"Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 919 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі А.Мамин
     

Қазақстан Республикасының Заңы

"Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы

      1-бап. "Саяси партиялар туралы" 2002 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      15-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-1-бап. Саяси партиядан Парламент Мәжілісі, мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсыну ерекшеліктері

      1. Саяси партия Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін бекіткен кезде оларға кандидаттардың жалпы санының кемінде отыз пайызы көлемінде үш санаттың өкілдерін: әйелдерді, жиырма тоғыз жасқа толмаған адамдарды, мүгедектігі бар адамдарды енгізеді.

      2. Саяси партия мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін бекіткен кезде оларға кандидаттардың жалпы санының кемінде отыз пайызы көлемінде әйелдерді және жиырма тоғыз жасқа толмаған адамдарды енгізеді.".

      2-бап.      Осы Заңның 1-бабының күші осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін тағайындалған сайлауды өткізуге байланысты туындаған құқықтық қатынастарға қолданылмайды.

      3-бап.      Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады