Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьяларына біржолғы өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 9 ақпандағы № 102 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты мертіккен (жарақат алған, жараланған, контузия алған, кәсіптік ауруға шалдыққан) немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайларда оған біржолғы өтемақы төлеу қағидалары;

      2) Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары және Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымынан зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер қайтыс болған немесе қаза тапқан кезде оларды жерлеу үшін біржолғы ақшалай өтемақы төлеу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 9 ақпандағы
№ 102 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты мертіккен (жарақат алған, жараланған, контузия алған, кәсіптік ауруға шалдыққан) немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайларда оған біржолғы өтемақы төлеу қағидалары

      1. Осы Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты мертіккен (жарақат алған, жараланған, контузия алған, кәсіптік ауруға шалдыққан) немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайларда оған біржолғы өтемақы төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 15-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты мертіккен (жарақат алған, жараланған, контузия алған, кәсіптік ауруға шалдыққан) немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайларда оған біржолғы өтемақы төлеу тәртібін айқындайды.

      2. Біржолғы өтемақы төлеу "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 15-бабына сәйкес оны алуға құқығы бар адамдарға жүргізіледі.

      3. Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты судьясының кәсіптік қызметпен одан әрі айналысу мүмкіндігін жоққа шығаратын мертігу (жарақат алу, жаралану, контузия алу, кәсіптік ауруға шалдығу) не қаза табу (қайтыс болу) мән-жайлары туралы тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 20-тарауына сәйкес жүргізіледі.

      4. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 188 және 188-1-баптарында көзделген тәртіппен және құрамда құрылатын жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты судьясының қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты мертіккенін (жарақат алғанын, жараланғанын, контузия алғанын, кәсіптік ауруға шалдыққанын) немесе қаза тапқан (қайтыс болған) фактісін растайтын қорытынды қабылдаған сәттен бастап Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының кадр қызметі (бұдан әрі – кадр қызметі) күнтізбелік жеті күн ішінде біржолғы өтемақы алуға құқығы бар адамдарды осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біржолғы өтемақы төлеуге өтініш беріп, мынадай құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы жазбаша хабардар етеді:

      1) Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы қызметтік міндеттерін атқару үстінде ауыр немесе жеңіл мертігіп (жарақат алып, жараланып, контузия алып, кәсіптік ауруға шалдығып), ол мүгедектік белгілеуге әкеп соқтырмаған жағдайда:

      медициналық қорытынды;

      2) Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы қызметтік міндеттерін атқару үстінде мертігуінің (жарақат алуының, жаралануының, контузия алуының, кәсіптік ауруға шалдығуының) нәтижесінде мүгедек болғаны белгіленген кезде:

      медициналық қорытынды;

      халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің мүгедектікті белгілеу туралы анықтамасының көшірмесі;

      3) Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы қызметтік міндеттерін атқару үстінде не қызметтік міндеттерін атқару үстінде мертігу (жарақат алу, жаралану, контузия алу, кәсіптік ауруға шалдығу) салдарынан Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотының судьясы өкілеттігін тоқтатқаннан кейін бір жыл ішінде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда:

      біржолғы өтемақы алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      кәмелетке толмаған алушының тууы туралы куәлігінің көшірмесі (егер біржолғы өтемақы алуға құқығы бар адам кәмелетке толмаған болса);

      қайтыс болу туралы куәліктің немесе хабарламаның көшірмесі;

      мұрагерлікке құқық туралы куәліктің көшірмесі.

      5. Біржолғы өтемақы алуға құқығы бар адамдар өтініш берген кезде кадр қызметі осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттардың толықтығы мен дұрыс ресімделуін тексереді және оны осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біржолғы өтемақы төлеуге өтініштерді тіркеу журналына тіркейді.

      Тиісті құжаттар толық ұсынылмаған және (немесе) олар дұрыс ресімделмеген жағдайда кадр қызметі өтініш берушіге бес жұмыс күні ішінде өтінішті осы Қағидалардың 4-тармағының талаптарына сәйкес келтіруді ұсынады.

      Егер өтініш беруші осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген мерзімде өтінішті талаптарға сәйкес келтірмесе, кадр қызметі оны қайтарады.

      6. Кадр қызметі өтінішті журналға тіркеп, он жұмыс күні ішінде біржолғы өтемақы алушыға іс қалыптастырады және оны қаржы қызметіне жібереді.

      Қаржы қызметі дайындаған өтемақы сомасы туралы есепті іске қоса тіркеп, кадр қызметі істі өтемақы төлеу туралы бұйрықтың жобасымен Конституциялық Сот Аппаратының Басшысына ұсынады. Конституциялық Сот Аппаратының Басшысы үш жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды.

      Егер Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты судьясының өкілеттігі өзіне қатысты соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне байланысты тоқтатылған болса, ол өтемақы алу құқығынан айырылады.

      7. Біржолғы өтемақы төлеу өтініш берушінің банктік шотына не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы өтініш берушінің шотына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтініш берілген сәттен бастап екі ай ішінде аудару жолымен жүзеге асырылады.

      Кәмелетке толмаған алушыға біржолғы өтемақы төлеу өтініш берілген сәттен бастап екі ай ішінде оның өтініште көрсетілген шотына аудару жолымен жүргізіледі, бұл туралы қамқоршылық және қорғаншылық органдарына немесе оның заңды өкілдеріне бір мезгілде хабарланады.

  Қазақстан Республикасы
Конституциялық Сотының
судьясы қызметтік міндеттерін
атқаруына байланысты
мертіккен (жарақат алған,
жараланған, контузия алған,
кәсіптік ауруға шалдыққан)
немесе қаза тапқан (қайтыс
болған) жағдайларда оған
біржолғы өтемақы төлеу
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

  Кімге __________________
(Қазақстан Республикасы
Конституциялық Сотының
Аппараты Басшысының Т.А.Ә.
(бар болса)
кімнен ___________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар
болса)
мекенжайы: ______________
өтініш берушінің ЖСН _____

Біржолғы өтемақы төлеуге өтініш

      Сізден ________________________________________________________
(залалдың орнын толтыру үшін негіздеме көрсетіледі)

      байланысты маған біржолғы өтемақы төлеуді сұраймын.

      Маған тиесілі соманы ___________________________________________

      ______________________________________________________________

      (банктің (ұйымның) деректемелері, алушының жеке шотының нөмірі көрсетіледі)

      аударуды сұраймын.

      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:

      1.

      2.

      3.

      ___________ (күні мен өтініш берушінің қолы)

 
  Қазақстан Республикасы
Конституциялық Сотының
судьясы қызметтік міндеттерін
атқаруына байланысты
мертіккен (жарақат алған,
жараланған, контузия алған,
кәсіптік ауруға шалдыққан)
немесе қаза тапқан (қайтыс
болған) жағдайларда оған
біржолғы өтемақы төлеу
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Біржолғы өтемақы төлеуге өтініштерді тіркеу журналы

Р/с №

Өтініш түскен күн

Мертіккен, қаза тапқан Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты судьясының Т.А.Ә. (бар болса) және оның мекенжайы

Біржолғы өтемақы алушының Т.А.Ә. (бар болса) және оның мекенжайы

Біржолғы өтемақы төлеу үшін негіздеме

Қарау нәтижесі

біржолғы өтемақы сомасы

төлем құжатының нөмірі мен күні

бас тарту себебі

1

2

3

4

5

6

7

8









  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 9 ақпандағы
№ 102 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары және Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымынан зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер қайтыс болған немесе қаза тапқан кезде оларды жерлеу үшін біржолғы ақшалай өтемақы төлеу қағидалары

      1. Осы Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары және Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымынан зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер қайтыс болған немесе қаза тапқан кезде оларды жерлеу үшін біржолғы ақшалай өтемақы төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 15-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары және Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымынан зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер қайтыс болған немесе қаза тапқан кезде оларды жерлеу үшін біржолғы ақшалай өтемақы (бұдан әрі – өтемақы) төлеу тәртібін айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы немесе Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы қызметінен зейнетке шыққан зейнеткер қайтыс болған (қаза тапқан) жағдайда өтемақы алу үшін мұрагер болып табылатын адамдар (бұдан әрі – өтініш беруші) Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының кадр қызметіне (бұдан әрі – кадр қызметі) мынадай құжаттарды ұсынып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді:

      өтемақы алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      өтемақы алушының ЖСН;

      қайтыс болу туралы куәліктің немесе хабарламаның көшірмелері;

      кәмелетке толмаған өтемақы алушының тууы туралы куәлігінің көшірмесі;

      мұрагерлікке құқық туралы куәліктің көшірмесі;

      өтемақы алушының шот нөмірі туралы мәліметтер.

      Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының жұмыс істеп жүрген судьясы қайтыс болған жағдайда кадр қызметі мұрагер болып табылатын адамдарды жоғарыда көрсетілген құжаттарды тапсыру қажеттігі туралы міндетті түрде жазбаша хабардар етеді.

      3. Кадр қызметі осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген құжаттардың толықтығы мен дұрыс ресімделуін тексереді және өтінішті осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жерлеу үшін біржолғы ақшалай өтемақы төлеуге өтініштерді тіркеу журналына тіркейді.

      Тиісті құжаттар толық ұсынылмаған және (немесе) олар дұрыс ресімделмеген жағдайда кадр қызметі өтініш берушіге бес жұмыс күні ішінде өтінішті осы Қағидалардың 2-тармағының талаптарына сәйкес келтіруді ұсынады.

      Егер өтініш беруші осы тармақтың екіншi бөлігінде белгіленген мерзімде өтінішті талаптарға сәйкес келтірмесе, кадр қызметі оны қайтарады.

      Кадр қызметі өтінішті журналға тіркеп, он жұмыс күні ішінде біржолғы өтемақы алушыға іс қалыптастырады және оны қаржы қызметіне жібереді.

      4. Қаржы қызметі дайындаған өтемақы сомасы туралы есепті іске қоса тіркеп, кадр қызметі істі өтемақы төлеу туралы бұйрықтың жобасымен Конституциялық Сот Аппаратының Басшысына ұсынады. Конституциялық Сот Аппаратының Басшысы үш жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды.

      5. Өтемақы төлеу өтініш берушінің банктік шотына не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы өтініш берушінің шотына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтініш берілген сәттен бастап екі ай ішінде аудару жолымен жүзеге асырылады.

      6. Кәмелетке толмаған өтемақы алушыларға өтемақы төлеу Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 22, 22-1, 23-баптарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүргізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Конституциялық Сотының
судьялары және Қазақстан
Республикасы Конституциялық
Сотының судьясы лауазымынан
зейнеткерлікке шыққан
зейнеткерлер қайтыс болған
немесе қаза тапқан кезде оларды
жерлеу үшін біржолғы ақшалай
өтемақы төлеу қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

  Кімге_____________________
(уәкілетті орган басшысының
  Т.А.Ә. (бар болса)
  кімнен __________________
(Т.А.Ә. (бар болса)
  мекенжайы: ______________
өтініш берушінің ЖСН _____

Жерлеуге біржолғы ақшалай өтемақы төлеуге өтініш

      Сізден _________________________________________________________
(қайтыс болған адамның Т.А.Ә. (бар болса)

      қайтыс болуына байланысты маған жерлеуге біржолғы ақшалай өтемақы төлеуді сұраймын.

      Қайтыс болған күні: ________________________________.

      Маған тиесілі соманы мынаған аударуды сұраймын:

      банктің (ұйымның) атауы: __________________________;

      банктің (ұйымның) БСК: ____________________________;

      банктің (ұйымның) ЖСК: ___________________________;

      шот нөмірі:_______________________________________.

      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:

      1.

      2.

      3.

      Толтырылған күні: _________________

      Өтініш берушінің қолы: _____________

  Қазақстан Республикасы
Конституциялық Сотының
судьялары және Қазақстан
Республикасы Конституциялық
Сотының судьясы лауазымынан
зейнеткерлікке шыққан
зейнеткерлер қайтыс болған
немесе қаза тапқан кезде оларды
жерлеу үшін біржолғы ақшалай
өтемақы төлеу қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Жерлеуге біржолғы ақшалай өтемақы төлеуге өтініштерді тіркеу журналы

Р/с №

Өтініш түскен күн

Қайтыс болған адамның Т.А.Ә. (бар болса)

Біржолғы өтемақы алушының Т.А.Ә. (бар болса) және оның мекен-жайы

Біржолғы өтемақы төлеу үшін негіздеме

Қарау нәтижесі

біржолғы өтемақы сомасы

төлем құжатының нөмірі мен күні

бас тарту себебі

1

2

3

4

5

6

7

8










Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады