"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес- ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 697 қаулысы.

      Қазақстан РеспубликасыныңҮкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б.Сағынтаев

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 63-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-І,
110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-І, 140, 143-құжаттар; № 22-V,156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 70-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; №15, 55-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат):

      1) 42-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiс.

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға "Азаматарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында тіркелуге тиіс.

      Мемлекеттiк тiркеу тәртiбi заңнамада айқындалады.";

      2) 50-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Заңды тұлға мүлкiнің меншiк иесі немесе заңды тұлғаны тарату туралы шешiм қабылдаған орган бұл туралы заңды тұлғаларды тiркеудi жүзеге асыратын әдiлет органына не "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына, тіркеу орны бойынша мемлекеттік кіріс органына дереу жазбаша түрде немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, интернет-ресурс арқылы хабарлауға мiндеттi.";

      5-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Таратылатын заңды тұлға мүлкінің құрамына енгізілген кепілге қойылған мүлікті жария сауда-саттықта сату кезінде кепіл кредиторларының талаптары кепілге қойылған мүлікті сатудан түскен сома шегінде басқа кредиторлардың алдында артықшылықпен қанағаттандырылады.

      Кепіл нысанасын сатудан түскен сома жеткіліксіз болған жағдайда, кепіл кредиторы талаптарының қалған сомасы осы Кодекстің 51-бабында белгіленген кезек тәртібінде қанағаттандырылады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Таратылатын заңды тұлғаның кредиторларына ақша төлеудi тарату комиссиясы осы Кодекстiң 51-бабында белгiленген кезек тәртiбiмен аралық тарату балансы бекiтiлген күннен бастап, соған сәйкес жүргiзедi. Акционерлiк қоғамдардың мүлкiн бөлу ерекшелiктерi олар туралы заңнамада белгiленедi.

      Таратылатын заңды тұлға мүлкінің құрамында кепілге қойылған мүлік болған кезде кепіл кредиторы өз талаптарын кепілге қойылған мүлікті заттай қабылдау арқылы қанағаттандыруға құқылы.

      Тарату комиссиясы кепіл кредиторынан кепілге қойылған мүлікті заттай алғаны туралы хабарлама алған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде оны бағалауды жүргізеді.

      Кепіл кредиторына кепілге қойылған мүлікті беру осы тармақтың бесінші және алтыншы бөліктерінде көзделген талаптар ескеріле отырып, бағалаудан кейін жүргізіледі.

      Егер кепілге қойылған мүліктің кепіл нысанасын бағалауға жұмсалған шығындарды шегергендегі бағалау құны кепіл кредиторы талабынан артық болған жағдайда, онда айырманы кепіл кредиторы таратылатын заңды тұлға мүлкінің құрамына қайтарады.

      Егер кепілге қойылған мүліктің кепіл нысанасын бағалауға жұмсалған шығындарды шегергендегі бағалау құны кепіл кредиторы талабынан кем болған жағдайда, онда кепіл кредиторының айырма мөлшеріндегі талаптары осы Кодекстің 51-бабында белгіленген кезек тәртібінде қанағаттандырылуға жатады.";

      3) 51-бапта:

      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) үшінші кезекте – кредиторлардың таратылатын банкроттың кепілмен қамтамасыз етілген мүлкінің міндеттемелері жөніндегі талаптары, кредиторлардың - ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша талап ету құқықтары кепілімен (ипотекалық куәлік кепілін қоса алғанда) қамтамасыз етілген ипотекалық облигацияларды, аталған облигацияларды ұстаушыларда оларға меншік құқығы туындаған немесе мәмілелер бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша оларға ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын ұстаушылардың талаптарын, сондай-ақ осы Кодекстің 50-бабы 5-тармағының екінші бөлігіне және 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес қанағаттандырылған кредиторлар талаптарын қоспағанда, қамтамасыз ету сомасы шегінде қанағаттандырылады;";

      1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) бесiншi кезекте – заңнамалық актілерге сәйкес басқа да кредиторлармен, сондай-ақ осы Кодекстің 50-бабы 5-тармағының үшінші бөлігінде және 6-тармағының алтыншы бөлігінде көзделген жағдайларда кепіл кредиторларымен есеп айырысады.";

      4) 327-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Егер тараптардың келісуі бойынша кепіл туралы шартта айналымдағы тауарлар кепілінің жалпы құны кепіл туралы шартта көрсетiлген құннан кем болмауға тиіс екендігі көзделген жағдайда, онда егер шартта өзгеше көзделмесе, айналымдағы кепiлге салынған тауарлар құнын кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалған бөлiгiне мөлшерлес кемітуге жол берiледi.".

      2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-VII, 117, 119-құжаттар; № 22-I, 143-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 13, 45-құжат; № 21, 98-құжат):

      483-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Энергиямен жабдықтаушы ұйым абонентпен энергиямен жабдықтау шартын, онда энергия беруші ұйымның желілеріне жалғанған қажеттi жабдық болған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жасасады.

      2. Абонент белгiленген тәртiппен жалғанған желiге алғаш рет iс жүзiнде қосылған кезден бастап шарт жасалған болып есептеледi.

      Егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, мұндай шарт белгiсiз мерзiмге жасалған болып есептеледi және осы Кодекстiң 490-бабында көзделген негiздер бойынша өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн.".

      3. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 141-құжат; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 56, 57-құжаттар; № 8-II, 71, 72-құжаттар,; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 7, 14-құжат; № 9, 17-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат):

      40-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоршаған ортаға әсерiн бағалау жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызмет бағалаудың маңыздылығы мен толымдылығы бойынша I, II, III, IV болып – 4 санатқа бөлiнедi.

      I санатқа сарқынды суларды (су объектілеріне, жергілікті жердің рельефіне, жинақтауыш тоғандарға және (немесе) буландырғыш тоғандарға, тазарту құрылысжайларына) ағызу жүзеге асырылатын, өндiрiстiк объектiлердi санитариялық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 1 және
2-сыныптарына жататын қызмет түрлерi, сондай-ақ кең таралғандарынан басқа, пайдалы қазбаларды барлау және өндіру жатады.

      II санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитариялық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 3-сыныбына жататын қызмет түрлерi, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жатады.

      III санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитариялық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 4-сыныбына жататын қызмет түрлерi жатады.

      IV санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитариялық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 5-сыныбына жататын қызмет түрлерi жатады.".

      4. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат):

      1) мазмұнында:

      мынадай мазмұндағы 51-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "51-бап. Республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне түсетін түсімдер";

      52-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "52-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджетке түсетін түсімдер";

      2) 51-баптың 1-тармағының 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу, сондай-ақ оларды қайта тіркеу үшін алым;";

      3) 52-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу, сондай-ақ оларды қайта тіркеу үшін алым;";

      4) 53-баптың 1-тармағы 8) тармақшасының жиырма тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асыру;";

      5) 157-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру шеңберiнде көзделетiн құрылыс қызметi белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.

      Егер Тапсырыс беруші негіздеген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы түзетудің қажеттігі туындаса, онда жобалау алдындағы құжаттаманы (болған кезде) түзету талап етілмейді.

      Қазақстан Республикасы ратификациялаған, Қазақстан Республикасының Үкіметі жасасқан қарыз туралы келісім шеңберінде іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша, егер қарыз шартының талаптарына сәйкес мердігермен азаматтық-құқықтық шартта құнын ұлғайтуды қаржыландыру жөнінде өзгеше талаптар белгіленген болса, бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнын ұлғайтуды қаржыландыру азаматтық-құқықтық шартқа сәйкес жобалау-сметалық құжаттаманы түзетпей-ақ мүмкін болады.".

      5. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 33-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-II, 67, 70-құжаттар; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 13, 45-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат):

      1) 1-баптың 1-тармағында:

      50) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "50) жалған дәрілік заттар – құрамы және (немесе) өндіруші туралы, сондай-ақ дистрибьюцияның пайдаланылған жолдарын қозғайтын жазбалар мен құжаттарды қоса алғанда, берілім туралы анық емес ақпаратпен құқыққа қайшы және әдейі жабдықталған дәрілік заттар;";

      мынадай мазмұндағы 60-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "60-1) контрафактілік дәрілік зат – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген зияткерлік меншік құқықтары бұзыла отырып, өндірілетін және таралатын дәрілік зат;";

      мынадай мазмұндағы 95-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "95-3) идентификаттау құралдары – деректердің статикалық және (немесе) динамикалық ақпаратынан тұратын және дәрілік зат пен медициналық бұйымға жататын деректерді идентификаттайтын бірегей цифрлық немесе әріптік-цифрлық код;";

      2) 7-баптың 1-тармағының 124) тармақшасындағы "қалыптастыру жөніндегі функцияларды жүзеге асырады." деген сөздер "қалыптастыру;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 125) тармақшамен толықтырылсын:

      "125) тауарларды таңбалау тәртібін және таңбалауға жататын тауарлардың айналымына бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындау жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.";

      3) 75-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Дәрілік заттар тұтынушылық (бастапқы, қайталама және үшінші) қаптамасына идентификаттау құралдары пайдалана отырып, қазақ және орыс тілдерінде жақсы оқылатын қаріппен басылған таңбасымен және медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулығымен айналымға түсуге тиіс.".

      6. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат):

      1) мазмұнында:

      405-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "405-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу";

      2) 202-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сауда қызметі субъектілерінің Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жол берілетін шекті бөлшек сауда бағаларын мөлшерінен асыруы –

      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      3) 268-бапта:     

      төртінші бөлік алып тасталсын;

      он бірінші бөліктегі "күнделікті" деген сөз алып тасталсын;

      4) 284-бап мынадай мазмұндағы он тоғызыншы және жиырмасыншы бөліктермен толықтырылсын:

      "19. Фискальдық деректер операторының деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдауды, сақтауды, сондай-ақ оларды мемлекеттік кірістер органдарына беру тәртібін бұзуы - ескерту жасауға әкеп соғады.

      20. Осы баптың он тоғызыншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет -

      фискальдық деректер операторына – бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      5) 405-бапта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "405-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу";

      бірінші бөлік алып тасталсын;

      екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асыру кезінде шекті сауда үстемесін сақтамау –";

      6) 684-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мамандандырылған аудандық және оларға теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың судьялары, осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 73, 73-1, 73-2, 74, 75 (бірінші, екiншi, бесінші және алтыншы бөлiктерiнде), 76, 77, 78, 79, 80 (төртiншi бөлiгiнде), 81 (екiншi бөлiгiнде), 82 (екiншi бөлiгiнде), 82-1, 85, 86 (төртiншi бөлiгiнде), 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 139 (екiншi бөлiгiнде), 145, 149, 150, 151 (екiншi бөлiгiнде), 153, 154, 158, 159, 160 (екiншi бөлiгiнде), 169 (екiншi, жетінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші бөліктерінде), 170 (жетінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктерінде), 171, 173, 174 (екiншi бөлiгiнде), 175, 175-1, 176, 182, 183, 185, 187 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 189, 190 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 191, 193 (екiншi және үшінші бөлiктерiнде), 199 (екiншi бөлiгiнде), 200, 211 (бірiншi бөлiгiнде), 214, 216, 219, 233 (үшiншi бөлiгiнде), 235, 236, 237, 239-1, 245, 246, 247 (алтыншы, 7-1, тоғызыншы, он бірінші бөліктерінде), 251, 252 (екiншi бөлiгiнде), 281 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 282 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, он бірінші және он үшінші бөліктерінде), 283, 283-1, 294 (бірінші және екінші бөліктерінде), 299 (екінші бөлігінде), 310, 311, 312 (екiншi бөлiгiнде), 313, 314, 316 (екiншi бөлiгiнде), 317 (төртінші бөлiгiнде), 317-1 (екінші бөлігінде), 317-2 (екінші бөлігінде), 319, 320 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 326 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 333 (екiншi бөлiгiнде), 356 (он төртінші бөлігінде), 357, 360 (бірiншi бөлiгiнде), 382 (екiншi және үшінші бөлiктерiнде), 383 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 385 (екiншi бөлiгiнде), 389, 392 (үшiншi бөлiгiнде), 395 (екiншi бөлiгiнде), 396 (екiншi бөлiгiнде), 397 (төртiншi бөлiгiнде), 398, 399 (екінші және үшінші бөліктерінде), 400 (екiншi бөлiгiнде), 401 (алтыншы және жетінші бөліктерінде), 402 (төртінші бөлігінде), 404 (тоғызыншы бөлiгiнде), 407 (екiншi және үшінші бөлiктерiнде), 409 (жетінші және 7-1-бөліктерінде), 410-1, 413, 413-1, 414, 415 (екiншi бөлiгiнде), 416, 417 (бірінші және алтыншы бөліктерінде), 419 (екiншi бөлiгiнде), 422, 423 (екiншi бөлiгiнде), 424 (үшінші және бесінші бөліктерінде), 425 (екiншi бөлiгiнде), 426 (екінші және үшінші бөліктерінде), 427, 433 (екiншi бөлiгiнде), 434, 436, 439, 440 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 443 (екінші бөлігінде), 444 (бірінші бөлігінде), 445, 445-1, 446, 449 (екiншi және үшінші бөліктерінде), 450, 451 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 452 (үшінші және төртiншi бөліктерінде), 453, 456-1, 460-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 461, 462, 463, 464 (екiншi бөлiгiнде), 465, 469 (екiншi бөлiгiнде), 470 (екiншi бөлiгiнде), 476, 477, 478, 479, 480, 481, 482, 483, 488, 489 (екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 489-1, 490, 495 (екiншi бөлiгiнде), 496 (екінші және үшінші бөліктерінде), 498, 506, 507, 508, 509, 510 (төртінші бөлігінде), 512 (екiншi бөлiгiнде), 513 (екiншi бөлiгiнде), 514 (екiншi бөлiгiнде), 516, 517 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 528 (1-1-бөлігінде), 532 (екiншi бөлiгiнде), 543 (бірінші, 1-1 және үшінші бөліктерінде), 544, 545, 548 (екiншi бөлiгiнде), 549, 550, 552 (екiншi бөлiгiнде), 563 (екiншi бөлiгiнде), 564 (бесiншi бөлiгiнде), 569 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 583 (екiншi бөлiгiнде), 590 (төртiншi бөлiгiнде), 596 (үшінші және бесінші бөліктерінде), 603 (бірінші және екінші бөліктерінде), 604 (екiншi бөлiгiнде), 605 (екiншi бөлiгiнде), 606 (екiншi бөлiгiнде), 607 (екiншi бөлiгiнде), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктерінде), 613 (екінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 615 (төртiншi бөлiгiнде), 618, 621 (үшiншi бөлiгiнде), 637 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он үшінші бөліктерінде), 638 (екiншi бөлiгiнде), 651, 652, 653, 654, 655, 656, 657, 658, 659, 660, 661, 662, 664, 665, 666, 667, 668, 669, 673, 674, 675, 676, 677, 678, 679, 680, 681-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.";

      7) 804-баптың 47) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "47) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнің және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының (216, 219, 233 (үшiншi бөлiгi), 235, 236, 237, 247 (алтыншы бөлiгi), 462-баптар);";

      7. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат):

      1) мазмұнында:

      мынадай мазмұндағы 238-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "238-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру";

      2) 52-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (тіркеуші орган) жүзеге асырады.";

      3) 102-бапта:

      2-тармақтың 1), 3), 4), 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары мәселелері бойынша тергеп-тексеру жүргізетін органмен өзара іс-қимыл жасайды;";

      "3) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының жұмысын үйлестіреді;

      4) арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шаралары мәселелері бойынша ұсыныстарды қалыптастырады және Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келіседі;

      5) арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шаралары мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер әзірлейді;";

      4) 112-1-баптың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы тараудың ережелері салық, кеден, қаржы саясаты, статистикалық қызмет саласында бар, сондай-ақ бір реттеу субъектісіне қолданылатын ақпараттық құралдарға қолданылмайды.";

      5) 138-бап мынадай мазмұндағы 115) тармақшамен толықтырылсын:

      "115) таңбалануға және қадағалануға жататын тауарларға қатысты өндіріс пен айналым саласында жүзеге асырылады.";

      6) 144-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Жоспардан тыс тексеру жүргiзу үшiн тізбеленген негiздер мемлекеттiк органдардың, заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерiне, бейрезидент заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерiне, қызметiн тіркеуші органда тiркеместен жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.";

      7) 175-бапта:

      4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1. Биржалық тауарлардың тауар биржаларында және электрондық сауда алаңдарында тиісінше өткізілген сауда-саттық барысында қалыптасқан бағасы, егер мұндай баға осы Кодексте шектелген монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде белгіленбеген жағдайда, монополияға қарсы орган айқындайтын тәртіппен монополиялық жоғары (төмен) деп танылмайды.

      Егер биржалық тауардың бағасы қаралып отырған кезеңде тауар биржаларында және электрондық сауда алаңдарында тиiсінше өткізілген сауда-саттық барысында қалыптасқан бағадан аспаған жағдайда, ол монополияға қарсы орган айқындайтын тәртіппен монополиялық жоғары деп танылмайды.

      Монополиялық жоғары (төмен) бағаны белгілеу фактісі Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру арқылы анықталады.";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Осы баптың 1-тармағына сәйкес тауардың монополиялық жоғары бағасын айқындау кезінде ұқсас тауардың әлемдік нарықтарда белгіленген биржа және биржадан тыс бағалардың индикаторлары ескеріледі.";

      8) 200-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы нарық субъектiлерiн, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi монополияға қарсы органның келiсiмiмен жүзеге асырады.";

      9) 238-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "238-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру

      1. Азық-түлік тауарлары нарығын тұрақтандыру мақсатында мемлекет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырады.

      2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларына сәйкес іске асырылады.

      3. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырушы мамандандырылған ұйымдардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.";

      10) 292-бапта:

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) заңды тұлға басшысының қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылған заңды тұлға жарғысының көшірмесі;

      Егер заңды тұлға жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылған жағдайда, құжаттарды мөрмен бекемдеу талап етілмейді.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Егер инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімде салықтар бойынша преференциялар және (немесе) инвестициялық субсидия беру көзделген жағдайда, инвестор Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жобалау алдындағы және (немесе) жобалау құжаттамасына басшының қолтаңбасымен куәландырылған мемлекеттік сараптаманың қорытындысын ұсынады.".

      8. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-I, 22-II, 107-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат;):

      1) мазмұнында:

      410-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын :

      "410-бап. Тұрғын ғимаратты (тұрғын ғимараттың бөлігін) салуды немесе казино, ойын автоматтары залы, тотализатор және букмекерлік кеңсе қызметтерін көрсету бойынша қызметті жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушілердің есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомаларын айқындау тәртібі";

      2) 1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 76) тармақшамен толықтырылсын:

      "76) тіркеуші органдар – мәліметтерді тіркеуді және сәйкестендіру нөмірі бар құжаттарды беруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.";

      3) 24-бап мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:

      "18) уәкілетті органға қосылған құн салығын есепке алу үшін ашылған ағымдағы шоттар бойынша ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде беруге міндетті.";

      4) 30-бапта:

      1-тармақтың 11) тармақшасы мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

      "қызмет түрі;";

      3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау, мемлекеттік статистика, сауда қызметі, сыртқы сауда қызметі, қоршаған ортаны қорғау, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық мемлекеттік органдарына, сыртқы мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың уәкілетті органына, монополияға қарсы органға және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау саласындағы уәкілетті органға ұсынады.

      Қазақстан Республикасының осы тармақшада көрсетілген мемлекеттік органдары салықтық құпияны құрайтын мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді.

      Салықтық құпияны құрайтын ұсынылатын мәліметтердің тәртібі мен тізбесі уәкілетті органмен бірлескен актілерде белгіленеді;";

      5) 43-баптың 5-тармағының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "сенімгерлік басқару жөніндегі қызмет бойынша арнаулы салық режимін қолдануға құқылы емес;";

      6) 51-баптың 1-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомаларын тең үлестермен ай сайын немесе тоқсан сайын төлей отырып, мерзімін ұзарту үш жылдан аспайтын мерзімге беріледі.";

      7) 59-баптың 14-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Осы баптың 12-тармағында көрсетiлген тарату балансы ұсынылғаннан кейін және осы баптың 13-тармағында белгiленген ережелер орындалғаннан кейiн салық органы заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлiмшелердi есептiк тiркеудi, қайта тiркеудi, есептiк тiркеуден шығаруды жүзеге асыратын тіркеуші органға таратылатын заңды тұлға бойынша есебі салық органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтерді осы Кодекстiң 100-бабында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жiбередi.";

      8) 60-баптың 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Осы баптың 9-тармағында белгiленген ережелер орындалғаннан кейiн салық органы заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлiмшелердi есептiк тiркеудi, қайта тiркеудi, есептiк тiркеуден шығаруды жүзеге асыратын тіркеуші органға таратылатын заңды тұлға бойынша есебі салық органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтерді осы Кодекстiң 100-бабында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жiбередi.";

      9) 69-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) құзыреттер шегінде таңбалануға және қадағалануға жататын тауарлардың айналымын бақылау жүзеге асырылады.";

      10) 76-бапта:

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Осы баптың 1 – 14-тармақтарында аталған тұлғаларға идентификаттау нөмірі мен тіркеу куәлігін қалыптастыру мақсатында салық органы тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті немесе уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде тіркеуші органға электрондық хабарлама жібереді.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Осы баптың 1 – 14-тармақтарында аталған бейрезиденттерге идентификаттау нөмірін беру туралы электрондық хабарламаны тіркеуші орган салық органдарының электрондық хабарламасын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей салық органдарына жібереді.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Осы баптың 1 – 14-тармақтарында аталған, идентификаттау нөмірлері бар бейрезиденттерге қатысты уәкілетті мемлекеттік органнан мәліметтер, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш алынған жағдайда, салық органы идентификаттау нөмірі мен тіркеу куәлігін қалыптастыру мақсатында тіркеуші органға электрондық хабарлама жібермейді. Бұл ретте осы Кодекстің 75-бабы 2-тармағының 8) тармақшасында аталған тұлғаларды тіркеу есебіне қою олардың тәуелді агенттерінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.";

      11) 78-бапта:

      2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Салық органы салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан осы Кодекстің 75-бабы 2-тармағының 3) – 11) тармақшаларында аталған тұлғаларды алып тастау мақсатында тіркеуші органға және ішкі істер органына:";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Салық органдары осы баптың 2-тармағында аталған бейрезиденттер туралы мәліметтер көрсетілген электрондық хабарламаны тіркеуші органға уәкілетті мемлекеттік органдардан мәліметтерді, банк хабарламасын, тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынады.";

      12) 82-баптың 2-тармағының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жаңадан құрылған резидент-заңды тұлғалар, бейрезидент Қазақстан Республикасында қызметін солар арқылы жүзеге асыратын филиалдар, өкілдіктер – тіркеуші органда мемлекеттік (есептік) тіркелген күннен бастап;";

      13) 93-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) субъектілердің қалыптастырылған тізбесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін 1 мамырдан кешіктірмей, мәліметтер алу үшін:

      екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға – осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында айқындалған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы;

      уәкілетті мемлекеттік органдарға – мүліктің, көлік құралдарының, жер учаскелерінің бар-жоғы туралы;

      тіркеуші органға – Идентификаттау нөмірлерінің ұлттық тізілімінде мәліметтердің болуы (болмауы) туралы сұрау салулар жібереді.";

      14) 100-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) тіркеуші органға – сұрау салу келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей;";

      15) 120-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың мақсаттары үшін тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері деп пайдаланылуын тоқтату немесе тоқтата тұру елді мекендер мен аумақтардың инженерлік инфрақұрылымдары қызметінің бұзылуына алып келетін газбен жабдықтау, энергиямен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының құрылысжайлары, технологиялық қондырғылары мен агрегаттары түсіндіріледі.";

      16) 130-бапта:

      1-тармақтың үшінші бөлігінде:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыретті орган және жер қойнауын пайдаланушы арасында жасалған және міндетті салықтық сараптамадан өткен өнімді бөлу туралы келісімде (келісімшартта) көрсетілген, осы Кодекстің 241-бабында көзделген түзетуді есепке алмағанда жиынтық жылдық кірісі неғұрлым көп және (немесе) көрсетілген келісімдерге (келісімшарттарға) сәйкес мұнай-газ конденсаты немесе теңіз кен орнында қызметін жүзеге асыратын сенім білдірілген тұлға (оператор) және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар);";

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) жыл сайынғы төленген салық сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі бекітілуге жататын жылдың соңында қолданыста болатын, кемінде 2 000 000 еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайды.

      Бұл ретте жыл сайынғы төленген салық сомасы ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі бекітілуге жататын жылдың алдындағы әрбір үш күнтізбелік жыл үшін айқындалады;";

      3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің бекітілген тізбесі оны бекіткен жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кейін қолданысқа енгізіледі және қолданысқа енгізілген күнінен бастап екі жыл ішінде қолданыста болады. Бұл тізбе осы баптың 1-тармағына сәйкес салық төлеушілер ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын шарттар өзгерген жағдайларды қоспағанда, оның қолданыс кезеңі ішінде қайта қаралуға жатпайды.";

      17) 142-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын:

      "25) тауарда Халықаралық шарттарға және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті таңбалануға жататын тауарлар бойынша идентификаттау құралының болуы және оның түпнұсқалылығы болып табылады.";

      18) 152-бапта:

      4-тармақ алып тасталсын;

      7-тармақта сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының аумағындағы екiншi деңгейдегі банктердегі салық төлеушiнiң банктік шоттарына валюталық түсімнің түсуi жөніндегі осы тармақтың талаптары:

      осы Кодекстiң 393-бабының 2-тармағында аталған;

      осы Кодекстiң 433-бабына сәйкес бақылау шоттарын пайдаланатын;

      осы Кодекстің 722-бабының 1-тармағында көрсетілген өнімді бөлу туралы келісімнің шеңберінде теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүзеге асыратын салық төлеушiлерге қолданылмайды.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Салықтық тексеру аяқталған күні:

      1) өнiм берушiмен өзара есеп айырысулардың анықтығын растау үшiн қарсы тексерулер жүргiзуге берілген сұрау салуларға жауаптар алынбаған;

      2) тексерілетін салық төлеушінің өнім берушілері бойынша "Пирамида" талдамалық есебін талдау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған;

      3) қосылған құн салығы сомаларының анықтығы расталмаған;

      4) қарсы тексеру жүргізудің мүмкін болмауына байланысты, оның ішінде:

      өнім берушінің тұрған жері бойынша болмауы;

      өнім берушінің есепке алу құжаттамаларының жоғалуы себебінен қосылған құн салығы сомаларының анықтығы расталмаған сомалардың шегінде қосылған құн салығын қайтару жүргізілмейді.

      Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының ережелері мынадай:

      қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар;

      құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде 150 000 000 еселенген мөлшерін құрайтын, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін республикалық индустрияландыру картасы шеңберінде инвестициялық жобаны іске асыратын;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын және қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап қойылған салықтық кезеңнің алдындағы соңғы 5 жылға есептелген салықтық жүктеменің орташа коэффициенті кемінде 20 пайыз болатын;

      осы Кодекстің 722-бабының 1-тармағында көрсетілген өнімді бөлу туралы келісімнің шеңберінде теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүзеге асыратын тексерілетін салық төлеушілердің тікелей өнім берушілері "Пирамида" талдамалық есебінің нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды жойған жағдайда қолданылмайды.

      Салықтық тексеру актiсiнде қосылған құн салығын қайтармау негiздерi көрсетiледi.";

      17-тармақта "қайтарудың оңайтылған тәртібі қолданылған," деген сөздер "осы Кодекстің 433 және (немесе) 434-баптарына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) 166-баптың 7-тармағында:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бірлігі үшін бағасы;";

      мынадай мазмұндағы 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16) тармақшалармен толықтырылсын:

      "10) міндетті таңбалануға жататын тауарлар бойынша тауарды таңбалау коды;

      Осы тармақшаның ережесі тауардың таңбалау коды болмаған жағдайға қолданылмайды;

      11) Тауарлардың ұлттық каталогына сәйкес тауардың атауы;

      Осы тармақшаның ережесі тауар атауының Тауарлардың ұлттық каталогында болмаған жағдайға қолданылмайды.

      12) сатып алынатын тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің саны, олардың өлшем бірлігі;

      13) тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасы;

      14) егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болса - тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізу бойынша айналымдарының қосылған құнға салынатын салықтары жөніндегі мөлшерлемені көрсете отырып, қосылған құн салығының сомасы;

      15) бақылау-касса машинасын пайдалану орнының мекенжайы;

      16) бақылау-касса машинасының чегі туралы кодталған түрдегі ақпаратты қамтитын штрих коды.";

      20) 171-бап мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте уәкілетті орган фискалдық деректер операторының тізбесіне (тізбесінен) қосу (алып тастау) арқылы фискальдық деректер операторларының тізбесін жүргізеді.

      Фискалдық деректер операторының тiзбесiне (тізбесiнен) қосу (алып тастау) тәртібін, сондай-ақ фискальдық деректердің әлеуеттi операторына қойылатын бiлiктiлiк талаптарын уәкiлеттi орган ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсу бойынша айқындайды.";

      21) 220-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға алып келетін кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын бейрезидент осы Кодекстiң 76-бабында айқындалған тәртiппен салық органында салық төлеушi ретiнде тiркелуге мiндеттi.

      Бейрезиденттiң салық органдарында салық төлеушi ретiнде тiркелуінің немесе тіркеуші органда есептiк тiркелуінің жоқтығына қарамастан, бейрезиденттің Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыруы басталған күннен бастап бейрезиденттің қызметі осы баптың ережелерiне сәйкес тұрақты мекеме құрады.";

      22) 243-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер құнында қосылған құн салығы бойынша мынадай шығындар:

      осы Кодекстің 402-бабының 1-тармағына сәйкес есепке жатқызуға жатпайтын қосылған құн салығының сомасы;

      осы Кодекстің 409-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және 410-бабына сәйкес есепке жатқызуға жатқызылуына рұқсат берілмеген қосылған құн салығының сомасы;

      осы Кодекстің 404-бабы 2-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда, есепке жатқызуға жатқызылған қосылған құн салығын азайту жағына қарай түзету сомасы есепке алынады.

      Қосылған құн салығын төлеуші:

      1) егер бухгалтерлік есепке алуда осындай салық сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер құнында есепке алынбаған болса, осы Кодекстің 408-бабына және 409-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес есепке жатқызуға жатқызылуына рұқсат берілмеген қосылған құн салығының;

      2) кіріс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылған тіркелген активтер, запастар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша, есепке жатқызуға жатқызылған қосылған құн салығын осы Кодекстің 404-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда азайту жағына қарай түзету;

      3) амортизацияға жатпайтын активтерді жарғылық капиталға салым ретінде беруді қоспағанда, осы Кодекстің 404-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген жағдайда, есепке жатқызуға жатқызылған қосылған құн салығын азайту сомасын шегерімге жатқызуға құқылы.

      Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген шегерім есепке жатқызуға жатқызылуына рұқсат берілмеген қосылған құн салығы туындайтын салықтық кезеңде жүргізіледі.

      Амортизацияға жатпайтын активтер бойынша есепке жатқызуға жатқызылған қосылған құн салығын осы Кодекстің 404-бабы 2-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайда азайту жағына қарай түзету сомасы осы Кодекстің 228-бабының 6-тармағына сәйкес есепке алынады.

      Егер корпоративтік табыс салығын төлеуші жай серіктестік (консорциум) құрамында өнімдерді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы болып табылған және қосылған құн салығы бойынша салықтық міндеттемелерді орындау осы Кодекстің 426-бабының 3-тармағына сәйкес операторға жүктелген жағдайда, осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген қосылған құн салығы оператордың қосылған құн салығы бойынша декларациясының деректері бойынша көрсетілген жер қойнауын пайдаланушының үлесіне тиесілі мөлшерде шегерімге жатады.

      Осы баптың ережелері құны осы Кодекстің 258-бабының 3-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылуға жататын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығы бойынша қолданылмайды.";

      23) 248-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Егер осы баптың 7-тармағында өзгеше белгіленбесе:";

      24) 257-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) осы Кодекстің 272-бабының 2-тармағына сәйкес кейінгі шығындар деп танылады";

      25) 268-баптың 16-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Лизинг шартынан басқа, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша алынған мүлікке қатысты салық төлеуші шеккен жөндеу, реконструкциялау, жаңғырту, күтіп-ұстау бойынша шығындар және басқа да шығындар осы Кодекстің 266-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тіркелген активтің бастапқы құны болып табылады. Осы тармаққа сәйкес олар бухгалтерлік есепке алуда ұзақ мерзімді актив ретінде танылған күнге дейін шегілген, оның құнын халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес ұлғайтатын шығындар есепке алынады.";

      26) 272-баптың 2-тармағы 2) тармақшасының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Лизинг шартынан басқа, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша алынған және бухгалтерлік есепке алуда ұзақ мерзімді актив ретінде танылған мүлікке қатысты шегілген келесі шығыстардың сомасы осы Кодекстің 266-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес тіркелген актив ретінде есепке алынады.";

      27) 275-баптың 5-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) преференциялар объектілерін беру қайта ұйымдастырылу нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғалар тіркеуші органда мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жыл ішінде жүзеге асырылса, қолданылады.";

      28) 305-бапта:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) егер осы баптың 4-тармағында өзгеше белгіленбесе, жаңадан құрылған (пайда болған) салық төлеушілер – тіркеуші органда мемлекеттік (есептік) тіркеу жүзеге асырылған салықтық кезең ішінде, сондай-ақ кейінгі салықтық кезең ішінде;";

      5-тармақтың 2) тармақшасының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру жүзеге асырылған салықтық кезеңде, сондай-ақ кейінгі екі салықтық кезең ішінде – осы баптың 4-тармағында көрсетілген салық төлеушілер ағымдағы салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығының болжамды сомасы негізге алына отырып есептеледі;";

      5-тармақтың 4) тармақшасының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру жүзеге асырылған салықтық кезеңде, сондай-ақ кейінгі екі салықтық кезең ішінде – осы баптың 4-тармағында көрсетілген;";

      29) 314-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Егер заңды тұлға күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылған болса, құрылған күнiнен бастап күнтiзбелiк жылдың соңына дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн бiрiншi салықтық кезең болып табылады.

      Бұл ретте заңды тұлғаның тіркеуші органда мемлекеттік тiркелген күнi оның құрылған күнi болып есептеледі.";

      30) 341-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Салық агенті жеке тұлғаның кірісіне осы баптың 1-тармағының 13), 14) және 23) тармақшаларында көзделген кіріс түзетуді жеке тұлғаның осындай кірістен жеке табыс салығын ұстап қалу күнінен кеш өтініш жасауы себебінен қолданбаған жағдайда, жеке тұлға осындай кірістен жеке табыс салығын ұстап қалуды жүргізген салық агентіне өтініш пен растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы, солардың негізінде салық агенті осы Кодекстің 48-бабы 2-тармағында көзделген талап қою мерзімі шегінде кірістерді қайта есептеуді жүргізеді.";

      31) 378-баптың 2-тармағында:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) көрсетілетін қызметтер мәдениет, ойын-сауық, ғылым, өнер, білім, дене шынықтыру немесе спорт саласында көрсетілетін қызметтерге жатса және іс жүзінде Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілсе, Қазақстан Республикасы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып танылады.

      Осы тармақшаның мақсатында ойын-сауық саласындағы көрсетілетін қызметтерге ойын-сауық орындарында, ойын мекемелерін, түнгі клубтарды, кафе-барларды, мейрамханаларды, интернет-кафелерді, компьютер, бильярд, боулинг клубтарды және кинотеатрларды қоса алғанда, көрсетілетін ойын-сауық-демалу мақсатындағы көрсетілетін қызметтер жатады.";

      4) тармақшаның екінші бөлігі алып тасталсын;

      32) 378-бапта:

      25-абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "осындай тұлға Қазақстан Республикасының әділет органдарында және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамында мемлекеттік (есептік) тіркелу негізінде немесе салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қойылу негізінде Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда және мынадай шарттардың бірі немесе бірнешеуі сақталған кезде:";

      29-абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "осындай тұлға Қазақстан Республикасының әділет органдарында және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамында мемлекеттік (есептік) тіркелу негізінде немесе салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қойылу негізінде Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда – өзге жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қатысты кәсіпкерлік немесе басқа да қызметті жүзеге асыру орны Қазақстан Республикасының аумағы болып есептеледі.";

      33) 379-баптың 15-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Егер осы баптың 3 және 13-тармақтарында айқындалған құжаттарда бірнеше күн көрсетілсе, онда көрсетілген күндердің неғұрлым кеш болатыны құжатқа қол қойылған күн болып табылады.";

      34) 381-бапта:

      8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес ислам банкі осы Кодекстің 372-бабы 2-тармағының 7) және 8) тармақшаларына сәйкес коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландырған кезде өткізу бойынша айналымның мөлшері ислам банкі алуға тиіс кіріс мөлшерінде айқындалады.";

      10-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Көлiк экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тарап үшін тасымалдаушының және (немесе) басқа да өнім берушілердің көлiк экспедициясы шартында айқындалған жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі кезінде экспедитордың өткізу бойынша айналымының мөлшері мынадай сомалардың:";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Осы Кодекстің 394-бабында санамаланған тауарлар болып табылатын тауарлардан басқа, еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырыла отырып, қосылған құн салығынсыз сатып алынған тауар жоғалған кезде өткізу бойынша айналымның мөлшері салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде көрсетуге жататын (көрсетілген), тауарларды жоғалған күніне олардың баланстық құны мөлшерінде айқындалады.";

      мынадай мазмұндағы жаңа 15-тармақпен толықтырылсын:

      "15. Осы Кодекстің 16-тарауында көзделген казино, ойын автоматтары залы, тотализатор және букмекерлік кеңсе қызметтерін көрсету кезінде айналым мөлшері казино, ойын автоматтары залы, тотализатор және букмекерлік кеңсе қызметтерін көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру нәтижесінде салықтық кезеңде алынған кіріс сомасы бойынша айқындалады.";

      35) 384-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) тіркеуші органның банкрот деп танылған дебиторды Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тастау туралы шешiмi шығарылған салықтық кезеңде азайтуға құқығы бар.";

      36) 386-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы Кодекстің 433-бабына сәйкес қосылған құн салығын төлеушілер бақылау шоттарын пайдаланған кезде осы тармақтың 4) тармақшасында белгіленген құжаттың болуы талап етілмейді.";

      37) 389-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте салық төлеушінің осы Кодекстің 422-бабының 1-тармағына сәйкес осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлар бойынша қосылған құн салығының мөлшерлемесін қолдану құқығы бар.";

      38) 394-бапта:

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) тіркеуші органда тіркелген діни бірлестіктердің діни мақсаттағы заттарды өткізуі бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.";

      43) тармақшадағы "өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 44) тармақшамен толықтырылсын:

      "44) мына талаптар бір мезгілде сақталған кезде:

      тауарлар инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, музейлерді, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес тұрғызу және пайдалануға енгізу процесінде толық тұтынылса;

      арнайы экономикалық аймақтарды құру, жұмыс істеуі және тарату саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша бекіткен тауарлар тізбесіне тауарлар енгізілсе;

      тауарларды жеткізуге "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағында инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, музейлерді, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін тұрғызуды жүзеге асыратын ұйымдармен тауарларды жеткізуге арналған шарт (келісімшарт) болса;

      тауарлардың тиеп жөнелтілгенін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері болса;

      сатып алушының тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері болса, "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағында өндірілген және өткізілетін тауарларды өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.

      Осы баптың мақсаттары үшін мұндай тауарлар Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес еркін кедендік аймақ рәсімімен орналастыруға жататын болса, мұндай тауарларды өнім беруші мен сатып алушы еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырған және олар кедендік бақылауда болған жағдайда инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, музейлерді, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін тұрғызу процесіне тікелей тартылған тауарлар (электр энергиясын, бензинді, дизель отыны мен суды қоспағанда) құрылыс процесінде толық тұтынылатын тауарлар деп түсініледі.";

      39) 399-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) тіркеуші органда тіркелген діни бірлестіктер әкелетін діни мақсаттағы заттардың импорты қосылған құн салығынан босатылады.";

      40) 400-баптың 1-тармағы 1) тармақшасында төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығару кезінде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі жазып берген шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы есепке жатқызатын қосылған құн салығының сомасы деп танылады. Қосылған құн салығының сомасы мынадай формула бойынша, бірақ осы тауарларды мемлекеттік материалдық резервке жеткізу кезінде төленген салық сомасынан аспайтындай айқындалады:";

      41) 405-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Егер сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша міндеттеме тіркеуші органның банкрот деп танылған қосылған құн салығын төлеушіні-өнiм берушiні Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тастау туралы шешімі шығарылған күнге толық немесе ішінара қанағаттандырылмаған жағдайда, онда есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын азайту жағына қарай түзету, егер мұндай түзету осы баптың 1-тармағына сәйкес жүргізілмесе, бұрын есепке жатқызылатын деп танылған, осындай тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша төлеуге жататын қосылған құн салығының сомасы мөлшерінде жүргізіледі. Осы тармақта көзделген түзету тіркеуші органның көрсетілген шешімі шығарылған салықтық кезеңде жүргізіледі.";

      42) 410-бапта:

      410-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "410-бап. Тұрғын ғимаратты (тұрғын ғимаратының бөлігін) салуды немесе казино, ойын автоматтары залы, тотализатор және букмекерлік кеңсе қызметтерін көрсету бойынша қызметті жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушілердің есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасын айқындау тәртібі";

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Казино, ойын автоматтары залы, тотализатор және букмекерлік кеңсе қызметтерін көрсету бойынша қызметті жүзеге асырған кезде есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығы осы Кодекстің 381-бабының 15-тармағына сәйкес айқындалған салық салынатын айналымнан қосылған құн салығының 70 пайызы мөлшерінде айқындалады.";

      43) 412-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығарған кезде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің "Виртуалды қойма" модулі арқылы электрондық шот-фактуралар жазылатын тауарлардың тізбесін уәкілетті орган бекітеді және оның интернет-ресурсында орналастырылады.";

      13-тармақтың 6) тармақшасындағы "жағдайларда талап етілмейді" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) казино, ойын автоматтары залы, тотализатор және букмекерлік кеңсе қызметі бойынша қызметтер көрсетілген жағдайларда талап етілмейді.";

      44) 421-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Казино, ойын автоматтары залы, тотализатор және букмекерлік кеңсе қызметтерін көрсету қызметі бойынша қосылған құн салығының сомасы салықтық кезеңде мына тәртіппен есептеледі:

      осы Кодекстің 381-бабының 15-тармағына сәйкес айқындалған салық салынатын айналымнан қосылған құн салығының сомасы алу

      осы Кодекстің 410-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалған есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы.";

      45) 424-бапта:

      3-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Казино, ойын автоматтары залы, тотализатор және букмекерлік кеңсе қызметтерін көрсету бойынша қызметті жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушілер осы Кодекстің 16-бөлімінің ережелеріне сәйкес салықтық есептілік ұсынады.";

      46) 429-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, қосылған құн салығын қайтарудың оңайлатылған тәртібіне құқығы бар қосылған құн салығын төлеушіде түзілген қосылған құн салығының асып кетуі қайтарылуға жатады.

      Осы тармақта белгіленген қосылған құн салығының асып кетуі салық төлеушінің таңдауы бойынша осы Кодекстің 431 және (немесе) 433 және (немесе) 434-баптарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қайтарылады.

      Осы Кодекстің 434-бабын таңдау жағдайында салық төлеуші қосылған құн салығының асып кетуінің қалған бөлігіне осы Кодекстің 431 және (немесе) 433-бабын қолдануға құқылы.";

      47) 433-бапта:

      1-тармақта екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Кодекстің мақсаттары үшін бақылау шоты қосылған құн салығы сомасын есептеу кезінде пайдаланатын, екінші деңгейдегі банктегі қосылған құн салығын есепке алу үшін ашылған, ағымдағы шот болып табылады, оның ішінде:

      импортқа және бейрезидент үшін қосылған құн салығын қоса алғанда, бюджетке қосылған құн салығын төлеу;

      тауарларды берушілерге қосылған құн салығын төлеу;

      тауарларды сатып алушылардың (алушылардың) қосылған құн салығын төлеуі;

      қосылған құн салығын төлеушінің өзге банктік шотынан ақшаны есепке жатқызу үшін пайдаланатын банктік шот болып табылады.

      Бұл ретте қосылған құн салығын төлеушінің құрылымдық бөлімшесі бақылау шотын ашуға және пайдалануға құқылы.";

      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бақылау шотын пайдалануға электрондық шот-фактура ақпараттық жүйесінің қатысушылары болып табылатын, қосылған құн салығын төлеушілердің (олардың құрылымдық бөлімшелерінің) құқығы бар.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару сатып алған (алған), оларды өткізген кезде қосылған құн салығы сомасын есептеу бақылау шоттарын пайдалану арқылы жүргізілген тауарлар бойынша қалыптасқан қосылған құн салығының асып кету сомасы бөлігінде жүргізіледі.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы бапқа сәйкес қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып кету сомасының дұрыстығын растау салық органдарының ақпараттық жүйелерінде бар деректердің негізінде жүргізіледі.

      Қосылған құн салығының асып кету сомасының дұрыстығы расталмаған жағдайда аталған салық төлеушілерге:

      осы баптың 3-тармағы 1) тармақшасында қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтаруға құқығы жоқ екендігі туралы хат жіберіледі;

      осы баптың 3-тармағы 2) – 5) тармақшаларында олардың осы Кодекстің 429 және 432-баптарында көзделген қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару тәртібін қолдану құқығы туралы хат жіберіледі.";

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару салықтық кезеңде қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап негізінде, салықтық тексеру жүргізілмей он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.";

      8-тармақ алып тасталсын;

      48) 485-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) салықтық кезеңде кіріс алмаған адамдарға қолданылмайды.";

      49) 525-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      2. Салық төлеуші ағымдағы төлемдерді кезекті (салықтық кезең ішінде) төлеу мерзімі басталғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмейтін мерзімде:

      ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін туындағандарды қоспағанда, салықтық кезең ішінде салықтық міндеттемелер туындаған кезде – ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын;

      салықтық кезең ішінде салық бойынша салықтық міндеттемелер өзгерген кезде – ағымдағы төлемдердің мөлшерлерін тиісті түзетіп және оларды алдағы төлеу мерзімдеріне тең үлестермен бөле отырып, ағымдағы төлемдердің қосымша есеп-қисабын ұсынады.";

      50) 553-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тіркеу алымдарының мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай алымдарды төлеу күніне қолданыста болатын еселенген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі осы тараудың мәтіні бойынша – АЕК) мөлшерінде айқындалады.

      2. Заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с

Тіркеу әрекеттерінің түрлері

Мөлшерлемелер (АЕК)

1

2

3

1.

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін: *


1.1.

заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін

6,5

1.3.

саяси партияларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін

14

2.

Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мекемелерді, қазыналық кәсіпорындарды және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің кооперативтерін мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін:


2.1.

мемлекеттік тіркегені, қызметінің тоқтатылуын тіркегені, есептік тіркегені, есептік тіркеуден шығарғаны үшін

1

2.2.

қайта тіркегені үшін

0,5

3.

Балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерін, сондай-ақ мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерін мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін, республикалық және өңірлік ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестіктердің филиалдарын есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін:


3.1.

тіркегені үшін (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде)

2

3.2.

қызметтің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) қайта тіркегені, мемлекеттік тіркегені, есептік тіркеуден шығарғаны үшін:

1

      51) 554-баптың 4-тармағының кестесінде:

      2, 2.1, 2.2, 2.3, 3, 3.1, 3.2-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

Р/с

Лицензияланатын қызмет түрлері

Мөлшерлемелер (АЕК)

1

2

3

22.

Лицензияның телнұсқасын бергені үшін алым мөлшерлемелері:


22.1.

1.51. - 1.53., 1.55. - 1.59., 1.79. - 1.80.-тармақтарында көрсетілгендерді қоспағанда, барлық қызмет түрлеріне

Осы кестенің
1-тармағында белгіленген тиісті мөлшерлемеден 100%

22.2.

1.51. - 1.53., 1.55. - 1.59.-тармақтарында көрсетілген қызмет түрлеріне

Осы кестенің 1-тармағында белгіленген тиісті мөлшерлемеден 10%

22.3.

1.79- 1.80-тармақтарында көрсетілген қызмет түрлеріне

1

33

Лицензияларды қайта ресімдегені үшін мөлшерлемелер:


33.1.

тауарлардың экспорты мен импортына, сондай-ақ экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортына лицензияны қайта ресімдеуді қоспағанда, барлық лицензия түрлері үшін

Осы кестенің
1-тармағында белгіленген тиісті мөлшерлемеден 10%

33.2.

тауарлардың экспорты мен импортына, сондай-ақ экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортына лицензияны қайта ресімдегені үшін

1

      52) 554-бапта:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензиялар бергені үшін алым) мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

1.83.

Тауар биржалары саласындағы қызмет:


1.83.1.

тауар биржасы үшін

10

1.83.2.

Алып тасталсын


1.83.3.

Алып тасталсын


      1.83.2 және1.83.3-реттік нөмірлері алып тасталсын;

      53) 679-бапта:

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жаңадан құрылған заңды тұлғалар – тіркеуші органда мемлекеттік тіркеуден кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей салық органына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық салу режимін қолдану туралы хабарламада;";

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Салық салудың осындай режимi үшін осы бөлімде белгiленген арнаулы салық режимін қолдану шарттарының сәйкес келмеуі жағдайлары туындауын қоспағанда, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін таңдалған арнаулы салық режимi күнтiзбелiк жыл iшiнде өзгертуге жатпайды.

      4. Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимiнен салық салудың жалпыға бiрдей белгiленген тәртiбіне көшкен (ауысқан) кезде шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимiне кейіннен көшу жалпыға бiрдей белгiленген тәртiптi қолданудың күнтiзбелiк бiр жылынан кейін мүмкiн болады.";

      8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы бапта белгіленген мерзімде қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны ұсынған жаңадан құрылған заңды тұлғалар үшін – тіркеуші органда мемлекеттік тіркеу күні;";

      54) 686-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Осы баптың 2-тармағына сәйкес есептелген жеке табыс салығының сомасы моделі мемлекеттік тізілімге енгізілген деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бір бақылау-касса машинасын сатып алу, бірақ есептелген салық сомасының 50 пайызынан аспайтын құнына азайту жағына қарай түзетуге жатады.

      Бұл ретте салықтық кезеңдегі осындай азайтудың ең көп сомасы 60 000 теңгеге тең сомадан аспауға тиіс.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген салықтың азаюы осындай бақылау-касса машинасы сатып алынған салықтық кезеңдегі патент құнының соңғы есебінде жеке табыс салығының сомасы есептелген кезде бір сәтте тұтас бүкіл салықтық кезеңде жүргізіледі.

      Бұл ретте, бақылау-касса машинасы сатып алынған салықтық кезеңде немесе ол сатып алған салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңде осы тармақтың бірінші бөлігінде салық төлеуші оның құнына салықты азайту жүргізген бақылау-касса машинасын мемлекеттік кірістер органдарында тіркеуді жүргізбеген жағдайда, онда мұндай салық төлеуші осындай салықты азайту жүргізілген патент құнының есебіне қосымша салықтық есептілікті ұсыну арқылы осы тармаққа сәйкес бұрын азайтылған салық сомасына көбейту жағына қарай салыққа түзету жүргізуге міндетті.

      Осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген түзетуді кәсіпкерлік қызметті тоқтату немесе салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру жағдайында, осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес салықты азайту бойынша норманы қолданған салық төлеуші де жүргізеді.";

      55) 687-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Салық төлеуші моделі мемлекеттік кірістер органдарында мемлекеттік тізілімге енгізілген деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасы тіркелген салықтық кезеңде оңайлатылған декларацияда есептелген жеке табыс салығының (корпоративтік табыс салығының) сомасы мұндай салық төлеушінің бір бақылау-касса машинасын сатып алу, бірақ есептелген салық сомасының 50 пайызынан аспайтын құнына азайту жағына қарай түзетуіне жатады.

      Бұл ретте салықтық кезеңдегі осындай азайтудың ең көп сомасы 60 000 теңге тең сомадан аспауға тиіс.";

      56) 723-баптың 12-тармағы бесінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      " (GP1 х 0,857)

      CF х ------------------------- х r

      OP + (GP1 х 0,857)

      CP = ----------------------------------------, мұнда:

      GP1";

      57) 747-бап мынадай мазмұнды үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тараудың мақсаттары үшін бір текше метр немесе бір тонна өндірілген кең таралған пайдалы қазбалар мен емдік балшық көлемінің бірлігі деп танылады.";

      58) 748-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Кең таралған пайдалы қазбалар мен емдік балшыққа арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері өндірілген кең таралған пайдалы қазбалар мен емдік балшық көлемінің бірлігі үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын бір айлық есептік көрсеткіштің мөлшері негізге алына отырып есептеледі және мынаны құрайды:



р/с

Пайдалы қазбалардың атауы

Мөлшерлемелер, АЕК-пен

1

2

3

11.

Метаморфалық жыныстар, оның ішінде мәрмәр, кварцит, кварцтық-далалық шпат жыныстары

0,02

22.

Магмалық тау жыныстары, оның ішінде гранит, сиенит, диорит, габбро, риолит (липарит), андезит, диабаз, базальт, вулкандық туфтар, шлактар, помпалар, вулкандық шынылар және шыны тектес жыныстар (перлит, обсидиан)

0,02

33.

Шөгінді тау жыныстары, оның ішінде жұмыртастар мен қиыршық тас, қиыршық тас-құмды (құмды-қиыршық тасты) қоспа, құм және құмтастар, саз және сазды жыныстар (саздақ топырақ, алевролиттер, аргиллиттер, сазды тақта тастар), ас тұзы, гипстік жыныстар, мергельдер, әктастар, оның ішінде қабықшалар, борлы жыныстар, доломиттер, әктас-доломитті жыныстар, кремний жыныстары (трепел, опока, диатомит), табиғи пигменттер, шымтезек

0,015

44.

Емдік балшық

0,02

      9. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2017 ж., № 23,110-құжат; 2017 ж. 27 желтоқсандағы "Казахстанская правда" газеті, № 248 (28627); 2017 ж. 27 желтоқсандағы "Егемен Қазақстан" газеті, № 248 (29229); Қазақстан Республикасының 2018ж. 3 қаңтардағы электрондық түрдегі НҚА Эталондық бақылау банкі):

      1) 19-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес алынған кез келген ақпарат:

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органына;

      Қазақстан Республикасының үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы заңнамасына сәйкес тергеп-тексеру мақсаттары үшін Комиссияға;

      Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасынан шығарылатын тауарларға қатысты сауда шараларын енгізу алдындағы тергеп-тексеруді жүргізетін шет мемлекеттің немесе шет мемлекеттер одағының құзыретті органына ақпарат беру жағдайларын қоспағанда, жария етілуге және таратылуға жатпайды.".

      2) 291-баптың 16-тармағының 3) тармақшасындағы "осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды өзгеше тұтыну деп түсініледі." деген сөздер алып тасталып, 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) осы баптың 7-тармағына сәйкес қалыптасқан АЭА аумағынан халықаралық пошта жөнелтілімдерінің партияларын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерге әкету және көрсетілген тауарларды әкеткен кезде кедендік декларация, Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттар ретінде пайдалану осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды өзгеше тұтыну деп түсініледі.";

      3) 369-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген және халықаралық пошта жөнелтілімдеріне ілеспе құжаттар ішкі тұтыну, экспорт үшін шығарудың кедендік рәсімдеріне сәйкес халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларды, сондай-ақ кері импорттың кедендік рәсіміне сәйкес Одақтың кедендік аумағынан халықаралық пошта жөнелтілімдерінде әкетілген және алушыларға табысталмаған тауарларды кедендік декларациялау кезінде тауарларға арналған декларация ретінде мынадай:

      1) осындай тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төленуге жатпайтын;

      2) осындай тауарларға қатысты тыйым салулар мен шектеулер белгіленбеген, ішкі нарықты қорғау шаралары қолданылмайтын жағдайларда пайдаланылуы мүмкін.".

      10. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 23-IV, 112-құжат):

      1) 179-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, соның ішінде мердігерлердің сатып алуы мынадай тәсілдерді:

      1) ашық конкурс;

      2) бір көзден алу;

      3) төмендетуге арналған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық); 

      3-1) тауар биржаларында;

      4) осы тармақта көзделген тәсілдерді қолданбастан тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу арқылы жүзеге асырады.

      Уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы пайдаланатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін немесе жұмысы осындай тізілімнің жұмысымен үйлестірілген интернеттің қазақстандық сегментінде орналасқан электрондық сатып алудың өзге де жүйелерін міндетті түрде пайдалана отырып жүргізіледі.

      Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша конкурсты ұйымдастырушы конкурс жеңімпазын айқындау кезінде конкурсқа қатысушылардың – жұмыс беретін және қызметтер көрсететін қазақстандық өндірушілердің конкурстық өтінімінің бағасын шартты түрде жиырма пайызға азайтады.

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту және халықтың көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын басшылар, менеджерлер мен мамандар санын есепке алмағанда, жұмыскерлердің жалпы санынан Қазақстан Республикасы азаматтарының кемінде тоқсан бес пайызын пайдаланатын дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қазақстандық өндірушілері деп танылады. 

      Бұл ретте Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту және халықтың көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдік басшылардың, менеджерлер мен мамандардың саны әрбір тиісті санат бойынша басшылардың, менеджерлер мен мамандардың жалпы санының елу пайызынан көп болмауға тиіс.

      Тауар биржалары арқылы тауарларды сатып алу биржалық тауарлар тізбесі жөніндегі тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Егер биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларды сатып алудың жылдық көлемі биржалық тауарлар тізбесінде көзделген партияның ең аз мөлшерінен аспаған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы тауарларды сатып алудың өзге де тәсілін таңдауға құқылы.

      Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін уран өндіру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

      Жер қойнауын пайдаланушылар және (немесе) олардың мердігерлері уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың белгіленген тәртібін бұзғаны үшін осындай келісімшарттарда көзделген жауаптылықта болады.".

      11. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; №14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 22-III, 109-құжат):

      1) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-бап. Тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар.

      Коммерциялық емес ұйымдарға жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді әділет органдары жүзеге асырады.

      Коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (тіркеуші органдары) жүзеге асырады.";

      2) 5-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "осы Заңға сәйкес коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеудi жүзеге асырады;";

      3) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:

      5-1-бап. Коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу кезінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының құзыреті

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы:

      Осы Заңға сәйкес коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу;

      Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізу;

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалдарының осы Заңның талаптарын сақталуын бақылау;

      Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік қорпорация коммерциялық емес акционерлік қоғамының әрекеттеріне шағымдарды қарау;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда бақылау және қадағалау міндеттері жүктелген мемлекеттік органдарға олардың сұратуы бойынша ақпарат беруді жүзеге асырады.";

      4) мынадай мазмұндағы 5-2-баппен толықтырылсын:

      5-2-бап. Коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорацияның қызметін мемлекеттік бақылау

      1. Коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласында тіркеуші органның қызметіне мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әділет органы және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.

      2. Мемлекеттік бақылау коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу саласындағы тіркеуші орган қызметінің:

      1) коммерциялық ұйымдарға жататын мемлекеттік заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерін есептік тіркеу;

      2) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмін жүргізу;

      3) көрсетілетін қызметті алушылардың заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерін есептік тіркеу мерзімдерін бұзу фактілері туралы анықтау және әділет органдарын хабардар ету Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан жүзеге асырылады.

      3. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда, әділет органы және оның аумақтық бөлімшелері тіркеуші органға бұзушылықтарды жою туралы ұсыным жібереді. Бұзушылық белгіленген мерзімде жойылмаған кезде уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жоюға мәжбүрлеу туралы талап арызбен сотқа жүгінуге құқылы.";

      5) 6-бапта:

      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiсіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттiк тіркеу кезiнде өтiнiшке құрылтайшы немесе құрылтайшылардың бiреуi не шетелдiк немесе шетелдік заңды тұлға, Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе мемлекеттiк органдар не Ұлттық Банк жалғыз құрылтайшы не құрылтайшылардың бірі болып табылатын жағдайларда, құрылтайшының уәкiлеттiк берген адамы қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса отырып, оны "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамға бередi.";

      сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Коммерциялық емес ұйымдарға жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат тіркеуші органға бір мезгілде ұсынылады.

      Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат тіркеуші органға бір мезгілде ұсынылады.";

      6) 6-2-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу үшін тіркеуші органға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш беріледі. Өтінішке филиалды (өкілдікті) құратын уәкілетті заңды тұлға қол қояды және заңды тұлғаның мөрімен бекітіледі.

      Егер заңды тұлға жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылған жағдайда, құжаттарды мөрмен бекіту талап етілмейді.

      Өтінішке коммерциялық емес ұйымдарға жататын филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркегенi үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат қоса беріледі.

      Коммерциялық ұйымдарға жататын филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркегенi үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.";

      7) 6-3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      6-3-бап. Қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу

      Қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш;

      2) заңды тұлға мүлкi меншiк иесінiң немесе меншiк иесi уәкiлеттік берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешiмi, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкiлеттік берiлген органның шешiмi немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда сот шешiмi;

      3) заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқорлық туралы ережелері көрсетіле отырып, бірігу, қосылу, қайта құрылу кезінде – тапсыру актісі, бөліну, бөлініп шығу кезінде – бөліну балансы және заңды тұлға уәкілетті органының тапсыру актісі мен бөліну балансын бекіту туралы шешімі;

      4) заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылғаны туралы кредиторлардың жазбаша хабардар етілгенін растайтын құжат;

      5) қайта ұйымдастырылған коммерциялық емес ұйымдарға жататын заңды тұлғаның қызметінің тоқтатылғаны үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат беріледі.

      қайта ұйымдастырылған коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғаның қызметінің тоқтатылғаны үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат беріледі.".

      8) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-бап. Тiркеу алымын төлеу

      Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу), олардың қызметінің тоқтатылуын мемлекеттiк тiркеу, филиалдарын (өкiлдiктерiн) есептiк тiркеу (қайта тiркеу), есептiк тiркеуден шығару кезiнде коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Кодексiнде (Салық кодексi) (бұдан әрі – Салық кодексі) айқындалатын тәртiппен тіркеу алымы алынады,

      Тiркеушi орган іске асыратын, коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкiлдiктердi мемлекеттiк тiркеу бойынша көрсетілетін қызметтердiң бағаларын уәкiлеттi орган мен монополияға қарсы органның келiсуі бойынша орталық мемлекеттiк органдары қатарынан Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен айқындалатын уәкілетті орган белгiлейдi.".

      Коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкiлдiктердi мемлекеттiк тiркеу бойынша көрсетілетін қызметтер мемлекеттік монополияға жатқызылады.

      9) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      14-бап. Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу, филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркеу

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiнде көзделген жағдайларда заңды тұлға, филиал (өкілдік) мемлекеттік (есептік) қайта тiркелуге жатады.

      Бұл ретте, тіркеуші органға:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш;

      2) заңды тұлғаның мөрімен бекітілген, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделетін, мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу туралы заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімі не шешімінен үзінді көшірме, заңды тұлға жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылған жағдайда, құжаттарды мөрмен бекіту талап етілмейді.

      3) жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары (өкілдіктері) үшін енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен құрылтай құжаттарының (ережелерінің) үш данасы;

      4) жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның бұрынғы құрылтай құжаттарының, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелердің түпнұсқалары;

      5) коммерциялық емес ұйымдарға жататын заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркегені немесе филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат ұсынылады.

      Коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркегені немесе филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркегені үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат ұсынылады.".

      10) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-бап. Заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылуын мемлекеттік тiркеу

      Тарату негiздемесi бойынша заңды тұлға қызметiнің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу үшін:

      1) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш;

      2) заңды тұлға мүлкiнің меншiк иесiнiң немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның не құрылтай құжаттарымен уәкiлеттiк берiлген заңды тұлға органының заңды тұлға мөрiмен бекітілген шешiмi, егер заңды тұлға жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылған жағдайда, құжаттарды мөрмен бекіту талап етілмейді.

      3) заңды тұлғаның таратылуы, кредиторлардың талаптарды мәлiмдеу тәртiбi мен мерзiмдерi туралы ақпараттың Әділет министрлігінің ресми баспасөз басылымдарында жарияланғанын растайтын құжат;

      5) облигациялардың және (немесе) акциялардың күшін жою туралы куәлік және (немесе) облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есеп не бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның тіркелген акциялар және (немесе) облигациялар шығарылымдарының бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органда жоқ екендігі туралы хаты;

      6) заңды тұлғаның мөрiн (ол болған кезде) жою туралы құжат;

      7) коммерциялық емес ұйымдарға жататын заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат;

      Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, коммерциялық заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат;".

      11) 16-баптың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүліктік кешен ретінде жекешелендірілген мемлекеттік кәсіпорын қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу үшін сатып алушы:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің (жергілікті атқарушы органның) мемлекеттік кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы шешімін;

      3) мемлекеттік кәсіпорынның мүліктік кешенін сатып алу-сату шартының көшірмесін;

      4) мемлекеттік кәсіпорынның тапсыру актiсiнің көшірмесін;

      5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені немесе филиалды (өкілдікті) есептік тіркегені үшін тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртекті немесе өзге де құжатты ұсынады.";

      12) 16-баптың оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мәжбүрлі түрде таратуға бір мезгілде келесі шарттарға сәйкес келетін заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері: Бизнес-сәйкестендіру нөмірін қалыптастыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпте тіркеуші органға жүгінбегендер, Мемлекеттік кірістер органдарында салық төлеуші ретінде тіркелмегендер жатады. Қызметін мәжбүрлі түрде тоқтату заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органның жүгінуі бойынша сот тәртібімен жүргізіледі. Заңды тұлғаны Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тастау мәжбүрлі тарату туралы сот шешімімен жүргізіледі.";

      13) 16-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-1-бап. Заңды тұлғаның филиалын (өкiлдiгiн) есептiк тiркеуден шығару

      Филиал (өкiлдiк):

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша филиалдың (өкiлдiктiң) қызметiн тоқтату туралы заңды тұлғаның өтiнiшi;

      2) филиал (өкiлдiк) туралы ереже;

      3) коммерциялық емес ұйымдарға жататын филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеуден шығарғаны үшiн бюджетке тіркеу алымы төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге де құжат.

      Коммерциялық ұйымдарға жататын филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеуден шығарғаны үшiн "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге де құжат негiзiнде есептік тіркеуден шығарылуға тиiс.

      Мемлекеттік кіріс органдары шетелдік заңды тұлғаның қызметін тоқтататын филиалы (өкілдігі) бойынша Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерi ұлттық тiзiлiмінің мәліметтері негізінде, есепке алу мемлекеттік кіріс органдарында жүргізілетін берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді ұсынады не шетелдік заңды тұлғаның мұндай филиалы (өкілдігі) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) және "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған тәртіппен міндеттемелерді орындамаған жағдайда, берешегі туралы аталған мәліметтерді ұсынудан бас тартады.

      Сот оған қатысты борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешім қабылданған заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеуден шығару соттың банкроттық рәсімді аяқтау туралы ұйғарымының заңды күшіне енуі негізінде жүзеге асырылады.

      Мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі шығарылған заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеуден шығару:

      1) филиал (өкілдік) туралы ереже;

      2) коммерциялық емес ұйымдарға жататын филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеуден шығарғаны үшiн бюджетке тіркеу алымы төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге де құжат.

      Коммерциялық ұйымдарға жататын филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеуден шығарғаны үшiн "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге де құжат қоса беріле отырып, осындай шешім негізінде жүзеге асырылады.".

      12. "Шаруашылық серіктестіктері туралы" 1995 жылғы 2 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 7, 49-құжат; № 15-16, 109-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 205, 210-құжаттар; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 56-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 14, 84-құжат):

      9-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Шаруашылық серiктестiгi таратылған кезде "Азаматарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына тарату балансы табыс етiледi, соның негiзiнде Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне шаруашылық серiктестiгi таратылғаны туралы жазба жазылады.".

      13. "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат, 25; № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 117-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-II, 70-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):

      1) 14-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Егер құрылтай шартында өзгеше көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шарты коммерциялық құпия болып табылатын құжаттар құрамына кіреді, мемлекеттік және өзге де ресми органдарға, сондай-ақ үшінші адамға серіктестік органдарының шешімімен ғана не заң актілерінде белгіленген жағдайларда ұсынылуға тиіс.

      Мемлекеттік тіркеу кезінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына құрылтай шартын табыс ету талап етілмейді.";

      2) 17-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 7-2-тармақпен толықтырылсын:

      "7-2) Серіктестіктің қызметі мәселелері бойынша оның қатысушылары арасында туындайтын, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қарастырылуы және екі тәсілдің бірімен шешілуі тиіс шиеленісті жағдайларды шешу шарттары:

      талап арыз беру арқылы сотта;

      төрелік келісім жасау арқылы төрелікте.";

      3) 19-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеуді "Азаматарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Егер серіктестік құрылтайшылары өз қызметін Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің үлгілік жарғысы негізінде жүзеге асыруға шешім қабылдаған жағдайда, "Азаматарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш ұсынылады.";

      4) мынадай мазмұндағы 50-1-баппен толықтырылсын:

      "50-1-бап. Серіктестіктегі шиеленісті жағдайларды шешу

      1. Шиеленісті жағдай серіктестік қатысушылары осы Заңның 43-бабы, 2-тармағы 1), 2), 3), 4), 4-1), 6), 7), 8), 9), 10) және 13) тармақшаларында көрсетілген түйінді мәселелер бойынша шешімдерді қабылдау мүмкіндігі болмаған жағдайда, жалпы жиналыстың күн тәртібінде дауыс беру нәтижесі бойынша олардың дауыс саны жеткіліксіз болған жағдайда туындайды.

      2. Тығырықты жағдай туындаған кезде серіктестік осы Заңның 46-бабында бекітілген тәртіпте жалпы серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысы қайта шақырылады.

      3. Осы Заңның 43-бабы, 2-тармағы 1), 2), 3), 4), 4-1), 6), 7), 8), 9), 10) және 13) тармақшаларында көрсетілген серіктестікке қатысушылардың түйінді мәселелер бойынша жалпы жиналыстың шешімдерін қабылдау мүмкіндігі болмаған жағдайда, жалпы жиналысын қайта шақыру нәтижесі бойынша түйінді мәселелер жөніндегі тығырықты жағдай сотта немесе төрелікте Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі.".

      5) 60-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "60-1-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ақпарат беруі

      1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің атқарушы органы сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы, сондай-ақ тығырықты жағдайларды шешу бойынша мәселені төрелікке тапсыру туралы серіктестіктің барлық қатысушыларын хабардар етуге міндетті.".

      14. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 95-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):

      1) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу жөніндегі, құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттарды, құрылысжайларды және (немесе) олардың құрамдастарын сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу және ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық тексеру жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша тіркеуші орган жүзеге асырады.

      2. Тіркеуші орган өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің), жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені, оның ішінде жеделдетілген тәртіппен тіркеудің және ғимараттарды, осы Заңның 17-бабында көзделген адамдарға құқықтық кадастрдан мәліметтер беру және құрылысжайларды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық тексерудің бағаларын монополияға қарсы орган мен уәкілетті органның келісуі бойынша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен орталық мемлекеттік органдар қатарынан айқындалатын уәкілетті орган белгілейді.";

      2) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Құқық иесінің сәйкестендіру деректерін (жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің аты мен туған күнін, заңды тұлғаның атауы мен тіркеу нөмірін) қоспағанда, азаматтар және басқа да құқық иелері туралы ақпаратты ашатын мәліметтер (дербес деректер) берілмейді.

      2. Құқықтық кадастрдың тіркеу ісінде жатқан құжаттардың көшірмелері сот, құқық қорғау органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттеріне сәйкес, оңалту және банкроттық рәсімдерін жүргізу шеңберінде уақытша, банкроттықты және оңалтуды басқарушылардың, мәжбүрлеп таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясының (таратушының) уәжді сауалдары бойынша ұсынылады. Өзге тұлғаларға көрсетілген ақпарат құқық иесінің жазбаша келісуімен беріледі.

      3. Жылжымайтын мүліктің нақты объектісі бойынша ақпарат және жеке немесе заңды тұлғаның тіркеуші орган куәландырған, өзіндегі жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықтары туралы жинақталған деректер құқық иесінің (уәкілетті өкілдің) сауалдары бойынша және:

      1) адвокаттардың;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттеріне сәйкес іс жүргізуінде жатқан қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша құқық қорғау, сот органдарының;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттеріне сәйкес жүргізуінде жатқан атқарушылық құжаттар бойынша сот орындаушыларының;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттеріне сәйкес мемлекеттік кіріс органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың;

      5) нотариустардың, мұрагерлердің;

      6) оңалту және банкроттық рәсімдері шеңберінде уақытша, банкроттықты және оңалтуды басқарушылардың, мәжбүрлеп таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясының (таратушының);

      7) қорғаншылық және қамқоршылық органдарының;

      8) құқық иесінің жазбаша келісуімен өзге де тұлғалардың уәжді сауалдары бойынша беріледі.

      4. Құқықтық кадастрдан ақпаратты, сондай-ақ құқықтық кадастрдың тіркеу ісіндегі құжаттардың көшірмелерін тіркеуші орган ақпарат алуға сұрау салу берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей беруге тиіс.

      Адвокаттарға, жеке сот орындаушыларына, нотариустерге, мұрагерлерге, оңалту және банкроттық рәсімдері шеңберінде уақытша, банкроттықты және оңалтуды басқарушыларға, мәжбүрлеп таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясына (таратушысының) және өзге де тұлғаларға құқық иеленушінің жазбаша келісуімен құқықтық кадастрдан ақпарат, сондай-ақ құқықтық кадастрды тіркеу ісіндегі құжаттардың көшірмелері осы Заңның 10-бабының тәртібімен бекітілген бағаларға сәйкес ақылы негізде беріледі.

      5. Құқықтық кадастрдан ақпарат беру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.";

      3) 18-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

      4) 23-бап мынадай мазмұндағы 1-3-тармақпен толықтырылсын:

      "1-3. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) жеделдетілген тәртіппен мемлекеттік тіркеу өтініш берушінің қалауы бойынша тіркеуші органға өтініш келіп түскен күннен кейінгі күннен кешіктірілмей жүргізіледі.".

      15. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24,
125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-І, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 21-I, 121, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-І, 47, 49-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 8, 16-құжат; № 13, 45-құжат; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат):

      1) 27-баптың 1-тармағының 4-4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-4) стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) орналастыру бағыттарын анықтайды және орындарын бекітеді;";

      2) 31-баптың 1-тармағының 4-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-2) стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) орналастыру бағыттарын анықтайды және орындарын бекітеді;".

      16. 2001 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23,
144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21,
27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 2, 10, 12-құжаттар; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 86-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 99, 101-құжаттар; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 14, 51-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат):

      1) 24-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) құрылыс, үйлердi, ғимараттарды, инженерлiк және көлік коммуникацияларын салу, аумаққа құрылыс салу туралы, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтiру және күрделi жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау, облыстық маңызы бар объектілерді кейiннен кәдеге жарату жөнiндегi жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау жатады;";

      2) 25-бапта:

      1-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) құрылыстарды, үйлердi, ғимараттарды, инженерлiк және көлiк коммуникацияларын салу, аумақққа құрылыс салу туралы, кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейімдеу), қалпына келтiру және күрделi жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, құрылысты (объектіні) консервациялау, қалалық маңызы бар объектілерді кейiннен кәдеге жарату жөнiнде жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау;";

      2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) құрылыстарды, үйлердi, ғимараттарды, инженерлiк және көлiк коммуникацияларын салу, аумаққа құрылыс салу туралы, кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтiру және күрделi жөндеу) туралы, сондай-ақ аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, құрылысты (объектіні) консервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейiннен кәдеге жарату жөнiнде жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау;";

      3-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлiк және көлiк коммуникацияларын салу, аумаққа құрылыс салу туралы, кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтiру және күрделi жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, құрылысты (объектіні) консервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейiннен кәдеге жарату жөнiнде жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау;";

      3) 60-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілгеннен кейінгі үш және одан да көп жыл ішінде құрылысы басталмаған жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы ескірген деп саналады және түзетулерден кейін қайталама сараптама жүргізілгеннен және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта бекітілгеннен кейін іске асыру үшін пайдаланылады.

      Заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілгеннен кейінгі үш және одан да көп жыл ішінде әзірленбеген және бекітілмеген жобалау-сметалық құжаттама сол жобалау алдындағы құжаттама ескірген деп саналады және түзетулерден кейін қайталама сараптама жүргізілгеннен және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта бекітілгеннен кейін іске асыру үшін пайдаланылады.

      Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес бекітілген жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын түзетудің негізделген қажеттілігі тапсырыс беруші шешімімен туындаған жағдайда, алдын ала жобалау құжаттамасын (болған жағдайда) түзету талап етілмейді.";

      4) 64-5-баптың 2-тармағының 2-1) тармақшасы алып тасталсын.

      17. "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 100-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-І, 60-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 9, 17-құжат; № 11, 29-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат):

      89-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жеке тұлғадан түсетін кінә қоюға өтініш беруші өзінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса беріп, қол қояды.

      Заңды тұлғадан түсетін кінә қоюға ұйымның басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам қол қояды, және ол мөрмен куәландырылады.

      Егер заңды тұлға жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылған жағдайда, құжатты мөрмен бекіту талап етілмейді.".

      18. "Әділет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 24, 145, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 16, 56-құжат):

      1) 3-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, заңды тұлғаларды, орталық мемлекеттiк органдардың және ведомстволардың, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк есепке алуды қамтамасыз ету;";

      2) 18-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу, коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді қоспағанда, филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу, сондай-ақ Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргiзу;";

      19. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 63-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42, 45-құжаттар; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат;):

      1) 53-1-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ішкі аудит мәселелері жөніндегі комитет директорлар кеңесі мүшелерінен ғана құрылуға тиіс.";

      2) 63-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1. Егер мәміле жасасу туралы шешім қабылдау кезінде осы мүліктің құны "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушы айқындаған оның нарықтық құнына анық мөлшерлес болмауы дәлелденсе, қоғам акционерлердің жалпы жиналысының шешімі негізінде немесе қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан көп пайызына иелік ететін (жинақтап алғанда иелік ететін) акционер (акционерлер) өз атынан қоғам мүддесінде жасалуында мүдделілік болған мәмілені қоғамның жасасуы нәтижесінде және құны қоғам активтерінің баланстық құнының жалпы мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын мүлікті қоғамның иеленуі немесе иеліктен шығаруы нәтижесінде лауазымды адамның және (немесе) оның үлестес тұлғаларының пайда (кіріс) алуына әкеп соққан, қоғамда туындаған зиян үшін лауазымды адамды жауаптылыққа тарту туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге құқылы.";

      3) 74-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ірі мәмілені және мүдделілік болуына орай жасалатын мәмілені жасасу кезінде, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарын бұзумен жасалатын мәмілелер жасау мүдделі тұлғалардың талап-арызы бойынша сот тәртібімен және Қазақстан Республикасы заңнамаларымен қарастырылған негіздер бойынша аталған мәмілелерді жарамсыз деп тануға әкеп соғады.

      Егер мәміле жасасу туралы шешім қабылдау кезінде иеленген немесе иеліктен шығарылған мүліктің құны "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушы айқындаған оның нарықтық құнына анық мөлшерлес болмауы дәлелденсе, жасалуында мүдделілік болған, нәтижесінде құны қоғам активтерінің баланстық құнының жалпы мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын мүлікті қоғамның иеленуі немесе иеліктен шығаруы нәтижесінде лауазымды адамның және (немесе) оның үлестес тұлғаларының пайда (кіріс) алуына әкеп соққан және жасасу нәтижесінде қоғамға зиян келтірілген мәміле акцияларының бес немесе одан көп пайызын иеленетін (жинақтап алғанда иелік ететін) акционердің (акционерлердің) талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.";

      4) 85-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қайта ұйымдастырылатын қоғамның қызметiн тоқтатпай, мүлкiнiң, құқықтары мен мiндеттерiнiң бiр бөлiгiн бөлiну балансына сәйкес бiр немесе бiрнеше қоғамға бере отырып оларды құруы қоғамның бөлiнiп шығуы деп танылады.

      Бөлiнiп шығу кезiнде қайта ұйымдастырылатын қоғамның жарғылық капиталы кемiмеуге тиiс.

      Қайта ұйымдастырылатын қоғам бөлiнiп шыққан қоғамдарды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында тiркеу жөнiндегі iс-шараларды жүзеге асырады.".

      20. "Жарнама туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 174-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 8, 50-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат; № 11, 65-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 44-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-II, 70-құжат; 2017 ж., № 15, 55-құжат; № 24, 115-құжат):

      6-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жарнама, электрондық коммерция саласын қоса алғанда, таратылу, орналастырылу нысанына немесе пайдаланылатын құралына қарамастан, тікелей ұсынылу кезінде арнаулы білімсіз немесе арнаулы құралдарды қолданбай дәйекті әрі түсінікті болуға тиіс".

      21. "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат):

      1-қосымшадағы 47 және 48-жолдар алып тасталсын.

      22. "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 70-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат):

      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) автоматты түрде лицензиялау (қадағалау) – жекелеген тауарлар түрлерінің экспорты және (немесе) импорты серпінін мониторингтеу мақсатында белгіленетін уақытша шара;

      2) ақпаратты-жарнамалық электрондық алаң – сатушыларды, тауарларды, жұмыстарды сатып алу-сатуды ұйымдастыру мақсатында олар туралы жарнамалық (ақпараттық) мәліметтерді қамтитын интернет-ресурс.

      3) арзандатылған тауар – кемшілігінің болуына не кемшілігінің жойылуына байланысты төмендетілген бағамен өткізілетін тауар;

      4) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәнi – бағаның негiзсiз өсуiне жол бермеу, инфляцияны рұқсат етiлген шекте ұстау және елде макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында белгiленетiн бөлшек сауда бағаларының рұқсат етiлген деңгейi, ішкі сауда субъектiсi әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларын осы деңгейге дейін айқындауға құқылы;

      5) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары – әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерi артқан жағдайда, жергілікті атқарушы органдар белгілейтін бөлшек сауда бағаларының деңгейі;

      6) "бақылау (сәйкестендіру) белгісі" – сәйкестендіру құралын қамтитын және тауарларды таңбалауға арналған қолдан жасаудан қорғау (қорғалған полиграфиялық өнім), элементтері (құралдары) бар қатаң есептілік бланкісі.

      7) бөлшек сауда – сатып алушыға жеке, отбасылық, үй iшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес өзгедей пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;

      8) ерекше құқық – сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың ерекше лицензия негізінде ұсынатын тауарлардың жекелеген түрлерін экспорттауды және (немесе) импорттауды жүзеге асыру құқығы;

      9) жаппай сату – тиiсiнше сападағы тауарларды төмендетілген бағамен өткізу;

      10) Затбелгі жапсыру және таңбалау орталығы – тауарларды таңбалау және бақылау (қадағалаудың) ақпараттық жүйесімен өзара іс-қимыл жасау арқылы тауарға сәйкестендіру құралдарын салу бойынша қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер ретінде тіркелген Тауарларды таңбалаудың және бақылау (қадағалаудың) бірыңғай операторы аккредиттеген заңды тұлға немесе жеке тұлға;

      11) кедендік әкелу бажы – тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде кеден органдары алатын міндетті төлем;

      12) кедендік әкету бажы – тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету кезінде Қазақстан Республикасының кеден органдары алатын міндетті төлем;

      13) кедендік баждардың квотадан тыс мөлшерлемесі – белгіленген тарифтік квотадан артық әкелінетін немесе әкетілетін тауарларға белгіленетін кедендік әкелу немесе әкету бажының мөлшері (шамасы);

      14) кедендік баждардың квотаішілік мөлшерлемесі – белгіленген тарифтік квота шегінде әкелінетін немесе әкетілетін тауарларға белгіленетін кедендік әкелу немесе әкету бажының мөлшерi (шамасы);

      15) көтерме сауда – кейiннен сатуға немесе жеке, отбасылық, үй iшiнде және осындай өзгедей пайдаланумен байланысты емес өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;

      16) көтерме-тарату орталығы – бұл азық-түлік тауарларымен, кейін оларды ішкі және сыртқы нарықтарда көтерме өткізуге арналған сатып алу, дайындау, тарату және өзге операцияларды орындау үшін және қойма құрылыстарынан, сауда павильондарынан және арнайы жабдықтары бар басқа да үй-жайлардан тұратын көпфункционалды инфрақұрылымдық сауда-логистикалық кешен";

      17) қоғамдық тамақтандыру – тамақ өнiмдерiн өндiрумен, қайта өңдеумен, өткiзумен және тұтынуды ұйымдастырумен байланысты кәсiпкерлiк қызмет;

      18) мамандандырылған электрондық сауда алаңы – бір топтағы тауарлар, экономикалық қызметтің бір түріне жататын көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар сатылатын электрондық сауда алаңы;

      19) материалдық жеткізгіш – бақылау (сәйкестендіру) белгісі немесе қолдан жасаудан қорғау элементтерін (құралдарын) қамтитын немесе қамтымайтын және сәйкестендіру элементтерін (құралдарын) салуға, сақтауға және беруге арналған кез келген материалдан жасалған объект;

      20) рұқсат – автоматты түрде лизенциялау (бақылау) белгіленген тауар нысанасы болып табылатын сыртқы сауда шартының (келісімшартының) негізінде сыртқы сауда қызметіне қатысушыға берілетін арнайы құжат;

      21) сан жағынан шектеулер – квоталарды белгілеу арқылы енгізілетін тауарларлардың сыртқы саудасын саны жағынан шектеу жөніндегі шаралар;

      22) сауда алаңы – тауарлар сату кезiнде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға, сатып алушылардың өтуiне арналған, арнайы құрал-жабдық қойылған сауда объектiсiнiң алаңы;

      23) сауда базары – аумақта шаруашылық қызмет ету, басқару және күзет функциялары орталықтандырылған, тұрақты негізде жұмыс істейтін және өз аумағының шекарасы шегінде автокөлік құралдарын қою үшін алаңмен қамтамасыз етілген, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға, өрт қауіпсіздігі, сәулет-құрылыс талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де талаптарға сәйкес келетін сауда қызметіне арналған оқшауланған мүліктік кешен;

      24) сауда желiсi – сауда базарларын қоспағанда, ортақ басқарудағы және бiрыңғай коммерциялық белгi және дараландырудың өзге де құралдары аясында пайдаланылатын, екi және одан да көп сауда объектiлерiнiң жиынтығы;

      25) сауда қызметі – бұл ішкі және сыртқы сауданы қамтитын қызмет;

      26) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – сауда саясатын қалыптастыратын және сауда қызметі саласындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      27) сауда объектiсi – құрал-жабдықпен арнайы жарақтандырылған, тауарлар сату кезiнде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға арналған және пайдаланылатын ғимарат немесе ғимараттың бiр бөлiгi, құрылыс немесе құрылыстың бiр бөлiгi, сауда базары, автоматтандырылған құрылғы немесе көлiк құралы;

      28) сауда орны – тауарлар сату кезінде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға арналған және пайдаланылатын құрал-жабдықпен жарақтандырылған орын;

      29) сауда саясаты – осы Заңда белгiленген мақсаттар мен қағидаттарды iске асыру үшiн мемлекеттiк органдар жүргiзетiн ұйымдастырушылық, құқықтық, экономикалық, бақылау шараларының және өзге де шаралардың жиынтығы;

      30) сауда шаралары – Қазақстан Республикасында шығарылатын тауарларға қатысты үшінші елдердің қорғаныстық, антидемпингтік, өтемақылық шаралары;

      31) сәйкестендіру құралы – штрих кодтар түрінде берілетін немесе радиожиілікті белгіге жазылған немесе автоматты сәйкестендірудің өзге де құралын (технологиясын) пайдалана отырып ұсынылатын, машинамен оқылатын нысандағы символдардың бірегей тізбегі;

      32) стационарлық емес сауда объектісі – инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосылуының (технологиялық біріктірілуінің) болуына немесе болмауына қарамастан жермен берік байланысы жоқ уақытша құрылыс немесе уақытша конструкция, оның ішінде автоматтандырылған құрылғы немесе көлiк құралы;

      33) стационарлық сауда объектісі – жермен берік байланысқан және инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосылған (технологиялық біріктірілген) ғимарат немесе ғимараттың бiр бөлiгi (қосарлас, қосарлас-жапсарлас, жапсарлас салынған үй-жай), құрылыс немесе құрылыстың бiр бөлiгі (қосарлас, қосарлас-жапсарлас, жапсарлас салынған үй-жай);

      34) сыртқы сауда (бұдан әрi - сыртқы сауда қызметi) – Қазақстан Республикасынан тауарлар әкетумен және (немесе) Қазақстан Республикасына тауарлар әкелумен байланысты сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың қызметі;

      35) сыртқы саудаға қатысушылар – сыртқы сауда қызметін жүзеге асыратын, оның ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдар;

      36) сыртқы сауда қызметіне рұқсат беру тәртібі – бұл рұқсат беру құжаттарын (лицензия, мемлекеттік бақылау актісі, қорытынды, нотификация) беру жолымен тауарлар әкелуді және (немесе) әкетуді реттеу шарасы;

      37) таңбаланған тауарлар – белгіленген талаптар сақтала отырып сәйкестендіру құралдары басылған және олар туралы анық мәліметтер (оның ішінде оларға басылған сәйкестендіру құралдары және (немесе) сәйкестендіру құралдарын қамтитын материалдық жеткізгіштер туралы мәліметтер) тауарлар таңбалау ақпараттық жүйесінің ұлттық құрамдасында қамтылатын тауарлар;

      38) тарифтік жеңілдік – Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден әкелінетін (әкелінген) тауарларға қатысты тауар кіргізудің кедендік әкелу бажын;

      Қазақстан Республикасы аумағынан әкетілетін (әкетілген) тауарларға қатысты кедендік әкету бажын төлеуден босату не оны азайту;

      39) тарифтiк квота – кедендiк әкелу немесе әкету бажының қолданыстағы мөлшерлемесiмен салыстырғанда тауардың белгiлi бiр санын (заттай немесе құнымен алғанда) әкелу немесе әкету кезiнде белгiлi бiр кезең iшiнде кедендiк әкелу немесе әкету бажының неғұрлым төмен мөлшерлемесiн қолдануды көздейтiн, жекелеген тауарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелудi немесе Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуді реттеу шарасы;

      40) тарифтік преференция – Қазақстан Республикасынан Қазақстан Республикасы еркін сауда аймағы туралы келісімдер жасасқан елдерге шығарылатын және әкетілетін тауарларға, осындай келісімдердің ережелеріне сәйкес көрсетілген елдерден Қазақстан Республикасына шығарылатын және әкетілетін тауарларға және Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай тарифтік преференциялары жүйесін пайдаланушылардан –дамушы елдерден және (немесе) неғұрлым төмен дамыған елдерден шығарылатын тауарларға қатысты кедендік баж мөлшерін азайту;

      41) тауар – сатуға немесе айырбастауға арналған, айналымнан алынбаған кез келген еңбек өнiмi;

      42) Тауарларды таңбалаудың және бақылау (қадағалаудың) бірыңғай операторы – Ұлттық тауарлар каталогын әзірлеуді, жүргізу мен жаңартуды және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өзге де функцияларды қоса алғанда, Тауарларды таңбалаудың және бақылау (қадағалаудың) ақпараттық жүйесін әзірлеуді, әкімшілендіруді, қолдап отыруды және пайдалануды қолдауды жүзеге асыратын тұлға;

      43) тауарларды таңбалау және бақылау (қадағалау) саласындағы үйлестіруші орган – тауарларды таңбалау және бақылау (қадағалау) мәселелері бойынша салааралық үйлестіруді және басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

      44) тауарларды таңбалау және бақылау (қадағалау) саласындағы салалық уәкілетті мемлекеттік органдар – өздері реттейтін салаларда тауарларды таңбалау және бақылау (қадағалау) жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;

      45) тауарлар тобы – функциялық мақсатында ұқсастығы бар тауарлар жиынтығы;

      46) Ұлттық тауарлар каталогы – өнімнің бірыңғай номенклатурасын қамтитын және тауарлардың сипаттамаларын, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы Кодтарын және өзге мәндерді қамтитын, Қазақстан Республикасындағы тауарларды таңбалау және бақылау (қадағалау) процестерін жүзеге асыру кезінде тауарлар анықтамалығы ретінде пайдаланылуға міндетті Тауарларды таңбалаудың және бақылау (қадағалаудың) бірыңғай операторы әзірлеген ақпараттық ресурс;

      47) фулфилмент орталық – сатып алушы тауарға тапсырысты ресімдеген кезден бастап және осы тапсырыс сатып алушыға жеткізілгенге дейінгі операциялар кешенін орындайтын, оның ішінде мынадай: тауарларды қоймада сақтау, тапсырыстарды қабылдау және өңдеу, тапсырыстарды жиынтықтау және қаптау, сатып алушылардан төлемдер алу, тапсырыстарды жеткізу, электрондық сауда саласындағы тапсырыстардың кері қайтарылуын қабылдау сияқты функцияларды орындайтын логистикалық орталық;

      48) халықаралық мамандандырылған көрме – бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:

      ресми болып табылатын немесе халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық үкіметаралық ұйым ресми таныған;

      екі және одан көп мемлекет көрмеге қатысушылар болып табылатын;

      көрменің ұзақтығы кемінде алты аптаны құрайтын және алты айдан аспайтын;

      өнер туындыларының көрмесі және коммерциялық сипаттағы көрме болып табылмайтын;

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға әзірлеген және халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу туралы халықаралық шарт ережелерінің орындалуын бақылау үшін құрылған халықаралық үкіметаралық ұйым бекіткен тіркеу дерекнамасында көрменің басталу және аяқталу күні көрсетілген көрме;

      49) халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушы – заттарды (экспонаттарды) халықаралық мамандандырылған көрмеге қоятын және халықаралық мамандандырылған көрмеде ұлттық секцияларда тиісті елдің мүддесін білдіретін жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ халықаралық шарттың талаптарына сәйкес қабылданатын халықаралық мамандандырылған көрмені өткізудің ішкі қағидаларында айқындалған халықаралық ұйым не жеке немесе заңды тұлға;

      50) халықаралық мамандандырылған көрменiң аумағы – Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған заңды тұлға әзірлеген тіркеу құжатында көзделген және халықаралық мамандандырылған көрменi өткiзу туралы халықаралық шарттың ережелерін орындауды бақылау үшін құрылған халықаралық үкіметаралық ұйым бекітетін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілетін жер учаскелерi;

      51) халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану – бұл халықаралық мамандандырылған көрменің обьектілерін басқару (пайдалану);

      52) халықаралық мамандандырылған көрменiң объектiлерi – ғимараттар, сәулет объектiлерi, құрылыстар, инженерлiк және көлiк инфрақұрылымы және халықаралық мамандандырылған көрменің аумағында орналасқан, оны өткізуден кейін қалған өзге де объектілер;

      53) iрi сауда объектiсi – сауда алаңы екi мың шаршы метрден кем емес сауда объектiсi;

      54) ішкі сауда – Қазақстан Республикасы аумағында тауарларды сатып алу-сатуды жүзеге асыруға бағытталған жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметі;

      55) ішкі сауда субъектici – Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ішкі сауда қызметiн жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      56) электрондық коммерция – электрондық саудадағы, сондай-ақ, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметтерді сатудағы кәсіпкерлік қызмет;

      57) электрондық сауда – ақпараттық техногиялар арқылы жүзеге асырылатын тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;

      58) электрондық сауда алаңы – электрондық саудаға қатысушылардың инфрақұрылымын қамтамасыз ететін, оның ішінде цифрлық технологияларды пайдалана отырып олардың арасында жұмыстар және қызмет көрсету шарттарын жасауды қамтамасыз ететін интернет-ресурс;

      59) электрондық саудадағы делдал – электрондық сауданы ұйымдастыру бойынша қызмет көрсететін тұлға;

      60) электрондық саудаға қатысушылар – сатып алушы, сатушы және (немесе) электрондық сауда алаңдары ретінде қатысатын жеке және заңды тұлғалар.".

      2) 3-бапта:

      1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;".

      мынадай мазмұндағы 6), 7), 8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6) мемлекет экономикасының орнықты дамуына жәрдемдесу;

      7) азық-түлік қауiпсiздiгін қамтамасыз ету;

      8) сыртқы нарықтарда қазақстандық өндірушілер үшін кемсітпейтін жағдайларды қамтамасыз ету болып табылады;";

      2-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады және сауда қызметiнiң субъектiлерiне қолданылады.";

      4) 5-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 6), 7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6) қарсы шараларды қолдану;

      7) тыйым салулар мен шектеулердің ерекше түрлерін қолдану болып табылады;";

      5) 6-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) сауда қызметi саласында шет мемлекеттермен, шет мемлекеттердің одақтарымен, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық пен өзара
iс-қимылды және шетелде Қазақстан Республикасының сауда өкiлдiктерiн ашуды жүзеге асырады;";

      6) 6-бап мынадай мазмұндағы 11-1), 14-2) және 14-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "11-1) таңбалануға жататын тауарлар тізбесін және оның енгізілетін күнін айқындайды;

      14-2) конкурс қорытындылары бойынша Тауарларды таңбалаудың және бақылау (қадағалаудың) бірыңғай операторын, сондай-ақ, оны айқындау талаптары мен тәртібін айқындайды;

      14-3) тауарларды таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралдары құнының шекті мөлшерін айқындайды.";

      7) 7-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-3), 1-4), 1-5), 1-6), 2-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-3) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының сауда шараларын қолдану мәселелері бойынша жұмысын үйлестіреді;

      1-4) Дүниежүзілік сауда ұйымының (бұдан әрі – ДСҰ) жұмыс органдарымен және ДСҰ мүшелерімен өзара іс-қимыл жасайды;

      1-5) ДСҰ-ның дауларды шешу жөніндегі органымен өзара іс-қимыл жасайды;

      1-6) ДСҰ-ның жұмыс органдарымен және мүшелерімен өзара іс-қимыл жасау мәселелері бойынша жұмысты үйлестіреді.";

      2-3) сыртқы сауда қызметінің кедендік-тарифтік, тарифтік емес реттеу шараларын қолдану, өзгерту және жою туралы ұсыныстарын енгізу жөніндегі тәртібін бекітеді.";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) халықаралық сауда-экономикалық ұйымдарымен және интеграциялық бірлестіктермен, шет мемлекеттермен, шет мемлекеттердің одақтарымен келіссөздерде Қазақстан Республикасының Yкiметi атынан өкілдік етеді;";

      8) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:

      "7-1-бап. Тауарларды таңбалау және бақылау (қадағалау) саласындағы салалық уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыреті

      1. Үйлестіруші органмен бірлесе отырып таңбалау және бақылау (қадағалау) жүйесіне қойылатын функционалдық талаптарды әзірлейді және келіседі.

      2. Құзыреті шегінде өздері бекіткен тәртіпке сәйкес тауарларды таңбалауды және бақылау (қадағалауды) жүзеге асырады.

      3. Жекелеген тауарларды таңбалау және бақылау (қадағалау) жөніндегі ілкі жоба қорытындылары бойынша таңбалау және бақылау (қадағалау) жүргізудің орындылығын талдаумен бірге сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға үйлестіруші органның және "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының келісімі бойынша таңбалауға және бақылау (қадағалауға) жататын тауарлардың тізбесін қосу туралы ұсыныстар енгізеді.

      4. Таңбалауға және бақылау (қадағалауға) жататын тауарларға реттеушілік әсерін талдайды.

      5. Таңбалауға және бақылау (қадағалауға) жататын тауарлардың айналымына қатысушылардың тізілімін жүргізеді.

      6. Өз құзыреті шегінде таңбалауға және бақылау (қадағалауға) жататын тауарлар айналымына, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен өзара саудаға мониторингті жүзеге асырады.

      7. Тауарларды таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралдары құнының шекті мөлшерін есептейді және оны үйлестіруші орган мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының келісімі бойынша Үкіметке бекітуге ұсынады.

      8. Осы Заңда, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";

      9) мынадай мазмұндағы 7-2-баппен толықтырылсын:

      "7-2-бап. Тауарларды таңбалау және бақылау (қадағалау) саласындағы үйлестіруші мемлекеттік органның құзыреті

      1. Тауарларды таңбалау және бақылау (қадағалау) мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады.

      2. Салалық уәкілетті мемлекеттік органдармен және "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып өз құзыреттері шегінде Таңбалау және бақылау (қадағалаудың) бірыңғай операторын айқындау тәртібін және оған қойылатын талаптарды әзірлейді.

      3. Салалық уәкілетті мемлекеттік органдармен және "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып өз құзыреттері шегінде таңбалау және бақылау (қадағалаудың) ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптарды әзірлейді.

      4. Таңбалау және бақылау (қадағалаудың) бірыңғай операторының затбелгі жапсыру және таңбалау орталықтарына аккредиттеу жүргізу тәртібін бекітеді.

      5. Осы Заңда, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.".

      10) мынадай мазмұндағы 7-3-баппен толықтырылсын:

      "7-3-бап. Тауарларды таңбалау және бақылау (қадағалаудың) бірыңғай операторының құзыреті

      1. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес таңбалау және бақылау (қадағалаудың) ақпараттық жүйесін әзірлеу, әкімшілендіру, сүйемелдеу және пайдалануды қолдау.

      2. Тауарларды таңбалау және бақылау (қадағалау) жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде ақпараттық ресурстарды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

      3. Сәйкестендіру құралдарын шығару және оның есебі.

      4. Таңбалау және бақылау (қадағалау) саласындағы үйлестіруші мемлекеттік орган бекіткен тәртіпке сәйкес Затбелгі жаспыру және таңбалау орталықтарын аккредиттеуді жүргізеді.

      5. Ұлттық тауарлар каталогын әзірлеуді, жүргізуді және өзекті етуді жүзеге асырады.

      6. Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тауарларды таңбалау және бақылау (қадағалау) процесін қамтамасыз етуге қажетті өзге де функцияларды жүзеге асырады.";

      11) мынадай мазмұндағы 7-4-баппен толықтырылсын:

      7-4-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының құзыреті:

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы мемлекеттік кіріс органдары:

      1) көлік құралдарын, оның ішінде тауарлардың халықаралық тасымалдануын жүзеге асыратын көліктерді тоқтатады;

      2) тасымалдаушылардан, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы тауарларды өткізуді жүзеге асыратын тұлғалардан қажетті ақпаратты, сондай-ақ құжаттар мен мәліметтерді сұратады және алады;

      3) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес фактілер мен оқиғаларды құжаттауды, бейне- және аудиожазба, кино- және фотоға түсіруді жүргізеді.

      2. Мемлекеттік кіріс органдары нысанды киім үлгілерін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін, оны кию тәртібін, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында бақылауды жүзеге асыратын, нысанды киім киюге құқығы бар қызметкерлердің тізбесін бекітеді.

      12) 8-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) өз құзыретi шегiнде ішкі сауда субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асырады;";

      13) 9-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-бап. Ішкі сауда саласында баға белгілеу";

      9-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайды және тауар берушінің талап етуі бойынша тараптардың келісімімен шекті сауда үстемесінің мөлшері белгіленетін азық-түлік тауарларын беру шарты жасалатын жағдайларды қоспағанда, ішкі сауда субъектiлерi тауар бағаларын өз бетінше айқындайды.

      2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері артқан жағдайда, жергілікті атқарушы орган ішкі сауда субъектілерімен консультациялар өткізгеннен кейін күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында оларға рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеуге құқылы.

      Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес белгіленетін әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерлерін артттырған кезде ішкі сауда субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.";

      14) 11-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Көтерме сауданы жүзеге асыру кезiнде ішкі сауда субъектілері Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi мен нормативтiк құжаттарының талаптарын, сондай-ақ тауарларды тасымалдау, сақтау және сату үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз етуге мiндеттi.";

      15) 14-бапта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-бап. Ішкі саудадағы сатып алу-сату шарты

      3. Тауарларды көтерме сатып алу-сату шарты жеткiзiп беру шартының бiр түрi болып табылады, бұл жағдайда ішкі сауда субъектiлерi тауарларды сауда объектiлерiнде сатады.";

      16) 14-1 тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) ішкі сауда субъектілеріне, оның ішінде отандық өндірістің азық-түлік тауарлары саудасын жүзеге асыратындарға экономикалық ынталандыру шараларын қолдану;";

      17) 16-баптың 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6) тармақшалары алып тасталсын;

      18) мынадай мазмұндағы 16-2-баппен толықтырылсын:

      "16-2-бап. Тарифтік жеңілдіктер

      1. Тауарларды әкелу үшін (әкелінген) тарифтік жеңілдіктер мынадай:

      1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасына сәйкес әкелінетін тауарларға тарифтік жеңілдіктер беру Еуразиялық экономикалық одақ органдарының шешімдерімен айқындалған;

      2) 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін қол қойылған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген;

      3) егер акцизделетіндерден (арнайы медициналық мақсаттарға арналған жеңіл автокөліктерді қоспағанда) басқа, үшінші елдер, халықаралық ұйымдар, үкіметтер тарапынан қайырымдылық мақсатында және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеусіз көмек (жәрдем көрсету), оның ішінде техникалық көмек (жәрдем) көрсету ретінде танылатын тауарлар әкелінетін (әкелінген) жағдайларда беріледі.

      2. Қазақстан Республикасына үшінші елдерден әкелінетін (әкелінген) тауарларға қатысты тарифтік жеңілдік Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде үшінші тараппен жасалған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және Еуразиялық экономикалық одақ актілерінде белгіленген өзге де негіздемелер бойынша берілуі мүмкін.

      3. Қазақстан Республикасынан үшінші елдерге әкетілетін тауарларға, сондай-ақ осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген жағдайларда әкелінетін тауарларға қатысты тарифтік жеңілдік тарифтік жеңілдіктер беру тәртібі мен талаптарына сәйкес, сондай-ақ тізбесін уәкілетті орган бекітетін тарифтік жеңілдіктер берілетін тауарларға қатысты тауарларға беріледі.

      4. Тарифтік жеңілдіктер жеке дара сипатта болмайды және әкелінетін тауарларға қатысты тауарлардың шығарылған еліне тәуелсіз, ал әкетілетін тауарларға қатысты сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға тәуелсіз қолданылады.";

      19) мынадай мазмұндағы 16-3-баппен толықтырылсын:

      "16-3-бап. Тарифтік преференциялар

      1. Сауданы дамытуға жәрдемдесу, сондай-ақ еркін сауда аймағы туралы жасалған шарттар шеңберінде қабылданған міндеттемелерді орындау мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін және еркін сауда аймағы туралы келісімдердің шарттарына қарай, Қазақстан Республикасымен еркін сауда аймағын құратын мемлекеттерден шығарылатын тауарлар кедендік баждар салудан босатылады не мұндай тауарларға қатысты кедендік баждардың төмендетілген мөлшерлемелері қолданылады.

      Қазақстан Республикасынан шығарылатын және еркін сауда аймағы туралы келісімдердің шарттарына қарай, Қазақстан Республикасымен еркін сауда аймағын құратын мемлекеттерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарлар кедендік баждар салудан босатылады не егер мұндай босату не кедендік баждардың мөлшерлемелерін төмендету еркін сауда аймағы туралы келісімде көзделсе, мұндай тауарларға қатысты кедендік баждардың төмендетілген мөлшерлемелері қолданылады,

      2. Тарифтік преференциялар жүйесін пайдаланатын дамушы мемлекеттерден және неғұрлым төмен дамыған мемлекетттерден шығарылатын тауарлар саудасын ынталандыру мақсатында дамушы мемлекеттерден және неғұрлым төмен дамыған мемлекеттерден шығарылатын және әкелінетін тауарларға қатысты кедендік баждардың төмендетілген немесе нөлдік мөлшерлемелері қолданылады. Тауарлар мен елдердің тізбесін Еуразиялық экономикалық комиссия бекітеді.

      3. Тарифтік преференциялар жүйесін пайдаланатын дамушы және неғұрлым төмен дамыған елдерден шығарылатын тауарларға қатысты қолданылатын кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерінің мөлшерлерін Еуразиялық экономикалық комиссия айқындайды.";

      20) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-бап. Сыртқы сауда қызметiн тарифтiк емес реттеу

      Сыртқы сауда қызметін тарифтік емес реттеу шараларына:

      1) жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге тыйым салу;

      2) жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге сан жағынан шектеулер;

      3) жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына айрықша құқық;

      4) тауарларды әкелу және (немесе) әкетуге рұқсат беру тәртібі;

      5) жекелеген тауарлар түрлерін автоматты түрде лицензиялау (қадағалау) жатады.

      2. Тарифтік емес реттеу шараларын уәкілетті орган, сондай-ақ өз құзыреті шегінде орталық мемлекеттік органдар уәкілетті органмен келісу бойынша енгізеді.

      3. Тарифтік емес реттеу шараларын енгізу үшін мемлекеттік органдар уәкілетті органға ұсыныстарды уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес береді.

      4. Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары Еуразиялық экономикалық комиссияның актілерімен белгіленеді.

      5. Осы Заңның 18-бабында көрсетілген негіздемелер бойынша орталық мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде уәкілетті органмен келісу бойынша, енгізілген күннен бастап мерзімі 6 айдан аспайтын мерзімге тарифтік емес реттеу шараларын қолдана алады.";

      21) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-бап. Жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге тыйым салулар және сан жағынан шектеулер

      1. Жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге тыйым салулар және сан жағынан шектеулер:

      1) құқықтық тәртiпті сақтау;

      2) адамның өмiрi мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғау;

      3-1) алтын немесе күміс экспортын және (немесе) импортын реттеу;

      4) мәдени құндылықтарды және ұлттық мәдени игіліктер объектілерін заңсыз әкетуден және (немесе) әкелуден қорғау;

      5) орны толмайтын табиғи ресурстардың iшкi өндiрілуін және тұтынылуын бір мезгілде шектей отырып, олардың сарқылуын болдырмау;

      6) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;

      7) халықаралық мiндеттемелердi орындау;

      7-1) ішкі өңдеу өнеркәсібін отандық тауарлармен сан жағынан жеткілікті қамтамасыз ету үшін осындай тауарлардың экспортын шектеу;

      7-2) тауарлардың жалпы немесе жергілікті тапшылығы кезінде оларды сатып алу немесе бөлу;

      7-3) Қазақстан Республикасындағы тауарларды өндіру және тұтыну құрылымындағы озыңқы өзгерістер үшін жағдай жасау;

      7-4) Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасын қолдануға, зияткерлік меншік және өзге де құқықтық актілерді қорғауға қатысты халықаралық міндеттемелерге сәйкес келетін нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету қажеттілігіне қарай енгізіледі.

      2. Айтарлықтай маңызды тауарлар тізбесіне енгізілген азық-түлiк немесе өзге де тауарлардың iшкi нарықта өте көп жетiспеушiлiгiн болғызбау немесе азайту үшiн орталық мемлекеттiк органдар өз құзыреті шегінде уәкiлеттi органмен келiсу бойынша жекелеген тауарларды әкетуге тыйым салу мен сан жағынан шектеулердi енгiзе алады.

      Айтарлықтай маңызды тауарлар тізбесін уәкілетті орган орталық мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде белгілейді.

      3. Тиісті орталық мемлекеттік органдар сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында жекелеген тауарларды әкетуді және (немесе) әкелуді сан жағынан шектеулерді (квоталарды) бөлуді, квоталар мөлшерін және олардың қолданыс мерзімін уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде айқындайды.

      Квоталарды бөлу тәртібін орталық мемлекеттік органдар уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде белгілейді.

      Жекелеген тауарларды әкету және (немесе) әкелу Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар саласындағы Заңына сәйкес берілген лицензия негізінде жүзеге асырылады.";

      22) 18-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-1-бап. Тауарларды әкелу және (немесе) әкетудің рұқсат беру тәртібі

      1. Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдермен саудада рұқсат беру тәртібі Еуразиялық экономикалық комиссияның актілерімен белгіленеді.

      2. Тауарларды әкелу және (немесе) әкетудің рұқсат беру тәртібі рұқсат беру құжаттарын беру арқылы іске асырылады.

      3. Осы Заңның 18-бабында көрсетілген негіздер бойынша жекелеген тауарлар түрлерін әкелу және (немесе) әкетуді реттеу мақсатында орталық мемлекеттік органдар уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде мерзімі 6 айдан аспайтын мерзімге рұқсат беру тәртібін белгілей алады.";

      23) 18-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-2-бап. Қарсы шаралар

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін тиімді қорғау мақсатында, егер шетел мемлекеті:

      1) Қазақстан Республикасына қатысты халықаралық шарттар бойынша өздері қабылдаған міндеттемелерді орындамаса;

      2) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін бұзатын шаралар, оның ішінде қазақстандық тауарлардың шетел мемлекетінің нарығына шығуын негізсіз жабатын немесе өзгеше түрде оларды негізсіз кемсітетін шаралар қолданған жағдайда қарсы шаралар енгізуге құқығы бар.";

      24) 20-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Үкіметі экспортына және (немесе) импортына айрықша құқық берiлетiн тауарлардың тiзбесiн, сондай-ақ жекелеген тауарлар түрлерiн экспорттауға және (немесе) импорттауға айрықша құқық берілген сыртқы сауда қызметіне қатысушыларды тиiстi орталық мемлекеттiк органдардың ұсыныстарының негізінде бекiтедi.";

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Ерекше лицензияны беруді Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындаған мемлекеттік орган жүзеге асырады.";

      25) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-бап. Жекелеген тауарлар түрлерiн автоматты түрде лицензиялау (қадағалау)

      1. Жекелеген тауарлар түрлерінің экспорты және (немесе) импорты динамикасын мониторингілеуді жүзеге асыру мақсатында орталық мемлекеттік органдар уәкілетті органмен келісу бойынша рұқсаттар беру арқылы жекелеген тауарлар түрлерін автоматты түрде лицензиялауды (қадағалау) белгілеуі мүмкін.

      2. Рұқсат алу үшiн өтiнiш берушi уәкiлеттi органға:

      жазбаша өтініш;

      бiр данада қағаз жүзiнде белгiленген үлгiдегi рұқсаттың жобасын және оның электрондық көшiрмесiн ұсынады.

      3. Рұқсат өтініш берiлген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде берiледi.

      4. Рұқсаттар барлық өтiнiш берушiлерге шектеусiз берiледi.

      5. Рұқсаттың қолданылу мерзiмi рұқсат берiлген күнтiзбелiк жылмен шектеледi.

      6. Берiлген рұқсатқа өзгерiстер енгiзуге жол берiлмейдi.

      7. Берiлген рұқсатты басқа өтiнiш берушiлерге қайта ресiмдеуге болмайды.

      8. Рұқсат жоғалған жағдайда өтiнiш берушiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша уәкiлеттi орган үш жұмыс күнi iшiнде рұқсаттың телнұсқасын бередi.";

      26) 22-бап мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасынан шыққан тауарларға қатысты үшінші елдердің немесе шет мемлекеттер одағының сауда шараларына бастама жасаған кезіндегі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тәртіппен айқындалады.

      Ақпаратты, оның ішінде құпия ақпаратты үшінші елдердің мемлекеттік органдарына беру сыртқы саясат саласындағы уәкілетті орган арқылы жүзеге асырылады.";

      27) мынадай мазмұндағы 22-1-баппен толықтырылсын:

      "22-1-бап. ДСҰ-ға мүшелігі жағдайында Қазақстан Республикасының міндеттемелері шеңберінде мемлекеттік реттеу шараларын қолданудың ашықтығын қамтамасыз ету

      1. ДСҰ құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттамада айқындалған Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға мүшелігі шеңберіндегі міндеттемелерін орындау мақсатында мемлекеттік органдар және акцияларының елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі квазимемлекеттік сектор субъектілері қолданылатын мемлекеттік реттеу шараларының және ДСҰ-ға мүшелігі шеңберіндегі Қазақстан Республикасының міндеттемелерін қозғайтын өзге де реттеу шараларының ашықтығын осы Заңның 22-2-бабында көзделген тәртіпке сәйкес қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік реттеу шараларын қолданудың ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіруді уәкілетті орган жүзеге асырады.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік реттеу шараларының ашықтығы мына құралдарды қолдану:

      1) құқықтық актілерді және олардың жобаларын заңнамада белгіленген тәртіппен жариялау;

      2) хабарламаларды (нотификацияларды) жіберу;

      3) ақпараттық орталықтың үздіксіз жұмысын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.";

      28) мынадай мазмұндағы 22-2-баппен толықтырылсын:

      "22-2-бап. Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға мүшелігіне байланысты мәселелер бойынша өзара іс-қимыл

      ДСҰ-ның жұмыс және консультативтік органдарымен, сондай-ақ ДСҰ-ның мүшелелерімен Қазақстан Республикасының ДСҰ-ның шеңберіндегі міндеттемелерін қозғайтын мәселелер бойынша өзара іс-қимылды уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға мүшелілігіне байланысты мәселелер бойынша уәкілетті органның мемлекеттік органдармен және акцияларының елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі квазимемлекеттік сектор субъектілерімен өзара іс-қимыл тәртібін Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітеді.";

      29) мынадай мазмұндағы 22-3-баппен толықтырылсын:

      "22-3-бап. Гуманитарлық көмек көрсету шеңберіндегі сыртқы сауда қызметі

      1. Гуманитарлық көмек беру (алу) шеңберіндегі және (немесе) дүлей зілзалалардың, авариялардың немесе апаттардың салдарын жою мақсатында тауарларды әкету немесе әкелу кедендік-тарифтік, тарифтік емес реттеу және арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолданбай жүзеге асырылады.

      2. Гуманитарлық көмек беру (алу) шеңберіндегі және (немесе) дүлей зілзалалардың, авариялардың немесе апаттардың салдарын жою мақсатында әкетілетін немесе әкелінетін тауарларды кедендік-тарифтік реттеу шараларынан босату тәртібі мен шарттары осы Заңның 16-2-бабының 3-тармағына сәйкес қолданылады.";

      30) мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:

      "4-1-тарау. Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда жасау

      22-4-бап. Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен сауданы реттеу

      1. Уәкілетті орган Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен тауарлар саудасын тарифтік емес реттеу шараларын қолдану арқылы шектеу туралы шешімді мына негіздерді:

      1) адам өмірі мен денсаулығын қорғауды;

      2) қоғамдық мораль мен құқық тәртібін қорғауды;

      3) қоршаған ортаны қорғауды;

      4) жануарлар мен өсімдіктерді, мәдени құндылықтарды қорғауды;

      5) халықаралық міндеттемелерді орындауды;

      6) елдiң қорғанысы мен мемлекеттiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуді негізге ала отырып қабылдайды.

      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген шараларды енгiзу бойынша ұсыныстарды уәкiлеттi орган белгiлеген Тәртiпке сәйкес орталық мемлекеттiк органдар уәкілетті органға береді.

      3. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасына сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін жекелеген тауарларға қатысты тарифтік емес реттеу шараларының сақталуын бақылауды бюджетке салық және төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асырады.";

      31) 25-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Тапсырыстар бойынша сауда ішкі сауда субъектiлерiнiң тiкелей сатып алушыдан, көшпелi сауда орындарында, телефон немесе пошта тапсырысы арқылы тапсырыстарды беру және (немесе) оны қабылдау арқылы жүзеге асырылады.";

      32) 27-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Ішкі сауда субъектiсi көшпелi сауданы республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы айқындаған арнайы бөлiнген орындарда және (немесе) маршруттарда жүзеге асырады.

      Ішкі сауда субъектісі сауданы бекітілген маршрут бойынша оның кез-келген нүктесінде жүзеге асыра алады.";

      33) 29-баптың 1-тармағы алып тасталсын;

      34) 29-1-бапта:

      1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1. Офертаны өз атынан электрондық нысанда жіберетін сатушының электрондық сауданы жүзеге асыру кезінде сатып алушының электрондық сауда алаңында жасасқан мәмілелер бойынша өз міндеттемелерін орындауын талап етуге құқығы бар.";

      2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1. Электрондық сауда алаңындағы электрондық сауда инфрақұрылымы мыналарды:

      1) электрондық сауда алаңының электрондық саудаға қатысушыларға ішкі талаптарын;

      2) тауар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер үшін банктік төлем жүйелерін пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу мүмкіндігін;

      3) тауарды немесе көрсетілетін қызметті жеткізуді ұйымдастыру немесе үйлестіруді;

      4) сатып алушы мен сатушы арасында, оның ішінде тауарды кері қайтарған кезде өзара есеп айырысуды қамтамасыз етуді;

      5) электрондық құжаттармен немесе электрондық хабарламалармен алмасу арқылы сатып алу-сату шарттарын жасасу, электронды түрде қызмет көрсету мүмкіндігін ұсынуды қамтиды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Электрондық сауда алаңы электрондық сауданы жүзеге асырған кезде қамтамасыз ету шарттарын айқындайды:

      1) ақпараттық ресурстарда қамтылған ақпараттың, оның ішінде коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтердің тұтастығы мен құпиялылығын;

      2) егер сатып алушының электрондық сауда алаңында жасалған мәмілелер бойынша өз міндеттемелерін орындау, егер мұндай шарттарды электрондық сауда алаңы іске асырған болса;";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Электрондық саудадағы электрондық сауда алаңы, ақпараттық-жарнамалық сауда алаңы:

      1) электрондық құжаттарда немесе электрондық хабарламаларда қамтылған ақпаратты, оның ішінде, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге;

      2) егер электрондық сауданың басқа қатысушыларымен жасасқан шартта немесе Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, электрондық құжаттарды, электрондық хабарламаларды немесе олардың көшірмелерін, оның ішінде олардағы қамтылған ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге;

      3) егер электрондық сауданың басқа қатысушыларымен жасасқан шартта немесе Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, электрондық құжаттарды немесе электрондық хабарламаларды не оларды пайдалану тәртібін өзгертуге құқығы жоқ.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Сатушы және/немесе электрондық сауда алаңының иесі электрондық сауда кезінде келісімде көзделген шарттарға сәйкес ақпараттың сақталуын қамтамасыз етеді.";

      35) мынадай мазмұндағы 29-2-баппен толықтырылсын:

      "29-2-бап. Фулфилмент орталықтарының функциялары

      Фулфилмент орталығы мына функцияларды:

      1) өндірушіден, сатушыдан, делдалдан немесе фулфилмент орталығы қызметін көрсетуге шарт жасасқан басқа да тұлғадан тауар қабылдауды;

      2) қабылданған тауарды сақтауды;

      3) тауарға, оның ішінде электрондық байланыс құралдары арқылы тапсырыстар қабылдау және өңдеуді;

      4) тауарға келіп түскен тапсырыстарға сәйкес тауарды топтамалауды;

      5) тауарды қаптауды;

      6) сатып алушыға тауарды жеке жеткізу қызметімен жеткізуді немесе бөгде жеткізу қызметтері арқылы тауарды жөнелтуді;

      7) сатып алушылардан тауар үшін төлем қабылдауды;

      8) қайтарымдарды өңдеуді жүзеге асырады.";

      36) 6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Ішкі сауда субъектілеріне және тауарларға қойылатын талаптар";

      37) 31-бапта:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "31-бап. Ішкі сауда субъектілеріне қойылатын талаптар";

      1, 2, 3, 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ішкі сауда субъектілері өз қызметін жүзеге асырған кезде:

      "2-1) Халықаралық шарттарға және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды таңбалауды жүргізу жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен таңбалау туралы шешім қабылданған материалдық жеткізгіштермен немесе бақылау (идентификаттау) таңбаларымен таңбаланған тауарларды сатуға.

      2. Сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектілеріне тауарлар жеткізу туралы шарт жасасудан негізсіз бас тартудан не көрінеу кемсітушілік сипаттағы шарт жасасудан көрінетін және

      1) ішкі сауда субъектісіне осындай қызметті жүзеге асыратын басқа да ішкі сауда субъектілерімен, сондай-ақ осындай немесе өзге де шарттарда басқа да сауда қызметі субъектілерімен тауарлар жеткізу шарттарын жасасуға тыйым салу туралы;

      2) тауарлар беруді жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісінің осындай қызметті жүзеге асыратын басқа да ішкі сауда субъектілерімен жасасатын шарттары туралы мәліметтер беруін талап ету туралы талаптармен тауарлардың сауда желілеріне немесе ірі сауда объектілеріне жетуін шектеуіне тыйым салынады.

      3. Ішкі сауда субъектілеріне нормативтік құқықтық актілерде белгіленген, осы Заңның 9-бабының 2-тармағына сәйкес белгіленетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағасының мөлшерін бұзуға тыйым салынады.

      4. Осы баптың 2 және 3-тармақтары бұзылған кезде ішкі сауда субъектілері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

      5. Егер сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісі мен өнім беруші арасында сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөнінде қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісіне мұндай тауарларды бергеннен кейін белгілі бір уақыттан соң оларға ақы төлеу талабымен тауарлар беру шарты жасалған жағдайда, осы шартта белгілеу үшін мұндай тауарларға ақы төлеу мерзімі мынадай қағидалар бойынша айқындалады:

      1) сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісі жарамдылық мерзімі күнтізбелік он күннен кем болып белгіленген азық-түлік тауарларына мұндай тауарлар берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ақы төлеуге тиіс;

      2) сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісі Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, жарамдылық мерзімі күнтізбелік он және одан да көп күн болып белгіленген азық-түлік тауарларына мұндай тауарлар берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде ақы төлеуге тиіс

      6. Осы баптың 5-тармағында белгіленген мерзімдерде тауарларға ақы төлеу тауарлар беруді жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісінің Қазақстан Республикасының заңдарына, нормативтік құқықтық актілеріне немесе шартқа сәйкес тауарларға қатысты құжаттарды беру жөніндегі міндеттерін орындаған жағдайда жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

      "7. Сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарларды сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектілері мен азық-түлік тауарлары өнім берушілерінің арасында азық-түлік тауарларын жеткізу шарты жасалған кезде, азық-түлік тауарының бағасына оның өнім берушіден азық-түлік белгілі бір тауарларының санын сатып алумен байланысты, ішкі сауда субъектісіне төленетін сыйақыны енгізу көзделуі мүмкін. Көрсетілген сыйақының мөлшері бұл шарт тараптарының келісуіне жатады және сатып алынған азық-түлік тауарлары бағасының бес пайызынан аспайды. Сыйақының көрсетілген жиынтық мөлшерін есептеген кезде қосылған құн салығының сомасы есепке алынбайды. Осы тармақта көрсетілген сыйақыны сауда қызметі субъектісінің Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітетін тізбеде көрсетілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жекелеген түрлерін сатып алумен байланысты төлеуге жол берілмейді.";

      38) 32-бапта:

      2-тармақтың оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тауардың сапасына қойылатын жоғарыда аталған талаптар туралы ақпарат қазақ және орыс тілдерінде жапсырмаларда, затбелгілерде, қосымша парақтарда материалдық жеткізгіштерде және (немесе) бақылау (идентификаттау) таңбаларында болуға тиіс.";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1-тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) бақылау (идентификаттау) белгілері немесе материалдық жеткізгіштері жоқ бақылау (идентификаттау) белгілерімен немесе материалдық жеткізгіштермен таңбалануға жататын тауарларды;".

      23. "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 771-құжат; 2001 ж., № 10, 122-құжат; 2003 ж., № 24, 175-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 77-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 7-құжат; № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 9, 18-құжат; № 24, 115-құжат):

      5-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Заңды тұлғаның - Қазақстан Республикасындағы бұқаралық ақпарат құралы меншiк иесiнің немесе осы саладағы қызметті жүзеге асырушының акцияларының (үлесiнiң, пайының) 20 проценттен астамын шетелдiк жеке және заңды тұлғалардың, азаматтығы жоқ адамдардың тiкелей және (немесе) жанама иеленуiне, пайдалануына, билiк етуiне және (немесе) басқаруына тыйым салынады.

      Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң ережесi электрондық коммерцияға арналған интернет-ресурстарға қолданылмайды.".

      24. "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-II, 131-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-II, 70-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 14, 54-құжат):

      1) 1-баптың 38) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "38) электр энергиясының бөлшек сауда нарығы – электр энергиясы бөлшек сауда нарығының субъектілері арасындағы жария шарттар (электр энергиясын сатып алу-сату, беру және тұтыну, сондай-ақ осыған байланысты көрсетілетін қызметтер ұсыну) негізінде көтерме сауда нарығынан тыс жұмыс істейтін қарым-қатынастар жүйесі;";

      2) 13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Энергиямен жабдықтау тұтынушының кiнәсiнсiз тоқтатылған жағдайда энергиямен жабдықтаушы ұйым электр энергиясын кепiлдiк берiп жеткiзушi тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды жария шарттар негiзiнде қамтамасыз етедi.";

      3) 13-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар өзiнiң тұтынушыларын энергиямен жабдықтау мақсатында энергия өндiрушi ұйымдардан электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырады.

      Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электрмен жабдықтау бойынша қызметтер көрсету үшін электрмен жабдықтаудың үлгілік шарттарына сәйкес электрмен жабдықтауға арналған жария шарттар жасасуға міндетті.

      Электрмен жабдықтаудың үлгілік шарттары энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.";

      4) 18-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бөлшек сауда нарығында электр және жылу энергиясын сатып алу-сату тұтынушылар энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен жасасатын жария шарттар негізінде жүзеге асырылады.".

      25. "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53-құжат, 2017 ж., №11, 29-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат):

      1) 5-баптың 5) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 7-баптың 10) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 10-бап алып тасталсын.

      26. "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; № 8-II, 72-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат):

      1) 1-бапта:

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қоры – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтарында аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік әсер ету және азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн құрылған, азық-түлiк тауарларының жедел қоры;

      10-1), 10-2), 10-3), 10-4) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 10-5) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-5) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетігі – бұл мына тетіктерді іске асыру: тұрақтандыру қорларының қызметі; кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру;";

      мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:

      "20) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары - тізбесін Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітетін, адамның физиологиялық қажеттіліктері қанағаттандырылатын азық-түлік тауарлары;";

      25), 26-2) тармақшалар алып тасталсын;

      2) 5-бапта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардың тiзбесiн бекiту;

      7) тармақша алып тасталсын;

      3) 6-бапта:

      1-тармақтың 39) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "39) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың типтік қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      4) 7-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру";

      2-тармақтың 17-2) тармақшасы алып тасталсын;

      2-тармақтың 17-3), 17-4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін мамандандырылған ұйымдардан көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру;

      17-4) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру жөніндегі комиссияны құру және оның жұмысын ұйымдастыру;";

      мынадай мазмұндағы 17-10), 17-11) тармақшалармен толықтырылсын:

      "17-10) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидасын әзірлеу және бекіту;";

      17-11) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін қолдану үшін сатып алынатын азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесін және тізбесін бекіту;";

      5) 9-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандырудың тетіктерін іске асыру;";

      6) 12-бапта:

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын.

      "1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандырудың тетіктерін іске асыру;".

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Азық-түлік тауарларының нарығын тұрақтандыру мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктері іске асырылады.";

      3 және 4-тармақтар алып тасталсын;

      7) 19-2-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;

      8) 19-3-бапта:

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандырудың тетіктерін іске асыру;";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандырудың тетіктерін іске асырады.";

      9) 19-4-бапта:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19-4-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссия";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру тетіктерін тиімді және уақытылы іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.";

      2-тармақ алып тасталсын;

      4-тармақта:

      1), 3), 4) тармақшалар алып тасталсын;

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру мен пайдалану бойынша тетіктерді іске асыру мақсатында өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және оларға шекті сауда үстемелерін анықтау;";

      мынадай мазмұндағы 5), 6), 7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру тетіктерін сәйкес әкімшілік-аумақтық бірлікте қолдану жөнінде шешім қабылдау;

      6) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру тетіктерін қолдану қағидаларына сәйкес қарыз беру үшін кәсіпкерлік субьектіні анықтау;

      7) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесін анықтау бойынша мамандандырылған ұйымның ұсыныстарын қарау.".

      27. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 21-құжат; № 13, 45-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Корпорация) банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі лицензиясының болуымен айқындалады.";

      2) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банктің мемлекеттiк тiркелуін уәкiлеттi органның банк ашуға рұқсаты және оның құрылтай құжаттары үәкiлеттi органмен келiсiлгендiгiн растайтын деректер негiзiнде Корпорация жүзеге асырады.

      Құрылтайшылар уәкiлеттi органның банк ашуға рұқсаты алынған күннен бастап бiр ай iшiнде банктi мемлекеттiк тiркеу үшiн Корпорацияға жолдануға мiндеттi.";

      3) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1. Құрылтай құжаттарына енгізілетін, әділет органдарында қайта тiркелудi қажет ететiн өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды мемлекеттiк тiркегеннен кейiн банк тiркеген Корпорацияда белгiсi және мөрi бар құрылтай құжаттарына өзгерiстердiҺ және (немесе) толықтырулардың нотариат кұәландырған көшiрмесiн олар қайта тіркелген күннен бастап күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде уәкiлеттi органға ұсынуға мiндеттi.

      Құрылтай құжаттарына қайта тіркелуді қажет етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, банк Корпорация банктің хатын қабылдап алғандығы туралы белгісі соғылған күннен бастап банк күнтізбелік он төрт күн ішінде банктің осы хатының көшірмесін, сондай-ақ құрылтай құжаттарына өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін уәкілетті органға ұсынуға міндетті.";

      4) 29-бапта:

      1-баптың 2-тармағының бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Банк өзінің филиалы мен өкілдігі Корпорацияда есептік тіркелген күннен бастап он төрт жүмыс күні ішінде жазбаша түрінде олардың ашылғаны туралы уәкілетті органға:

      2) тіркеген Корпорацияның белгісі мен мөрі бар банктің филиалы немесе өкілдігі туралы нотариат куәландырған ереженің көшірмесін қоса бере отырып, хабардар етуге міндетті;";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жұмыс істеп тұрған, оның ішінде бірнеше мекенжайдағы орналасқан филиалдардың қосымша үй-жайларының санын арттыру үшін уәкілетті органның филиал Корпорацияда есептік тіркелген күннің немесе банктің жұмыс істеп тұрған филиалының, оның ішінде бірнеше мекенжайдағы қосымша үй-жайларының санын көбейту бөлігінде филиал туралы ережеге толықтырулар енгізу туралы банктің хатын қабылдап алғандығы туралы Корпорацияның белгісі соғылған күннің алдындағы үш ай ішінде банкке осы Заңның 47-бабы 2-тармағының б), в), г), д), е) және з) тармақшаларында көзделген санкцияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әкімшілік құық бұзушылық туралы кодексінің 213-бабының үшінші, алтыншы, сегізінші бөліктерінде, 227-бабының бірінші бөлігінде, 239-бабының үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолдану түріндегі санкцияларды қолданбауы банктің филиалдар ашуының міндетті шарттары болып табылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Филиал, өкілдік туралы ережеге Корпорацияда есептік қайта тіркелуді қажет ететін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде Қазақстан Республикасының резидент банкі Корпорацияда есептік қайта тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға:

      1) филиал, өкілдік туралы ережеге енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.

      Филиал, өкілдік туралы ережеге Корпорацияда есептік тіркеуді қажет етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде Қазақстан Республикасының резидент-банкі әділет органының банктің хатын қабылдап алғандығы туралы белгісі соғылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде көрсетілген хаттың көшірмесін, филиал, өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмелерін уәкілетті органға үсынуға міндетті.";

      11-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Қазақстан Республикасының резиденті емес-банктің өкілдігі Корпорацияда есептік тіркелген күннен бастап он төрт жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ашылғаны туралы:

      2) тіркеген Корпорацияның белгісі мен мөрі бар өкілдік туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін;";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Қазақстан Республикасының резиденті емес банктің өкілдігі Корпорацияда есептік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап отыз жүмыс күні ішінде уәкілетті органды осы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, өкілдік туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген туралы хабардар етуге міндетті.

      Өкілдік туралы ережеге қайта тіркелуді қажет етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, Қазақстан Республикасының резиденті емес банктің өкілдігі Корпорацияның Қазақстан Республикасының резиденті емес банк өкілдігінің хатын қабылдап алғандығы туралы белгісі соғылған күннен бастап отыз жүмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының резиденті емес банк өкілдігінің көрсетілген хатының көшірмесін, өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмелерін уәкілетті органға ұсынуға міндетті.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Банк өзінің филиалы және (немесе) өкілдігі Корпорацияда (Қазақстан Республикасынан тысқары жерде филиалдар немесе өкілдіктер қызметі тоқтатылған кезде - мемлекеттің тиісті тіркеу органында) есептік тіркеуден шығарылған күннен бастап он төрт жұмыс күні ішінде уәкілетті органға банк филиалының және (немесе) өкілдігінің есептік тіркеуден шығарылғанын растайтын Корпорацияның құжатының нотариат куәландырған көшірмесін қоса бере отырып, олардың қызметінің тоқтатылғаны туралы жазбаша хабарлауға тиіс.";

      4) 52-15-баптың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) Корпорацияға банкті ислам банкі ретінде мемлекеттік қайта тіркеу үшін өтініш жасау;";

      5) 52-17-бапта:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында көрсетілген есепті мақұлдағаннан кейін банк банкті мемлекеттік қайта тіркеу үшін Корпорацияға күнтізбелік отыз күн ішінде өтініш жасауға міндетті.";

      5-тармақтың 1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Банк Корпорацияда мемлекеттік қайта тіркеу күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, бірақ уәкілетті органның рұқсатында көрсетілген айналдыру мерзімі аяқталғанға дейін отыз жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға:".

      6) 69-баптың 5 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Ерiктi түрде тарауға рұқсат алғаннан кейiн банк бұл туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялауға тиiс.

      6. Тарату комиссиясы банктi тарату туралы баланс пен есептi бекiткеннен кейiн жетi күн мерзiмде оны Корпорацияға мен уәкiлеттi органға табыс етуге мiндеттi.";

      7) 73-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Тарату комиссиясы сотқа уәкiлеттi органмен келiсiлген тарату туралы есептiлiктi және тарату балансын үсынады.

      Сот тарату туралы есептiлiктi және тарату балансын бекiтiп, тарату iсiнiң аяқталғаны туралы үйғарым шығарады.

      Тарату комиссиясы сот үйғарымының көшiрмесiн заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын Корпорацияға және уәкiлеттi органға жiбередi.

      Тарату комиссиясы тарату балансы мен тарату туралы есеп бекітілгеннен кейін оларды күнтізбелік отыз күн ішінде заңды түлғаларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын Корпорацияға, ал көрсетілген құжаттардың көшірмелерін уәкілетті органға ұсынуға міндетті.".

      28. "Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 3, 19-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 101-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 15, 78-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 22-III, 109-құжат):

      1-баптың 1-тармағының 10-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) тiркеушi органдар - мәлiметтердi тiркеудi және идентификаттау нөмiрi бар құжаттарды берудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.".

      29. "Трансферттік баға белгілеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 65-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 11, 80-құжат; 2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат):

      3-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес тауарлық биржада биржалық тауарлармен жасалған мәмілелер бойынша бақылау жүзеге асырылмайды.";

      30. "Тауар биржалары туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 9-10, 46-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12,
111-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 9-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 101-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-III, 149-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 24, 126-құжат):

      1) 1-бапта:

      1) тармақша алып тасталсын;

      1-1), 2), 3) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1) биржалық брокер (бұдан әрi – брокер) – тауар биржасында өз қызметiн жүзеге асыратын және клиенттiң тапсырмасы бойынша, соның есебiнен және мүддесi үшiн биржалық тауармен мәмiлелер жасайтын заңды тұлға;

      2) биржалық дилер (бұдан әрi – дилер) – тауар биржасында өз қызметiн жүзеге асыратын және өзінің мүддесі үшін өзінің есебiнен биржалық тауармен мәмiлелер жасайтын заңды тұлға;";

      3) биржалық сауда – тауар биржасында биржалық тауарлар, стандартталмаған тауарлармен сауда-саттықты электрондық нысанда жүргізу, мәмілелерді тіркеу және ресімдеу арқылы жүзеге асырылатын биржалық тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;

      5) биржалық сауда-саттық – биржалық мәмілелер жасасу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін тауар биржасының электрондық сауда жүйесіне берілген электрондық өтінімдер негізінде биржалық тауарлар, стандартталмаған тауарлармен бойынша мәмілелер жасауға бағытталған биржалық сауда қағидалары шеңберінде жүргізілетін процесс;";

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) өзін-өзі реттейтін ұйым – тауар биржалары саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізіліміне енгізілген брокерлер мен дилерлердің ерікті қатысуынан негізделген, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қауымдастық (одақ), қоғамдық бірлестік нысанындағы және тауар биржалары саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізіліміне енгізілген коммерциялық емес ұйым;

      7) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) биржалық тауар – бірліктері қай жағынан қарағанда да бір-біріне сәйкес келетін, ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрауыштардан тұратын, түрлі өндірушілерден партиялардың толық ауыстырушылық қасиетке ие функцияларды орындауға мүмкіндік беретін Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына енгізілген стандартталған біртекті тауар, сондай-ақ мерзімді келісімшарт;";

      "9) бұйрық - нақты биржалық тауарларға қатысты тауар биржасында белгілі бір әрекетті жүзеге асыруды көрсете отырып, клиент брокерге ұсынатын құжат;";

      мынадай мазымұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын;

      "7-1) стандартталмаған тауар - айналымнан алынбаған немесе биржалық тауарларға, жылжымайтын мүлiкке және интеллектуалдық меншiктi қоспағанда, тауар биржасының биржалық сауда-саттыққа жiберiлуiмен айналыспайтын өнiм;";

      9-2) тармақша алып тасталсын;

      10), 11-1) және 11-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) клиент - биржалық тауармен мәмілелер жасау үшін брокердің көрсететін қызметтерін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;";

      "11-1) кросс-мәміле – брокер екі түрлі клиенттің тапсырмасы бойынша іс-әрекет ете отырып, сатушы тарапынан да, сатып алушы тарапынан да әрекет ететін биржалық мәміле;

      11-2) қосарланған қарсы аукцион режимі – сатушылар мен сатып алушылар бәсекелестігі нәтижесінде биржалық мәмілелер жасырын түрде жасалатын, ал биржалық немесе стандартталмаған тауарға баға сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік деңгейінде белгіленетін сауда режимі;";

      16-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-1) стандартты аукцион режимі – сатып алушы (сатушы) – аукцион бастамашысы үшін ең тиімді баға бойынша төмендетуге немесе жоғарылатуға арналған аукцион барысында стандартталмаған тауарлар бойынша биржалық мәмілелер жасалатын сауда режимі;";

      2) 4-бапта:

      2-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-2) биржалық тауарлардың тізбесін бекітеді, оған өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізеді;";

      3-5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-5) тауар биржаларының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін әзірлейді;";

      мынадай мазмұндағы 4-1), 5-1), 6-1) 10-1) және 11-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4-1) тауар биржалары мен тауар биржалары саласындағы өзін-өзі реттеу ұйымдарының қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      5-1) тауар биржалары саласындағы өзін-өзі реттеу ұйымдарының әзірленетін қағидалары мен стандарттарды келіседі;

      6-1) тауар биржасындағы әзірленіп жатқан брокерлер мен дилерлерді аккредиттеу қағидаларын келіседі.";

      "10-1) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасы сақталуы үшін тауар биржаларына бақылау жүргізеді.";

      "11-1) тауар биржалары саласындағы өзiн-өзi реттейтiн ұйымдардың тiзiлiмiн жүргiзедi;";

      3) 10-бапта:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      1) тауар биржасының мүшелерін аккредиттеу, аккредиттеуді тоқтата тұру және тоқтатудың шарттары мен тәртібі;";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      3-1) тауар биржалары саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдармен өзара әрекеттесу тәртібі, сондай-ақ брокерлер мен дилерлерге биржалық мәміленің тазалығын қамтамасыз ету;

      4) 13-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2), 2-3), 2-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2-1) бағамен айла-шарғы жасау фактілерін анықтау;

      2-2) биржалық баға-белгілеуді қалыптастыру;

      2-3) тауар биржасы мүшелерінің аккредиттеуін жүргізу;

      2-4) тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің биржа саудасы ережелерінде белгіленген талаптарға сәйкестігін, олардың аталған ереже талаптарын орындауын бақылау;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тауар биржасы өз қызметін брокерлік, дилерлік және депозитарлық қызметпен, сондай-ақ бағалы қағаздарды басқару қызметімен қоса атқаруға құқылы емес.";

      5) 13-2-бапта:

      13-2-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) меншік құқығымен интернет-ресурсын иелену;";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің өзекті тізбесін өзінің интернет-ресурсында орналастыру.

      Тізбеде тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің атауы,

      орналасқан жері, басшысы мен қызметкерлерінің тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) туралы ақпарат болуы тиіс.

      Тауар биржасы мүшелерінің атауы, орналасқан жері өзгерген, сондай-ақ басшысы және (немесе) қызметкерлерінің құрамы ауысқан жағдайда, тауар биржасы тізбені тауар биржасы мүшелерінен тауар биржасына ақпарат келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жаңартады;";

      6) 15-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Биржалық тауарлардың тізімі:

      1) Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауарлық номенклатурасына сәйкес биржалық тауарлардың қысқаша атауы және олардың кодтары;

      2) жеке биржалық тауарлар үшін, жеткізу партияның ең төмен мөлшері тең немесе одан асатын болса, оларды сату тек тауар биржасында жүзеге асырылады;

      3) жеке биржалық тауарлар үшiн - тауар биржалары арқылы міндетті түрде өткізілетін, сондай-ақ осындай мiндеттемелер жүктелген субъектiлердiң санаттары үшiн ең төмен үлес.";

      7) 15-1-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Биржалық сауда-саттық келесі сауда режимдерінде жүргізіледі:

      1) стандарттық аукционның режимі;

      2) қосарланған қарсы аукцион режимі.";

      2-тармақ алып тасталсын;

      3-тармақтың 3) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) аукционды стандартталмаған тауарды сатып алушының немесе сатушының тапсырысы бойынша жүргізу;

      "5) сауда-саттық қорытындысы бойынша аукционға қатысушылардың ұсынған ең төменгі бағасы ретінде айқындауға және сауда-саттыққа қатысушыларға көтерме сауда-саттыққа қатысушылардың ұсынған ең жоғары баға құнын айқындау туралы биржалық мәміле жасалатын стандартталған емес өнімнің бағасын қалыптастыру;";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Тауар биржалары стандартталмаған тауарлар бойынша транзакциялардың жекелеген жазбаларын жүргізеді.";

      8) 17-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Тауар биржасының клирингтік орталығы дегеніміз тауарлық биржамен клирингтік қызмет көрсету туралы шарт жасасқан дербес клирингтік ұйым болып табылады. Бұл ретте шетелдік заңды тұлғаларға тауар биржасында клирингтік қызмет етуінде клирингтік орталықтың функцияларын орындауға рұқсат етілмейді.".

      17-баптың 3-тармағы алып тасталсын;

      9) 19-бапта:

      1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тауар биржасындағы брокерлік және дилерлік қызмет тауар биржасында аккредиттеу немесе ерікті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттеу ұйымына мүше болу (қатысу) негізінде жүзеге асырылады.

      Тауар биржасында аккредиттеуден жағымсыз мотивтермен шығарылған жағдайда, брокерлер және (немесе) дилерлер екі жыл бойына ерікті өзін-өзі реттеу ұйымының мүшелері (қатысушылары) бола алмайды.

      Өзін-өзі реттеу ұйымының мүшелігінен (қатысудан) жағымсыз мотивтермен шығарылған жағдайда, брокерлер және (немесе) дилерлер екі жыл бойына тауар биржасында аккредиттеуден өте алмайды.";

      "3. Брокер мен оның клиенттері арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының нормалары қолданылатын брокерлік қызметтер көрсету туралы шарттың негізінде туындайды.";

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Жеке тұлға екіден астам брокерлердің және (немесе) дилерлердің басшысы бола алмайды.".

      10) мынадай мазмұндағы 19-1-баппен толықтырылсын:

      "19-1-бап. Өзін-өзі реттеу ұйымының тауар биржалары саласындағы қызметі және өзін-өзі реттеу ұйымына мүше болуы (қатысуы)

      1. Тауар биржалары саласындағы өзін-өзі реттеу ұйымы өз қызметін осы Заңға, Қазақстан Республикасының "Өзін-өзі реттеу туралы" Заңына, өзін-өзі реттеу ұйымының жарғысына, стандарттары мен қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.

      2. Өзін-өзі реттеу ұйымына мүше болу (қатысу) ерікті негізде жүзеге асырылады.

      3. Өзін-өзі реттеу ұйымының мүшелері (қатысушылары) брокерлер немесе дилерлер болады. Брокерлер мен дилерлер тек бір өзін-өзі реттеу ұйымының мүшелері бола алады.

      4. Өзін-өзі реттеу ұйымына мүшелікке (қатысуға) қабылдау және мүше болуды (қатысуды) тоқтату шарттары мен тәртібі өзін-өзі реттеу ұйымының жарғысымен, стандарттары және қағидаларымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.

      Өзін-өзі реттеу ұйымына мүше (қатысушы) ретінде қабылдаудан бас тарту және мүшелерді (қатысушыларды) шығару туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіппен шағымдануға болады.

      5. Өзін-өзі реттеу ұйымы өзін-өзі реттеу ұйымының мүшелерінің (қатысушыларының) тізбесін меншікті интернет-ресурсында орналастыруға міндетті. Тізбеде мүшелердің (қатысушылардың) атауы, басшысы мен қызметкерлерінің тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) туралы ақпарат болуы тиіс.

      Мүшелердің басшысы ауысқан және (немесе) қызметкерлерінің құрамы өзгерген жағдайда, өзін-өзі реттеу ұйымы тізбені үш жұмыс күні ішінде жаңартады.

      6. Өзін-өзі реттеу ұйымы өз мүшелерінің (қатысушыларының) қызметін бақылауды Қазақстан Республикасының өзін-өзі реттеу туралы Заңында қарастырылған тәртіппен және негіздерде жүзеге асырады.

      Сонымен қатар, ұйымның және өзін-өзі реттеу ұйымының мүшелеріне (қатысушыларына) тексеріс жүргізу тәртібі уәкілетті органдармен келісілген өзін-өзі реттеу ұйымының қағидаларымен бекітіледі.

      7. Өзін-өзі реттеу ұйымына мүше болуы (қатысуы) келесі негіздермен:

      1) брокер және дилердің өтініші бойынша;

      2) мүшесі (қатысушы) осы Заңды, биржа саудасының ережелерін, өзін-өзі реттеу ұйымының жарғысын, стандарттары мен қағидаларын бірнеше мәрте бұзған жағдайда тоқтатылады.

      Мүшелігі жағымсыз мотивтермен тоқтатылған өзін-өзі реттеу ұйымының мүшелері, сондай-ақ осы Заңды бұзған басшылар мен қызметкерлер кемінде екі жыл мерзімге дейін биржа саудасына қатыса алмайды.

      8. Өзін-өзі реттеу ұйымдарының тізілімінен шығару Қазақстан Республикасының Заңдарында қарастырылған тәртіппен және негіздерде жүзеге асырылады.";

      11) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-бап. Брокердің және дилердің мәмілелер жасауы

      1. Брокер биржалық мәмілелер жасауды клиенттің бұйрығына сәйкес, дилер өз мүдделеріне орай және өз есебінен жүзеге асырады. Клиенттердің бұйрықтарының түрлері, мазмұны мен рәсімделуі тауар биржасының ішкі құжаттарымен белгіленеді.

      2. Клиент бұйрықтарын орындауды брокер осы бұйрықта көрсетілген, мәмілелерді жасау шарттарын сақтай отырып, жүзеге асырады. Егер мәміле жасау кезінде мәміле шарттарын өзгерту қажеттігі туындаса, брокер өз әрекеттерін клиентпен келісуге міндетті.";

      12) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-бап. Тауар биржасындағы брокер мен оның клиенттерінің арасындағы қатынастар

      Тауар биржасы өз өкілеттіктері шегінде брокер мен оның клиенттерінің өзара қатынастарын регламенттейді, биржалық сауданы бұзушыларға шаралар қолданады.";

      13) 22-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Брокерлер әрбір клиент бойынша жеке жасалатын биржалық мәмілелердің есебін жүргізуге және осы мәмілелер туралы мәліметтерді мәміле жасалған күннен бастап бес жыл ішінде сақтауға міндетті.";

      14) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау жоспардан тыс тексеріс, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, сондай-ақ бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

      2. Қазақстан Республикасының өзін-өзі реттеу ұйымдарының қызметін мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау және қадағалау нысанында жүзеге асырылады.

      3. Жоспардан тыс тексеріс және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.";

      15) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "27-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі

      1. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган олардың қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру жолымен жүргізеді.

      2. Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өзі дербес жою құқығын бақылау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады.

      3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау – бақылау субъектілері ұсынатын есепті, сондай-ақ бақылау субъектісінің қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау жолымен жүргізіледі.

      4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыным ресімделеді және жіберіледі.

      5. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:

      1) қолма-қол – ұсынымға алғаны туралы белгі қою күнінен бастап;

      2) поштамен – тапсырысты хатпен;

      3) электрондық тәсілмен – уәкілетті орган, ведомство немесе оның аумақтық бөлімшесі сұрау салған кезде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелту күнінен бастап табыс етілді деп есептеледі.

      6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.

      7. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті органға ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.

      8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.

      9. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.";

      31. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 19, 87-құжат; 2010 ж.,№ 7, 32- құжат; 2011 ж., № 11, 102- құжат; 2012 ж., № 10, 77- құжат; № 13, 91- құжат; 2013 ж., № 10-11, 56- құжат; 2014 ж., № 11, 61- құжат; № 14,84- құжат; № 21, 118, 122- құжаттар; 2015 ж., № 16, 79- құжат; № 22-I,140- құжат; 2016 ж., № 7-II, 55- құжат; № 12, 87- құжат; № 23, 118- құжат; 2017 ж., № 4, 7- құжат; № 23-III, 111- құжат):

      1) 5-баптың 3-тармағының 6-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) клиентті идентификаттау және клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту мақсатында анықтығын тексеру.

      Клиенттің өкіліне қатысты осындай тұлғаның клиенттің атынан және (немесе) оның мүддесінде әрекет етуге өкілеттігі қосымша тексеріледі.

      Мәліметтерді жаңарту клиент, бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған мәліметтердің анықтығына күмән тудыратын негіздер болған кезде, сондай-ақ ішкі бақылау қағидаларында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады";

      2) 7-бапта:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-бап. Қаржы мониторингi субъектiлерiнiң клиенттердi қаржы мониторингiне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операцияларды жүзеге асыруы кезiнде тиiсiнше тексеруі";

      7-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қаржы мониторингi субъектiлерi ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар жүргiзілгенге дейiн, осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 4) және 6) тармақшаларында көзделген осы Заңның 5-бабы 3-1 және 3-2 тармақтарындағы жағдайларда және іскерлік қатынастар орнатылған кезінде қоспағанда, осындай шараларды қолданады.";

      3) 10-бапта:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      10-бап. Қаржы мониторингіне жататын мәлiметтер мен операциялар туралы ақпаратты жинау

      1-тармақ алып тасталсын.

      32. "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 9, 43-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-VII, 161-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 70-құжат):

      1) 2-1-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1. Сауданың басқа нысандарында ұсынылатын қорғау деңгейінен төмен емес тұтынушылардың электрондық коммерциядағы заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;

      2) 24-баптың 12-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де талаптарды орындауға міндетті.

      Сатушы (дайындаушы) бағалар заттаңбасымен ресімделген, сауда объектісінің ішкі және сыртқы витриналарына қойылған тауардың құнын көрсетуге, сондай-ақ тауарды сақтау жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті.

      Дайындаушы (орындаушы) жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің құнын жазбаша түрде көрсетуге міндетті.

      Дайындаушы тауардың жарамдылық мерзімін, сақтау мерзімін белгілеуге міндетті.

      Сатушы электрондық саудада сатып алу-сату шартын жасасудың алдында тұтынушыға тауарды төлеу рәсімі және оның құны туралы ақпарат беруге міндетті.

      Сатушы (дайындаушы) сауда объектісінің ішкі және (немесе) сыртқы витриналарына қойылған, бағалар заттаңбасымен ресімделген, көрсетілген құнына сәйкес тауарды сатуға міндетті, ал тұтынушы сатып алуға құқылы.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) фото-, бейнетүсірілімді қолдануға қатысты тұтынушылардың құқықтарын шектеуге тыйым салынады.".

      3) 25-бапта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген ақпарат тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) қоса берілетін құжаттамада, тұтыну ыдысында, жапсырмаларда немесе тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жекелеген түрлері үшін қабылданған өзге де тәсілмен тұтынушының назарына қазақ және орыс тілдерінде жеткізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) Тауар электрондық сауда арқылы өткізілген кезде, тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) атауы, тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алу құны мен шарттары туралы ақпарат, сондай-ақ тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) негізгі тұтынушылық қасиеттері туралы, өнімнің тағамдық, биологиялық және энергетикалық құндылығы туралы мәліметтер, сондай-ақ оларды жекелеген аурулар кезінде қолдануға қарсы көрсетілімдер туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен ақпараттық технологиялар арқылы казақ және (немесе) орыс тілдерінде тұтынушыға жеткізіледі.

      Электрондық сауда мақсатында сатушы қолданатын интернет-ресурста тауардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) негізгі тұтынушылық қасиеттері туралы мәліметтер қамтылған интернет-ресурстарға интернет-сілтемелерді орналастыруға жол беріледі.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Тауарды үлгі және (немесе) сипаттама бойынша сату кезінде, сондай-ақ тауарды электрондық саудада өткізу кезінде сатушы тұтынушыға үлгіге және (немесе) сипаттамаға сәйкес келетін тауарды беруге міндетті.".

      4) 28-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Сатушы тауарды электрондық саудада өткізген кезде техникалық өткізу жағдайында тұтынушыға тауарды және сатушыны бағалауға немесе түсіндіруге мүмкіндік берілуі тиіс (тауар және сатушы туралы пікір қалдыру).".

      5) 29-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Сатушы тауарды электрондық саудада өткізген кезде техникалық өткізу жағдайында тұтынушыға тауарды және сатушыны бағалауға немесе түсіндіруге мүмкіндік берілуі тиіс (тауар және сатушы туралы пікір қалдыру).".

      6) 30-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы "қоспағанда, егер тиісті сападағы азық-түліктік емес тауар пайдаланылмаса, оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, заттаңбалары, сондай-ақ тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат сақталса, егер шартта неғұрлым ұзақ мерзім белгіленбесе, тауар сатып алынған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде сатушы (дайындаушы) оны айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті." деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын қоспағанда, егер тиісті сападағы азық-түліктік емес тауар пайдаланылмаса, оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, заттаңбалары, сондай-ақ тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат сақталса, егер шартта неғұрлым ұзақ мерзім белгіленбесе, тауар сатып алынған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде сатушы (дайындаушы) оны айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті;";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Тұтынушыға тауар үшін төленген ақшалай сома қайтарылған кезде сатушы (дайындаушы) одан тауар толық немесе ішінара пайдаланылғандықтан, оның тауарлық түрі жоғалғандықтан немесе басқа да осындай мән-жайларға орай тауардың құны төмендеген соманы ұстап қалуға құқылы емес.

      Кемшіліктері бар тауар дәл сондай маркалы (модельді, артикулді) тауарға ауыстырылған кезде бағаны қайта есептеу жүргізілмейді.

      Шартты бұзған кезде тұтынушымен есеп айырысу тауардың сатып алу кезіндегі бағасының негізінде жүргізіледі.";

      8-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) Электрондық саудада тауарды өткізген кезде тауарды жеткізу мүмкіндігі және оның құны туралы ақпарат тұтынушыға сатып алу-сату шарты жасалғанға (немесе ақысы төленгенге) дейін берілуге тиіс;";

      мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:

      "10. Электрондық саудада тұтынушыға сатып алу-сату шартын жасар алдында жеткізудің немесе шартты орындаудың басқа да талаптары туралы ақпарат қолжетімді болуға тиіс.".

      7) 4-тарау мынадай мазмұндағы 33-1-баппен толықтырылсын:

      "33-1-бап. Электрондық сауда алаңының міндеттері

      1. Тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында электрондық сауда алаңы сатушылардың орынсыз әрекеттеріне және олардың заңсыз сауданы болдырмау үшін дәйексіз ақпаратты ұсынуына жол бермеу жөніндегі ішкі рәсімдердің болуын қамтамасыз етуге міндетті.

      2. Электрондық сауда алаңы пайдаланатын бағдарламалық қамтылым, электрондық сауданы және электрондық сауда алаңының жұмысын қамтамасыз ететін және сүйемелдейтін техникалық кешендер қорғалған байланыс арналары арқылы жүзеге асырылуға тиіс.".

      33. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; 2018 жылғы 18 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-баптың 21) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "21) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша айқындалған, өзіне мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру және есепке алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыру жөніндегі міндеттер, сондай-ақ мемлекеттiк мүлік жөніндегі уәкiлеттi орган бекiткен тiзбеге сәйкес мемлекеттiк мүлік жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң активтерін басқару мен пайдалану жөніндегі функциялар жүктелген, мемлекеттің жарғылық капиталына қатысуымен заңды тұлға;";

      2) 14-бапта:

      мынадай мазмұндағы 26-1), 26-2), 26-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "26-1) мемлекеттік материалдық резервті және Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жедел басқаруындағы мүлікті қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті мүлікпен қамтамасыз етеді;

      26-2) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторға сенімгерлік басқаруына береді;

      26-3) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін басқару мен қамту бойынша мемлекеттік тапсырманы орындау үшін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторды қаржыландыруды жүзеге асырады;";

      3) 75-бапта:

      11-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "Мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша салық мiндеттемелерi сенiмгерлiк басқарушының орындауына жататын мемлекеттiк мүлiктiң түрлерi мен санаттары мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беру қағидаларында айқындалады.";

      4) 101-баптың 6-тармағының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорынды сатып алу-сату шарттарында сатып алушы кәсіпорын қызметінің тоқтатылуын тіркеу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына жүгінетін мерзімдер туралы талаптар болуға тиіс.";

      5) 200-бапта:

      9-тармақ мынадай мазмұндағы 10), 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:

      "10) өзіне сенімгерлік басқаруға берілген, мемлекеттiк мүлік жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң активтерін тиісінше пайдалану жай-күйінде сақтайды;

      11) өзіне сенімгерлік басқаруға берілген мемлекеттiк мүлік жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң мүлкін басқару және пайдалану жөніндегі, сондай-ақ мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеке әріптестерге берілген мемлекеттiк мүлік жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi активтерінің мониторингі жөніндегі функцияларды жүзеге асырады;

      12) өзіне сенімгерлік басқаруға берілген мемлекеттiк мүлік жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң активтері бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне мәліметтер енгізеді.

      Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың функцияларын мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның шешімі бойынша Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес ұқсас функцияларды орындау үшін айқындалған, жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуымен заңды тұлға жүзеге асыруға құқылы

      Бірыңғай оператордың мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау тәртібі мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шартында айқындалады.".

      34. "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 21-22,
115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 8-II, 66-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 22-III, 109-құжат; № 23-V, 113-құжат):

      1) 8-бап мынадай мазмұндағы 10-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-2) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган ұсынған тауар биржалары арқылы мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізу тәртібін келіседі;";

      2) 18-баптың 7 және 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін беру кестесінің және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағында бөлшек сауда арқылы өткізуге бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін тұтыну болжамының негізінде ай сайын, жоспарланған айдың алдындағы айдың 25 күнінен кешіктірмей алдағы күнтізбелік айға мұнай өнімдерін жеткізу жоспарын бекітеді және оны өзінің ресми интернет-ресурсында жариялайды.

      Мұнай өнімдерін жеткізу жоспарында:

      1) өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының көлемінен өндірілген мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының ішкі нарығына жеткізуге міндетті мұнай өндірушілерінің және мұнай берушілердің тізбесі;

      2) әрбір мұнай өндіруші және мұнай жеткізуші Қазақстан Республикасының iшкi нарығына келесi күнтiзбелiк айда жеткiзуге мiндеттi мұнай өнiмдерiнiң әр түрiнiң көлемi;

      3) әрбір мұнай өндіруші және мұнай жеткізуші Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес тауар биржалары арқылы сатуға міндетті мұнай өнімдерінің әрбір түрінің көлемі көрсетіледі.

      8. Мұнай өнімдерінің өндірушілері және мұнай жеткізушілер мұнай өнімдерін жеткізудің бекітілген жоспарына сәйкес өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының көлемінен өндірілген мұнай өнімдерін жеткізуді жүзеге асыруға міндетті.";

      3) 21-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

      "8. Тауар биржалары арқылы мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізу тәртібін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындайды.".

      35. "Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 5-6, 29-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 21-I, 121-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат):

      11-1-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік корпорация "бір терезе" қағидаты бойынша жеке және (немесе) заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсету, жеке және заңды тұлғалардың міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлкі кепілін тіркеу, ғимараттарды, құрылысжайларды және (немесе) олардың құрамдастарын техникалық зерттеп-қарау, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің қызметін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тоқтату саласындағы қызметті жүзеге асыратын бірыңғай провайдер болып табылады.".

      36. "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 4-5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-III, 136-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 55-құжаттар; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):

      1) 50-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Борышкердің мүлкін өндіріп алуға тыйым салу түріндегі салдар осы Заңның 104-1-бабына сәйкес банкроттық рәсімінде борышкердің кепіл мүлкін өндіріп алу жағдайларына қолданылмайды.";

      2) 90-бапта:

      мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:

      "10. Егер кепілді кредитор осы Заңның 104-1-бабының 4-тармағында белгіленген мерзімде кепіл мүлкін өткізбесе, банкроттық басқарушы кепіл мүлкін өткізу мерзімі аяқталған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей осындай кредитордың талаптарын кредиторлар жиналысында дауыс беру құқығын беріп кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізеді.";

      мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:

      "11. Егер кепiлді кредитор талаптарының сомасы кепіл мүлкін өткізумен байланысты шығыстарды шегере отырып оны өткізуден түскен сома мөлшерінен асып кетсе, мұндай айырманы банкроттық басқарушы кепіл мүлкі өткізілген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей мұндай кредиторға кредиторлар жиналысында дауыс беру құқығын беріп, кредиторлар талаптарының тізіліміне қайтарады.";

      3) 100-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

      "7. Кепiлді кредиторлардың талаптары басқа кредиторлардың алдында басымырақ осы Заңның 104-1-бабына сәйкес кепiл мүлкін заттай қабылдау арқылы не кепіл мүлкін өткізуден алынған сома шегінде қанағаттандырылады.";

      4) мынадай мазмұндағы 104-1-баппен толықтырылсын:

      "104-1-бап. Кепiл мүлкін заттай қабылдау арқылы не кепіл мүлкін өткізуден алынған сома шегінде кепілді кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру

      1. Кредиторлар талаптарының тізілімінде кепілді кредитордың талаптары болған кезде борышкер банкрот деп танылған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде уақытша басқарушы кепілді кредиторға пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен кепiл мүлкін заттай қабылдау не оны кепілді кредитор өзі дербес өткізуі туралы ұсынысты жібереді.

      2. Кепiлдi кредитордың уақытша басқарушы ұсынысына жауабы болмаған немесе кепілді кредитор кепiл мүлкін заттай қабылдаудан не өзі дербес өткізуден бас тартқан жағдайда уақытша басқарушы хабарлама жіберген күннен бастап он жұмыс күні ішінде кепіл мүлкі банкроттың мүліктік массасына енгізіледі.

      3. Уақытша басқарушы кепілді кредитордың кепіл мүлкін заттай қабылдауға келісімі алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей кепіл мүлкін бағалауды жүргізеді жəне кепіл мүлкін кепілді кредиторға береді. Бұл ретте, осындай кредиторлардың талаптары кредиторлар талаптарының тізілімінен алып тасталады.

      Егер кепіл мүлкінің бағалау құны оны бағалауға жұмсалған шығыстарды шегергенде кепілмен қамтамасыз етілген кепілді кредитордың талаптарынан көп болса, онда айырманы кепілді кредитор кепіл мүлкі кепілді кредиторға берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей банкроттың мүліктік массасына береді.

      Егер кепіл мүлкінің бағалау құны оны бағалауға жұмсалған шығыстарды шегергенде кепілді кредитордың талаптарынан аз болса, кепілді кредитордың айырма мөлшеріндегі талаптары кредиторлар талаптарының тізілімен енгізіледі және төртінші кезек құрамында қанағаттандыруға жатады.

      4. Кепілді кредитор кепіл мүлкін өзі дербес өткізуге келіскен кезде уақытша басқарушы кепіл мүлкін мүліктік массаға енгізбейді және осындай кредитордың талаптарын кредиторлар талаптарының тізілімінен алып тастайды.

      Кепiлді кредитор Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне және (немесе) "Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепiл мүлкiн өткізеді, бұл ретте кепiл мүлкiн өткiзу мерзімі кепiлдi кредитор уақытша басқарушыға кепiл мүлкiн өзі дербес өткізуге келiсiмін жiберген күннен бастап алты айдан аспауға тиiс.

      Кепiлді кредитор банкроттық басқарушыны кепiл мүлкiн өткiзу сомасы туралы ол өткізілген күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей хабардар етедi.

      5. Кепіл мүлкі осы баптың 4-тармағында белгіленген мерзім ішінде өткізілмеген жағдайда, ондай кепіл мүлкін банкроттық басқарушы банкроттың мүліктік массасына енгізеді және мұндай кепілді кредитордың талаптары кредиторлар талаптарының тізіліміне қосылады және екінші кезек құрамында қанағаттандырылуға жатады.

      6. Егер кепіл мүлкін өткізумен байланысты шығыстарды шегергенде оны өткізуден алынған сома кепілді кредитор талаптарының сомасынан асып кетсе, осындай айырма банкроттың мүліктік массасына осындай мүлікті өткізу күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей қайтарылады.

      7. Егер кепілді кредитор талаптарының сомасы кепіл мүлкін өткізумен байланысты шығыстарды шегергенде оны өткізуден түскен сома мөлшерінен асып кетсе, кепілді кредитордың айырма мөлшеріндегі талаптары кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізіледі және төртінші кезектегі құрамда қанағаттандырылуға жатады.

      8. Борышкер банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін шарттық міндеттемелерді орындау процесінде қандай да бір сомаларды өтесе, кепілді кредиторлардың талаптары олар өтелген бөлікте қанағаттандырылуға жатпайды.

      Кепіл мүлкін жоғалтқаны немесе зақымдағаны үшін сақтандыру өтемі жағдайында кепілді кредиторлардың талаптары ол өтелген бөлікте қанағаттандырылуға жатпайды және осы осы талаптардың кез келген өтелмеген бөлігі екінші кезек шеңберінде өтелуге тиіс.".

      37. "Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы" 2015 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасының Парламентінің Жаршысы 2015 ж., № 11, 51-құжат):

      4-баптың 1), 3) және 5) тармақшаларындағы "қолдану" деген сөз алып тасталсын;

      4-баптың 4) тармақшасындағы "шараларын қолдану туралы" деген сөздер "шаралары мәселелері жөніндегі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      38. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-ІІІ, 108-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 22-бапта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "22-бап. Салық кодексінің 166-бабының қолданысы 2020 жылғы
1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:";

      2) тармақшада:

      отыз екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бірлігі үшін бағасы";

      мынадай мазмұндағы отыз бесінші – қырық екінші абзацтармен толықтырылсын:

      "10) уәкілетті орган фискалды деректер операторымен бірлесіп айқындайтын тауарлар номенклатурасында көрсетілген тауар атауы.

      Осы тармақшаның ережесі тауардың атауы тауарлар номенклатурасында болмаған жағдайларына қолданылмайды;

      11) сатып алынатын тауардың, жұмыстардың, қызметтердің саны, олардың өлшем бірлігі;

      12) тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасы;

      13) егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болса, қосылған құн салығы салынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар бойынша мөлшерлеме көрсетілген қосылған құн салығының сомасы;

      14) бақылау-касса машинасын пайдалану орнының мекенжайы;

      15) бақылау-касса машинасының чегі туралы кодталған түрдегі ақпаратты қамтитын штрих коды.

      Осы тармақтың 10), 15) тармақшаларының ережелері деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарының чектеріне қолданылмайды.";

      3) тармақша алып тасталсын;

      2) 23-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "23-бап. Салық кодексінің 167, 168 және 169-баптарының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы баптар мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:";

      3) 33-бапта:

      екі жүз алпыс жетінші абзац алып тасталсын;

      екі жүз жетпіс екінші абзацтағы "жүзеге асыратын төлемдер жатады." деген сөздер алып тасталып, кейін мынадай мазмұндағы екі жүз жетпіс үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамды жерлеуге арналған біржолғы төлем түрінде жеке тұлғаларға жүзеге асыратын төлемдер жатады.";

      екі жүз тоқсан бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алынған мүлікті өткізуден түсетін кірісі;";

      төрт жүз он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Егер осы Кодекстің 77-тарауында өзгеше тәртіп белгіленбесе, шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің кірісі осы бапқа сәйкес айқындалады.";

      бес жүз қырық бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "қайтыс болуы туралы анықтама немесе қайтыс болуы туралы куәлік болған кезде – жерлеуге арналған төлемдер.";

      бес жүз сексен төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Салық агенті жеке тұлғаның кірісіне осы баптың 1-тармағының 13), 14) және 18) тармақшаларында көзделген кіріс түзетуді жеке тұлғаның осындай кірістен жеке табыс салығын ұстап қалу күнінен кеш өтініш жасауы себебінен қолданбаған жағдайда, жеке тұлға осындай кірістен жеке табыс салығын ұстап қалуды жүргізген салық агентіне өтініш пен растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы, солардың негізінде салық агенті осы Кодекстiң 48-бабының 2-тармағында көзделген талап қою мерзімінің өтуі шегiнде кірістерді қайта есептеуді жүргізеді.";

      алты жүз төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Міндетті зейнетақы жарналары түріндегі салықтық шегерімді және осы Кодекстің 345-бабының 1-тармағында көрсетілген зейнетақы төлемдері бойынша салықтық шегерімді қоспағанда, салық агенті салықтық шегерімдерді төлем көзінен:";

      алты жүз тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жеке тұлға салықтық кезеңде міндетті зейнетақы жарналары түріндегі салықтық шегерімді қоспағанда, салықтық шегерімнің белгілі бір түрін бір салық агентінде ғана қолдануға құқылы.";

      алты жүз оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Егер салық агенті жеке тұлғаның кірісіне салықтық шегерімдерді жеке тұлғаның осындай кірістен жеке табыс салығын ұстап қалу күнінен кеш өтініш жасауы себебінен қолданбаса, жеке тұлға осындай кірістен жеке табыс салығын ұстап қалуды жүргізген салық агентіне өтініш пен растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы, солардың негізінде салық агенті осы Кодекстiң 48-бабының 2-тармағында көзделген талап қою мерзімінің өтуі шегiнде кірістерді қайта есептеуді жүргізеді.";

      жеті жүз екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "жұмыскердің төлем көзінен салық салуға жататын, салықтық кезеңге есептелген кірістерінің сомасы,";

      жеті жүз төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында көзделген салықтық кезеңге кірісті түзету сомасы,";

      жеті жүз он тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "осы Кодекстің 345-бабының 1-тармағында және 346-бабы
1-тармағының 2) және (немесе) 3) тармақшаларында көрсетілген тәртіппен және мөлшерлерде салықтық шегерім сомасы;";

      сегіз жүз алпыс бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимін қолданатын дара кәсіпкердің салықтық кезеңдегі салық салынатын кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:";

      сегіз жүз жетпіс екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 299 және 300-баптарында белгіленген залалдарды ауыстыру тәртібіне ұқсас тәртіппен ауыстырылатын залалдар.";

      сегіз жүз жетпіс бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Дара кәсіпкердің салықтық кезеңдегі салық салынатын кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:";

      сегіз жүз жетпіс алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "осы Кодекстің 241-бабының 2-тармағының ережелерін ескере отырып, осы Кодекстің 241-бабының 1-тармағында белгіленген корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында жылдық жиынтық кірісті түзетуді айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған, салықтық кезең үшін жиынтық түрде алынған дара кәсіпкер кірісін түзету,";

      сегіз жүз жетпіс сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "осы Кодекстің 241-бабының 3-тармағында белгіленген корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында жылдық жиынтық кірісті түзетуді айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған, салықтық кезең үшін жиынтық түрде алынған дара кәсіпкер кірісін түзету,".

      2-бап.

      1. Осы Заң:

      1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 8-тармағының 5), 6), 16), 22), 23), 24), 25), 26), 28), 31), 33) тармақшаларын, 34) тармақшасының екінші-жетінші абзацтарын, 38) тармақшасының төртінші-он бірінші абзацтарын, 49), 51) тармақшаларын, 53) тармақшасының төртінші-алтыншы абзацтарын, 57) және 58) тармақшаларын, 38-тармағының 3) тармақшасының бесінші-сегізінші абзацтарын, он бірінші, он екінші абзацтарын, он бесінші-отыз төртінші абзацтарын;

      2) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағының 4) тармақшасын, 8-тармағының 1), 3), 4), 15), 18) тармақшаның екінші, алтыншы және жиырма екінші абзацтарын, 20) тармақшаларын, 34) тармақшасының сегізінші-тоғызыншы абзацтарын, 36), 40), 42), 43), 44), 45), 46), 47), 54) және 55) тармақшаларын, 38-тармағының 1) тармақшасын;

      3) 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 1), 2) тармақшаларын, 4-тармағының 2), 3) тармақшаларын, 7-тармағының 2), 6), 8) тармақшаларын, 8-тармағының 2), 7), 8), 10), 11), 12), 13), 14), 21), 27), 28), 29), 32), 35), 38), 39), 41), 50), 53) тармақшаларын, 11-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 11), 12), 13) тармақшаларын, 12-тармағын, 13-тармағының 1), 3) тармақшаларын, 18-тармағының 1), 2) тармақшаларын, 19-тармағының 4) тармақшасын, 27-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларын, 28-тармағының 1) тармақшасын, 33-тармағының 4) тармақшасын, 35-тармағын;

      4) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 8-тармағының 19), 30), 48) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады