Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 596 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 136 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Руслан Ерболатұлы Дəленов Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі болып тағайындалсын.

      2. Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі міндетінен босатылсын.

      3. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 596 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі болып тағайындалсын.".

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады