"М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамына зерттеу университеті мәртебесін беру және оның 2024 – 2028 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 25 қарашадағы № 1042 қаулысы

      "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 8) тармақшасына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 21-6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамына зерттеу университеті мәртебесі берілсін.

      2. Қоса беріліп отырған "М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2024 – 2028 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 25 қарашадағы
№ 1042 қаулысымен
бекітілген

"М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2024 – 2028 жылдарға арналған ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мазмұны

      1-бөлім. Кіріспе

      2-бөлім. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ағымдағы жағдайы мен ұзақ мерзімді мақсаттарын ескере отырып, перспективаларын сипаттау

      3-бөлім. Даму бағдарламасының талдамалық және болжамдық негіздеу блогы

      1-кіші бөлім. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті қызметінің жай-күйін, түйінді проблемалары мен олардың себептерін талдау

      2-кіші бөлім. Ұжымның инновациялық әлеуетін бағалау

      3-кіші бөлім. Еңбек нарығының кадрларға сұранысқа өзгеру процестерінің болжамы

      4-бөлім. Даму бағдарламасының пайымы

      5-бөлім. Даму бағдарламасының миссиясы

      6-бөлім. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіндегі даму бағдарламасының стратегиялық блогы

      1-кіші бөлім. Қазақстанның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі орны мен рөлі

      2-кіші бөлім. Академиялық саясат

      3-кіші бөлім. Инновациялық әлеуетті дамыту және оған қол жеткізу

      4-кіші бөлім. Ғылыми-техникалық әзірлемелерді коммерцияландыру

      5-кіші бөлім. Оңтүстік өңірдің әлеуметтік-мәдени дамуына М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің қосқан үлесі

      7-бөлім. Даму бағдарламасында қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары

      8-бөлім. Даму бағдарламасын іске асыру барысында күтілетін нәтиже сипаттамасы

      "М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметін SWOT-талдау

      "М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2024 – 2028 жылдарға арналған даму бағдарламасының нысаналы индикаторлары

      "М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2024 – 2028 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

1-бөлім. Кіріспе

      "М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының даму бағдарламасы (бұдан әрі – Даму бағдарламасы) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 25 қазандағы № 590 бұйрығына Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарына, "Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарына арналған тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 248 қаулысына сәйкес әзірленген.

      М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті (бұдан әрі – ОҚУ) – жоғары білікті кадрларды даярлауды, ғылыми зерттеулер жүргізуді жүзеге асыратын, экономиканың жоғары технологиялық салалары мүддесінде инновациялық әзірлемелерді орындайтын оңтүстік өңірдің ғылыми-білім беру, зияткерлік және мәдени орталығы болып табылатын, елдің көпсалалы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін ірі ұйымдардың (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) бірі.

      Осы Даму бағдарламасында университеттің 2024 – 2028 жылдарға арналған дамуының барлық жаңа кезеңдері ұсынылған, мұнда университеттің инновациялық қызметін дамыту, ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, еңбек нарығының сұранысына сәйкес жаңа форматтағы мамандарды даярлау бойынша шығармашылық және инновациялық сипатқа бағдарлау негізгі басымдықтар болып табылады.

      Қазіргі таңда ОҚУ білім, тәрбие және ғылымның негізгі бағыттарынан басқа, сондай-ақ бизнеспен, әртүрлі әлеуметтік институттармен және топтармен байланысты нығайтып, осы арқылы қоғамға әсерін күшейтіп келеді. Университетті оңтүстік өңір ауқымында Шымкент қаласы мен Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосатын, білім беру қызметтерін іске асыратын, ғылыми-инновациялық кадрлар даярлайтын ұйым ретінде қарастыруға болады.

      Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін университеттің 2024 – 2028 жылдарға арналған даму бағдарламасында Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" Жолдауында айқындалған елдің экономикалық дамуының жаңа парадигмасына сәйкес қазіргі заманғы трендтер мен сын-тегеуріндерге, ғылымды дамыту жөніндегі міндеттерге жауап беретін ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зерттеу орталығын (бұдан әрі – ҰПҒЗО) құру және университеттің инновациялық зерттеу экожүйесін жаңғырту ұсынылады.

Даму бағдарламасының паспорты

Бағдарлама атауы

"М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2024 – 2028 жылдарға арналған даму бағдарламасы.

Бағдарламаны әзірлеу үшін негіздер

1) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
2) "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
3) Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2023 жылғы 12 сәуірдегі №23-01-46.1 хаттамалық тапсырмасы;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 248 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы;
5) "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын дамыту бағдарламасының құрылымы мен әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 25 қазандағы № 590 бұйрығы.

Бағдарламаны әзірлеуші

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі – ҒЖБМ)

Мақсаты және міндеттері

Мақсаты: М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін зерттеу университетіне трансформациялау
Міндеттері:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейлерінде ғылыми қызмет пен білім беру процесін интеграциялау;
2) еліміздің индустриялық-инновациялық дамуы шеңберінде инновациялық зерттеу экожүйесін құру;
3) қазіргі жағдайда корпоративтік басқарудың университеттік моделін құру және дамыту векторлары;
4) ОҚУ-дың өңір мен ел экономикасын дамытуға үлесін арттыру.

Бағдарламаны іске асыру мерзімдері мен кезеңдері

2024 – 2028 жылдар.
I кезең – 2024 жыл;
II кезең – 2025 жыл;
III кезең – 2026 – 2027 жылдар;
IV кезең – 2028 жыл.

Қаржыландыру көздері

Қажетті қаражат:
2024 – 2028 жылдарға ОҚУ-дың жалпы кірісі 82441501 мың теңгені құрайды, оның ішінде:
1) бюджет қаражаты – 46984727 мың теңге.
Оның ішінде 2024 – 2028 ж.:
2024 жылы – 8917836 мың теңге, оның ішінде:
мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім беру қызметінен түскен қаражат – 8559963 мың теңге;
академиялық ұтқырлықтан түскен қаражат – 38787 мың теңге;
ғылыми қызметтен түскен қаражат – 302086 мың теңге;
шетелдік мамандарды тартуға арналған қаражат – 17000  мың теңге;
2025 жылы – 9260113 мың теңге, оның ішінде:
мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім беру қызметінен түскен қаражат – 8881095 мың теңге;
академиялық ұтқырлықтан түскен қаражат – 38787 мың теңге;
ғылыми қызметтен түскен қаражат – 323231 мың теңге;
шетелдік мамандарды тартуға арналған қаражат – 17000  мың теңге;
2026 жылы – 9504506 мың теңге, оның ішінде:
мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім беру қызметінен түскен қаражат – 9102861 мың теңге;
академиялық ұтқырлықтан түскен қаражат – 38787 мың теңге;
ғылыми қызметтен түскен қаражат – 345858 мың теңге;
шетелдік мамандарды тартуға арналған қаражат – 17000  мың теңге;
2027 жылы – 9651136 мың теңге, оның ішінде:
мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім беру қызметінен түскен қаражат – 9225280 мың теңге;
академиялық ұтқырлықтан түскен қаражат – 38787 мың теңге;
ғылыми қызметтен түскен қаражат – 370069 мың теңге;
шетелдік мамандарды тартуға арналған қаражат – 17000  мың теңге;
2028 жылы – 9651136 мың теңге, оның ішінде:
мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім беру қызметінен түскен қаражат – 9225280 мың теңге;
академиялық ұтқырлықтан түскен қаражат – 38787 мың теңге;
ғылыми қызметтен түскен қаражат – 370069 мың теңге;
шетелдік мамандарды тартуға арналған қаражат – 17000  мың теңге;
2) бюджеттен тыс қаражат – 35456774 мың теңге.
Оның ішінде 2024 – 2028 ж.:
2024 жылы – 6703561 мың теңге, оның ішінде:
шарттық негізде білім беру қызметінен түскен қаражат – 6162349 мың теңге;
ғылыми қызметтен түскен қаражат – 222348 мың теңге;
өзге де қызметтен түскен қаражат – 318864 мың теңге.
2025 жылы – 6913562 мың теңге, оның ішінде:
шарттық негізде білім беру қызметінен түскен қаражат – 6347219 мың теңге;
ғылыми қызметтен түскен қаражат – 237913 мың теңге;
өзге де қызметтен түскен қаражат – 328430 мың теңге;
2026 жылы – 7130485 мың теңге, оның ішінде:
шарттық негізде білім беру қызметінен түскен қаражат – 6537636 мың теңге;
ғылыми қызметтен түскен қаражат – 254566 мың теңге;
өзге де қызметтен түскен қаражат – 338283 мың теңге;
2027 жылы – 7354583 мың теңге, оның ішінде:
шарттық негізде білім беру қызметінен түскен қаражат – 6733765 мың теңге;
ғылыми қызметтен түскен қаражат – 272386 мың теңге;
өзге де қызметтен түскен қаражат – 348432 мың теңге;
2028 жылы – 7354583 мың теңге, оның ішінде:
шарттық негізде білім беру қызметінен түскен қаражат – 6733765 мың теңге;
ғылыми қызметтен түскен қаражат – 272386 мың теңге;
өзге де қызметтен түскен қаражат – 348432 мың теңге.
2024 – 2028 жылдарға қажетті бюджеттен тыс қаржыландыру 800000 мың теңгені құрайды, оның ішінде меншікті қаражат – 800000 мың теңге.
Оның ішінде 2024 – 2028 жылдар бөлінісінде:
2024 жылы – 200 000 мың теңге;
2025 жылы – 200 000 мың теңге;
2026 жылы – 200 000 мың теңге;
2027 жылы – 200 000 мың теңге.
Республикалық және жергілікті бюджеттерден қосымша қаражат талап етілмейді.

2-бөлім. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ағымдағы жағдайы мен ұзақ мерзімді мақсаттарын ескере отырып, перспективаларын сипаттау

      ОҚУ – оңтүстік өңірдегі жетекші университет, оның ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметі, өңірдің және елдің инновациялық-индустриялық және әлеуметтік-экономикалық дамуын ғылыми қамтамасыз етуге, ғылымның, білім мен инновациялардың тығыз интеграциясы негізінде жоғары білікті кадрларды даярлауда іске асырылатын қазіргі заманғы ғылыми-білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.

      Университет бүгінгі таңда шетелдік ЖЖОКБҰ тәжірибесін ескере отырып, техникалық инженерлік кадрларды оқытудың жаңа жағдайларына бағдарланған, атап айтқанда: құзыреттері экономиканы жаңғыртуды дамыту және елде жаһандық бәсекеге қабілетті өндірісті құру үшін, халықаралық талаптарға сәйкес келетін сабақтас міндеттерді шешу үшін, өз білімдерін мейлінше икемді пайдалана алатын барынша талантты және қабілетті жастарды іріктеу жүйелері. ОҚУ міндеті – инженерлік білім берудің халықаралық стандарттарын мұқият зерделеу және оларды техника мен технологиялар саласындағы білім алушыларды даярлауға бейімдеу, сондай-ақ кейіннен сертификаттау. Мұның өзі кәсіпорынға жоспарлы негізде білікті мамандарды алуға, ал білім алушыға оқу бітіргеннен кейін кепілді жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.

      Сондай-ақ университетте тәжірибеге бағдарланған тәсілге көбірек көңіл бөлінеді, дуальді оқыту нысаны қағидаттарын ескере отырып, білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады, университет бакалавриатының әрбір бесінші білім беру бағдарламасы кәсіпорындар базасында бизнес-әріптестермен бірлесіп жүзеге асырылады.

      Соның нәтижесінде ОҚУ түлектері әртүрлі бизнес-кейстерді тікелей өндірісте шеше алады.

      ОҚУ-да халықаралық деңгейде нәтиже алуды көздейтін ғылымды дамытудың келесі басым бағыттары айқындалды:

      1) минералды және техногендік шикізатты кешенді өңдеудің химиялық технологиясы; нанотехнология және наноматериалдар;

      2) өнеркәсіптік, азық-түлік және ауыл шаруашылығы биотехнологиясы;

      3) құрылыс материалдары мен құрылыстың заманауи технологиялары.

      Ұлттық және өңірлік деңгейден нәтиже алуды көздейтін ғылымды дамытудың басым бағыттары:

      1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту; ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау, өңдеу технологиясы;

      2) физика-математика ғылымдарының, механиканың теориялық және қолданбалы мәселелері; IT-технологиялар және өндірісті автоматтандыру;

      3) тоқыма және жеңіл өнеркәсіп техникасы мен технологиясы;

      4) энергия және ресурс үнемдеу, су ресурстары проблемалары; жаңартылатын энергия көздері;

      5) экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері; тыныс-тіршілік қауіпсіздігі;

      6) әдебиет теориясының, әдіснамасының, тіл білімінің, библиографияның проблемалары;

      7) халықаралық саясат; құқықтық жүйені жетілдіру.

      Зерттеу университетіне ауысқан кезде және көрсетілген басым бағыттарды іске асырылатын болса, білім беру және ғылыми-зерттеу процесінің интеграциясы мен университеттің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін айқындайтын мынадай оң нәтижелердің өсуі қамтамасыз етілетін болады:

      1) университеттердің әлемдік рейтингтеріндегі көшбасшылық позициялар;

      2) әлемдік үрдістер контексінде білім беру қызметтерінің сапасын арттыру;

      3) халықаралық білім беру кеңістігі мен интеграцияланған әртүрлі деңгейдегі инновациялық білім беру бағдарламаларын іске асыру;

      4) шетелдік азаматтар мен халықаралық әріптестер үшін университеттің тартымдылығы;

      5) ғылым, білім беру және өндірістің тиімді интеграциясы, технологиялардың өңір экономикасына тиімді трансфертін қамтамасыз ету;

      6) әлемдік деңгейде ғылым, технологиялар мен техниканы дамытудың басым бағыттарының кең ауқымы бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулердің коллаборациясы;

      7) кадрлық және ғылыми-техникалық әлеуетті тиімді пайдалану;

      8) жастар мен еріктілердің дамуына, оларды елдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау.

      Ғылыми-зерттеу университеті және инновациялық-бағдарланған кластерлер орталығы ретінде ОҚУ-ға Даму бағдарламасында қойылған мақсаттар мен міндеттер, ғылымды нақты өндірістік құрылымға көшіруге және кәсіптік жоғары білім беру сапасын арттыруға, елдің ірі өнеркәсіптік, сауда және мәдени орталығы – Шымкент қаласының тұрақты экономикалық өсуі мен экономикалық даму процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.

3-бөлім. Даму бағдарламасының талдамалық және болжамдық негіздеу блогы

1-кіші бөлім. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті қызметінің жай-күйін, түйінді проблемалары мен олардың себептерін талдау

      2023 жылғы Азиядағы үздік университеттердің QS Asia University Rankings (КуЭс Азия Юниверсити Рэнкингс) рейтингінде 177-ші орында. 2023 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті алғаш рет Quacquarelli Symonds (Куакуарелли Саймондс) беделді британдық рейтинг агенттігінің аудитінен өтті, оның нәтижелері бойынша жоғары баға – 4 жұлдызға ие болды.

      Университеттердің дүниежүзілік UI Green Metric World University Rankings (ЮАй Грин Метрик Ворлд Юниверсити Рэнкингс) рейтингінде ОҚУ 956 ЖЖОКБҰ арасында 260 орында. "Ranking by Campus Setting-2021" (Рэнкинг бай Кампус Сеттинг) өлшемшарттарында университет 170 жоғары оқу орнының ішінен әлемде 34-орынға ие болды. GreenMetric "Ranking by Region 2021-Asia" (Гринметрик "Рэнкинг бай Риджон") өңірлік рейтингінде 170-ші орынды иеленіп, ТОП – 200-ге кіреді.

      Times Higher Education – ImpactRankings (Таймс Хайер Эдукэйшн – ИмпактРэнкингс) компаниясының халықаралық рейтингінде алғаш рет 2022 жылы ОҚУ үздік 1001+ қатарына кірді. Азия-Тынық мұхиты өңірінің Rank Pro by Subjects-2022 (Рэнк Про бай сабджектс) өңірлік рейтингінің нәтижелері бойынша мыналар атап өтілген: биология ғылымдары – ТОП – 351-400, химия ғылымдары – ТОП – 301-350, инженерия және технологиялар – ТОП – 351-400, математика – ТОП – 351-400. Білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (бұдан әрі – БСҚТА) өткізетін 2023 жылғы Қазақстанның үздік ЖЖОКБҰ ұлттық рейтингінің қорытындысы бойынша ОҚУ 2-орында.

      2022 жылы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы рейтингінде ТОП – 3-ке 17 білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – ББ) кірді. ТОП – 5-ке 28 ББ, ТОП–10-ға 34 ББ кіреді.

      Академиялық даму аясында университет қазіргі еңбек нарығының талаптарына сай келетін бәсекеге қабілетті түлектерді сапалы даярлауды күшейту міндетін қояды. ОҚУ білім алушыларының жалпы контингенті 24517 адамды құрайды, оның ішінде бакалавриат – 22994 (93,8 %), магистратура – 1355 адам (5,5 %); PhD докторантура – 168 (0,7 %). Шетелдік студенттер саны – 3284 адам (13,4 %).

      Бүгінде ОҚУ білім беру браунфилдін трансформациялау жағдайында. Университет білім беру траекторияларын дараландыру қағидатын негізге ала отырып, білім беру кеңістігін өзгерткен еліміздің алғашқы ЖЖОКБҰ-ның бірі болып табылады.

      Пилоттық режимде 2022 – 2023 оқу жылында "Туризм және қонақ үй бизнесі" бағыты бойынша қолданбалы бакалавриаттың екі білім беру бағдарламасы іске қосылды.

      207 білім беру бағдарламасының (жалпы санының 70 %-ы) аккредиттеу туралы куәлігі бар.

      11 бағдарламаны ASIIN (АСИИН) халықаралық агенттігімен сәтті аккредиттеген, оның ішінде 4 бакалавриат бағдарламасы Еуробакалавр сапа белгісін, 3 магистратура бағдарламасы химия саласындағы үздік білім беру бағдарламаларына берілетін Еуромастер сапа белгісін алды.

      Білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде стейхолдерлердің талаптары, кәсіптік стандарттар, жаңа кәсіптер атласы, жетекші шетелдік ЖЖОКБҰ тәжірибесі ескеріледі. Мәселен, оңтүстік өңірі кәсіпорындарының тапсырысы бойынша инновациялық ББ үлесі 3,5 %, пәнаралық ББ 8,6 % құрайды.

      Университетте оқытудың инновациялық көптілді моделін құру мақсатында педагогикалық, инженерлік-техникалық, гуманитарлық және жаратылыстану ғылыми бағыттары бойынша 23 ББ ағылшын тілінде оқыту жүзеге асырылады, оның ішінде бакалавриат бойынша – 13, магистратура бойынша – 6 және докторантура бойынша – 4. Кәсіпорындар базасында бизнес-әріптестермен бірлесіп іске асырылатын бакалавриаттың әрбір бесінші білім беру бағдарламасы (38 ББ) дуальді оқыту нысаны қағидаттарын ескере отырып іске асырылатын ББ өсуінің оң серпіні байқалады. Сондай-ақ, "Күміс университет" жобасы бойынша 6 бағдарлама әзірленіп, енгізілді. Осы бағыттағы табыстың маркерлері кәсіпорындармен және ұйымдармен 800-ден астам шарт, оның ішінде оқу-ғылыми-өндірістік кешендер (бұдан әрі – ОҒӨК) бойынша 192 шарт болып табылады.

      Түлектердің университет бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасуы 2023 жылы 87,5 % құрады.

      ОҚУ білім беруді интернационалдандыру бойынша белсенді қызмет атқарады. Халықаралық ынтымақтастық жақын және алыс шетелдердің 200-ден астам шетелдік ЖЖОКБҰ-мен жүзеге асырылады, олардың 35-і стратегиялық әріптестер (алмасу, академиялық ұтқырлық, бірлескен ББ, тағылымдамалар және т.б.). Университет – Еуропа мен ТМД елдерінің 12 халықаралық қауымдастықтары мен консорциумдарының мүшесі, 5 университет консорциумының және 15 халықаралық ұйымның қатысушысы. ТОП – 500 QS құрамына кіретін жетекші шетелдік университеттермен әріптестікте қос диплом берілетін 11 бірлескен ББ іске асырылуда. Сондай-ақ 27 ББ бойынша ағылшын тілінде мамандар даярлау ұйымдастырылды, Эрасмус+бағдарламасы шеңберінде Қазақстанның жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру бойынша 4 халықаралық жоба іске асырылуда. "Қазақстанда дуальді жүйені енгізу" құрылымдық жобасында, ОҚУ – грантхолдер.

      Университетте бірлескен (халықаралық) 4 орталық жұмыс істейді: Француз Альянсы, Корей білім беру орталығы, TOEFL (ТОЭФЛ) өңірлік орталығы және "Ньютон – Әл-Фараби" әріптестік бағдарламасы аясында кәсіптік даму және өзара іс-қимыл орталығы.

      Университеттің кадрлық құрамы ғалымдар мен жоғары білікті мамандардан, білім, ғылым, мәдениет және спорттың еңбек сіңірген қайраткерлерінен тұрады. Құрамында ғылым докторлары – 85, бейіні бойынша доктор – 1, ғылым кандидаттары – 475, PhD докторлары – 152. Штаттық оқытушылардың үлесі 83 %-дан асады, бұл университеттің білім беру қызметінің ұйымдық орнықтылығын қамтамасыз етеді. Университетте 300 профессор "ЖОО үздік оқытушысы" байқауының жеңімпаздары, 80 – "Болашақ" халықаралық бағдарламасының түлектері, ОҚУ-дың 8 үздік ғалымы – ғылым саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары. Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг – 2023 жылдан бастап біздің университеттің профессоры.

      Университетте ғылыми және инновациялық қызметті іске асыру, өңірдің әлеуметтік-экономикалық қызметіне инновацияларды енгізу және университет ғылымының жұмыс атқаруының жаңа қағидаттарын қалыптастыру үшін зерттеушілік және кәсіпкерлік экожүйе құрылды. Профессор-оқытушылар құрамының (бұдан әрі – ОПҚ) ғылыми-зерттеу жұмысының маңызды көрсеткіштерінің бірі олардың Web of Science (Вэб оф Сайнс) және Scopus (Скопус) рейтингтік басылымдарындағы жарияланымдық белсенділігі болып табылады. 2023 жылы Web of Science (Вэб оф Сайнс) және Scopus (Скопус) импакт-факторлы ғылыми журналдарда жарияланған мақалалар саны екі базада да 320 болды. Сол жылы университет Elsevier Research Excellence Awards (Scopus Awards) (Эльзевир Рисерч Экселенс Авардс (Скопус Авардс)) сыйлығымен Industry Knowledge Transfer (Индастри Ноуледж Трансфер) номинациясында марапатталды.

      Зияткерлік меншікті қорғау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде: 2023 жылы 168 қорғау құжаты, оның ішінде 40 ҚР патенті, 1 Еуразиялық патент, 1 тауар белгісі және зияткерлік меншік объектілеріне авторлық құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы 126 авторлық куәлік алынды.

      2023 жылы ОҚУ-да 1060196,8 мың теңге сомасына 56 жоба орындалуда, оның ішінде:

      1) ҒЖБМ-ның "Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру" – 367393,5 мың теңге сомасына 4 бағдарлама;

      2) ҒЖБМ-ның "Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру" – 450802,8 мың теңге сомасына 22 жоба;

      3) ҒЖБМ-ның "Жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыру" – 46577,3 мың теңге сомасына 3 жоба;

      4) ҒЖБМ-ның "Жас ғалым" ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру – 161386,2 мың теңге сомасына 21 жоба;

      4) халықаралық гранттар – 13237,0 мың теңге сомасына 1 жоба;

      5) бастамашыл шаруашылық-шарттық ғылыми-зерттеу жұмыстары (бұдан әрі – ҒЗЖ) – жалпы сомасы 20800,0 мың теңге сомасына 4 жоба.

      Университеттің зерттеу экожүйесін дамыту аясында ОҚУ Қазақстан Республикасының 22 ғылыми-зерттеу институтымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді, оның 12-сі ҒЖБМ Ғылым комитетіне ведомстволық бағынысты. Бұдан басқа, ғылыми-зерттеу институттарымен (бұдан әрі – ҒЗИ) бірлесіп бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша 2 жоба, 9 гранттық ғылыми жоба орындалуда.

      Университет ғалымдары мен ҚР Минералдық шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталықтың бірлескен жұмысының нәтижесінде кремний оксиді көміртегімен және темірмен өзара әрекеттескен кезде темір силицидтерінің түзілуін жеделдету бойынша ғылыми жаңалық ашылды, сондай-ақ ОҚУ ғалымдары "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамымен бірлесіп титанды ыдырату жөнінде ғылыми жаңалық тіркеді. Ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды орындау үшін 2023 жылы 178 орындаушы жұмылдырылған, оның ішінде 21-і шетелдік ғалым. Ғылыми процеске 17 ғылыми зертхана, "Конструкциялық және биохимиялық материалдар" инженерлік бейіндегі 1 аккредиттелген өңірлік сертификаттық сынақ зертханасы тартылған.

      Университетте 10 ББ бойынша 6 диссертациялық кеңес жұмыс істейді: 6D070100 – Биотехнология; 8D05120 – Агроөнеркәсіптік кешеніндегі биотехнологиялық аспектілер; 8D07160 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы; 8D07170 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы; 8D07172 – Мұнай және газ өңдеу технологиясы; 8D07171 – Мұнай химиясы; 6D072400 – Технологиялық машиналар мен жабдықтар; 8D011210 – Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; 8D02310 – Филология; 8D05210 – Экология.

      Оңтүстік өңірі ауқымында ОҚУ-ды Шымкент қаласы мен Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосатын, білім беру қызметтерін іске асыратын ғылыми-инновациялық кадрлар дайындайтын ұйым ретінде қарастыруға болады. Шымкент қаласының әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының (бұдан әрі – ӘКК) тауашалық жобаларының тізбесіне ОҚУ-дың 2 жобасының кіруін, Шымкент қаласының агроөнеркәсіптік кешеніне инновациялық жетістіктерді енгізу бойынша 3 жобаның орындалуын, "2021 – 2025 жылдарға арналған Шымкент қаласын көгалдандыру және абаттандыру" жобасының әзірленуін және Шымкент қаласындағы А. Асқаров атындағы Дендрологиялық паркті дамыту тұжырымдамасының әзірленуін жергілікті атқарушы органдармен ынтымақтастық нәтижесі ретінде атап айтуға болады.

      Мектеп борын, ыстыққа төзімді зертханалық ыдыс-аяқтарды, антисептиктерді, тұрмыстық химияны, минералды тыңайтқыштарды және өсімдіктердің өсу стимуляторларын, стевиозид өндіретін инновациялық өндірістер ұйымдастырылды, сондай-ақ инновациялық технология бойынша экологиялық таза кептірілген жемістер өндіру желісі іске қосылды. Түркістан облысы Қазығұрт ауданы "Қазығұрт" индустриялық аймағында газоблоктар шығаратын зауытты жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

      Білім, ғылым және бизнестің ынтымақтастығы мен интеграциясын ұйымдастыру, сондай-ақ аяқталған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік- конструкторлық жұмыстарды (бұдан әрі – ҒЗТКЖ) коммерцияландыру инфрақұрылымын дамыту үшін университет ғылымды қажет ететін бизнестің инкубаторы және университеттің ғылыми қызметінің практикалық негізі ретінде қызмет ететін "Жаскешу" аграрлық ғылыми-технологиялық орталығын құрды.

      Ыңғайлы жағдай жасау және ғылыми және ақпараттық сұраныстарға қажеттілікті қамтамасыз ету үшін университет пайдаланушыларына толық мәтінді 17 дерекқорға online-қолжетімділік ашылды: "ШпрингерЛинк", "Интегрум", "Полпред", "Thomson Reuters ISI Web of Knowledge"(Томсон Рейтерс ИСИ Вэб оф Ноуледж), (Сайнс), "Elsevier" (Эльзевир), "EBSCO" (ЭБСКО); қазақстандық дерекқорлары: "ҚазПАТЕНТ", "ҚР стандарттары", "Адам құқықтары жөніндегі цифрлық кітапхана", "Заң". Сондай-ақ зияткерлік меншік саласының халықаралық базаларына online-қолжетімділік қамтамасыз етілген: Еуразиялық патенттік ұйым (www.eapo.org), Еуропалық патенттік бюро (ESP@CENET), Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (PATENTSCOPE), АҚШ патенттік ведомствосының ұлттық базасы (USPTO PatFT/AppFT), Ресей патенттік базасы (www.fips.ru), сондай-ақ қазақстандық Қазақстан Республикасының Ұлттық патенттік ведомствосы. Университетте төрт ғылыми журнал шығарылады: "Industrial Technology and Engineering" (Индастриал Технолоджи энд Инжиниринг); "Оңтүстік Қазақстан ғылымының хабаршысы", "Auezov University" (Ауэзов Юниверсити) және "Қазақтану".

      Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысы университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарының маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. "Зерттеу арқылы оқыту" қағидатын іске асыру студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге белсенді қатысуын негіздейді. Қазіргі уақытта ОҚУ-да 12 студенттік ғылыми қоғам (бұдан әрі – СҒҚ), 82 студенттік ғылыми үйірме (бұдан әрі – СҒҮ), "Механик", "Автомобилист", "Биотехника" атты 3 студенттік конструкторлық бюро (бұдан әрі – СКБ), "Мұнайшы", "Құрылыс материалдары", "Технолог", "Баламалы энергетикалық жүйелер" атты 4 студенттік технологиялық бюро (бұдан әрі – СТБ) жұмыс істейді. Студенттік ғылыми қоғамдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптары кафедралардың ғылыми зерттеулерімен байланысты болып келеді. 2021 – 2022 оқу жылында СҒҚ мүшелерін қоса алғанда, СҒҚ мүшелерінің саны 2426 адамды, 2022 – 2023 оқу жылында 2470 адамды құрады.

      Білім беру және ғылыми қызметте жетістіктерге қол жеткізілгеніне қарамастан, ОҚУ-дағы осы Даму бағдарламасында қарастырылған бірқатар бағыттарды дамыту.

      Бұдан басқа, ОҚУ әлеуметтік жауапты университет ретінде, университеттің Үшінші миссиясын іске асыра отырып, "Толық адам" контекстінде көшбасшылық және коммуникативтік құзыреттілікке ие болатын жеке тұлға қалыптастырып, өңірдің және елдің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени өміріне белсенді қатысады. Осы тұжырымдама шеңберінде білім алушылардың 83 %-ы жастар ұйымдарының қызметіне, университеттің студенттік өзін-өзі басқару және алқалы басқару органдарына, 40 %-ы еріктілер қозғалысына, 20 %-дан астамы саламатты өмір салтын қалыптастыру бойынша спорт секцияларына қатысады. Үздіксіз білім беру (өмір бойы білім алу (lifelonglearning – лайфлонглернинг) қағидатын жүзеге асыру аясында Шымкент қаласының ересек буынына арналған "Күміс университет" жобасы іске асырылуда.

      Шымкент қаласының білімі, жұмысы немесе кәсіптік даярлығы жоқ жастарын (бұдан әрі – NEET) проблемаларын шешу мақсатында мемлекеттік және әлеуметтік бағдарламаларда ақпараттық-әдістемелік, консультациялық сүйемелдеу және бастамаларға қолдау көрсететін Жастар ресурстық орталығы құрылды.

      1-қосымшада "М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметіне SWOT-талдау ұсынылған.

      ОҚУ-ды зерттеу университеті етіп трансформациялау және ОҚУ-да жаңа инновациялық зерттеу экожүйесін құру ғылыми-зерттеу қызметін жандандыруды және дамытуды, дамудың басым бағыттарын кадрлық қамтамасыз етуді және университеттің ғылыми-білім беру қызметін инфрақұрылымдық қамтамасыз етуді түбегейлі өзгертуді талап етеді.

2-кіші бөлім. Ұжымның инновациялық әлеуетін бағалау

      Университет кадр саясатын қалыптастыру және іске асыру негізінде мына қағидаттарды басшылыққа алады: өсу үшін мүмкіндіктер теңдігі (меритократия негізінде) және қызметкерлердің кәсіби әлеуетін, бастамасы мен шығармашылығын іске асыру; кадр саясатының қызметкерлердің кәсіптік құзыреттілігін арттыруға бағытталуы; кадрлардың сабақтастығы мен жаңаруы.

      ОҚУ кадрлық әлеуеті ғалымдар мен жоғары білікті мамандардан, білім, ғылым, мәдениет және спорттың еңбек сіңірген қайраткерлерінен тұрады.

      2018 – 2023 жылдар кезеңіндегі ОҚУ қызметкерлері санының санаттар бойынша серпіні 1-ші кестеде көрсетілген.

      1-кесте. 2018 – 2023 жылдар кезеңіндегі ОҚУ қызметкерлері санының санаттар бойынша серпіні

Көрсеткіш атауы

Жылдар

2018

2019

2020

2021

2022

2023

Жұмыскерлердің жалпы саны

3042

2905

3061

2957

2936

3107

Оның ішінде:







профессорлық-педагогикалық құрам

1580

1636

1316

1390

1413

1584

әкімшілік-басқару персоналы

290

552

280

285

275

278

оқу-қосалқы персонал

342

246

394

355

321

320

қызмет көрсететін және өзге де персонал

830

471

1071

927

927

925

      Дәреже алу деңгейі 2018 жылдан бері 45 %-дан 50,4 %-ға дейін өсті, PhD докторларының саны екі еседен астам өсті. 2023 жылы дайындықтың түрлі бағыттары бойынша 63 докторант шығарылады деп күтілуде.

      2-кесте. ОПҚ сапалық құрамы

Көрсеткіш атауы

Жылдар

2018

2019

2020

2021

2022

2023

ОПҚ жалпы саны, адам

1580

1636

1316

1390

1413

1315

оның ішінде:







ғылым докторлары

98

92

98

71

102

85

бейіні бойынша докторлар

-

-

-

-

-

1

ғылым кандидаттары

492

476

517

534

539

475

философия докторлары (PhD)

41

42

57

71

72

152

магистрлер

531

481

593

659

671

603

ОПҚ дәрежелі болу деңгейі, %

44

45

51

48,6

50,4

52,4

ОПҚ орташа жасы

44

46

47

47

46

46

"ЖОО үздік оқытушысы" атағын алған жұмыскерлер саны

12

14

3

7

5

-

      Қазіргі кезеңде ОҚУ-да ОПҚ орташа жасы – 46, ғылыми дәрежесі бар оқытушылардың жасы – 56. Ғылыми дәрежесі бар оқытушылар арасында 40 жасқа толмаған 42 жас ғалым бар.

      Университетте жаңа инновациялық зерттеу экожүйесін құру, ғылыми-білім беру процесін тиісті кадрлық қамтамасыз ету талап етіледі. Төменде халықаралық және республикалық деңгейлердегі қызметкерлердің біліктілігін арттыру туралы ақпарат берілген.

      3-кесте. Біліктілікті арттыру


2018

2019

2020

2021

2022

2023

Халықаралық деңгейде

26

36

94

175

28

32

Республикалық деңгейде

557

560

487

710

482

485

      2023 – 2024 оқу жылындағы штаттағылардың ОПҚ үлесі жалпы санынан 83 %-ды құрайды, бұл белгіленген нормаларға сәйкес келеді.

      Оқу процесіне қоса атқарушы ретінде тәжірибелік жұмыс өтілі бар жетекші ғалымдар мен мамандар тартылады. Штаттық ОПҚ және қоса атқарушы ретінде жұмыс істейтіндердің мәліметтері 4-ші кестеде келтірілген.

      4-кесте. Қоса атқарушы ретінде жұмыс істейтін ОПҚ туралы мәліметтер

Оқу жылы

ОПҚ барлығы

Оның ішінде штаттық

Штаттық
ОПҚ %

Қоса атқарушы ретінде жұмыс істейтіндер саны

Барлығы

0,5 мөлшерлемеде

0,25 мөлшерлемеде

2023 – 2024

1584

1315

83 %

269

210

59

      ОПҚ сандық құрамын жоспарлау тиісті нормативтер мен жылдық оқу жүктемесін есептеу негізінде жүзеге асырылады.

      Барлық ОПҚ-мен ҚР Еңбек кодексінің 28, 30, 31, 32 баптарына сәйкес еңбек шарттары жасалған. Конкурстық комиссия ұсынған оқытушылармен еңбек шарттары қолданыстағы ҚР еңбек заңнамасына сәйкес мерзімде жасалды.

      "Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарына шетелдік ғалымдар мен консультанттарды тарту" бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2020 жылдан 2023 жылға дейінгі үш жыл ішінде Ұлыбритания, Малайзия, Түркия, Ресей Федерациясы, Беларусь, Украина сияқты елдерден 31 шетелдік маман тартылды.

      ОҚУ-да педагогикалық қызметке шетелдік мамандарды виртуалды тарту аясында үш жыл ішінде Оңтүстік Корея, Италия, Латвия және Түркия елдерінен 8 ғалым жұмылдырылды.

      Тәжірибе алмасу және дәріс оқу шеңберінде өтеусіз негізде ынтымақтастық туралы келісімдер негізінде Өзбекстан Республикасының әріптес университеттерінен 289 ғалым мен оқытушы тартылды.

      Соңғы үш жылда шетелдік қызметкерлер мен оқытушылар саны 10 адамды құрады.





      1-сурет. ОҚУ-да жұмыс істейтін шетелдік қызметкерлер (2021 – 2023 жж.)

      Үш тілді немесе ағылшын тілді топтарда сабақтарды ұйымдастыру үшін шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар оқытушылар тартылады (IELTS (АЙЛТС); TOEFL IBT (ТОЭФЛ АЙБИТИ); TOEFL ITP (ТОЭФЛ АЙТИПИ). Қосымша білім беру орталығы жыл сайын ОПҚ және университет тыңдаушылары үшін CLIL (КЛИЛ) технологиясы бойынша 72 сағаттық курсты ұйымдастырады және өткізеді.

      Жыл сайын "ЖОО үздік оқытушысы" грантының, мемлекеттік стипендиялардың және т.б. берілу университеттің ОПҚ біліктілігінің жоғары деңгейін растайды.

      Университет оқытушылары өздерінің жоғары кәсіптік беделінің арқасында қоғам тарапынан сұранысқа ие және Шымкент қаласы мен Түркістан облысының білім беру, ғылым және жас ұрпаққа тәрбие беру жүйесінде белсенді қызмет атқарады.

      Бірқатар оқытушылар Ұлттық және халықаралық ғылым академияларының мүшелері, халықаралық және республикалық қауымдастықтардың мүшелері, республикада, сондай-ақ таяу шетелде ЖЖОКБҰ мен ғылыми ұйымдардың диссертациялық кеңестерінің мүшелері, республиканың әртүрлі ЖЖОКБҰ аттестаттау комиссияларының төрағалары, докторлық диссертациялардың рецензенттері, ҚР ҒЖБМ сараптау комиссияларының мүшелері, аккредиттеу агенттіктерінің сарапшылары болып табылады. ОҚУ-да 15 академик және әртүрлі академиялардың 14 корреспондент-мүшесі қызмет атқарады.

3-кіші бөлім. Еңбек нарығының кадрларға сұранысқа өзгеру процестерінің болжамы

      ОҚУ-дағы білім беру қызметі стейкхолдерлерді ББ әзірлеуге тарту, әріптес кәсіпорындар мен ұйымдарда кафедралардың оқу-ғылыми-өндірістік және білім беру кешендерін құру, дуальді оқытуды іске асыру, жоғары мектептердің салалық кеңестерінің құрамына жұмыс берушілерді тарту, дипломдық және магистрлік жұмыстарға бірге жетекшілік ету, оқытушылық қызмет, мемлекеттік аттестаттау комиссияларының жұмысы арқылы стейкхолдерлермен (оның ішінде бизнес-ортамен) тығыз өзара әрекеттесуге негізделеді, сол арқылы әріптестік қатынастарды дамытады.

      Мұның бәрі ОҚУ түлектерінің бәсекелік артықшылықтарын айқындайды. Мәселен, жыл сайын ОҚУ-дың төрт мыңнан астам түлегі оңтүстік өңірдің ғана емес, бүкіл Қазақстанның кәсіпорындары мен ұйымдарында табысты жұмысқа орналасады.

      2023 жылы ОҚУ білім беру мен өндірісті интеграциялауды жүзеге асыру үшін стейкхолдерлермен келісімшарт жасасты:

      1) жұмысқа орналастыру бойынша – 252 (соңғы 3 жылда өсім 69 % құрады);

      2) оқу-ғылыми-өндірістік кешендер – 192 (соңғы 3 жылда өсім 15,6 % құрады);

      3) дуальді оқыту бойынша – 30 (соңғы 3 жылда 3 есе көп);

      4) кәсіптік практиканы өткізуге – 881 (соңғы 3 жылда өсім 17,9 % құрады).

      Түлектер мансабының табысты болуы үшін университет Шымкент қаласының жұмыспен қамту орталығымен және Шымкент қаласы мен Түркістан облысының жұмыс берушілерімен: Азия Трафо ЖШС, Шымкент-Рахат ЖШС, Экофарм ЖШС, Азалатекстиль ЖШС, Балтекстиль ЖШС, Қазатомөнеркәсіп ҰАК, "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.", Kcell ЖШС, Кар-Тел ЖШС және т.б. ынтымақтастық жасайды және іс-шаралар өткізеді.

      Түлектерді жұмысқа орналастыру шеңберінде университет бірегей отандық BEAM платформасында бос жұмыс орындарының цифрлық жәрмеңкесін өткізеді, платформа Қазақстанның барлық жұмыс берушілеріне түлектерді бос жұмыс орындары бар және түлектердің 15 %-ы осы платформаның көмегімен жұмысқа орналасқан басқа өңірлерге шақыруға мүмкіндік береді, ал бос жұмыс орындарының цифрлық жәрмеңкесін жыл бойы 24/7 өткізуге болады. Бүгінгі таңда платформада университетпен 100-ден астам жұмыс беруші ынтымақтастық жасайды, мысалы: PetroKazakhstan, "AIR ASTANA" АҚ авиакомпаниясы, Азия Трафо ЖШС, Назар текстиль, Феррумфтор, Sulpak. "Жастар практикасы" мемлекеттік бағдарламасы аясында 1000-нан астам түлек жұмысқа орналасты.

      Шымкент қаласы Қазақстанның үшінші мегаполисі ретінде дамып, IT-бағыттардағы бизнес-қоғамдастықтардың назарын өзіне аударды. Мобильді қосымшалар мен платформаларды әзірлеуді дамыту еңбек нарығында IT-мамандарына деген сұранысты арттыра түседі. Техникалық мамандардың тапшылығы жасанды интеллект, машиналық оқыту, 3D басып шығару, инженерлік модельдеу, IT технологияларында көрінеді. Сондай-ақ қайта өңдеу, аэроғарыш саласының мамандары, қаржыгерлер, экономистер, бухгалтерлер және менеджерлер қажет. Тиісінше, 2023 жылғы түлектерді жұмысқа орналастыру көрсеткіші 83,1 % құрады.

      Сонымен қатар педагогикалық бағыт мамандарына сұраныс күн сайын артып келеді, бұл "Жайлы мектеп" жобасы аясында Шымкент қаласы мен Түркістан өңірінде жаңа мектептердің 18-ге дейін өсуіне және оқушылар санының ұлғаюына байланысты.

      Шымкент қаласы мен Түркістан облысының еңбек нарығында туризм саласындағы мамандарға сұраныс артып келеді. Бұл Түркістан қаласының түркі халықтарының діни және туризм орталығы ретінде дамуы туристер мен шетелдік инвесторларды көбірек тартатындығына байланысты.

      Оңтүстік өңір аграрлық секторды дамытуда маңызды орын алады. Климаттық жағдайлар тиімді жылыжай шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты аграрлық бағыттағы мамандарға сұраныс күн сайын артып келеді.

      Шымкент қаласында соңғы 10 жылда тоқыма фабрикалары (кілем, мата, жүн және т.б. өндірісі) ашылды, олар: БалТекстиль, Азала текстиль, Шымкент Кашемир, Алем-БТ, Назар Текстиль, Онтүстік Былғары, Жаңа Жоба ҒЗО, Oxi-текстиль және т.б., мұнда жеңіл өнеркәсіп мамандары өте қажет.

      Құрылыс объектілерінің ұлғаюымен өңірде құрылыс және құрылыс материалдарын өндіру саласының кадрларына сұраныс жыл сайын артып келеді. Мұндай құрылыс компаниялары Отау строй, BI Group, Оңтүстік құрылыс сервисі және т.б. жыл сайын біздің жас түлектерімізді жұмысқа қабылдайды. Құрылыс мамандығы бойынша 2023 жылы оқу бітірген түлектердің жұмысқа орналасуы – 87,5 %.

      ОҚУ шетелдік жұмыс берушілермен ынтымақтастықты дамыту шеңберінде соңғы 3 жылда ERASMUS+ (ЭРАСМУС+) бағдарламасы аясында ірі ауқымды KAZDUAL (КАЗДУАЛ) құрылымдық жобасын орындауда және ірі ауқымды Германия, Аустрия, Эстония әріптес елдерінің шетелдік және отандық ЖЖОКБҰ-мен өзара байланыс орнатуының жарқын үлгісі болып табылады.

4-бөлім. Даму бағдарламасының пайымы

      Пайымы: табысты зерттеу университеті – елдің экономикалық өсуі мен дамуының драйвері.

      Даму бағдарламасының мақсаты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейлерінде ғылыми қызмет пен білім беру процесін интеграциялау арқылы ОҚУ-ды зерттеу университетіне айналдыру болып табылады.

      Осы Бағдарламаны Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, сондай-ақ осы Даму бағдарламасына 2 және 3-қосымшаларда көрсетілген нысаналы индикаторларға қол жеткізу және іс-шараларды өткізу арқылы іске асыру жоспарлануда.

5-бөлім. Даму бағдарламасының миссиясы

      ОҚУ стратегиялық перспективада өзін оңтүстік өңірдегі жетекші технологиялар мен инновациялар ғылыми-зерттеу орталығы ретінде көрсетеді, зерттеушілік ойлау мен мәдениетті тарататын көшбасшылардың жаңа құзыреттерін қалыптастырады.

      Бағдарламаның міндеттері:

      1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейлерінде ғылыми қызмет пен білім беру процесін интеграциялау.

      Бұл міндетті іске асыруға шетелдік әріптес ЖЖОКБҰ-ның ұқсас бағдарламаларына сәйкес ББ-ның мазмұнын үйлестіру арқылы, оларды еуропалық және ұлттық біліктілік жүйелерінің талаптарына сәйкес келтіру арқылы қол жеткізу жоспарлануда. ББ-ын кәсіптік стандарттарды және түлектердің кешенді құзыреттерін қалыптастыруға бағдарды ескере отырып әзірлеу жоспарлануда. ББ әзірлеу мен іске асыруға әлеуметтік әріптестерді, кәсіптік қауымдастықтар мен жұмыс берушілерді, шетелдік әріптес ЖЖОКБҰ-ны кеңінен тарту көзделіп отыр. Халықаралық еңбек нарығының талаптарына сай келетін, ТОП – 500 QS құрамына кіретін ЖЖОКБҰ-мен инновациялық, қос дипломды ББ әзірлеу жоспарлануда. Білім алушылар "Disruptivethinking" (дисруптивсинкинг – серпінді идеялар) дамуына бағдарланатын болады.

      Халықаралық білім беру кеңістігінде ОҚУ-дың тартымдылығын арттыру мақсатында оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасауды (инфрақұрылым, стипендиялар және т.б.), ақпараттандыру тетіктерін, студенттік виза алуды жеңілдетуді қамтитын интернационалдандыру стратегиясын іске асыру жалғасады. Оқу процесіне ECTS қағидаттарын одан әрі енгізу және академиялық еркіндікті кеңейту жұмысы жалғасады. Инновациялық ББ еңбек нарығын форсайт-зерттеулер мен жаңа кәсіптерге сұранысты болжау негізінде әзірлеу жоспарлануда. Бизнес өкілдері мен жұмыс берушілерді ББ әзірлеуге тарту, сондай-ақ білім беру процесін ғылыми қызметпен интеграциялау жалғасады.

      Осы тұрғыда университеттің қызметі химия және химиялық инжиниринг, биология және биотехнология, механика және машина жасау, IT-технологиялар, тарих, шет тілдері, экономика салаларында инновациялық ЖАОК әзірлеуге мүмкіндік береді.

      Оқытудың барлық деңгейлерінде микробіліктіліктерді алу, нано-оқыту нәтижелерін есепке алу (Nanodegree) мүмкіндігін іске асыру жоспарлануда, бұл қысқа мерзімде қажетті кәсіптік дағдыларды игеруге, өзінің жеке оқыту траекториясын құруға және білімдегі олқылықтарды жоюға мүмкіндік береді.

      Университет цифрлық экожүйесі бар "SMART-университеттер" моделіне көшеді, ол студенттің цифрлық бейінін қалыптастыруды, яғни оны оқыту траекториясын және оқу жетістіктерін, EdTech цифрлық сервистерін дамытуды, цифрландырудың озық трендтеріне сәйкес процестерді оңтайландыруды көздейді. Цифрлық құзыреттер барлық білім беру стандарттары мен кәсіптік стандарттардың міндетті элементі болады.

      Аталған шараларды іске асыру өңірдің және елдің адами капиталының сапасын арттыруға және ОҚУ-ды ұлттық және халықаралық рейтингтерде одан әрі ілгерілетуге ықпал етеді.

      2. Еліміздің индустриялық-инновациялық дамуы шеңберінде инновациялық зерттеу экожүйесін құру.

      ОҚУ халықаралық, ұлттық және өңірлік деңгейде нәтиже алуды көздейтін, өңір мен елдің сұраныстарынан туындайтын ғылымды дамытудың мынадай басым бағыттарын айқындады:

      1) "Минералды және техногендік шикізатты кешенді өңдеудің химиялық технологиясы. Нанотехнология және наноматериалдар" атты дамудың басым бағыты бойынша химиялық кәсіпорындар үшін шикізат ресурстарының базасын құру жоспарлануда, оның негізінде шикізат пен материалдарды қайта өңдеудің жаңа технологияларын жаңарту, жаңғырту және құру бойынша жаңа шешімдер ұсынылатын болады, мұнай химиясының тауарлық өнімін алу технологиясын құру жоспарлануда;     

      2) ауыл шаруашылығы биотехнологиясы саласындағы "Биологиялық технология" атты дамудың басым бағыты бойынша биоресурстардың халықаралық ақпараттық дерекқорына енгізе отырып, дезоксирибонуклеин қышқылын қолдану негізінде жануарлардың, өсімдіктердің және микроорганизмдердің генетикалық ресурстарын сәйкестендірудің тиімді әдістерін әзірлеу және енгізу жоспарлануда; тамақ өнеркәсібінде пребиотиктердің, пробиотиктердің және симбиотиктердің жаңа композициялары, функционалдық тамақ өнімдерін жасау үшін биологиялық белсенді заттардың сығындыларын алудың инновациялық технологиялары әзірленеді, экспортқа тамақ өнеркәсібінде жаңа ферменттік препараттар әзірленеді;

      3) "Заманауи құрылыс технологиялары. Құрылыс материалдары" басым бағыты бойынша университет заманауи құрылыс материалдарын алудың энергия үнемдейтін технологияларын әзірлейді және жұқа, техникалық, құрылыс керамикасы мен отқа төзімді, шыныдан, шыны кристалды материалдардан, арнайы цементтерден, композициялық материалдар мен бетондардан импортты алмастыратын бұйымдар, сондай-ақ халықаралық маңызға ие жылу жинақтаушы материалдарды алу технологиялары алынды;

      4) "Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг атындағы жаңа климаттық экономика орталығы" базасында орнықты даму жөніндегі MBI бағдарламасы әзірленеді, тұрақты даму қағидаттарын енгізу бойынша үкіметтермен, халықаралық ұйымдармен және бизнес субъектілерімен өзара іс-қимыл жүзеге асырылады.

      Әлемдік ғылыми-технологиялық қоғамдастыққа интеграциялану, Q1, Q2 Journal Citationreports JCR (Ку1, Ку2 Джорнал СитэйшнРепортс ДЖЕЙСИЭР) жоғары рейтингті басылымдарында университет ғалымдарының мақалалары мен шолуларының санын ұлғайту, жариялау белсенділігінің сапасы мен тиімділігін арттыру үшін Web of Science (Вэб оф Сайнс) және Scopus (Скопус) дерекқорларының басылымдарында ғылыми мақалалардың жариялануына жәрдемдесу жөніндегі жұмыс жалғасады. Университеттің негізгі стратегиялық әріптестерін қоса алғанда, ел кәсіпорындары мен өңірдің жетекші аумақтық-өндірістік кластерлерінің тапсырыстары бойынша ғылыми зерттеулерді, тәжірибелік-конструкторлық және тәжірибелік-технологиялық жұмыстарды, инжиниринг пен технологиялық консалтингті орындау жоспарлануда. Зерттеулер мен әзірлемелер нәтижелерін коммерцияландыру жүйесін, зияткерлік меншік объектілерін басқару жүйесін жетілдіру көзделеді.

      3. Қазіргі жағдайда корпоративтік басқарудың университеттік моделін құру және дамыту векторлары.

      Бағдарламаны іске асыру шеңберінде ұжымдық пайдаланудағы ғылыми-зерттеу орталығы ашылады, оның құрамына 5 заманауи ғылыми-зерттеу зертханасы кіреді: "Ғылымды қажет ететін физика-химиялық талдау әдістері" орталық ғылыми-зерттеу зертханасы; "Биоресурстар және өнім қауіпсіздігі проблемалары" арнайы ғылыми-зерттеу зертханасы; "Мұнай, мұнай өнімдері мен газдың химиялық технологиясы" талдамалық ғылыми-зерттеу зертханасы; "Заманауи конструкциялық материалдар" сынамалық ғылыми-зерттеу зертханасы, "SmartLab" прототиптеу ғылыми-зерттеу зертханасы.

      Университеттің ғылыми зертханаларын, оның ішінде гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде материалдық-техникалық жарақтандыру жалғасады. Трансформация жұмыс істеп тұрған ғылыми зертханалардың ғылыми инфрақұрылымын жаңғырту, корпоративтік басқаруды, икемді қаржыландыруды және басқарушылық дербестікті енгізу жолымен жүргізілетін болады.

      Ғылыми жобаларды басқарудың цифрлық платформасы, зияткерлік меншікті басқару жүйесі бар және авторлық құқық қорғалған цифрлық ғылыми ортаны ұйымдастыру, деректерді өңдеу мен басқарудың жаңа архитектурасын құру, университеттің онлайн-сервистерін ұсынудың қолжетімділігін, жылдамдығы мен сенімділігін арттыру үшін гиперконвергенция қағидаты бойынша цифрлық сервистерді дамыту жоспарлануда.

      Аталған шараларды іске асыру корпоративтік басқарудың тиімді моделін құруға ықпал етеді және зерттеу университетінің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.

      4. Университеттің өңір мен ел экономикасын дамытуға қосатын үлесін арттыру.

      ОҚУ-дың ғылыми әзірлемелері өңір мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарына бағытталатын болады. ОҚУ "Шымкент" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен (бұдан әрі – ӘКК) ынтымақтастық жасайды. Жалпы өңірдің жалпы өңірлік өнімін ұлғайту үшін университет "Шымкент" ӘКК-мен бірлескен жобаларды іске асыруға қатысады. Өңірдің бірлескен жобаларын қаржыландыруды ұлғайту үшін университет шығармашылық топтардың идеялары мен жобаларын, оларды нарыққа шығару және коммерцияландыру үшін университет таланттарын қолдайтын эндаумент-қор құрды.

      Жеке және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы инвестклимат құру университеттің өзекті үлесі болып табылады. Өңірдің инвестициялық әлеуетін дамыту үшін университет Шымкент қаласы және Түркістан облысы әкімдіктерінің гранттары мен бюджеті есебінен зерттеулер жүргізуге тұрақты негізде бастама жасайтын болады. Университеттің эндаумент-қорының нысаналы капиталы ұлғайтылады. ОҚУ жер қойнауын пайдаланушыларға пайдалы қазбаларды өндіруге жұмсалатын шығындардың 1 % мөлшерінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруға жұмсалатын қаражатты тарту бойынша жұмыс келесі салалық басым бағыттар бойынша жұмыс жүргізетін болады:

      1) зерттеудің геологиялық-физикалық әдістері;

      2) кен орнын және ұңғыманы игеруді басқару;

      3) еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау және өндірістік операциялар.

      Университетті дамыту және өңірдегі инновацияларды дамытуға үлес қосу міндетін іске асыру оңтүстік өңірде және елде білім беру процесінің, зерттеу және технологиялық әзірлемелердің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін ғылыми-инновациялық орталық ретінде университетті қалыптастыру идеясы – үшінші миссияға негізделген "Өңірлік дамуға енгізілген ЖЖОКБҰ" тұжырымдамасын әзірлеуге бағытталатын болады. Университет ЖАО үшін бірқатар ҒЗТКЖ, сондай-ақ ірі компаниялардың құрылымдарында бірлескен ғылыми орталықтар құруға бастамашы болуға ниетті. ОҚУ ғылыми даму кезеңінен бастапқы кезеңдерге және өнеркәсіптік сынақтар кезеңіне жаңа технологиялардың трансферті ретінде өңірдегі инновациялық орталық рөлін атқаратын болады.

      2028 жылға қарай университет технологиялар трансферті бойынша кәсіпқой кадрлар даярлайды. Өңірдің кәсіпорындарында/компанияларында өз біліктілігін арттырған ОПҚ үлесі артады.

6-бөлім. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіндегі даму бағдарламасының стратегиялық блогы

1-кіші бөлім. Қазақстанның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі орны мен рөлі

      Академиялық қызмет білім алушыларды даярлаудың барлық деңгейлері бойынша даярлау үшін сапалы білім беру процесін қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

      Білім алушыларды даярлау ресурстарды тиімді пайдалану, кәсіпкерлік және зерттеу дағдыларын қалыптастыру арқылы білім алушылардың тәжірибеге бағдарлануын дамытуға, демек, білім беру қызметін интеграциялаудың оңтайлы дәрежесіне бағытталатын болады. Кадрларды даярлау негізінде кәсіптік стандарттардың талаптары мен жұмыс берушілердің сұраныстарын ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейлері бойынша жаңа инновациялық ББ ұдайы жаңарту және әзірлеу үшін жұмыс берушілерді тарта отырып, оқытудың дәстүрлі, дуальді және қашықтан оқыту нысандары қолданылатын болады. Бұл жүйені енгізу мамандық бойынша дағдыларды иеленіп қана қоймай, жұмыс берушілер мен кәсіптік қоғамдастықтардың талаптарына да бағдарланған білікті кадрларды даярлауға мүмкіндік береді. ОҚУ-да дуальді оқытумен қамтылған білім беру бағдарламалары орындалуда, эксперименттік режимде студенттерді даярлау бағытын, кәсіпорындардың ерекшеліктерін ескере отырып оқыту жүзеге асырылуда. Бұл жүйе оқу процесіне жоғары технологиялық отандық және шетелдік кәсіпорындардың басшылары мен жетекші мамандарын жүйелі тарту тетігін жетілдіруге мүмкіндік береді.

      Оқытудың жеке тәсілін дамыту мақсатында өнеркәсіп орындары мен өндірістер базасында жаңа кафедралар құру туралы шарттар жасасу арқылы жұмыс берушілердің қатысуымен практика базасын кеңейту жалғасуда. Университет IT-технологиялар, білім берудегі STEM, қазіргі қоғамдағы әлеуметтенудің психологиялық және құқықтық негіздері, өңірлік экономика және қазіргі заманғы маркетингтік технологиялар және т. б. салаларда білім алушылардың қосымша құзыреттерін кеңейту мақсатында Міnог және басқа да қосымша ББ әзірлейді.

      ОҚУ-да екі жылда дәрежесі бірдей екі диплом алуға мүмкіндік беретін әріптес ЖЖКББҰ-мен уағдаластық негізінде бірлескен және қос дипломды ББ әзірленіп, іске асырылуда. Университет 24 білім алушы мен оқытушы алмасу, қос дипломды, бірлескен ББ әзірлеу және енгізу шеңберінде әріптес ЖЖОКБҰ-мен ынтымақтастық географиясын кеңейтеді. 2005 – 2006 оқу жылынан бастап университетте ағылшын тілінде мамандар даярлау ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда 20-дан астам білім беру бағдарламасы ағылшын тілінде жүзеге асырылуда.

      Жаңа және заманауи білімді қалыптастыру мақсатында университет ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды орындау үшін ҒЗИ мен ҒЗЛ-ды тарта отырып, ғылыми қызметті тиімді интеграциялауды жүзеге асырады. ОҚУ жетекші отандық және шетелдік ЖЖОКБҰ мен ғылыми институттарда магистранттар мен докторанттардың ғылыми тағылымдамалар жүйесін кеңейту арқылы білім мен инновациялар трансферті тетігін жаңғыртуға бағытталған.

      Университетте жоғары оқу орнынан кейінгі білім бойынша 135 ББ жүзеге асырылады: 108 ББ – магистратура және 27 ББ – PhD докторантура. Университет ЖЖОКБҰ үшін жас ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауды белсенді түрде жалғастыруда.

      Білім беру бағдарламаларының икемділігін арттыру мақсатында:

      1) қазіргі заманғы өндіріс жағдайында бейімделуге қабілетті мамандарды даярлау;

      2) мамандандырылған кәсіпорындарда кафедралардың оқу-ғылыми-өндірістік және білім беру кешендерін құру үшін бизнеспен және кәсіпорындармен әріптестікті кеңейту және тәжірибеге бағытталған бағдарламалар;

      3) қос дипломды, бірлескен ББ іске асыру шеңберінде әріптес ЖЖОКБҰ-мен ынтымақтастық географиясын кеңейту;

      4) білім алушылар мен ОПҚ-ның зерттеу және инновациялық қызметін жандандыру жоспарлануда;

      ОҚУ оқу-әдістемелік бірлестіктің – ББ келесі топтары бойынша жобаларды басқару тобының (бұдан әрі – ОӘБ-ЖБТ) жобалық офисі болып табылады:

      1) химиялық инженерия және балқуы қиын процестер: "Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы", "Отқа төзімді бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы", "Органикалық заттардың химиялық технологиясы" және "Мұнай-химия";

      2) жалпы даму тұрғысынан пәндік маманданған мұғалімдерді даярлау: "Кәсіптік білім беру" және "Бастапқы әскери дайындық";

      3) бос уақыт: "Мәдени-бос уақыт жұмысы".

      ОҚУ білім беру бағдарламаларына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары кіреді, жұмыс берушілермен және халықаралық 25 әріптеспен келісіледі. Білім алушыларды оқыту процесі дәрістер, зертханалық және жеке сабақтар комбинациясын пайдалана отырып, әріптес университеттердің және басқа да шетелдік ЖЖОКБҰ-ның заманауи технологияларына, кейстерде топтық жұмыстарды орындауға, проблемалық міндеттерді шешуге, эксперименттер мен клиникалық практика жүргізуге негізделген.

2-кіші бөлім. Академиялық саясат

      Академиялық даму шеңберінде ОҚУ қазіргі заманғы еңбек нарығының талаптарына жауап беретін бәсекеге қабілетті түлектерді сапалы даярлауды күшейту міндетін қояды, ол университеттің миссиясы мен көзқарасын, оның даму перспективаларын іске асыруға бағытталған ОҚУ академиялық саясатымен айқындалады.

      Бүгінгі таңда ОҚУ бакалавриатта 34 даярлық бағыты, магистратурада 24 бағыты және докторантурада 13 даярлық бағыты бойынша білім беру қызметі құқығына лицензияларға ие.

      Академиялық саясаттың міндеттері мынаған бағытталған:

      1) елдің индустриялық-инновациялық даму сұранысын кадрлармен қамтамасыз ету;

      2) жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау;

      3) білім, ғылым және өндірістің интеграцияны қамтамасыз ету;

      4) еуропалық жоғары білім беру аймағына интеграциялауды қамтамасыз ету;

      5) студентке бағдарланған оқу, оқыту және бағалау;

      6) оқытудың инновациялық технологияларын енгізу;

      7) білім беру сапасын ішкі қамтамасыз ету жүйесін құру;

      8) білім беру сапасын сырттай қамтамасыз ету.

      ОҚУ-дың академиялық бағытын іске асыруға шетелдік әріптес ЖЖОКБҰ ұқсас бағдарламаларына сәйкес ББ мазмұнын үйлестіру, оларды еуропалық және ұлттық біліктілік жүйелерінің талаптарына сәйкес келтіру арқылы қол жеткізілетін болады. ББ кәсіптік стандарттарды ескере отырып әзірленетін болады және түлектердің кешенді құзыреттерін қалыптастыруға бағдарланады. Оларды әзірлеуге әлеуметтік әріптестер, кәсіптік қауымдастықтар мен жұмыс берушілер, шетелдік әріптес ЖЖОКБҰ кеңінен тартылатын болады.

      Зерттеу университеті болып ауысуына байланысты оқуға қабылдаған кезде бейіндік бағыттағы қосымша талаптар белгіленетін болады. "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" сияқты жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру салалары үшін кешенді тестілеу және оқуға түсу емтихандары бойынша өту балы кемінде 80 балл болады.

      Халықаралық білім беру кеңістігінде ОҚУ тартымдылығын арттыру мақсатында оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасауды (инфрақұрылым, стипендиялар және т.б.), ақпараттандыру тетіктерін, студенттік виза алуды жеңілдетуді қамтитын интернационалдандыру стратегиясын іске асыру жалғасады. Оқу процесіне ECTS қағидаттарын одан әрі енгізу және академиялық еркіндікті кеңейту жөніндегі жұмыс жалғасады. Инновациялық білім беру бағдарламалары еңбек нарығын форсайт-зерттеулер және жаңа кәсіптерге сұранысты болжау негізінде әзірленетін болады. Шетелдік әріптестер мен бірлесіп ББ қосдипломды пәнаралық және жаһандық ББ үлесі артады. Осындай бағдарламалар бойынша оқыту нәтижелері халықаралық кәсіптік сертификаттаудан өтуге мүмкіндік береді. Бизнес өкілдері мен жұмыс берушілерді ББ әзірлеуге тарту, сондай-ақ білім беру процесін ғылыми қызмет пен интеграциялау жалғасады.

      Бағдарламалардың практикалық бағдарлануының жоғары деңгейі бейінді кәсіпорындарда кафедралардың оқу-ғылыми-өндірістік және білім беру кешендерін құру арқылы қамтамасыз етілетін болады. 2028 жылға қарай құрылыс және құрылыс материалдарының технологиясы, білім беру, қызмет көрсету саласында жаңа дуальді білім беру бағдарламалары дамитын болады. Барлық басқа бакалавриат, магистратура және PhD докторантура ББ білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық желілердің толыққанды мүшелері болып табылатын және білім беру саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген агенттіктерде институционалдық аккредиттеу шеңберінде мониторингтен өтетін болады. Осы тұрғыда университеттің қызметі химия және химиялық инжиниринг, биология және биотехнология, механика және машина жасау, IT-технологиялар, тарих, шет тілдері, экономика салаларында инновациялық ЖАОК әзірлеуге мүмкіндік береді. Бірлескен халықаралық бағдарламалардың өсуі, ОПҚ мен білім алушылардың алмасу және ынтымақтастық жүйесін дамыту, оның ішінде бюджеттен тыс қаражат есебінен жетекші шетелдік университеттерге тағылымдамалар қамтамасыз етілетін болады. Шетелдік оқытушылар мен шетелдік білім алушылардың үлесі артады, оның ішінде Өзбекстанда ОҚУ филиалын ашу есебінен ұлғаяды.

      ОҚУ цифрлық экожүйесі бар "SMART-университеттер" моделіне көшеді, ол студенттің цифрлық бейінін қалыптастыруды, яғни оны оқыту траекториясын және оқу жетістіктерін, EdTech цифрлық сервистерін дамытуды, цифрландырудың озық трендтеріне сәйкес процестерді оңтайландыруды көздейді. Кітапханалар мен олардың жүйелерін цифрлық трансформациялау, жалпы процесте (Open University, Coursera (Оупен Юниверсити, Курсера) және т.б.) ашық білім беру платформаларын пайдалану, бизнес-процестерді цифрлық форматқа көшіру басым міндет болады. Цифрлық құзыреттер барлық білім беру стандарттары мен кәсіптік стандарттардың міндетті элементі болады.

      Сөйтіп, ОҚУ-дың академиялық саясаты шеңберінде білім алушыға, білім беруді оның сұранысы мен тілектеріне бағдарлана отырып дамытудың жаңа траекториясы айқындалды, сондай-ақ жоғарыда аталған міндеттерді іске асыру корпоративтік басқарудың тиімді моделін құруға ықпал етеді және зерттеу университетінің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.

3-кіші бөлім. Инновациялық әлеуетті дамыту және оған қол жеткізу

      Құрылатын зерттеу университетінің айрықша белгісі оның білім мен инновациялық идеяларды қалыптастыру, ғылым, техника және технологияларды дамытудың кең ауқымды бағыттары бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу (бірінші кезекте басым және сыни бағыттар бойынша) қабілеті болып келеді. Зерттеу университеті технологиялардың экономиканың нақты секторына тиімді трансфертін, күш-жігерді магистрлер мен ғылым докторларын даярлауға шоғырландыруды, кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз ететін болады.

      Университеттің ғылыми-зерттеу саясаты қолданыстағы ғылыми құрылымды қайта құруды емес, толықтыруды жаңа шектеулер енгізуді емес, жаңа мүмкіндіктер ұсыну мен білім беру және зерттеу процесіне қатысушылардың барлығының мүдделерін іске асыру кеңістігін кеңейтуді көздейді.

      Бағдарламаны іске асыру төрт кезеңде жүзеге асырылатын болады.

      І кезең – Бағдарламаны іске асырудың басқару схемасын қалыптастыру, қолданыстағы білім беру, зерттеу және инновациялық құрылымды оңтайландыруды бастау, университет мәртебесінің өзгеруіне және қызмет саласының кеңеюіне байланысты нормативтік құқықтық актілерді дайындау.

      Бұл кезеңде мына міндеттер шешілетін болады:

      1) Бағдарламаны іске асырудың басқару схемасын құру, Бағдарламаны орындаушылар арасында функцияларды бөлісу;

      2) ОҚУ мәртебесінің өзгеруіне байланысты нормативтік-құқықтық актілерді дайындау;

      3) ОПҚ, ғылыми кадрлар мен мамандарды даярлау және тағылымдамадан өткізу;

      4) қолданыстағы зерттеу, білім беру және инновациялық құрылымды оңтайландыру;

      ІI кезең – қолданыстағы зерттеу және білім беру қызметін, оның отандық және шетелдік ғылыммен, өнеркәсіппен интеграциялық байланыстарын оңтайландыруды жалғастыру, зерттеу инфрақұрылымын дайындау.

      Бұл кезеңде мына міндеттер шешілетін болады:

      1) университетті ұйымдастырушылық-басқарушылық қайта құру және зерттеу университеті мәртебесіне көшу;

      2) ОПҚ, ғылыми кадрлар мен мамандарды одан әрі даярлау және қайта даярлау;

      3) ҰПҒЗО құрамында жаңа ҒЗЗ құру бағдарламасын іске асыру;

      4) озық білім беру бағдарламалары мен технологияларын дамыту; ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық базаны жаңғырту; үздіксіз білім беру процесінің барлық кезеңдерінде заманауи ақпараттық және білім беру технологияларын енгізу;

      ІII кезең – инновациялық зерттеу экожүйесін қалыптастыруды жалғастыру және университеттің ғылыми-зерттеу университеті ретіндегі ұстанымын нығайту;

      IV кезең – университетте бірыңғай инновациялық зерттеу экожүйесін қалыптастыру, университеттің халықаралық, ұлттық және өңірлік ғылыми-білім беру кеңістігіндегі ұстанымдарын бекіту.





      УНИВЕРСИТЕТТІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ-ЗЕРТТЕУ ЭКОЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ



      2-сурет. Университеттің бірыңғай инновациялық-зерттеу экожүйесі

      Бағдарламаның идеясына сәйкес ОҚУ-да құрылған инновациялық зерттеу экожүйесінің негізгі өзегі (3-сурет) Ұжымдық пайдаланудағы ғылыми-зерттеу орталығы болады.




      3-сурет. Зерттеу экожүйесі

      ҰПҒЗО құру ғылым мен технологияны дамытуға, ғылымды, білім мен бизнесті интеграциялауға байланысты міндеттерді шешудегі жалпы әлемдік үрдіс болып табылады.

      Құрылатын ҰПҒЗО-ның негізгі міндеттері:

      1) ғылыми жабдықтарды ұжымдық пайдалану режимі қағидаттарына сәйкес зерттеушілердің зерттеулер мен әзірлемелер секторының заманауи инфрақұрылымына қол жеткізуін қамтамасыз ету;

      2) аспаптық қамтамасыз етудің техникалық және пайдалану сипаттамалары бойынша әлемдік стандарттарға сай келетін заманауи зерттеу кешендерін қалыптастыру арқылы ғылыми зерттеулер мен білім беру сапасын арттыру;

      3) ұжымдық пайдалану режимінде зерттеулерді қамтамасыз ету және дамыту үшін зертханаларды заманауи, бірегей ғылыми жабдықтармен жарақтандыру арқылы материалдық-техникалық базаның ағымдағы жағдайын жетілдіру;

      4) заманауи ғылыми жабдықтар базасында жоғары білікті мамандар мен кадрларды (оның ішінде магистранттар мен докторанттарды) даярлау;

      5) әлемдік деңгейдегі ғылыми зерттеулердің жаңа әдістері мен әдістемелерін әзірлеу және жетілдіру;

      6) ғылыми жабдықты пайдалану бойынша үшінші тарап ұйымдарына қызмет көрсету, қызмет көрсету саласын дамыту.

      ҰПҒЗО-ны ұйымдастырудың артықшылығы қымбат, бірегей, заманауи жабдықтар мен жоғары білікті мамандарды бір жерде шоғырландыру, жабдықты пайдаланудың жоғары тиімділігі және оларды ұжымдық пайдалану қағидаттарын іске асыру болып табылады.

      Ұйымдастырылған ҰПҒЗО-ның жаңа зертханалары көпфункционалды сипатқа ие болады және кең ауқымды зерттеулер жүргізу үшін қолданылуы мүмкін.

      Ғылыми-зерттеу экожүйесіне ұйымдастырылған ҰПҒЗО-дан басқа қолданыстағы 2 ҒЗИ, 8 ғылыми орталық, 16 ҒЗЗ, сондай-ақ ғылыми кадрлар, ғылыми-зерттеу инфрақұрылымы және университеттің факультеттері мен жоғары мектептерінің басқа да ресурстары кіретін болады.

      Құрылатын зерттеу экожүйесі университеттің қолданыстағы зерттеу және инновациялық экожүйесімен интеграцияланады. Интеграция барысында қолданыстағы ғылыми-зерттеу экожүйесі жаңғыртылып, қайта құрылады, ол өз кезегінде зерттеу университетінің негізін құрайтын бірыңғай инновациялық зерттеу экожүйесі болады.




      4-сурет. Бірыңғай инновациялық экожүйе

      Бірыңғай инновациялық экожүйеге (4-сурет) кәсіпкерлік орталығы, ғылыми-білім беру орталықтары, бизнес-инкубатор, коммерцияландыру орталығы, инновациялық кәсіпорындар, конструкторлық бюро, нысаналы капитал қоры (эндаумент-қор), бұқаралық медиа-ресурстарды әзірлеу орталығы, кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы, стартап-студия және технологияны, инновацияны және зияткерлік меншікті қорғауды қолдау орталығы кіретін болады.

      Инновациялық кәсіпорындар арқылы қолайлы экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық, психологиялық және басқа да жағдайларды қамтамасыз ету университеттің инновациялық зерттеу экожүйесін құрудағы өзіндік толықтыру болып табылады, ол кәсіпорындар ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін генерациялаумен, игерумен және коммерцияландырумен айналысатын болады.

      Инновациялық кәсіпорындардың артықшылығы ғылыми-техникалық қызметкерлердің шығармашылық әлеуеті мен бастамаларын барынша ашу, басқару шешімдерін қабылдаудың икемділігі мен жылдамдығы, өзгермелі нарықтық талаптарға тез бейімделу, инновациялық өнімдерді тұтынушылармен тікелей байланысу мүмкіндігі болып табылады.

      Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде университеттік мазмұндағы инновациялық өнімдерді сататын 6 инновациялық кәсіпорын құрылатын болады.

      Анықтамасы жағынан университет кафедраларына ғылыми-білім беру бөлімшелері бола отырып, ұйымдастыру-білім беру міндеттері шамадан тыс жүктелген, сонымен қатар мемлекеттік тапсырысты немесе басқа да ауқымды ғылыми жобаларды орындау үшін және ғылыми күш-жігерді шоғырландыру үшін әрдайым дайын бола бермейді. Осыған байланысты инновациялық экожүйенің құрылымына 5 ғылыми-білім беру орталығы (бұдан әрі – ҒББО) қосылатын болады. ҒББО кафедралардың ғылыми күш-жігерін логикалық тұрғыдан толықтырады. Сондай-ақ ҒББО-ның құрылымын дамыту ешқандай жаңа немесе арнайы ұйымдастырушылық дизайнды қажет етпейді, өйткені ғылыми топтардың қолда бар құралдары жеткілікті.

      Құрылатын ҒББО-ның негізгі функциялары: академиялық құрылымдармен байланыстарды қолдау, ғылыми жобалар мен бағдарламаларды шоғырландыру, ғылыми басылымды ұйымдастыру, ұжымның білім беру және зерттеу брендін қолдау, білім беру процесіне ғылыми қызмет нәтижелерін жылдам енгізуді қамтамасыз ету, инновациялық, бәсекеге қабілетті ББ әзірлеу және университетке озық бағдарламаларды импорттау болып табылады.

      2021 жылдан бері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК бастамасымен Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен бірге ОҚУ базасында Технологияларды, инновацияларды қолдау және зияткерлік меншікті қорғау орталығы (бұдан әрі – ТИҚЖЗМҚО) жұмыс істейді.

      ТИҚЖЗМҚО миссиясы инновациялық инфрақұрылымның элементі ретінде өнертапқыштармен, рационализаторлармен, бизнес-қоғамдастықпен, ғалым-жастармен, жас техниктермен "жалғаушы көпір" қызметін орындау болып табылады.

      ТИҚЖЗМҚО негізгі міндеттері:

      1) идеядан бастап зияткерлік қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға және өңірлердің инновациялық дамуындағы даралау құралдарына дейін патенттік-ақпараттық қолдау;

      2) қазақстандық қоғамның патенттік мәдениетін қалыптастыру;

      3) зияткерлік қызмет нәтижелерін құқықтық қорғау және патенттік зерттеулер жүргізу проблемалары бойынша білімді тарату, сондай-ақ пайдаланушыларды патенттік-ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету.

      ТИҚЖЗМҚО өнертапқыштарға жергілікті дерекқорларда сақталатын жоғары сапалы техникалық ақпаратқа және тиісті қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді, осылайша, өнертапқыштардың инновациялық әлеуетін іске асыру, сондай-ақ жаңа өнім жасау және оған зияткерлік меншік құқықтарын тіркеу, қорғау және бақылау үшін жағдайлар жасайды. ТИҚЖЗМҚО ОПҚ мен ғылыми қызметкерлерге өздері әзірлеген зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғауды қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеуге жәрдемдеседі, сондай-ақ әзірлеушілерге өздері әзірлеген өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғауды қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеуде әдістемелік көмек көрсетеді.

      Оның функцияларына университетте орындалатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын зерделеу және әзірленіп жатқан машиналардың, конструкциялардың, материалдар мен технологиялық процестердің жоғары техникалық деңгейін, патентке қабілеттілігін және патенттік тазалығын қамтамасыз етуге ықпал ететін шараларды жүзеге асыруға қатысу кіреді.

      Университеттің ғылыми қызметкерлерінің басым көпшілігінің бизнес-инкубатор құрылымын қайта ұйымдастыру арқылы ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру үшін қажетті білімі мен дағдылары жоқ ғалымдар мен оқытушылар болып қалуына байланысты стартап-студия құрылады, оның мақсаты зерттеу университеті ішінде кәсіпкерлік құзыреттер көзін қалыптастыру болып табылады.

      Зерттеу университеті "Үштік спираль" моделі бойынша ғылыми зерттеулерді өзіне қалдырып, кәсіпкерліктің технологиялары мен жаңа түрлерін шоғырландыратын орталыққа айналады. Бұл ретте университет орталық рөл атқаратын университеттің, бизнестің және мемлекеттің инновациялық күш-жігерін біріктіру қамтамасыз етіледі. Кәсіпкерлік теориясы мен практикасы саласындағы жобалау және консалтингтік орталық ретінде ғылыми-техникалық әзірлемелер, ғылыми қызмет пен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижелерін ілгерілету үшін кәсіпкерлік орталық реформаланатын болады.

      Кәсіпкерлік орталығы жаңа тауарды немесе қызметті нарыққа сәтті шығару үшін қажетті құралдар мен ресурстарды ұсына отырып, инновациялық жобаларды жүзеге асыруда университет бөлімшелерінің күш-жігерін біріктіреді.

      Реформаланған кәсіпкерлік орталығы кәсіпкерлік саласындағы кадрларды кәсіптік даярлау деңгейін арттырады, инновациялық әзірлемелерді коммерцияландырудың әріптестік желісін құруға және инновациялық экожүйені құруға ықпал етеді.

      Электрондық кітапханалармен және тіркеу жүйелерімен өзара іс-қимыл жасау, ғылыми және ғылыми-техникалық мерзімді басылымдарға, конференция ұйымдарына, тренингтерге, вебинарлар мен семинарларға қызмет көрсету, баспа қызметін, жарнамалық-маркетингтік жұмыстарды жүргізу мақсатында ақпаратты талдау және маркетинг орталығы ұйымдастырылатын болады.

      Университеттің зерттеу, білім беру және инновациялық ортасын бірыңғай инновациялық зерттеу экожүйесіне интеграциялау (3-сурет) пайда табуға мүмкіндік беретін және инновациялық кәсіпкерлік дағдылары бар мамандарды даярлауды іске асыруға қабілетті білім беру, зерттеу және инновациялық қызметтің толық циклін жүзеге асыратын дамыған инфрақұрылымы бар жаңа университеттік ғылыми-білім беру кешенін құруға мүмкіндік береді.

      Зерттеу университетінің осындай моделін құру университеттің сыртқы орта субъектілерімен: мемлекеттік органдармен, ЖЖОКБҰ-мен, ғылыми ұйымдармен, бизнес-қауымдастықтармен, өңірдің шаруашылық субъектілерімен өзара тиімді, сындарлы, ұзақ мерзімді өзара іс-қимылының тиімді жұмыс істейтін жүйесін құруға мүмкіндік береді.

      Құрылатын зерттеу университеті қызметінің негізгі қағидаттары:

      1) инновациялық білім беру жүйесін дамытудың нәтижесі өзінің кәсіптік қызметі саласында және сайып келгенде ел мен өңірдің экономикасы мен әлеуметтік саласында оң өзгерістерді қамтамасыз етуге қабілетті мамандарды даярлау болып табылады;

      2) білім беруді, ғылыми зерттеулер мен өндірісті интеграциялау негізінде әлемдік деңгейдегі элиталық мамандарды озық даярлау;

      3) университет дәстүрлерін сақтау және академиялық құндылықтар мен кәсіпкерліктің интеграциясын қамтамасыз ететін инновациялық қызметтің инфрақұрылымын құру;

      4) университеттің инновациялық корпоративтік мәдениетін және ішкі бәсекелес ортаны қалыптастыру;

      5) университеттің сыртқы ортамен өзара іс-қимыл жасауының инфрақұрылымын дамыту, ЖЖОКБҰ-мен, академиялық ғылыммен, өнеркәсіппен, бизнеспен және мемлекеттік органдармен стратегиялық әріптестікті қалыптастыру;

      6) университетті қаржыландыру көздерін әртараптандыру және қаржылық және басқа ресурстарды белсенді жинау және тарту;

      7) өздігінен білім алатын құрылым ретінде университетті басқарудың бейімделген жүйесін құру.

      ОҚУ іске асыратын аталған қағидаттар зерттеу университеттері шешуге тиіс міндеттермен өте үйлесімді. Олар негізгі процестерді жүйелеп көрсетеді, университетті инновациялық типтегі университетке трансформациялау бойынша сындарлы қызмет бағыттарын айқындайды.

      Зерттеу университеті жұмысының басым бағыттарының бірі ғылым мен білімнің интеграциясы саласында ғалымдардың студенттермен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету болып табылады.

      Бүгінгі таңда университеттің факультеттері мен жоғары мектептерінде ҒЗЖ-ға тартылған студенттердің саны техникалық білім беру бағдарламалары бойынша 5805 студентті құрайды.

      Жұмыс істейтін студенттік ғылыми үйірмелердің саны 86 бірлікті құрайды, оған 2234 студент мүше ретінде тіркелген.

      Осыған байланысты университетте ғылыми үйірмелердің, ғылыми студенттік қоғамдардың, студенттік конструкторлық бюролардың, студенттік технологиялық бюролардың және студенттік бизнес-инкубатордың жұмысы жалғасатын болады. Университетте студенттік кәсіпкерлік бастамаларды дамыту бойынша барлық жағдай жасалады және стартаптар құру бойынша жұмыс жандандырылады.

      Университет оқу процесі ғылыми-зерттеу, конструкторлық-технологиялық, қаржы-экономикалық және өндірістік жұмыстарды орындаумен тікелей ұштасуы үшін инновациялық бөлімшелерді, ғылыми-өндірістік кәсіпорындарды және басқа да ұйымдарды ғылыми процеске тарту арқылы ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудың жаңа деңгейіне бағдарланған.           

      Университеттің зерттеу және кәсіпкерлік қызметінің міндеттерін шешу үшін ҒЗИ, ғылыми орталықтар, зертханалар, бизнес-инкубатор, технопарк, тәжірибелік-конструкторлық бюро, технологияларды коммерцияландыру офисі, кәсіпкерлік және әріптестік орталығы және тәжірибелік-эксперименттік өндірістерді қамтитын дамыған инфрақұрылым құрылуда.

      ОҚУ жанындағы "Құрылымдық және биохимиялық материалдар" инженерлік бейіндегі өңірлік сынақ зертханасы 2008 жылдан бері жұмыс істейді. Зертхана ұлттық аккредиттеуден өтті және 2012 жылдан бастап әлемнің 60 елінде танылған ILAC-MRA халықаралық зертханааралық белгісін пайдалану құқығына ие болды. Зертхана қызметін тапсырыс берушілердің ағымдағы сұраныстарына, өңірді дамыту басымдықтарына бағдарлауға ерекше назар аударылады. Бұл ретте зертхана ғылыми ынтымақтастық бағдарламалары бар елдің ұлттық компанияларымен және кәсіпорындарымен, сондай-ақ шетелдік компаниялармен тығыз ынтымақтастықта. Зертхананың айналасында жаңа ғылыми бөлімшелер желісі, сондай-ақ ғылыми-өндірістік кешен құрылған.

      Зертхана өңірдегі ғылыми зерттеулер мен инженерлік кадрлардың біліктілігін арттырудың үйлестіруші орталығы болуға арналған, ол үшін:

      1) ұлттық компаниялардың тапсырыстары бойынша зерттеулер ұйымдастырылады;

      2) магистранттар мен докторанттардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға және орындауға белсенді қатысады;

      3) шетелдік ғалымдармен және дайындаушы зауыттардың өкілдерімен бірлесіп зертхана базасында біліктілікті арттырудың тұрақты курстарын ұйымдастырады;

      4) шетелдік ғалымдар мен мамандардың қатысуымен физика-химиялық зерттеулердің жаңа әдістері бойынша халықаралық семинарлар мен тренингтер өткізеді;

      5) зертхана қызметкерлерін аналитикалық аспаптарды дайындаушы зауыттар базасында тағылымдамадан өтуге жібереді;

      6) жаңа ғылыми бағыттар бойынша зерттеу әдістемелерін әзірлейді.

      Университет жанынан өсімдік шаруашылығы зертханалары (жылыжай); силикаттар мен құрылыс материалдары; заманауи жабдықтармен жабдықталған құрылыс және сәулет; ластанған топырақты қалпына келтіру мен тазартудың тәжірибелік учаскесі бар биотехнология және микробиология зертханасы; жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің кафедрааралық зертханалық-өндірістік кешені; ветеринарлық клиника; гидромелиорация және гидравлика зертханалық-эксперименттік кешені; электроэнергетика оқу-ғылыми зертханасы; автоматтандыру және телекоммуникация жүйелерінің кафедрааралық оқу-ғылыми кешені; жаңартылатын және дәстүрлі емес энергетиканың оқу-ғылыми зертханалық кешені; электр машиналары мен желілерінің қазіргі заманғы теориясы мен модельдерінің зертханалық кешені; Қазақстан Республикасының су ресурстарының сапасын мониторингтеу зертханасы; нанотехнология және наноматериалдар ғылыми зертханасы кіретін тәжірибелік-эксперименттік өндірістік кешен құрылды.

      Сондай-ақ тігін бұйымдарының конструкциясы мен дизайны зертханасы бар тәжірибелік өндіріс, тағамдық қоспалар мен медициналық препараттарды шығару жөніндегі тәжірибелік-өнеркәсіптік желі, шағын наубайхана, алкогольсіз сусындар өндіру жөніндегі шағын желі, көбік бетонды құрылыс блоктарын шығаратын өнеркәсіптік өндіріс бар. Тәжірибелік-эксперименттік өндірістік кешен студенттердің өндірістік практикадан өтуі және инновациялық өндіріс мамандарын даярлау үшін пайдаланылады.

      Университеттің инновациялық әлеуетін дамыту үшін инновациялық құрылымдар құрылды:

      1) кәсіпкерлік және коммерцияландыру департаменті;

      2) технологияларды коммерцияландыру кеңсесі;

      3) кәсіпкерлік және әріптестік орталығы;

      4) технологияларды, инновацияларды қолдау және зияткерлік меншікті қорғау орталығы;

      5) бизнес-инкубатор;

      6) тәжірибелік-конструкторлық бюро.

      Ғылыми-зерттеу қызметінің маңызды міндеттерінің бірі университет ғалымдары нарыққа ұсынған, ғылымды қажет ететін технологиялар мен инновациялық өнімдерді ілгерілету болып табылады. Осыған байланысты жергілікті, республикалық және халықаралық түрлі көрмелерде инновациялық жобаларды көрнекі көрсету бойынша іс-шаралар өткізілуде.

4-кіші бөлім. Ғылыми-техникалық әзірлемелерді коммерцияландыру

      Аяқталған ҒЗТКЖ-ны коммерцияландыруды жүзеге асырудың негізгі жолы ғылым мен бизнесті интеграциялау болып табылады. Коммерциялық кәсіпорындардың ғылымды қажетсінетін өнімдер мен технологияларға қызығушылығының артуы ОҚУ ғылыми әзірлемелерінің нәтижесін коммерциялық пайдалануға мүмкіндік береді, университеттің өз өндірісін құру мақсатында коммерциялық құрылымдардың капиталын тарту ықтималдығын арттырады, ғылыми әзірлемелерді іске асыруға, бизнес-жобаларға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

      Мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер шешіледі:

      1) химия және мұнай-химия өнеркәсібі, биотехнология және фармацевтика өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, нанотехнология, аграрлық өнеркәсіп, құрылыс материалдары, металлургия, экология, энергетика, экономика, кәсіптік білім беру саласындағы зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру;

      2) университетте ғылыми зерттеулерді коммерцияландыру және ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру құралын жасау;

      3)технологияларды коммерцияландыруда ғылыми ұжымға ұйымдастырушылық, техникалық және қаржылық көмек;

      4) шағын және орта бизнесті кеңейту шеңберінде халық шаруашылығының шағын сериялы (аз тоннажды), бағдарламалық өнімдер мен қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін университеттің ғылыми-өндірістік қызметін дамыту;

      5) рұқсат құжаттарын дайындауға және алуға жәрдемдесу.

      Зияткерлік меншікті коммерцияландыру үшін университет қызметі туралы келісім әзірленуде, онда университет қызметкерлерінің зияткерлік меншікке қатысты құқықтары мен міндеттері көрсетіледі.

      2022 жылы университеттің Кәсіпкерлік және коммерцияландыру департаменті ҚР ҒЖБМ-ның "Ғылым қоры" АҚ-да және Дүниежүзілік банктің "Өнімді инновацияларды ынталандыру" бағдарламалары бойынша коммерцияландыру үшін 22 әлеуетті жоба дайындады.

      Қазақстан Республикасы ҒЖБМ-ның "Ғылым қоры" АҚ желісі бойынша университет 2022 – 2024 жылдарға жалпы сомасы 1302968756 теңгеге коммерцияландырудың 4 жобасын орындауда.

      ОҚУ Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдарымен, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, "SHYMKENT" ӘКК-мен тығыз ынтымақтастық жасауда.

      Шымкент қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының инновациялық жобалар конкурсы бойынша 2021 жылы жалпы сомасы 83 миллион теңгеден астам 3 грант ұтып алынды.

      Университет пен Зенджан (Иран Республикасы) іргелі ғылымдар бойынша озық зерттеулер институтының ғылыми-технологиялық паркі арасында ғылыми ынтымақтастық орнату үшін университет базасында "Инжиниринг және технологиялар трансферті" бірлескен ғылыми платформасын құру туралы келісімге қол жеткізілді. Платформа Қазақстан мен Иран экономикасының құрылымын талдау және оларды кейіннен іске асыру арқылы инновациялық жобаларды белсенді іздеуге қатысуға ниетті. Осы платформа кәсіпкерлікті қолдаудың нақты инфрақұрылымын құру арқылы бизнес-белсенділіктің артуын ынталандыратын болады. Платформаның екінші құрамдас бөлігі – инновациялық идеялар мен технологияларды іздеу және іріктеу, жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін өндірістерді құру бойынша жұмысты ұйымдастыру, инновациялық жобаларды іске асыру үшін қаржы ресурсын іздеу сияқты көрсетілетін қызметтерді ұсынуды көздейтін инжиниринг.

      ОҚУ-дың қызметі барысында айтарлықтай зияткерлік ресурс жинақталды, олардың табысты коммерциялануының шарты ОҚУ-да ғылыми-техникалық дамудың толық инновациялық циклден өтуін қамтамасыз ететін дамыған инновациялық инфрақұрылымның болуы болып табылады: техниканың зерттелетін саласындағы әзірлемелердің қазіргі деңгейінен озық ғылыми идеяны генерациялаудан бастап ғылыми қызмет өнімін шығаруды ұйымдастыруға дейін.

      Университет ғалымдарының зияткерлік меншік құқықтарын дамыту мен қорғауды қамтамасыз ету ОҚУ қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. 2023 жылы ОҚУ-ға құқық қорғау құжаттарын алуға өтінімдер берілді: Еуразиялық патенттік ведомствоға – 1; ҚР өнертабысына патент алуға – 20; ҚР пайдалы моделіне патент алуға – 40; тауар белгісін алуға – 1; ҚР авторлық куәлігін алуға – 142. Алынған: Еуразиялық патенттік ведомствода – 1, ҚР патенті – 13; ҚР пайдалы моделіне патент – 27; ҚР авторлық куәлік – 142, тауар белгісі – 1. ТИҚЗМҚО Facebook (Фэйсбук) әлеуметтік желісінің парақшасында университет ОПҚ-ның өнертапқыштық қызметінің айдарын белсенді жүргізуде.

      Бұл бағытта бағдарламалық-нысаналы және гранттық қаржыландыру қаражатын тартып құрылған ғылыми-техникалық қызмет нәтижесін экономикалық айналымға енгізуді жандандыру іс-шаралары жүргізілетін болады.

      Зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижесін табысты коммерцияландыру үшін университет жаңа технологияларды әзірлеу мен беруді қамтамасыз ететін шағын бастапқы өндіріс құруға және қолдауға жәрдемдесетін болады. Бұл ретте осы шағын өндіріске оларға бастапқы капиталды (американдық SBIR бағдарламасының тәжірибесі бойынша) беру, құқықтық және ақпараттық қолдау көрсету, сондай-ақ университетте әзірленген зияткерлік меншік объектілерін технологияларды коммерцияландыру кеңсесі арқылы өндіріске ілгерілету және патенттік және маркетингтік зерттеулер жүргізу арқылы қолдау көрсетілетін болады.

5-кіші бөлім. Оңтүстік өңірдің әлеуметтік-мәдени дамуына М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің қосқан үлесі

      ОҚУ-да инженерлік кадрды даярлаудың, сондай-ақ Даму бағдарламасын табысты іске асырудың маңызды элементі университет қызметкерлері мен білім алушыларын әлеуметтік қамсыздандыру болып табылады.

      ОҚУ қызметкерлеріне арналған әлеуметтік пакет:

      1) қызмет көрсетуші персоналға төленетін демалыс күндерінің санын 30 күнге дейін арттыруды; 

      2) қосымша төлемді (вакциналау, жерлеу, скринингтік зерттеу және т.б.); 

      3) аптасына 1 күн қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігін; 

      4) университеттегі дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне бару кезінде жеңілдік беруді (кәсіби тексеру, университеттің спорт залында спортпен шұғылдану); 

      5) әртүрлі өмірлік жағдайда (өрт, авария, күрделі операция, емдеу, мүгедектік, ұзаққа созылған ауру және т.б.), сондай-ақ мерейтойлық датаға, отбасы мүшесі қайтыс болған кезде материалдық көмекті; 

      6) көп балалы аналарға, жалғызбасты аналарға, мүгедек балалары бар отбасыларға көмекті; 

      7) Машат ауылындағы ОҚУ базасында қызметкерлерге арналған кәсіподақ демалыс аймағын; 

      8) демалыс және психологиялық жеңілдету бөлмелерін және басқа да әлеуметтік маңызды объектілерді; 

      9) мәдени-бұқаралық, спорттық және корпоративтік іс-шаралар, тимбилдинг, тренинг, шеберлік сыныбын және т.б. өткізуді; 

      10) Қазақстан Республикасының аумағында санаторий-курорттық емделуге жолдама сатып алуды; 

      11) 14 жасқа дейінгі балаларға арналған жаңа жылдық сыйлықты; 

      12) қысқы және жазғы спартакиадаларды өткізуді; 

      13) университет ғалымдарына халықаралық конференцияға қатысуға мүмкіндік беруді қамтиды. 

      Әрбір білім алушы үшін әлеуметтік қолдау университеттің әлеуметтік оның мәртебесіне, физикалық ерекшелігіне немесе басқа да жеке ерекшелігіне қарамастан, тең мүмкіндік жасауға бағытталған стратегиясының іргелі элементі болып табылады.

      Университеттің кешенді әлеуметтік қолдау жүйесі мынадай компоненттерден тұрады:

      1) икемді жеңілдік жүйесі: университет халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан студенттерге, сондай-ақ дарынды жастарға арналған 10 %-дан 100 %-ға дейін өзгеруі мүмкін оқу ақысын төлеу бойынша жеңілдік ұсынады;

      2) инклюзивті білім беру: даму ерекшелігі мен денсаулық мүмкіндігі шектеулі білім алушылар үшін инклюзивті білім беру қағидаттарын белсенді енгізу және ілгерілету;

      3) кедергісіз орта: мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың қажеттілігіне бейімделген барлық оқу және жатақхана кеңістігінің қолжетімділігіне кепілдік беру;

      4) әлеуметтік және психологиялық қолдау: әлеуметтік қолдау бөлімі мен психологиялық көмек орталығының, сондай-ақ басқа да мамандандырылған құрылымдардың жұмыс істеуі;

      5) жеке тәсілдеме: білім алушылардың жеке даму траекториясына бағытталған ББ-ын әзірлеу және іске асыру.

      Осы стратегияны табысты іске асыру үшін университет мынадай тактикалық қадам жасайды:

      1) жетім балалар мен көп балалы немесе аз қамтылған отбасылардан шыққан білім алушыларды қоса алғанда, білім алушылардың ерекше санаты үшін оқуға жеңілдік беру;

      2) университеттің қоғамдық және спорттық өміріне белсенді қатысатын білім алушыларды қаржылай қолдау;

      3) сыртқы қаржыландыру мен демеушілік көмекті тарту үшін қормен және үкіметтік емес ұйымдармен (бұдан әрі – ҮЕҰ) ынтымақтастық жасау;

      4) инклюзивті білім беру проблемалары бойынша оқытушыларға арналған тренинг пен семинар өткізу және даму ерекшелігі бар білім алушылар үшін мамандандырылған технологияларды пайдалану;

      5) өңірлік жұмыспен қамту органдарымен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды жұмысқа орналастыруға бағытталған іс-шараларды, оның ішінде бос орындар жәрмеңкесі мен мансаптық форум ұйымдастыру.

      Университет әлеуметтік әділеттілік пен мүмкіндік теңдігіне баса назар аударып, әрбір қызметкер мен білім алушының толыққанды дамуы мен өз орнын табу үшін барлық жағдайды жасайды.

      "Оңтүстік өңірдің әлеуметтік-мәдени дамуына ОҚУ-дың қосқан үлесі" даму бағдарламасының кіші бөлімін іске асыру:

      1) өңір экономикасын дамытуға бағытталған зерттеу жобаларының үлесін;

      2) инвестициялық жобалардың ТЭН және ғылыми негіздемелерін дайындау бойынша зерттеу жобаларының үлесін;

      3) кәсіпорындардың тапсырысы бойынша әзірленген инновациялық ББ-ның үлесін арттыруға мүмкіндік береді.

7-бөлім. Даму бағдарламасында қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары

      Даму бағдарламасының міндеттерін іске асыру ОҚУ-ды зерттеу университетіне трансформациялау және университеттің инновациялық зерттеу экожүйесін жаңғырту шеңберінде ҰПҒЗО құру арқылы жоспарланып отыр, онда зияткерлік әлеуетті, қазіргі заманғы, бірегей эксперименттік ғылыми жабдықты пайдалану арқылы жаһандық сипаттағы және әлемдік маңызы бар серпінді ғылыми бағыттар дамитын болады, онда креативті ойшыл мамандарды даярлау жүзеге асырылатын болады, озық идеяларды кіріктіруге қабілетті және елдің инновациялық экономикасы үшін, сондай-ақ осы Бағдарламаға 2 және 3-қосымшаларда көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыру арқылы зияткерлік капитал арттырылатын болады.

      ҰПҒЗО-да бірегей қазіргі заманғы жабдықпен, аспаппен, қондырғымен жабдықталған және жоғары білікті кадрмен қамтамасыз етілген ұжымдық пайдаланудағы 5 жаңа ғылыми-зерттеу зертханасын құру жоспарлануда.

      5-кесте. Құрылатын зертханалар

Р/с

Зертханалар

Міндеттер

1

"Ғылымды қажетсінетін физика-химиялық талдау әдістері" орталық ғылыми-зерттеу зертханасы

барлық материал мен заттарға қазіргі заманғы аспаптық физикалық және физика-химиялық әдістермен зерттеу мен талдау

2

"Биоресурс және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері" арнайы ғылыми-зерттеу зертханасы

химиялық және биологиялық қауіпсіздік, тағамдық құндылығы, тамақ өнімінің барлық негізгі түрі бойынша зерттеу, сынау

3

"Мұнай, мұнай өнімі мен газдың химиялық технологиясы" аналитикалық ғылыми-зерттеу зертханасы

мұнай мен мұнай өнімінің барлық түрін, ілеспе және табиғи газды және оның өнімін аспаптық физика-химиялық әдістермен зерттеу және сынау

4

"Қазіргі заманғы конструкциялық материалдар" сынақ ғылыми-зерттеу зертханасы

құрылыс материалдарына, бұйымдары мен құрылымдарына аспаптық және физика-механикалық әдістермен зерттеу мен сынау

5

"SmartLab" прототиптеу ғылыми-зерттеу зертханасы

бұл әртүрлі типтегі және мақсаттағы процесті талдауға, әзірлеуге және оңтайландыруға қатысты математикалық және имитациялық модельдеу саласындағы іргелі және қолданбалы сипаттағы маңызды ғылыми мәселелер бойынша ғылыми және практикалық зерттеуді жүзеге асыру

      Зерттеу университетіне трансформациялауға жоспарланған қаражат

      2024 – 2028 жылдарға арналған ОҚУ жалпы кірісі 82441501 мың теңгені құрайды, оның ішінде:

      1) бюджет қаражаты – 46984727 мың теңге.

      Оның ішінде 2024 – 2028 ж. бөлінісінде:

      2024 жылы – 8917836 мың теңге, оның ішінде:

      мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім беру қызметінен түскен қаражат – 8559963 мың теңге;

      академиялық ұтқырлықтан түскен қаражат – 38787 мың теңге;

      ғылыми қызметтен түскен қаражат – 302086 мың теңге;

      шетелдік мамандарды тартуға арналған қаражат – 17000 мың теңге.

      2025 жылы – 9260113 мың теңге, оның ішінде:

      мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім беру қызметінен түскен қаражат – 8881095 мың теңге;

      академиялық ұтқырлықтан түскен қаражат – 38787 мың теңге;

      ғылыми қызметтен түскен қаражат – 323231 мың теңге;

      шетелдік мамандарды тартуға арналған қаражат – 17000 мың теңге.

      2026 жылы – 9504506 мың теңге, оның ішінде:

      мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім беру қызметінен түскен қаражат – 9102861 мың теңге;

      академиялық ұтқырлықтан түскен қаражат – 38787 мың теңге;

      ғылыми қызметтен түскен қаражат – 345858 мың теңге;

      шетелдік мамандарды тартуға арналған қаражат – 17000 мың теңге.

      2027 жылы – 9651136 мың теңге, оның ішінде:

      мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім беру қызметінен түскен қаражат – 9225280 мың теңге;

      академиялық ұтқырлықтан түскен қаражат – 38787 мың теңге;

      ғылыми қызметтен түскен қаражат – 370069 мың теңге;

      шетелдік мамандарды тартуға арналған қаражат – 17000 мың теңге.

      2028 жылы – 9651136 мың теңге, оның ішінде:

      мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім беру қызметінен түскен қаражат – 9225280 мың теңге;

      академиялық ұтқырлықтан түскен қаражат – 38787 мың теңге;

      ғылыми қызметтен түскен қаражат – 370069 мың теңге;

      шетелдік мамандарды тартуға арналған қаражат – 17000 мың теңге;

      2) бюджеттен тыс қаражат – 35456774 мың теңге.

      Оның ішінде 2024 – 2028 ж.:

      2024 жылы – 6703561 мың теңге, оның ішінде:

      шарттық негізде білім беру қызметінен түскен қаражат – 6162349 мың теңге;

      ғылыми қызметтен түскен қаражат – 222348 мың теңге;

      өзге де қызметтен түскен қаражат – 318864 мың теңге.

      2025 жылы – 6913562 мың теңге, оның ішінде:

      шарттық негізде білім беру қызметінен түскен қаражат – 6347219 мың теңге;

      ғылыми қызметтен түскен қаражат – 237913 мың теңге;

      өзге де қызметтен түскен қаражат – 328430 мың теңге.

      2026 жылы – 7130485 мың теңге, оның ішінде:

      шарттық негізде білім беру қызметінен түскен қаражат – 6537636 мың теңге;

      ғылыми қызметтен түскен қаражат – 254566 мың теңге;

      өзге де қызметтен түскен қаражат – 338283 мың теңге.

      2027 жылы – 7354583 мың теңге, оның ішінде:

      шарттық негізде білім беру қызметінен түскен қаражат – 6733765 мың теңге;

      ғылыми қызметтен түскен қаражат – 272386 мың теңге;

      өзге де қызметтен түскен қаражат – 348432 мың теңге.

      2028 жылы – 7354583 мың теңге, оның ішінде:

      шарттық негізде білім беру қызметінен түскен қаражат – 6733765 мың теңге;

      ғылыми қызметтен түскен қаражат – 272386 мың теңге;

      өзге де қызметтен түскен қаражат – 348432 мың теңге.

      2024 – 2028 жылдарға қажетті бюджеттен тыс қаржыландыру 800000 мың теңгені құрайды, оның ішінде меншікті қаражат – 800000 мың теңге.

      Оның ішінде 2024 – 2028 жылдар бөлінісінде:

      2024 жылы – 200 000 мың теңге;

      2025 жылы – 200 000 мың теңге;

      2026 жылы – 200 000 мың теңге;

      2027 жылы – 200 000 мың теңге.

      Республикалық және жергілікті бюджеттерден қосымша қаражат талап етілмейді.

8-бөлім. Даму бағдарламасын іске асыру барысында күтілетін нәтиже сипаттамасы

      Даму бағдарламасын іске асыру ғылымды басқаруды кезең-кезеңімен жаңғыртуды және зерттеу университетінің үлгісі бойынша ғылыми бөлімшелердің икемді және ашық ұйымдық құрылымды қамтамасыз етеді, сондай-ақ ОПҚ, ғалымдар, PhD докторанттар, магистранттар мен бакалаврлардың кәсіпкерлік, зерттеу және кәсіби құзыретін қалыптастыру үшін жағдай жасайды.

      Даму бағдарламасы шеңберінде қойылған міндеттерді орындау барысында орындаудың барлық кезеңі ішінде мынадай нәтижеге қол жеткізілетін болады:

      1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейінде ғылыми қызмет пен білім беру процесін интеграциялау:

      1) білім алушылардың жалпы контингентінен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар үлесі (магистранттар, докторанттар) – 12 %;

      2) Өзбекстан Республикасы Шыршық қаласында университет филиалын ашу.

      2. Еліміздің индустриялық-инновациялық дамуы шеңберінде инновациялық зерттеу экожүйесін жасау:

      1) ұжымдық пайдаланудағы жаңа ғылыми-зерттеу зертханаларын құру – 5 бірлік;

      2) университет бюджетінің жалпы көлемінен ҒЗТКЖ қаржыландыру үлесі – 42 %;

      3) Scopus-та ҚР ғалымдарының дәйексөзінің жалпы санынан Scopus дерекқоры бойынша ғалымдардың жарияланымы дәйексөзінің үлесі – 12 %;

      4)ғылыми қызметтен, инновациялық әзірлемелерден және коммерцияландырылған жобалардан алынған кіріс үлесі (ЖЖОКБҰ жалпы бюджетінен) – 30 %.

      3. Қазіргі жағдайда корпоративтік басқарудың университеттік моделін құру және дамыту векторы:

      1) оқытудан және тағылымдамадан өткен ОПҚ үлесі, оның ішінде QSWUR халықаралық рейтингіндегі шетелдік ЖЖОКБҰ-дағы ТОП – 500-де – 15 %;

      2) ТОП – 500 ЖЖОКБҰ-дан ғалымдарды университеттің білім беру және ғылыми қызметіне тарту (2023 жылы – 112 адам).

      4. Университеттің өңір мен ел экономикасын дамытуға қосқан үлесін арттыру:

      1) университет жобаларының жалпы көлемінде өңір экономикасын дамытуға бағытталған зерттеу жобаларының үлесі – 40 %;

      2) аяқталған қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмысының жалпы санынан коммерцияланатын жобалар үлесі – 40 %;

      3) түлектердің жұмысқа орналасуы – 90 %.

      Қажетті қаржы ресурсының құрылымы мынадай аспектіні қамтиды: әлемдік стандарттарға сәйкес келетін білім беру процесінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін қаржыландыру; ғылыми және инновациялық зерттеуді қолдау; ғылыми-техникалық әзірлемелерді коммерцияландыруға жәрдемдесу; қазіргі заманғы ғылыми-білім беру және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым құру; персоналдың біліктілігін арттыру бағдарламаларын қаржыландыру; халықаралық академиялық және студенттік алмасуды қолдау; халықаралық сертификаттау, аккредиттеу және патенттеу рәсімдерін іске асыру; жаңғырту іс-шараларын қаржыландыру және басқа да осыған ұқсас бағыттар.

      Даму бағдарламасы қазіргі заманғы ғылыми құрылғыларға қол жеткізуді қамтамасыз ету, перспективалық ғылыми зерттеу мен жобаларды орындау, сондай-ақ олардың нәтижесін жоғары дәйексөз көрсеткіштері бар журналдарда жариялау арқылы орындалатын болады. Бұдан басқа, алынған тұжырымдар мен әзірлемелер ел экономикасының нақты секторына енгізілетін болады.

      Қазақстан Республикасының негізгі даму салаларында мамандар даярланады, бұл ретте ұлттық және әлемдік рейтингіндегі университет белсенділігі күшейтілетін болады. Өндіріс қажеттілігіне бағдарланған кадр даярлау жүйесі құрылады, сондай-ақ озық халықаралық тәжірибе мен ғылыми зерттеулерді ескеріп, әртүрлі мамандықтар үшін жаңа оқу бағдарламалары әзірленеді.

      ОҚУ инфрақұрылымын жаңғырту, адам ресурсын басқарудың қазіргі заманғы жүйесін енгізу және оқытушы-профессорлық, сондай-ақ әкімшілік-басқару персоналының, сонымен қатар студенттердің, магистранттар мен докторанттардың шығармашылық тұрғыдан орнын табуы үшін жағдай жасау жоспарлануда. Сонымен қатар ұлттық және халықаралық деңгейде оқытушы және әкімшілік-басқару персоналы үшін біліктілікті арттырудың және шетелдік профессорлар мен кеңесшілерді тартудың тиімді жүйесі әзірленеді.

      Ұлттық кластерлермен, халықаралық бизнес-компаниялармен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық кадр даярлау, ғылыми зерттеу және инновациялық әзірлемелер саласында жалғастырылатын болады.

      Алға қойылған барлық міндетті табысты іске асыру үшін еңбек нарығындағы өзгерістерге ден қоюға икемділікке ие болу және Даму бағдарламасы шеңберінде жеткілікті қаржыландыруды қамтамасыз ету қажет.

  "М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік
қоғамының 2024 – 2028
жылдарға арналған даму
бағдарламасына
1-қосымша

"М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметін SWOT-талдау


Күшті жақтары–S (Strengths)

Әлсіз жақтары – W (Weaknesses)

1

2

1) қоғамда, өңірде, республикада ОҚУ-дың жоғары имиджі;
2) университетті басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының барлық деңгейінде университет міндеттері мен жоспарланған іс-шаралардың нақты сәйкес келуі;
3) әкімшілік пен ОПҚ білім беру сапасын қамтамасыз ету процесіне тартылған;
4) қаражат бөлу және материалдық активті қалыптастыру университеттің даму стратегиясына, миссиясы мен мақсаттарына сәйкес жүргізіледі;
5) корпоративтік басқарудың негізгі элементтерін енгізу;
6) басқару шешімдерінің тиімділігін тұрақты талдау;
7) ББ кең спектрінің болуы: білім берудің үш сатысы бойынша қолданыстағы, жаңа және инновациялық;
8) қос дипломды, бірлескен, дуальді ББ-ны ұйымдастыру;
9) ББ-ны іске асыру сапасын жүйелі мониторингтеудің болуы;
10) қолданбалы бакалавриат ББ-ның, дуальді және қос дипломды ББ-ның болуы;
11) үш тілде білім беру мен ағылшын тілінде оқытуды іске асыру;
12) қосымша білім беру қызметін ұсынудың, ОПҚ біліктілігін арттырудың дамыған жүйесі;
13) дамыған халықаралық байланыс;
14) халықаралық білім беру және мәдени орталықтардың, шетелдік өкілдіктердің болуы;
15) өңірдегі мықты стейкхолдерлер;
16) күрделі ғылыми-зерттеу жобаларын орындауға қабілетті қалыптасқан ғылыми мектептер мен ұжымдар;
17) ғылыми қызметті басқарудың жаңғыртылған жүйесі мен тетігі;
18) ғылыми зерттеудің дамыған инфрақұрылымы;

1) ғылыми әзірлемелерді енгізу және коммерцияландыру бойынша ОПҚ-ның төмен белсенділігі;
2) ғылыми дәрежесі мен атағы бар жас оқытушылардың төмен пайызы;
3) түлектердің мансабын жоспарлау қызметінің жеткілікті дамымауы;
4) корпоративтік басқару саласында біліктілікті арттырудың жеткіліксіз деңгейі;
5) қазіргі ғылыми мектептердің сабақтастығы және жас ғалымдардың ҒЗЖ-ға қатысуы мәселелері;
6) ғылыми-педагогикалық кадрдың шетелдік ғылыми бағдарламаларға жеткіліксіз қатысуы;
7) университетте цифрландыру процесінің жеткілікті дамымауы.
 
 
 

19) ЖЖОКБҰ және ғылыми орталықтармен дамыған халықаралық байланыс;
20) студенттердің қалыптасқан ғылыми мектеп ортасындағы жұмысы;
21) түлектерді практикадан өткен уақытта жұмысқа орналастыру;
22) университеттің республикалық, облыстық және қалалық БАҚ-пен жүйелі өзара іс-қимылы;
23) ақпараттық ресурс пен инфрақұрылымның әртүрлі болуы;
24) білім алушылармен орнатылған кері байланыс жүйесі


Мүмкіндігі – O (Opportunities)

Қатері – T (Threats)

1) университет қызметінің тиімділігін сырттай бағалау мүмкіндігі (ұлттық және халықаралық деңгей), осыған байланысты жоспарлау процесін жетілдіреді;
2) білім беру қызметін әлеуетті және нақты тұтынушылар арасындағы сенім мен имидж;
3) корпоративтік басқару бойынша оқу бағдарламаларына кең қолжетімділік;
4) оқу процесін ұйымдастыру мен жоспарлаудағы ЖЖОКБҰ академиялық еркіндігі;
5) жаңа кәсіп пен құзырет атласына сәйкес жұмыс берушілердің сұранысы, талапкерлердің сұранысы бойынша ББ әзірлеу;
6) әріптес университеттермен білім алушылар мен оқытушылар алмасуды іске асыру, қос дипломды, бірлескен ББ әзірлеу және енгізу шеңберінде ынтымақтастықты кеңейту;
7) университеттің білім беру қызметіне әлеуетті сұраныс;
8) ғылыми мектептердің, жеке ғалымдардың грант конкурсына, ғылыми-техникалық бағдарламаларға қатысуын ынталандыру жүйесінде жаңа тәсілдемені әзірлеу;
9) бизнеспен және кәсіпорындармен әріптестік жасау;
10) іргелі зерттеу мен инновациялық қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;
11) "Ғылым туралы" және "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесін коммерцияландыру туралы" ҚР жаңа заңдарына сәйкес ғылыми зерттеуді қаржыландыру көлемін ұлғайту және тетігін жетілдіру;
12) жаңа магистратура мен PhD докторантураның ББ-ны ашу;
13) университеттің ресми аккаунтында әлеуметтік желіні пайдаланушылар санының артуы;
14) ЖЖОКБҰ-ның ақпараттық ресурсына қолжетімділіктің жоғары деңгейі;
15) жоғары білікті IT-мамандар ағыны

1) жаһандану және жұмыс күшінің көші-қоны нәтижесінде ғылыми-білім беру ортасындағы бәсекелестікті күшейту;
2) шетел университеттерінің Қазақстан нарығына шығуы;
3) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы заңнамалық және нормативтік актілердің жылдам өзгеру қарқыны;
4) бәсекелес университеттердің ақпараттық қатысуын күшейту;
5) материалдық-техникалық, ақпараттық ресурстың тұрақты қымбаттауына әкелетін инфляциялық процесс;
6) білікті оқытушылардың басқа салаға кетуі

  "М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамыны 2024 – 2028 жылдарға арналған даму бағдарламасына
2-қосымша

"М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2024 – 2028 жылдарға арналған даму бағдарламасының нысаналы индикаторлары

Р/с №
 

Мақсатты индикаторлар

Өлш.
бірлігі

Жоспарлы кезеңде

2024

2025

2026

2027

2028

1

2

3

4

5

6

7

8

Мақсат – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін зерттеу университетіне трансформациялау

1-міндет. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейінде ғылыми қызмет пен білім беру процесін интеграциялау

1.1

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының халықаралық рейтингідегі орны

орн.

400+

380+

360+

330+

300+

1.2

Білім алушылардың жалпы контингентінен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар (магистранттар, докторанттар) үлесі

%

8

8,5

9

10

12

2-міндет. Еліміздің индустриялық-инновациялық дамуы шеңберінде инновациялық зерттеу экожүйесін құру

2.1

Іске асырылатын ғылыми-зерттеу жобаларындағы жас ғалымдар үлесі

%

12

24

40

60

75

2.2

ҚР ғалымдарының Scopus-тағы дәйексөзінің жалпы санынан Scopus дерекқоры бойынша ғалымдардың дәйексөзінің жарияланымдары үлесі

%

4

6

8

10

12

2.3

Ғылыми қызметтен, инновациялық әзірлемелерден және коммерцияландырылған жобалардан алынған кіріс үлесі (жалпы университет бюджетінен)

%

8

14

21

25

30

3-міндет. Қазіргі жағдайда корпоративтік басқарудың университеттік моделін құру және даму векторы

3.1

Оқытудан және тағылымдамадан, оның ішінде QS WUR халықаралық рейтингінің ТОП – 500 шетелдік ЖЖОКБҰ-да оқытудан және тағылымдамадан өткен ОПҚ үлесі

%

3

8

10

13

15

1

2

3

4

5

6

7

8

3.2

ЖЖОКБҰ ғалымдарын университеттің білім беру және ғылыми қызметіне ТОП – 500 тарту (2023 жыл – 112 адам)

адам

120

130

140

150

160

4-міндет. Университеттің өңір мен ел экономикасын дамытуға қосқан үлесін арттыру

4.1

Аяқталған қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмысының жалпы санынан коммерцияланатын жобалар үлесі

%

10

15

23

30

40

4.2

Түлектерді жұмысқа орналастыру

%

87,5

88

88,5

89

90

4.3

Университет жобаларының жалпы көлемінде өңір экономикасын дамытуға бағытталған зерттеу жобалары үлесі

%

3

10

20

30

40

  "М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік
қоғамының 2024 – 2028
жылдарға арналған даму
бағдарламасына
3-қосымша

"М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2024 – 2028 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с

 

Іс-шаралар атауы

Өлш. бірлігі

Жоспарлы кезеңде

Аяқталу нысаны

2024
жыл

2025
жыл

2026
жыл

2027
жыл

2028 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Мақсат – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін зерттеу университетіне трансформациялау

1-міндет. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейінде ғылыми қызмет пен білім беру процесін интеграциялау

1.1

Рейтингі жоғары Q1, Q2 Journal Citation Reports JCR басылымдарында ұйым қызметкерлерінің (ЖЖОКБҰ/ҒЗИ) мақалалары мен шолуларының санын ұлғайту

бір.

8

10

12

16

20

жарияланым

1.2

Магистратура мен докторантурада оқу ақысы бойынша жеңілдік берілген білім алушылар санын ұлғайту

бір.

3

4

5

6

7

жеңілдік

2-міндет. Еліміздің индустриялық-инновациялық дамуы шеңберінде инновациялық зерттеу экожүйесін құру

2.1

Зерттеу жүргізуге қосымша университетішілік қаржыландырылатын грант бөлу

бір.

5

7

7

8

10

есептік ақпарат, шарт

2.2

Зерттеу әдіснамасы, статистикалық талдау, зертханалық әдістер, ғылыми жұмыс жазу және дәйексөзді басқару бойынша семинар мен курстың артуы

бір.

10

15

20

25

30

есептік ақпарат

Университет зерттеушілерінің жалпы санынан бірлескен қаржыландырылатын ҒЗЖ-ны орындауға қатысатын шетелдік ғалымдар, зерттеушілер үлесін ұлғайту

%

10

11

12

15

18

шарт, бұйрық

2.3

Университет ғалымдарының жалпы санынан 1 және одан көп Хирш индексіне (H-index) ие ғалымдар үлесін ұлғайту
 

%

30

40

50

55

60

Scopus дерекқорында индекстелген басылым

1

2

3

4

5

6

7

8

9

2.4

Өндіріс пен бизнестің қатысуымен өткізілген көрме, ғылыми әзірлеме семинары мен конференция санын ұлғайту

бір.

5

7

10

15

20

есептік ақпарат

3-міндет. Қазіргі жағдайда корпоративтік басқарудың университеттік моделін құру және дамыту векторы

3.1

Оқытудан және тағылымдамадан өткен, оның ішінде QSWUR халықаралық рейтингіндегі ТОП – 500 шетелдік ЖЖОКБҰ оқытудан және тағылымдамадан өткен ОПҚ үлесін ұлғайту

%

10

12

13

14

15

есептік ақпарат

3.2

Университеттің білім беру және ғылыми қызметіне ТОП – 500 ЖЖОКБҰ-дан тартылған ғалымдар санын ұлғайту (2023 жылы – 112 адам)

адам

120

130

140

150

160

жеке еңбек шарты

Жұмысқа тартылған шетелдік ғалымдар үшін әлеуметтік жеңілдік пакетін бөлу

бірл.

5

7

7

8

10

есептік ақпарат

4-міндет. Университеттің өңір мен ел экономикасын дамытуға қосқан үлесін арттыру

4.1

Аяқталған қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмысының жалпы санынан коммерцияланатын жобалар үлесін ұлғайту (2023 жылы – 8 %)

%

10

15

23

30

40

есептік ақпарат

4.2

2023 жылмен салыстырғанда, жыл ішінде жұмысқа орналасқан түлектер үлесін ұлғайту (87,4 %)

%

3

10

20

30

40

жоба, шарт

4.3

ЖАО және бизнеспен ынтымақтастық туралы шарттар санын ұлғайту

%

5

6

8

10

14

ЖАО және бизнеспен ынтымақтастық шарттары

Университет жобаларының жалпы көлемінде өңір экономикасын дамытуға бағытталған зерттеу жобаларының үлесін ұлғайту

%

3

10

20

30

40

жоба, шарт


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады