Бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу шеңберінде табиғи монополиялар және квазимемлекеттік сектор субъектілері көрсететін міндетті қызметтердің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 939 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 10 тамыздағы № 659 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2023 № 659 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің
84-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу шеңберінде табиғи монополиялар және квазимемлекеттік сектор субъектілері көрсететін міндетті қызметтердің тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 939 қаулысымен
бекітілген

Бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу шеңберінде табиғи монополиялар және квазимемлекеттік сектор субъектілері көрсететін міндетті қызметтердің тізбесі

      1. Бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу шеңберінде табиғи монополиялар субъектілері көрсететін міндетті қызметтердің тізбесі.



Р/с№

Табиғи монополиялар субъектілері көрсететін міндетті қызметтер

Табиғи монополиялар субъектілері*

1

2

3

1

Магистральдық құбыржолдардың күзет аймағында жұмыстарды жүргізуге рұқсаттар беру

Қызметін:
мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге экспорттау мақсатында оларды тасымалдауды қоспағанда, магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау;
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге экспорттау мақсатында тауарлық газды сақтауды, тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау аясында жүзеге асыратын заңды тұлғалар

2

Магистральдық мұнай құбырының желілік құрылыстармен қиылысуын келісу

Қызметін:
мұнай және (немесе) мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге экспорттау мақсатында оларды тасымалдауды қоспағанда, магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау;
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге экспорттау мақсатында тауарлық газды сақтауды, тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау аясында жүзеге заңды тұлғалар

3

Құбыржолды қолданыстағы магистральдық құбыржолға қосуға арналған техникалық шарттар беру

Қызметін:
мұнай және (немесе) мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге экспорттау мақсатында оларды тасымалдауды қоспағанда, магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау;
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге экспорттау мақсатында тауарлық газды сақтауды, тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау аясында жүзеге асыратын заңды тұлғалар

4

Газбен жабдықтау үшін газ тарату станциясын және газ құбырлары - тарамдарын қосуға арналған техникалық шарттар беру

Қызметін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тауарлық газды сақтауды, тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау аясында жүзеге асыратын заңды тұлғалар

5

Кен орнынан газ құбырын қосуға арналған техникалық шарттар беру

Қызметін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тауарлық газды сақтауды, тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау аясында жүзеге асыратын заңды тұлғалар

6

Тұтыну объектілерін энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның жылу желілеріне қосуға арналған техникалық шарттар беру

Қызметін топырақтың жылуын, жерасты суларды, өзендерді, су айдындарын өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау аясында жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар

7

Тараптардың теңгерімдік тиесілігінің және пайдалану жауапкершілігінің шекараларын бөлу актісін беру

Қызметін топырақтың жылуын, жерасты суларды, өзендерді, су айдындарын өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып, өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау аясында жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар

8

Иесі өзгерген, меншік иесі ауысқан кезде бұрын берілген тараптардың теңгерімдік тиесілігінің және пайдалану жауапкершілігінің шекараларын бөлу актісін қайта ресімдеу

Қызметін топырақтың жылуын, жерасты суларды, өзендерді, су айдындарын өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып, өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау аясында жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар

9

Сәйкестік туралы декларацияға қол қою (сыртқы инженерлік коммуникациялардың сәйкестігі туралы декларацияға қол қою)

Қызметін топырақтың жылуын, жерасты суларды, өзендерді, су айдындарын өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып, өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау аясында жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар

10

Қайта жөнделген жабдықты жуу және тығыздау жөніндегі жұмыстардың орындалуын қабылдау актісін беру, сондай-ақ дроссель құрылғыларын пломбалау

Қызметін топырақтың жылуын, жерасты суларды, өзендерді, су айдындарын өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып, өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау аясында жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар

11

Алдағы жылыту маусымына жылу тұтынатын қондырғылар мен жылу желілерінің техникалық әзірлігі актісін беру

Қызметін топырақтың жылуын, жерасты суларды, өзендерді, су айдындарын өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып, өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау аясында жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар

12

Тұтынушының жазбаша өтініші бойынша жылу желісіне қосу/жылу желісінен ажырату

Қызметін топырақтың жылуын, жерасты суларды, өзендерді, су айдындарын өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып, өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау аясында жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар

13

Егер тұтынушы белгіленген тәртіппен пайдаланған жылу энергиясы үшін ақы төлемегені үшін ажыратылса, жылумен жабдықтау жүйесіне қосу

Қызметін топырақтың жылуын, жерасты суларды, өзендерді, су айдындарын өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып, өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау аясында жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар

14

Жылу тұтыну жүйесін жылумен сапасыз жабдықтау тұрғысынан қарап-тексеру (тұтынушының жазбаша өтініші немесе телефонограмма бойынша)

Қызметін топырақтың жылуын, жерасты суларды, өзендерді, су айдындарын өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып, өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау аясында жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар

15

Жылу жүйелерін гидравликалық сынау

Қызметін топырақтың жылуын, жерасты суларды, өзендерді, су айдындарын өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып, өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау аясында жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар

16

Кiрме жолдардың магистральдық және станциялық жолдарға жалғасуына келісім беру

Қызметін:
контейнерлермен жүктерді тасымалдау, бос контейнерлерді тасымалдау және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктерді транзиттік тасымалдаулар кезінде магистральдық теміржол желісі көрсететін қызметтерді қоспағанда, магистральдық теміржол желілері;
бәсекелес теміржол болмаған кезде концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдар көрсететін қызметтер аясында жүзеге асыратын заңды тұлғалар

17

Уәкілетті органмен келісу бойынша жолаушылар тасымалын автоматтандырылған басқару жүйесіне қолжетімділікті ұсыну

Қызметін:
контейнерлермен жүктерді тасымалдау, бос контейнерлерді тасымалдау және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктерді транзиттік тасымалдаулар кезінде магистральдық теміржол желісі көрсететін қызметтерді қоспағанда, магистральдық теміржол желілері;
бәсекелес теміржол болмаған кезде концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдар көрсететін қызметтер аясында жүзеге асыратын заңды тұлғалар

18

Субъектінің электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматты жүйесінің электр энергиясын коммерциялық есепке алудың интеграцияланған автоматты жүйесіне қосылуына арналған техникалық шарттар беру

Қызметін электр энергиясын беру аясында жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар

19

Сыртқы электрмен жабдықтау схемасын келісу

Қызметін электр энергиясын беру аясында жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар

20

Мамандандырылған автокөлік құралдарын және басқа да көлемді емес жүктерді 0,4-220 кВольт әуе желілерінің астынан өткізу

Қызметін электр энергиясын беру аясында жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар

21

Тұтынушылардың өтінімдері бойынша электр желілеріне қосу

Қызметін электр энергиясын беру аясында жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар

22

Электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пломбалау

Қызметін электр энергиясын беру аясында жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар

23

Электр желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттар беру

Қызметін электр энергиясын беру аясында жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар

24

Қосымша қуаттылықты босатуды келісу

Қызметін электр энергиясын беру аясында жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар

25

Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелеріне қосылуға арналған техникалық шарттар беру

Қызметін сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың аясында жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар

26

Тұтыну объектілерін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелеріне қосуға рұқсат беру

Қызметін сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың аясында жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар

27

Су өлшеуіш торабының айналма сызығының тиекті арматурасында суды коммерциялық есепке алу аспаптарын пломбалау

Қызметін сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың аясында жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар

28

Теңгерімдік тиесілігін бөлу шекарасының актісін беру (сумен жабдықтау және су бұру желілерінің теңгерімдік тиесілгін және пайдалану жауапкершілігін бөлу шекаралары бойынша акт)

Қызметін сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың аясында жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар

      Ескертпе:

      * бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу шеңберінде міндетті қызметтер көрсететін табиғи монополиялар субъектілері "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының
2) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган қалыптастыратын табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiне сәйкес айқындалады.

      2. Бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілері көрсететін міндетті қызметтердің тізбесі.



Р/с

Квазимемлекеттік сектор субъектілері көрсететін міндетті қызметтер

Квазимемлекеттік сектор субъектілері

1

2

3

1

Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қызмет көрсету объектісі мен басқа да құрылыс түрлерін салуға жер учаскелерін таңдауды келісу

Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор

2

Телекоммуникация желілерінің күзет аймақтарында жұмыс жүргізуге техникалық шарттар беру

Телекоммуникация саласында қызметін жүзеге асыратын квазимемлекеттік сектор субъектілері (байланыс желісін/құрылысын пайдаланатын ұйымдар)

3

Құрылыс жобаларын әзірлеу, сондай-ақ елді мекен аумағында инженерлік желілер мен телекоммуникация құрылыстарын жобалау бойынша техникалық шарттар беру

Телекоммуникация саласында қызметін жүзеге асыратын квазимемлекеттік сектор субъектілері (инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер)

4

Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларының бизнес-жоспарлары мен конкурстық құжаттамасының сараптамасы

Жергілікті атқарушы органдар сараптама жүргізуге уәкілеттік берген заңды тұлғалар

5

Концессиялық жобалардың, концессия шарттарының конкурстық құжаттамасының, концессиялық өтінімдердің сараптамасы

Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы, жергілікті атқарушы органдар сараптама жүргізуге уәкілеттік берген заңды тұлғалар

6

Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы

Жергілікті атқарушы органдар сараптама жүргізуге уәкілеттік берген заңды тұлғалар

7

Нысаналы трансферттер мен республикалық бюджеттен бөлінетін кредиттер есебінен қаржыландыру жоспарланған жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерінің экономикалық сараптамасы

Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы, жергілікті атқарушы органдар сараптама жүргізуге уәкілеттік берген заңды тұлғалар

8

Жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасы

Жергілікті атқарушы органдар сараптама жүргізуге уәкілеттік берген заңды тұлғалар

9

Ветеринариялық сертификат беру

Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады