"Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жерлердің пайдаланылуы меи қорғалуын мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 мамырдағы № 284 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Жоба

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

      1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) 137-баптың бірінші бөлігінің 15) тармақшасындағы "бұзу түрінде жасалған бұзушылықтар, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса," деген сөздер "бұзу;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:

      "16) жер учаскесіне құқық беруді сауда-саттықта (аукциондарда), конкурстарда жүзеге асыру қажеттігіне байланысты осындай құқық беруден бас тартылған жағдайда сауда-саттықты (аукциондарды), және конкурстарды өткізбеу немесе уақытылы өткізбеу түрінде жасалған бұзушылықтар, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, - ";

      2) 710-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері осы Кодекстің 136, 137, 138 (бірінші бөлігінде), 337 (бірінші және екінші бөліктерінде), 338, 339, 340, 341, 342, 342-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.";

      екінші бөліктің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы - жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің жетпіс беске дейінгі, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға бір мыңға дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;

      2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары - жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің жетпіс беске дейінгі, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға бір мыңға дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;";

      3) 729-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы осы Кодекстің 75, 156, 172 (бірінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде (барлық қуаттағы қазандықтар, жылу желілері және жылу энергиясы бөлігінде), 193 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 199, 202, 204, 204-2, 204-3, 204-4, 250 (астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін реттеу бөлігінде), 298 (әлеуметтік инфрақұрылым объектілері бөлігінде), 300 (барлық қуаттағы қазандықтар, жылу желілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 301 (барлық қуаттағы қазандықтар және жылу желілері бөлігінде), 301-2 (барлық қуаттағы қазандықтар және жылу желілері бөлігінде), 303 (барлық қуаттағы қазандықтар және жылу энергиясы бөлігінде), 304, 305 (жылу желілері мен тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтары бөлігінде), 306 (бірінші және екінші бөліктерінде), 307 (коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар бөлігінде), 320 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 353 (кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру және кен іздеушілік жөніндегі операциялар белігінде) 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 401 (үшінші, төртінші, 4-1, бесінші, жетінші, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 402 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 405, 407-1, 407-2, 408, 408-1, 409 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 418 (1-1-бөлігінде), 455 (бірінші бөлігінде, екінші бөліктің 1), 2), 4), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында, үшінші және бесінші беліктерінде), 464, 488-1, 491-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.";

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері осы Кодекстің 146, 147, 172 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде) (барлық қуаттағы қазандықтардың жылу-механикалық жабдығын және жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) пайдалану бөлігінде), 204, 204-2, 204-3, 204-4, 301 (барлық қуаттағы қазандықтар және жылу желілері (магистральдық, орамішілік) бөлігінде), 303 (барлық қуаттағы қазандықтар бөлігінде), 304, 305 (жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзет аймақтары бөлігінде), 320 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 386, 407-1, 407-2, 408, 409 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 418 (1-1-бөлігінде), 491, 505-баптарында көзделген, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.".

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады