадай мазмұндағы 32-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "32-3) қауіпсіздік сертификаты – тасымалдаушының қауіпсіздікті басқару жүйесінің Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларына сәйкестігін куәландыратын құжат;";

      54) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "54) тасымалдау процесіне қатысушы – тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді пайдаланушы, тасымалдаушы, Ұлттық инфрақұрылым операторы, локомотивтік тартқыш операторы, вагондар (контейнерлер) операторы, тармақ иеленуші, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржолдар иесі;";

      3) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-бап. Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), оны Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау

      Жылжымалы құрам және жылжымалы құрамның кепілі уәкілетті орган белгілеген тәртiппен мiндеттi мемлекеттік тiркеуге (қайта тіркеуге) жатады.

      Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады.

      Мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткен жылжымалы құрам Мемлекеттік жылжымалы құрам тізіліміне енгізілуге жатады. Жылжымалы құрамды Мемлекеттік тізілімнен алып тастау Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу қағидаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.";

      4) 14-баптың 2-тармағында:

      24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "24) жылжымалы құрам қызметінің мерзімін ұзарту қағидаларын бекіту;";

      31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "31) Қазақстан Республикасының теміржол көлігіндегі апаттарды және аварияларды тергеп-тексеруді жүргізу;";

      34-15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "34-15) теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, және жүк-багажды тасымалдау қағидаларын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 34-31), 34-32), 34-33) және 34-34) тармақшалармен толықтырылсын:

      "34-31) қауіпсіздік сертификатын беру;

      34-32) теміржол көлігімен жүктерді және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларын бекіту;

      34-33) теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтарды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту;";

      34-34) қауіпсіздік сертификатының нысанын бекіту;";

      5) 32-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Тасымалдаушылар қауіпсіздікті басқару жүйесін әзірлеуге және енгізуге міндетті, оған қойылатын талаптар Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларында айқындалады.

      Тасымалдаушының қауіпсіздікті басқару жүйесінің аудитін тасымалдаушының өтініші бойынша Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган жүргізеді.

      Қауіпсіздік сертификатын беру тәртібі мен мерзімі Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларында белгіленеді.";

      6) 88-4-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) әкімшілік құқық бұзушылықтардың жасалу фактілерін және көліктік бақылау органдары қызметкерлерінің әрекеттерін тіркеу үшін техникалық құралдарды уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен пайдалануға;";

      7) 88-5-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "88-5-бап. Теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылық жағдайы туралы жеткізілетін бастапқы хабарламаның, анықталған бұзушылықты жоюға нұсқаманың нысандары

      Теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылық жағдайы туралы жеткізілетін бастапқы хабарламаның, анықталған бұзушылықты жоюға нұсқаманың нысандарын уәкiлеттi орган белгiлейдi.";

      8) мынадай мазмұндағы 10-2-тараумен толықтырылсын:

      "10-2-тарау. Қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтарды тергеп-тексеру

      88-6-бап. Қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтарды тергеп-тексеру

      1. Теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігінің бұзушылықтары Теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігі бұзушылықтарын тергеп-тексеру қағидаларында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде міндетті түрде тергеп-тексеруге жатады. Теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігінің бұзушылықтарына апаттар, авариялар, оқиғалар және инциденттер жатады.

      2. Тергеп-тексерудің мақсаты қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылық себептерін және (немесе) ілеспе факторларын анықтау, болашақта қозғалыс қауіпсіздігі бұзушылықтарын болдырмау жөнінде ұсынымдар әзірлеу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.

      3. Апаттарды және аварияларды тергеп-тексеруді уәкілетті орган құратын комиссия жүзеге асырады. Комиссияның құрамына тасымалдау процесіне қатысушылар енгізілуі мүмкін.

      Оқиғаларды және инциденттерді тасымалдау процесінің қатысушылары тергеп-тексереді.

      4. Жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар жүргізілетін тергеп-тексеруге қатысы бар ақпаратты және (немесе) құжаттаманы аварияларды және апаттарды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның сұрау салуы бойынша табыс етуге міндетті.

      5. Апаттарды және аварияларды тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының құқық қорғау, арнаулы және өзге де мемлекеттік органдары жүргізетін тергеп-тексерулерден тәуелсіз болып табылады.

      88-7-бап. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл

      1. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамында апаттар мен аварияларды тергеп-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу тапсырылған уәкілетті органның лауазымды адамы болып табылады.

      2. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл апатты және аварияларды тергеп-тексеру процесінде, сондай-ақ апат және авариялар болған жерде онымен байланысты барлық аспектілерді жоспарлайды, ұйымдастырады, жүргізеді және үйлестіреді.

      3. Тергеп-тексеруді жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделгеннен басқа жағдайларда, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, басқа да мемлекеттік органдардың тергеп-тексеру жөніндегі уәкілдің қызметіне араласуына жол берілмейді.

      4. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл:

      1) тергеп-тексеру жүргізудің тәуелсіздігі мен объективтілігін қамтамасыз ету, сондай-ақ тергеп-тексеруге қатысты дәлелдемелердің жоғалуын немесе өзгертілуін болғызбау үшін басқа мемлекеттік органдардың уәкілдерімен өзара іс-қимыл жоспарын жасауға;

      2) апат және авариялар болған жерге және теміржол жылжымалы құрамын пайдаланумен, оған қызмет көрсетуге және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тартылған персоналға байланысты барлық құжаттамаға кедергісіз қол жеткізуге, апаттың және авариялардың туындауына себепші болып табылатын немесе септігін тигізуі, әсер етуі мүмкін оқиға орындарын, объектілер мен сынықтарды, қосалқы бөлшектерді және кез келген басқа да объектілерді қарап тексеруді және одан әрі зерттеуді жүргізуге;

      3) объективтік бақылау аспаптарының немесе теміржол жылжымалы құрамындағы ақпарат жеткізгіш кез келген басқа да құрылғының, сондай-ақ қозғалысқа қызмет көрсететін техникалық құралдар жазбаларының деректерін іздестіру, қалпына келтіру, шығарып алу, оқу кезінде үйлестіруді және алынған деректердің сақталуына толық бақылауды жүзеге асыруға құқылы. Объективтік бақылау немесе ақпарат жеткізгіштің кез келген басқа да құрылғысының жазбаларын шығарып алу және оқу Қазақстан Республикасындағы тиісті құралдар пайдаланыла отырып, қандай да бір кідіріссіз жүргізілуге тиіс;

      4) көзімен көргендерден, персоналдан және апатқа және аварияларға қатысы бар басқа да адамдардан сұрауға, қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтың себептерін және (немесе) ілеспе факторларды анықтау үшін қажетті зерттеулер мен сынақтар жүргізуді тағайындауға;

      5) сарапшыларды жұмысқа тартуға, олардың апаттарды және аварияларды тергеп-тексеруге қатысты есептерін сұратуға;

      6) теміржол жылжымалы құрамының меншік иелерінің келісімі бойынша апат және авариялар болған жерге жүру жолында жолаушылар вагонында немесе локомотивте болуға құқылы.

      5. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген, апатты және аварияларды тергеп-тексеру жөніндегі өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындауға;

      3) апат және авариялар болған жерге келуге, қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтарды тергеп-тексеруді ұйымдастыру мен жүргізуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген нысан бойынша апатты және аварияларды тергеп-тексеруді ұйымдастыруға және жүргізуге өкілеттіктер беретін куәлігінің болуы;

      5) кәсіби деңгейін және біліктілігін қалыпты ұстау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оқудан өтуге міндетті.".

      3. "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 19-I, 100-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):

      1) мазмұнында:

      мынадай мазмұндағы 2-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "2-1-бап. Халықаралық теңіз ұйымының (ИМО) қарарларын және ұсынымдарын қолдану";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Теңіз портындағы және теңіз көлігіндегі мемлекеттік бақылау және қадағалау";

      41-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "41-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кемелерге бақылау жасау және оларды қадағалау";

      мынадай мазмұндағы 7-1-тараудың және 44-1, 44-2-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:

      "7-1-тарау. Авариялық жағдайларды тергеп-тексеру

      44-1-бап. Авариялық жағдайларды тергеп-тексеру

      44-2-бап. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл";

      2) 1-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) авариялық жағдай – кеменің апатқа ұшырауына және теңізде жүзу сапасын ішінара немесе толық жоғалтуына (айырылуына) кеменің басқа кемені (кемелерді), навигациялық жабдық құралдарын, жағалау құрылыстарын зақымдауына, кеменің тіркеп сүйреткен объектісін жоғалтуына немесе зақымдауына, адамның қаза болуына немесе денсаулығына зиян келтіруге, кемеден адамның жоғалуына, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтіруге әкеп соқтырған оқиға;";

      3) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:

      "2-1-бап. Халықаралық теңіз ұйымының (ИМО) қарарларын және ұсынымдарын қолдану

      Қазақстан Республикасының аумағында Халықаралық теңіз ұйымының (ИМО) қарарларын және ұсынымдарын қолдану сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тиісті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, оған қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу не онда Халықаралық теңіз ұйымының (ИМО) нақты қарарлары мен ұсынымдарын қолдану жөніндегі сілтемелерді көрсету арқылы жүзеге асырылады.";

      4) 4-бапта:

      3-тармақта:

      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кемелердің каботажды жүзеге асыруына рұқсаттар беру;";

      мынадай мазмұндағы 49-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "49-1) кемелерді өлшеу қағидаларын бекіту;";

      55-6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "55-6) шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменің каботажды жүзеге асыруына рұқсаттар беру тәртібін бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 55-39) және 55-40) тармақшалармен толықтырылсын:

      "55-39) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кемелерден ластануды болдырмау жөніндегі қағидаларды бекіту;

      55-40) басқа мемлекеттердің аумағында кемелердің авариялық жағдайларын тергеп-тексеруге қатысу;";

      5) 5-1-бап алып тасталсын;

      6) 8-3-бап мынадай мазмұндағы 8 және 9-тармақтармен толықтырылсын:

      "8. Шағын көлемді кемелерді қарап тексеру шағын көлемді кеменің (оның мемлекеттік тіркелген орнына қарамастан) және кеме жүргізушілердің шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалануын регламенттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізіледі. Шағын көлемді кемелерді қарап тексеру шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушісінің қатысуымен тұрақта да, қозғалыс кезінде де жүргізілуі мүмкін.

      Шағын көлемді кемелерді қарап тексеру кемені пайдалану ауданы мұздан тазартылғаннан кейін жүргізіледі.

      Шағын көлемді кемелерді бақылап, қарап тексеру кемені пайдалану кезеңіне екі айда бір реттен жиі емес немесе көлік оқиғасы болған кезде, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жағдайда жүргізіледі.

      9. Шағын көлемді кемелердi қарап тексеру кезiнде:

      1) кеме билеті;

      2) шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік – өздігінен жүзетін шағын көлемді кемелер үшін;

      3) техникалық куәландырудан өтуі – шағын көлемді кемелер үшін;

      4) жолаушылар сыйымдылығы және жүккөтергiштiгi нормаларын, жүзу ауданы мен шарттары бойынша шектеулерді, шағын көлемді кемеде жолаушылар мен жүктердiң дұрыс орналастырылуын сақтау;

      5) құтқару, өртке қарсы және су төгетін құралдарының болуы;

      6) борттарда тіркеу нөмірінің болуы;

      7) орналасқан орнына қарамастан кеме корпусының өтпелі ойығының болмауы, кеменің гермобөлімдері және (немесе) әуе жәшіктерінің болмауы немесе ашылып кетуі;

      8) рөлдік құрылғыны бекіту бөлшектерінің көзделген конструкциясының болуы немесе оның құрамдас бөлшектерінің бұзылуы немесе оның жұмысының сенімділігін қамтамасыз етпеуі;

      9) отын ағуының, дірілдеудің болмауы, қозғалтқышты қашықтықтан басқару жүйесінің бұзылуы, дыбыс бәсеңдеткіштің болуы және ақаусыз болуы, реверс-редуктордың сенімді қосылуын (сөндірілуін) қамтамасыз етуі, реверс қосылған кезде қозғалтқышты (моторды) қосу бұғаттауышының ақаусыз болуы;

      10) кеменің жиынтықталымы мен жабдықтарының кеме типіне сәйкес болуы;

      11) ерекшілік оттарының болуы, ақаусыз және сәйкес болуы;

      12) кеменің белгіленген класына сәйкес келетін бассейндерде (аудандарда) кеменің пайдаланылуы;

      13) рөлдік, сигналдық, зәкірлік және арқандап байлау құрылғыларының болуы және ақаусыздығы;

      14) орнатылған қозғалтқыштың ең жоғарғы қуатының сәйкестігі тексерілуге жатады.

      Шағын көлемді кемені қарап тексеру нәтижелерi бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлiмшесінiң лауазымды адамы шағын көлемді кеменiң атауын (нөмірін) және тіркеу нөмiрiн, кеме иесiн (кеме жүргізушісін), қарап тексеру күнін, айын, жылын көрсете отырып, шағын көлемді кемені қарап тексеру актісін жасайды. Заңнаманы бұзушылық анықталған жағдайда, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы анықталған бұзушылықтардың тiзбесiн және оларды жою мерзiмдерiн көрсете отырып, нұсқама шығарады. Кеме құжаттары болмаған кезде және шағын көлемді кемені пайдалану қауіпсіздігіне қауіп төнген жағдайларда, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы шағын көлемді кеменің (құрамының) қозғалысына тыйым салады, бұл туралы кеме жүргізушісі кеме иесіне хабарлайды.

      Шағын көлемді кемені қарап тексеру актісі мен нұсқама уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша екі данада жасалады және оларға уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы мен кеме жүргізушісі қол қояды. Кеме жүргізушісі шағын көлемді кемені қарап тексеру актісіне немесе нұсқамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бас тартудың мәлімделген себептері көрсетіле отырып жазба жасалады.

      Шағын көлемді кемені қарап тексеру актісінің және нұсқаманың бірінші данасы – кеме иесінде, екіншісі – уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде сақталады.";

      7) 28-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Кеме иесі шет мемлекеттің портында кемесінің ұсталғандығы туралы өзіне мәлім болған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде бұл туралы Порттың теңіз әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының консулдық мекемесіне жазбаша хабарлауға міндетті.

      Хабарламада:

      1) кемені сәйкестендіретін деректер (кеменің атауы, порт немесе оның тіркелген орны, тіркелім нөмірі, кеменің түрі мен сыныбы, тоннажы);

      2) кеменің меншік иесінің атауы;

      3) жүктің түрі мен саны;

      4) ұсталған уақыты, күні мен мән-жайы;

      5) ұстау себебі, сондай-ақ кемені ұстаумен байланысты өзге де мәліметтер қамтылуы тиіс.";

      8) 31-баптың 1-тармағында:

      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) кеме иесiне авариялық жағдай туралы хабарлауға және Кемелер ұшыраған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес кеме не оның экипажы бiрiншi қазақстандық портқа келгеннен кейiн:

      бір тәулiк iшiнде порт капитанына авариялық жағдай туралы мәлімдеме мен техникалық акт ұсынуға;

      үш тәулік ішінде порт капитанына авариялық жағдай туралы толық хабарламаны, кеме құжаттарынан үзiндi көшiрмелердi, қатысы бар адамдар мен куәлердiң түсiнiктемелерiн беруге;

      қажет болған кезде өздігінен жазатын құрал таспаларын, олардың мағынасы таратылып жазылған шифрларын, жүзу жолы көрсетiлген жол картасын, маневрлеу схемасын, зақымданулардың схемалары мен сызбаларын, басқа да қажеттi құжаттарды табыс етуге;

      ерекше жағдайда, егер кеме ашық теңiзде ұзақ уақыт бойы қалуға тиiс болса және қайтыс болған адамның мәйiтiн сақтау мүмкiн болмаса, теңiз дәстүрiне сәйкес тиiстi актiні жасай отырып, қайтыс болған адамның мәйітін теңiзге жіберуге міндетті.";

      мынадай мазмұндағы 17) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:

      "17) Порттың теңіз әкімшілігіне Қазақстан Республикасының аумақтық суларында анықталған ластану туралы хабарлауға;

      18) Порттың теңіз әкімшілігіне Қазақстан Республикасының аумақтық суларының ластануына әкелген немесе осындай ластану қаупін төндірген, өз кемесімен болған тосын оқиға туралы хабарлауға міндетті.

      Тосын оқиға:

      мұнайдың, зиянды заттардың және олар құрамында бар сулардың кез келген себеп бойынша және кез келген түрде және қаптамада төгілуіне не төгілу мүмкіндігіне;

      соқтығысуды, қайраңға тұрып қалуды, өртті, жарылысты, конструкцияның бұзылуын, суға батуын және жүктің жылжуын қоса алғанда, кеменің қауіпсіздігіне әсерін тигізетін, сондай-ақ рөлдік тетіктің, күш қондырғысының, электрмен қамтамасыз ету жүйесінің зақымдануын немесе бұзылуын және жүзуді қамтамасыз ету үшін басқа кеменің қосымша көмегінің қажеттігін қоса алғанда, теңізде жүзу қауіпсіздігінің нашарлауына әкелетін, ұзындығы 15 метр немесе одан да көп кеменің бүлінуіне, қирауына немесе аварияға ұшырауына әкеп соққан кез келген жағдайда хабарлама ұсынылады.";

      9) 7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Теңіз портындағы және теңіз көлігіндегі мемлекеттік бақылау және қадағалау";

      41-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "41-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуші кемелерді бақылау және оларды қадағалау

      1. Теңiзге шығатын кемелерге бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезiнде порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы:

      1) кеме құжаттарының болуын және олардың қолданылу мерзімдерін;

      2) кеменiң негiзгi сипаттамаларының кеме құжаттарына сәйкестiгiн;

      3) кеме экипажын жасақтауға қойылатын талаптардың сақталуын тексередi.

      2. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуші кемелер міндетті түрде алты айда бір реттен жиі емес қарап тексеруге жатады.

      Кеме құжаттары болмаған немесе кеменiң теңiзде жүзу қауiпсiздiгi талаптарын қанағаттандырмайтынына жеткiлiктi негiздер болған кезде порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы кеменi қарап тексереді.

      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кеме мынадай жағдайларда:

      1) Қазақстан Республикасының теңіз портына ол бірінші рет кірген;

      2) егер порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы кемені соңғы қарап тексерген күннен бастап алты және одан да көп ай өтсе;

      3) егер кеме соқтығысуға қатысушы болса, теңіз портына жүру жолында жерге тисе немесе қайраңға тұрса;

      4) кеменің Қазақстан Республикасының аумақтық суларын болжалды ластауы туралы ақпарат болса;

      5) егер кеме ретсіз немесе қауіпті тәсілмен маневр жасаса не адамдарға, мүлікке немесе қоршаған ортаға қауіп төндіретін өзге де тәсілмен басқарылса;

      6) кеменің конструкциясы мен жабдықталуы жөніндегі міндетті куәліктерді, сондай-ақ сыныптау куәліктерін Қазақстан Республикасы танымаған ұйым берген;

      7) егер кеменің сыныбы алдындағы алты ай барысында қауіпсіздік тұрғысында тоқтатыла тұрса немесе алып қойылса;

      8) Кеме қатынасы тіркелімінен немесе шетелдік сыныптау қоғамынан кеменің теңізде жүзу қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтіні туралы жазбаша ақпарат болған;

      9) кеменің алдыңғы кіру портында ұсталғандығы туралы ақпарат болса;

      10) уәкілетті органнан кеменің адам өміріне және денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, қоршаған ортаға зиян келтіру мүмкіндігі туралы ақпарат болса, міндетті түрде қарап тексеруге жатады.

      Кемені қарап тексеру нәтижелері бойынша кемені қарап тексеру актісі жасалады.

      Кеменің теңіз портынан шығуына рұқсат беруден бас тарту үшін негіз болып табылатын қауіпсіздік талаптарының бұзушылықтары анықталған жағдайда, порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы оларды жою мерзімдерін көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы ресімдейді. Нұсқама екі данада жасалады, олардың біреуі кеменің капитанына немесе оны ауыстыратын адамға беріледі.

      4. Кеменiң теңiз портынан шығуына рұқсат беруге кедергi болатын анықталған бұзушылықтардың жойылғанын тексеру мақсатында порттың теңiз әкімшілігінің лауазымды адамы кеменi бақылап, қарап тексереді.

      Бақылап, қарап тексеру нәтижелері бойынша кеменің қарап тексеру актісі жасалады.".

      10) мынадай мазмұндағы 41-1-баппен толықтырылсын:

      "41-1-бап. Теңіз портында шет мемлекеттің туын көтеріп жүзуші кемелерді бақылау және қадағалау

      1. Теңiзге шығатын кемелерді бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезiнде Порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы:

      1) кеме құжаттарының болуын және олардың қолданылу мерзімдерін;

      2) кеменiң негiзгi сипаттамаларының кеме құжаттарына сәйкестiгiн;

      3) кеме экипажын жасақтауға қойылатын талаптардың сақталуын тексередi.

      2. Кеме құжаттары болмаған немесе кеменiң теңiзде жүзу қауiпсiздiгi талаптарын қанағаттандырмайтынына жеткiлiктi негiздер болған кезде порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы кеменi қарап тексереді.

      3. Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзуші кеме мынадай жағдайларда:

      1) Қазақстан Республикасының портына ол бірінші кірген;

      2) осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, егер порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы оны соңғы қарап тексерген күннен бастап алты және одан да көп ай немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шартында белгіленген өзге де кезең өтсе;

      3) егер кеме соқтығысуға қатысушы болса, портқа жүру жолында жерге тисе немесе қайраңға тұрса;

      4) кеменің Қазақстан Республикасының аумақтық суларын болжалды ластауы туралы ақпарат болса;

      5) егер кеменің сыныбы алдындағы алты ай барысында қауіпсіздік тұрғысында тоқтатыла тұрса немесе алып қойылса;

      6) егер кеме ретсіз немесе қауіпті тәсілмен маневр жасаса не адамдарға, мүлікке немесе қоршаған ортаға қауіп төндіретін өзге де тәсілмен басқарылса;

      7) егер кеменің конструкциясы мен жабдықталуы жөніндегі міндетті куәліктерді, сондай-ақ сыныптау куәліктерін уәкілетті орган танымаған ұйым берсе;

      8) порттың теңіз әкімшілігінің немесе шет мемлекеттердің теңіз биліктерінің теңізде жүзу қауіпсіздігі талаптарын сақтау, теңізде адам өмірін сақтау және теңіз ортасын ластанудан қорғау бойынша нұсқама орындалмаса, қарап тексеруге жатады.

      4. Кемені қарап тексеру нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктер көрсетіле отырып, кемені қарап тексеру актісі жасалады.

      5. Кеменiң теңiз портынан шығуына рұқсат беруге кедергi болатын кемшiлiктердiң жойылғанын тексеру мақсатында порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы кемеге бақылап, қарап тексеру жүргiзе алады.

      Кемені бақылап қарап тексеру нәтижелері бойынша кемені қарап тексеру актісі жасалады.

      6. Егер анықталған кемшіліктер теңіз портында жойылуы мүмкін болмаса, онда порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы, егер кеменің басқа теңіз портына қауіпсіз жету үшін қажетті жағдайлар анықталса, кемеге басқа теңіз портына баруына рұқсат етеді. Бұл ретте, порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы келесі кіру теңіз портының және ту мемлекетінің құзыретті органы хабардар екеніне көзін жеткізуі тиіс.";

      11) мынадай мазмұндағы 7-1-тараумен толықтырылсын:

      "7-1-тарау. Авариялық жағдайларды тергеп-тексеру

      44-1-бап. Авариялық жағдайларды тергеп-тексеру

      1. Халықаралық су мен Қазақстан Республикасының аумағындағы сулардағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуші, сондай-ақ шет мемлекеттің туын көтерiп жүзушi кемелермен авариялық жағдайлар Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру қағидаларында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде міндетті тергеп-тексеруге жатады.

      2. Авариялық жағдайды тергеп-тексерудің мақсаттары авариялық жағдайдың туындау себептерін және (немесе) ілеспе факторларын анықтау, оларды алдын алу мен теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.

      3. Авариялық жағдайларды тергеп-тексеруді уәкілетті орган құрған, өз әрекеттерін Қазақстан Республикасының заңнамасына және Халықаралық теңіз ұйымының (ИМО) стандарттарына сәйкес жүзеге асыратын комиссия жүзеге асырады.

      4. Тізбесі Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру қағидаларында белгіленген авариялық жағдайлардың жекелеген түрлерін кеме иелері (теңіз саласындағы ұйымдары) тергеп-тексереді. Тергеп-тексеру аяқталған соң кеме иесі (теңіз саласындағы ұйымдар) материалдарды уәкілетті органға және порттың теңіз әкімшілігіне (ПТӘ) ұсынады.

      5. Жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар авариялық жағдайларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның сұрау салуы бойынша жүргізілген тергеп-тексеруге қатысы бар ақпаратты және (немесе) құжаттаманы ұсынуға міндетті.

      6. Авариялық жағдайларды тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының құқық қорғау, арнаулы және өзге де мемлекеттік органдары жүргізетін тергеп-тексерулерден тәуелсіз болып табылады.

      44-2-бап. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл

      1. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамында авариялық жағдайды тергеп-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу тапсырылған уәкілетті органның лауазымды адамы болып табылады.

      2. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл авариялық жағдай болған жерде және тергеп-тексеру процесінде авариялық жағдайды тергеп-тексеруді және онымен байланысты барлық аспектілерді жоспарлайды, ұйымдастырады, жүргізеді және үйлестіреді.

      3. Тергеп-тексеруді жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайлардан басқа, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, басқа мемлекеттік органдардың тергеп-тексеру жөніндегі уәкілдің қызметіне араласуға жол берілмейді.

      4. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл:

      1) тергеп-тексеруді жүргізудің тәуелсіздігін және объективтілігін қамтамасыз ету, сондай-ақ өзінің тергеп-тексеруге қатысты дәлелдемелерінің жоғалуын немесе өзгертілуін болғызбау үшін басқа мемлекеттік органдардың, мүдделі тұлғалардың өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау жоспарын құруға;

      2) авариялық жағдай болған жерге және кемені пайдалануға, оған қызмет көрсетуге және жүзуін қамтамасыз етуге тартылған персоналға байланысты барлық құжаттамаға кедергісіз қол жеткізуге, оқиға орнын, объектілер мен сынықтарды, қосалқы бөлшектерді және авариялық жағдайдың туындауына себепші болып табылатын немесе ықпал етуі, әсер етуі мүмкін кез келген басқа объектілерді қарап-тексеруді және одан әрі зерттеп-қарауды жүргізуге;

      3) көзімен көргендерден, персоналдан және авариялық жағдайға қатысы бар басқа да адамдардан сұрауға, авариялық жағдайдың себептерін және (немесе) ілеспе факторларды анықтау үшін қажетті зерттеулер мен сынақтар жүргізуді тағайындауға;

      4) жұмыстарға сарапшыларды тартуға, олардан авариялық жағдайды тергеп-тексеруге қатысты есептерін сұратуға;

      5) авариялық жағдай болған жерге жүру жолында кеме капитанының және (немесе) кеме иесінің келісімі бойынша кемеде болуына құқылы.

      5. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген авариялық жағдайды тергеп-тексеру жөніндегі өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындауға;

      3) авариялық жағдай болған жерге келуге, авариялық жағдайды тергеп-тексеруді ұйымдастыруды және жүргізуді Қазақстан Республикасының заңнамасына және Халықаралық теңіз ұйымының (ИМО) стандарттарына сәйкес жүзеге асыруға;

      4) Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру қағидаларында белгіленген нысан бойынша авариялық жағдайды тергеп-тексеру бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге өкілеттік беретін тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл куәлігінің болуына;

      5) кәсіптік деңгейін және біліктілігін сақтау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мезгіл – мезгіл оқудан өтуге міндетті.";

      12) 72-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тасымалдау кезiнде жүктiң толық сақталуын қамтамасыз ету үшiн ыдысқа салуды және буып-түюдi қажет ететiн жүктер, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес буып-түйілген қауіпті жүктер, тасымалдау үшiн жарамды ыдысқа салынып және буып-түйiлiп берiлуге тиiс. Ыдыс және буып-түю техникалық регламенттерде және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленген қауiпсiздiктiң мiндеттi талаптарына сәйкес болуға тиiс.".

      4. "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-І, 100, 101-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-I, 65-құжат):

      1) мазмұнында:

      17-1-баптың мынадай мазмұндағы тақырыбымен толықтырылсын:

      "17-1-бап. Электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды сертификаттау";

      41-1-баптың мынадай мазмұндағы тақырыбымен толықтырылсын:

      "41-1-бап. Жүктерді жүк таситын және мамандандырылған автокөлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ арнайы автомобильдермен қызметтер көрсету бойынша қызметті тіркеу";

      2) 1-бапта:

      8-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) автомобильмен тасымалдаушы (бұдан әрi – тасымалдаушы) –жолаушыларды, багажды, жүктердi және пошта жөнелтілімдерін тасымалдауды жүзеге асыру үшін меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде автокөлік құралын пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;";

      мынадай мазмұндағы 23-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "23-3) сертификаттау орталығы – электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүргізетін көлiк құралдары экипаждарының жұмысына қатысты Еуропалық келiсiмiнің (ЕСТР) ережелеріне сәйкес цифрлық сертификаттауды жүзеге асыратын заңды тұлға;";

      мынадай мазмұндағы 25-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "25-4) таксимен тасымалдау – жеңіл автокөлікпен жолаушылар мен багажды тасымалдау бойынша ақылы немесе жалдау арқылы көрсетілетін қызмет;";

      3) 7-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Шағын автобустармен жолаушылар тасымалдауға кемінде жиырма бір жастағы, "D1" кіші санатына жататын көлік құралдарын басқару құқығы бар және кемінде үш жыл жүргізушілік жұмыс өтілі, оның ішінде кемінде бір жыл "С" санатына жататын көлік құралдарын басқару өтілі бар жүргiзушiлер жiберiледi.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Жүргізушінің орнынан басқа, отыратын орындарының саны он алтыдан асатын автобустармен және троллейбустармен жолаушылар тасымалдауға жиырма бес жасқа толған, кемінде бес жыл жүргізушілік жұмыс өтілі, оның ішінде кемінде үш жыл "D1" кіші санатына жататын көлік құралдарын басқару өтілі бар жүргiзушiлер жiберiледi.";

      4) 11-бап мынадай мазмұндағы 4, 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:

      "4. Уәкілетті органның лауазымды адамдарының талабы бойынша автокөлік құралын тоқтату негіздері:

      1) ірі габаритті, ауыр салмақты және қауіпті, оның ішінде арнайы автоматтандырылған өлшеу құралымен белгіленген жүктерді қоса алғанда, осы Заңның және (немесе) жолаушыларды, багаж бен жүктерді тасымалдау қағидаларының талаптарын бұзуы;

      2) шет мемлекеттің аумағында тіркелген автокөлік құралының өтуі;

      3) арнайы автоматтандырылған өлшеу құралы арқылы дұрыс өтпеу;

      4) уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде жүк таситын және мамандандырылған автокөлік құралдарымен жүктерді тасымалдау, сондай-ақ арнайы автомобильдермен қызметтер көрсету жөніндегі қызметті тіркеудің болмауы;

      5) құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдармен бірлескен іс-шаралар өткізу болып табылады.

      5. Уәкілетті органның лауазымды адамына осы баптың 4-тармағында көзделмеген негіздер бойынша автокөлік құралын тоқтатуға тыйым салынады.

      6. Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдары арқылы өту тәртібі Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларында айқындалады.";

      5) 15-баптың 1-тармағында:

      4) тармақшадағы "тұлғалардан сұратуға құқығы бар" деген сөздер "тұлғалардан сұратуға;" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен техникалық құралдарды көліктік бақылау органдары қызметкерлерінің әкімшілік құқық бұзушылықтар мен іс-қимылдар жасау фактілерін тіркеу үшін пайдалану құқығы бар.";

      6) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:

      "17-1-бап. Электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды сертификаттау

      Электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды сертификаттауды сертификаттаушы орталық Еуропалық комиссияның бас сертификаттау орталығының цифрлық сертификатын қолдана отырып, Қазақстан Республикасының халықаралық шартының ережелеріне сәйкес жүзеге асырады.";

      7) 19-7-бапта:

      бірінші бөлікте:

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) автокөлiк құралы керек-жарағының автокөлiк құралындағы тахографтың болуы және жарамды болуы бөлігінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының талаптарына сәйкестiгiн бақылау;";

      12) және 13) тармақшалар алып тасталсын;

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарында осы баптың бірінші бөлігінің 2) (лицензияның болуын бақылау бөлігінде), 4), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген бақылау функцияларын уәкілетті орган және жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.";

      8) 19-10-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Отандық автокөлiк құралдары рұқсат беру бланкiлерiмен алмасу жүргiзiлген шет мемлекеттерге барған жағдайда тасымалдаушы берiлген өтiнiмдер негiзiнде Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгiленген мөлшерлемелер бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүруі үшiн алым сомасы төленгеннен кейiн уәкiлеттi орган беретiн тиiстi шетелдiк рұқсат беру құжаттарын ала алады.

      Әрбiр автокөлiк құралына жеке рұқсат беру құжаты берiледi.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тасымалдаушының оған берiлген шетелдiк рұқсат беру құжаттарын басқа тасымалдаушыға беруiне жол берiлмейдi.

      Егер бөлiнген шетелдiк рұқсат беру құжаттарының саны тасымалдаушылар берген өтiнiмдердiң жалпы санынан аз болған жағдайда, шетелдiк рұқсат беру құжаттарының бланкiлерiн тасымалдаушылар арасында бөлу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.

      Отандық тасымалдаушылардың жолаушылар мен багажды жүйелі халықаралық тасымалдауларын рұқсат құжаттарын беру Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.";

      9) 26-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Таксимен тасымалдаушы болып табылмайтын өзге тұлға құратын ақпараттық-диспетчерлік такси қызметі таксимен тасымалдауды жүзеге асыру үшін таксимен тасымалдаушылар тізіліміне енгізілген ақпараттық-диспетчерлік қызмет көрсету бойынша шарт жасасады, сонымен қатар интернет арқылы жасасқан автокөлік құралын экипажымен жалға алу шартымен таксимен тасымалдауды жүзеге асыратын және таксимен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде таксимен тасымалдаушы осы баптың 2-тармағының 3), 5) және 8) тармақшаларының талаптарын орындаған жағдайда қызметтер көрсетеді.

      Тасымалдау интернет арқылы автокөлік құралын экипажымен жалға алу шартымен жүзеге асырылатын таксимен тасымалдауға жатады.";

      10) 37-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Дара кәсiпкер немесе заңды тұлға халықаралық және республикаішілік қатынастарда қауiптi жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдары жүргізушілерін арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастар алдында "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органға белгіленген нысанда хабарлама жіберуге міндетті.";

      11) 38-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "38-1-бап. Жүктерді өзі аударғыш автомобильмен тасымалдау

      Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары арқылы рұқсат етілген барынша массасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген автокөлік құралының жол берілген массасынан асатын уәкілетті орган белгілеген автокөлік құралдарының жол беретін параметрлерінен массасы және (немесе) осьтiк жүктемелерi бойынша артық, өзі аударғыш автомобильмен жүктерді тасымалдауға жол берілмейді.";

      12) мынадай мазмұндағы 41-1-баппен толықтырылсын:

      "41-1-бап. Жүктерді жүк және арнайы бейімделген автокөлік

      құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ арнаулы автомобильдермен қызметтер көрсету жөніндегі қызметті тіркеу

      Тасымалдаушының жүктерді жүк және арнайы бейімделген автокөлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ арнаулы автомобильдермен қызметтер көрсету жөніндегі қызметті уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде тіркеу құқығы бар.";

      13) 43-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Шет мемлекетке шығу немесе шет мемлекеттен кіру жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасы облыстарының елді мекендері арасында отандық тасымалдаушылардың жолаушылар мен багажды тасымалдауын қоспағанда, жолаушылар мен багажды халықаралық қатынаста жүйелі тасымалдауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттердің арасында жолаушылар тасымалдауға тыйым салынады.";

      14) 45-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Шет мемлекеттерде тіркелген автокөлік құралдары межелі пункттен Қазақстан Республикасының аумағына халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыру кезінде кедендік шекарадан өткеннен кейін мемлекеттік кірістер органдарының идентификаттау құралдары пайдаланылып өткізіледі.

      Идентификаттау құралдарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ оларды пайдалану тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.".

      5. "Iшкi су көлiгi туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; 2017 ж., № 4,7-құжат):

      1) 1-баптағы 10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) кеме – шағын көлемді кеме болып табылмайтын, ішкі суларда жүзетін кеме, кеме қатынасы мақсатында пайдаланылатын өздігінен жүзетiн немесе өздігінен жүзбейтiн жүзбелi құрылғы, оның iшiнде "өзен-теңiзде" жүзетiн кеме, паром, техникалық флот кемесі (су түбiн тереңдетушi және су түбiн тазартушы снарядтар, жүзбелi кран және басқа да осы сияқты техникалық құрылғылар);";

      2) 9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 26-31) және 26-32) тармақшалармен толықтырылсын:

      "26-31) мемлекеттік техникалық флот кемелерінің жанар-жағар май материалдарын (заттай көріністегі) жұмсау нормаларын бекіту;

      26-32) суға батқан мүлікті көтеру құнын айқындау әдістемесін бекіту;";

      3) 17-баптағы 17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) қайта жабдықтау салдарынан кеменiң техникалық деректерi өзгерген жағдайда шағын көлемдi кемелердi қайта тiркеудi жүргiзу;";

      4) 17-1-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Кемелердi (оның ішінде шағын көлемді кемелерді) қарап тексеру кеменiң (оның ішінде шағын көлемді кемелердің) (оның мемлекеттiк тiркелген орнына қарамастан) және экипаждың кемелердi (оның ішінде шағын көлемді кемелерді) қауіпсіз пайдалануды регламенттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкестiгiн анықтау мақсатында жүргiзiледi. Кемелердi (оның ішінде шағын көлемді кемелерді) қарап тексеру капитанның немесе бiрiншi штурманның (капитанның аға көмекшiсiнiң) және шағын көлемдi кемелердің кеме жүргiзушiсiнiң қатысуымен тұрақта да, қозғалыс кезiнде де жүргiзiлуi мүмкiн.

      Iшкi суларда жүзетiн кемелердi және шағын көлемді кемелерді қарап тексеру навигацияаралық кезеңнен кейiн, ал "өзен-теңiзде" жүзетін кемелерi – теңiзде пайдаланғаннан кейiн, олар iшкi су жолдарына кiрген кезде жүргiзiледi.

      Кемелердi (оның ішінде шағын көлемді кемелерді) бақылап, қарап тексеру навигация кезеңiнде екi айда бiр реттен жиi емес немесе көлiк оқиғасы болған кезде, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жағдайда жүргiзiледi.";

      мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:

      "4. Шағын көлемді кемелердi қарап тексеру кезiнде мыналар тексеруге жатады:

      1) кеме билеті;

      2) шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік – өздігінен жүзетін шағын көлемді кемелер үшін;

      3) техникалық куәландырудан өтуі – шағын көлемді кемелер үшін;

      4) жолаушылар сыйымдылығы және жүккөтергiштiгi, жүзу ауданы мен шарттары бойынша шектеулер, шағын көлемді кемеде жолаушылар мен жүктердiң дұрыс орналастырылуы нормаларының сақталуы;

      5) құтқару, өртке қарсы және су төгетін құралдардың болуы;

      6) борттарда тіркеу нөмірлерінің болуы;

      7) тұрған жеріне қарамастан кеме корпусының өтпелі ойығының болуы, кеменің гермобөлімдері және (немесе) әуе жәшіктерінің болмауы немесе ашылып кетуі;

      8) рөлдік құрылғыны бекіту бөлшектерінің көзделген конструкциясының болмауы немесе оның құрамдас бөлшектерінің бұзылуы, оның жұмысының сенімділігін қамтамасыз етпеуі;

      9) отын ағуының, дірілдеудің болуы, дыбыс бәсеңдеткіштің болмауы немесе ақауының болуы, қозғалтқышты қашықтықтан басқару жүйесінің бұзылуы, реверс-редуктордың сенімді қосылуының (қосылмауының) қамтамасыз етілмеуі, реверс қосылған кезде қозғалтқышты (моторды) қосу бұғаттауышы ақауының болуы;

      10) кемені жиынтықтау мен жабдықтаудың кеме типіне сәйкес келуі;

      11) ерекшелік оттарының болмауы, ақау болуы немесе сәйкес болмауы;

      12) кеменің белгіленген сыныбына сәйкес келетін бассейндерде (аудандарда) кемені пайдалану;

      13) рөлдік, сигналдық, зәкірлік және арқандап байлау құрылғыларының болуы және жарамдылығы;

      14) орнатылған қозғалтқыштың ең жоғарғы қуатының сәйкестігі тексерілуге жатады.

      5. Шағын көлемді кемені қарап тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы шағын көлемді кеменің атауын (нөмірін) және тіркеу нөмірін, кеме иесін (кеме жүргізушісін), қарап тексеру күнін көрсете отырып, шағын көлемді кемені қарап тексеру актісін жасайды. Заңнаманың бұзушылығы анықталған жағдайда, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы анықталған бұзушылықтардың тізбесін және оларды жою мерзімдерін көрсете отырып, нұсқама шығарады. Кеме құжаттары болмаған кезде және шағын көлемді кеменің қауіпсіздігіне қауіп төнген жағдайларда, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы шағын көлемді кеменің (құрамның) қозғалысына тыйым салады, бұл туралы кеме жүргізушісі кеме иесіне хабарлайды.

      Шағын көлемді кемені қарап тексеру актісі мен нұсқама уәкілетті органмен бекітетін нысан бойынша екі данада жасалады және оларға уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы мен кеме жүргізушісі қол қояды. Кеме жүргізушісі шағын көлемді кемені қарап тексеру актісіне немесе нұсқамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бас тартудың мәлімделген себептері көрсетіле отырып жазба жасалады.

      Шағын көлемді кемені қарап тексеру актісінің және нұсқаманың бір данасы – кеме иесінде, екіншісі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде сақталады.";

      5) 23-баптың 1-1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) кеме билеті;";

      6) 29-баптың 1-тармағында:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) осы Заңның 24-бабының 3-тармағында көзделген талаптарға сәйкес болмай қалған;";

      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) кеме иесінің ауысуына байланысты кеме шығарылуға тиiс.".

      6. "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 144-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 жылғы 15 маусымдағы "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 40-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "40-1) механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің операторы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен анықталған және механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізуді, дамытуды, интеграциялауды және сүйемелдеуді жүзеге асыратын акционерлік қоғам;";

      2) 11-бап мынадай мазмұндағы 5-5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-5) механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтылымға қойылатын талаптарды бекітеді;";

      3) 54-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мыналарды:

      көлік құралын басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігін не жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжатпен бірге жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлікті;

      көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті не көлік құралына меншік құқығы туралы куәландыратын құжатты;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисін және (немесе) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисін;

      жол парағын, алып жүретін жүкке арналған құжатты (тауар-көліктік жүкқұжатын) және көлік құралына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжаттарды өзімен бірге алып жүруге және ішкі істер органдарының, көліктік бақылау органдарының және мемлекеттік кірістер органдарының уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының талабы бойынша оларға тексеру үшін беруге;";

      4) 88-бап:

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу тәртібі Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексеруді ұйымдастыру және жүргізу, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу кезенділігі қағидаларында айқындалады.";

      мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын:

      "14. Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің операторы:

      механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіндегі мәліметтердің дұрыстығы мен қорғалуын;

      уәкілетті орган және көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне қол жеткізуін;

      механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелері иелерінің дербес деректері туралы мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді.".

2-бап.

      Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      1-баптың 4-тармағының 4) тармақшасы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады