"АЭС Өскемен ГЭС" және "АЭС Шүлбі ГЭС" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жарғылық капиталдарындағы мемлекеттік қатысу үлестерін сату бойынша екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс өткізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 37 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 223 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.03.2023 № 223 қаулысымен.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 103-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "АЭС Өскемен ГЭС" және "АЭС Шүлбі ГЭС" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жарғылық капиталдарындағы мемлекеттік қатысу үлестерінің 100 (жүз) пайызын ең жоғары баға ұсынған қатысушыға сату бойынша екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс өткізсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады