Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 16 қаулысы.

            ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-4-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 18 қаңтардағы
№ 16 қаулысымен
бекітілген

Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-4-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтарды қалыптастыру және есепке алу, нысаналы жинақ төлемдерінің есепке жатқызылуы, төленуі, қайтарылуы және оларды пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ағымдағы жыл – нысаналы талаптарға қатысушыларға нысаналы талаптар есепке жазылатын және нысаналы жинақ төлемдері іске асырылатын жыл;

      2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды жүргізуді, нысаналы жинақтарды нысаналы жинақтау шоттарына есепке алу мен есепке жатқызуды, нысаналы жинақтау шотынан нысаналы жинақтарды алушыға нысаналы жинақтарды төлеуді, нысаналы жинақтардың қайтарылуын есепке алуды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      3) есепті жыл – ағымдағы жылдың алдындағы жыл;

      4) жаһандық кастодиан – өз қызметін өзі орналасқан елде, сондай-ақ оның шегінен тысқары жерлерде жергілікті бөлімшелерді пайдалану, осындай кастодианмен компаниялар тобына кіретін заңды тұлғаларды немесе өзге де тұлғаларды суб-кастодиандар ретінде тарту арқылы жүзеге асыратын кастодиан;

      5) нысаналы жинақтарды алушы – Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, нысаналы жинақтарды алуға құқығы бар азаматы;

      6) нысаналы талаптар – Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есепті жылдың алдындағы он сегіз жылдағы орташаланған инвестициялық кірісінің және есепті жылдың алдындағы он сегіз жылдағы осы сомаға жыл сайын есепке жазылатын орташаланған инвестициялық кірістің елу пайызы есебінен жыл сайын қалыптастырылатын, Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толмаған азаматтары алдындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің міндеттемелері;

      7) нысаналы жинақтау шоты – нысаналы жинақтарды алушының Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес БЖЗҚ-да ашылған, нысаналы жинақтар есепке алынатын және нысаналы жинақтарды төлеу жүргізілетін жеке атаулы шоты;

      8) нысаналы талаптарға қатысушы – Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толмаған, нысаналы талаптарға құқығы бар азаматы;

      9) орташаланған инвестициялық кіріс – "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4361 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры (бұдан әрі – Ұлттық қор) активтерінің валюталық бөлігін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруы нәтижесінде құрылатын, есепті жылдың алдындағы күнтізбелік толық он сегіз жылдағы орташаланған (орташа геометриялық) инвестициялық кірістілік негізінде осы Қағидаларға сәйкес формула бойынша есептелген инвестициялық кіріс мәні;

      10) уәкілетті операторлар – тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) оқу ақысын төлеу мақсатында БЖЗҚ аударатын нысаналы жинақ төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттарды ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер, Ұлттық пошта операторы.

      3. Он сегіз жасқа толғаннан кейін нысаналы талаптар БЖЗҚ жүйесінде ақша баламасы түрінде көрсетілген нысаналы жинақтар мәртебесінде болады.

      "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын алған балалар он сегіз жасқа толғанға дейін нысаналы талаптарға жаңа қатысушылар болады.

2-тарау. Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу тәртібі

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚР ҰБ) нысаналы талаптарға қатысушылардың нысаналы талаптарының, орташаланған инвестициялық кірістің жалпы сомасын есептеуді осы Қағидаларға сәйкес жыл сайын жүзеге асырады.

      5. Ұлттық қордың орташаланған инвестициялық кірісін (бұдан әрі – ОИК) жыл сайынғы есептеу Ұлттық қордың соңғы он сегіз жылдағы валюталық активтерінің орташа жылдық (орташа геометриялық) кірістілігін Ұлттық қордың таза валюталық активтерінің орташа айлық (орташа арифметикалық) нарықтық құнына көбейту арқылы жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      ОИК = КМ*ҰҚорт.айлық , мұндағы:

      ҰҚорт.айлық – Ұлттық қордың есепті жылдың алдындағы жылдағы таза валюталық активтерінің орташа айлық (орташа арифметикалық) нарықтық құны, оны есептеу мына формула бойынша айқындалады:

      ҰҚорт.айлық = (ҰҚ(таза1+…+ҰҚтаза12)/12, мұндағы:

      ҰҚтаза – жаһандық кастодиан деректеріне сәйкес нысаналы талаптардың сомасын қамтитын есепке жазылған міндеттемелерді шегергендегі валюталық активтердің есепті жылдың алдындағы жылдың әрбір айының соңындағы нарықтық құны;

      КМ – Ұлттық қордың есепті жылдың алдындағы соңғы он сегіз жылдағы валюталық активтерінің орташа жылдық (орташа геометриялық) кірістілігі ретінде есептелген орташаланған инвестициялық кіріс мөлшерлемесі, оны есептеу мына формула бойынша айқындалады:

      КМ = ((1+ЖК1) *…* (1+ЖК18))(1/18)-1, мұндағы:

      ЖК – Ұлттық қордың жеке алынған жылдағы валюталық активтерінің кірістілігі.

      Осы Қағидалардың шеңберінде Ұлттық қордың жеке алынған жылдағы валюталық активтерінің кірістілігі деп валюталық активтер бойынша жаһандық кастодиан ұсынатын деректер негізінде есептелген және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Бюджет кодексі) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚР ҰБ-мен бірлесіп жасайтын Ұлттық қордың қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепте көрініс табатын Ұлттық қордың валюталық бөлігінің пайыздарда көрсетілген, уақыт бойынша мөлшерленген кірістілігі түсініледі.

      Осылайша, есепті жылдың нысаналы талаптарының сомасы мына формула бойынша есептеледі:


=50 %*ОИК

      Нысаналы талаптардың жалпы сомасы орташаланған инвестициялық кіріс мөлшерлемесін ескере отырып, есепті жылдағы нысаналы талаптар мен алдыңғы кезеңдердегі нысаналы талаптардың жалпы сомасын қосу арқылы қалыптастырылады. Бұл ретте алдыңғы кезеңдердегі нысаналы талаптардың жалпы сомасынан нысаналы жинақтарды алушыларға жыл сайынғы іс жүзіндегі төлемдер шегеріледі.

      Осылайша, нысаналы талаптардың есепті жылдың аяғындағы жиынтық сомасы (НТжиыны) мынадай формула бойынша есептеледі:

      НТжиыны=

+ (НТалдыңғы – ТС)*(1+КМ), мұндағы:

      ТС – БЖЗҚ деректеріне сәйкес айқындалатын есепті жылдың ішіндегі төлемдердің жалпы сомасы.

      НТалдыңғы – нысаналы талаптардың есепті жылдың алдындағы жылдың соңындағы жағдай бойынша сомасы.

      Нысаналы талаптардың сомасы үтірден кейін екі белгіге дейінгі дәлдікпен дөңгелектенеді.

      Ұлттық қорды басқару қорытындылары бойынша 2022 жылғы нысаналы талаптардың іс жүзіндегі қалыптасқан сомасын көрсете отырып, нысаналы талаптарды есептеу мысалы осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

      6. ҚР ҰБ жыл сайын (1 қазан) БЖЗҚ-ға "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шарт туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы № 655 қаулысымен мақұлданған Ұлттық қорды сенімгерлік басқару туралы шартта белгіленген Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп ұсыну мерзімдеріне ұқсас мерзімдерде нысаналы талаптардың жалпы сомасы, есепті жылдағы есепке жазылған нысаналы талаптардың сомасы және орташаланған инвестициялық кіріс мөлшерлемесі, есепті жылдың алдындағы жылдың соңындағы жағдай бойынша нысаналы талаптардың сомасына есепке жазылған инвестициялық кіріс сомасы туралы ақпарат қамтылатын Ұлттық қордың активтерін сенімгерлікпен басқару нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті жібереді.

      7. Нысаналы талаптарға қатысушылар он сегіз жасқа толған жылға дейін нысаналы талаптар Ұлттық қорды басқару жөніндегі инвестициялық қызмет шеңберінде қаржы құралдарына инвестицияланады.

      Осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес ҚР ҰБ-да АҚШ долларымен ашылған БЖЗҚ-ның нысаналы активтер шотына (бұдан әрі – нысаналы активтер шоты) ақша есепке жатқызылғаннан кейін нысаналы жинақтар қаржы құралдарына инвестицияланбайды және осы Қағидаларда айқындалған шарттар басталған кезде нысаналы жинақтарды алушылардың немесе мұрагерлердің алуы үшін қолжетімді болады.

      8. БЖЗҚ ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) нысаналы талаптарға қатысушылар бойынша мынадай:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығын туған кезде алғаны туралы;

      2) Қазақстан Республикасының азаматтығын алған күнін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының азаматтығын туғанынан кейін қабылдағаны туралы;

      3) "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған немесе шыққан күнін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылғаны немесе шыққаны туралы;

      4) қайтыс болған күнін не соттың қайтыс болды деп жариялау туралы шешімінің заңды күшіне енген күнін көрсете отырып, қайтыс болғаны туралы мәліметтерді алады.

      БЖЗҚ ЖТ МДҚ-дан алынған мәліметтер негізінде БЖЗҚ-ның ақпараттық жүйесінде нысаналы талаптарға қатысушылардың электрондық тізімін дербес қалыптастырады.

      9. БЖЗҚ есепті 2023 жылдың соңындағы нысаналы талаптарға қатысушылардың жалпы санын 2023 жылдың соңына дейін соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне сәйкес қайтыс болған не қайтыс болды деп жарияланған адамдарды қоспағанда, электрондық тізімге енгізілген 2023 жылдың соңындағы нысаналы талаптарға қатысушылардың жалпы санын негізге ала отырып айқындайды.

      Кейінгі жылдары БЖЗҚ есепті жылдың соңындағы нысаналы талаптарға қатысушылардың жалпы санын есептеуді мынадай формула бойынша жүзеге асырады:

      Қ = Қалдыңғы+ ТҚ + ҚА – ҚҚ – АЖҚ – ОТҚ + ББҚ – ҚБҚ, мұндағы:

      Қ – есепті жылдың соңындағы нысаналы талаптарға қатысушылар (оның ішінде есепті жылдың ішінде қайтыс болғандар не соттың заңды күшіне енген шешімімен қайтыс болды деп жарияланғандар);

      Қалдыңғы – есепті жылдың алдындағы жылдың соңындағы нысаналы талаптарға қатысушылар (оның ішінде есепті жылдың алдындағы жылдың ішінде қайтыс болғандар, не соттың заңды күшіне енген шешімімен қайтыс болды деп жарияланғандар);

      ТҚ – есепті жылы туған нысаналы талаптарға қатысушылар;

      ҚА – есепті жылы Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған нысаналы талаптарға қатысушылар;

      ҚҚ – есепті жылдың алдындағы жылдың ішінде қайтыс болған не соттың заңды күшіне енген шешімімен қайтыс болды деп жарияланған нысаналы талаптарға қатысушылар (2023 жылдың соңына дейін қайтыс болғандарды не соттың заңды күшіне енген шешімімен қайтыс болды деп жарияланғандарды қоспағанда);

      АЖҚ – есепті жылы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан, нысаналы талаптарға қатысушылар;

      ОТҚ – есепті жылы он сегіз жасқа толған нысаналы талаптарға қатысушылар;

      ББҚ – нысаналы талаптарға қатысушы болуға құқығы бар не болған, бұрын есепке алынбаған балалар;

      ҚБҚ – нысаналы талаптарға қатысушылар болуға құқығы жоқ, бұрын есепке алынған балалар.

      10. Жыл сайын:

      1) есепті жылдан кейінгі бірінші айдың он бесінші күнінен кешіктірмей БЖЗҚ:

      Ағымдағы жылдың бірінші айының он бесінші күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 00:00-дегі жағдай бойынша БЖЗҚ-ға ЖТ МДҚ-дан түскен өзгерістерді ескере отырып, есепті жылдың соңындағы (31 желтоқсан) жағдай бойынша осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес ЖТ МДҚ-дан алынған мәліметтердің негізінде БЖЗҚ ақпараттық жүйесінде нысаналы талаптарға қатысушылардың электрондық тізімін қалыптастырады;

      верификациялауды жүргізу үшін "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына нысаналы талаптарға қатысушылардың электрондық тізімін жібереді;

      2) БЖЗҚ-дан электрондық тізімді алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нысаналы талаптарға қатысушылардың қалыптастырылған тізімінің дұрыстығын растайды.

      11. Ағымдағы жылы есепке жазу үшін бір нысаналы талаптарға қатысушыға нысаналы талаптарды есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:


мұндағы:

      Қ – осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес есептелген есепті жылдың соңындағы нысаналы талаптарға қатысушылардың жалпы саны;

      НТ – мына:

      есепті жылы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан;

      нысаналы талаптардың қатысушысы болуға құқығы бар не болған, бұрын есепке алынбаған;

      нысаналы талаптарға қатысушылар болуға құқығы жоқ, бұрын есепке алынған нысаналы талаптарға қатысушыларды нысаналы талаптардың сомасына, сондай-ақ есепті жылдағы НТСИК және есепті жылдың алдындағы күнтізбелік жылдағы НТС50%ОИК дөңгелектегеннен кейінгі қалдықтардың шамасына түзетуді ескере отырып, есепті жылдағы нысаналы талаптардың сомасы.

      НТ мәні мына формула бойынша есептеледі:


, мұндағы:

      НТС50%ОИК – есепті жылдағы нысаналы талаптардың сомасы, оны есептеу Қағидалардың 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылады;

      НТтүз – БЖЗҚ жүйесінде көрсетілетін және ағымдағы жылдан кейінгі жылы нысаналы талаптарға қатысушылар арасында бөлуге жататын түзету сомасы. НТтүз мәні мынадай формула бойынша есептеледі:


мұндағы:

      НТАЖҚ – есепті жылдың ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу себебінен шығып қалған нысаналы талаптарға қатысушылардың нысаналы талаптарының жалпы сомасы осы нысаналы талаптарға қатысушылар бойынша мына формула бойынша есептеледі:


мұндағы:

      НТҚБҚ – есепті жылдың алдындағы күнтізбелік жылдың электрондық тізіміне нысаналы талаптарға қатысушылар болуға құқығы жоқ ретінде енгізілген нысаналы талаптарға қатысушылардың нысаналы талаптарының жалпы сомасы осы нысаналы талаптарға қатысушылар бойынша мына формула бойынша есептеледі:


мұндағы:

      НТББҚ – есепті жылдың алдындағы күнтізбелік жылдың электрондық тізімінде болмаған нысаналы талаптарға қатысушылардың нысаналы талаптарының жалпы сомасы осы нысаналы талаптарға қатысушылар бойынша мына формула бойынша есептеледі:



      Есепті жылдың алдындағы күнтізбелік жылдың электрондық тізімінде болмаған әрбір нысаналы талаптарға қатысушы үшін осы нысаналы талаптарға қатысушы нысаналы талаптарға қатысушы ретінде ескерілетін күнтізбелік жыл (бұдан әрі – кіру жылы) айқындалады. Осы нысаналы талаптарға қатысушы үшін

мәні көрсетілген кіру жылы нысаналы талаптарға қатысушылар ретінде есепке алынған нысаналы талаптарға қатысушылардың

мәніне тең деп қабылданады.

      Есептi жылдың алдындағы жыл басталғанға дейiн қайтыс болған, не соттың заңды күшiне енген шешiмiмен қайтыс болды деп жарияланған, не есептi жыл басталғанға дейiн он сегiз жасқа толған нысаналы талаптарға қатысушылар үшiн кiру жылы, сондай-ақ осы нысаналы талаптарға қатысушы нысаналы талаптарға қатысушы болуын тоқтататын күнтiзбелiк жыл (бұдан әрi – шығу жылы) айқындалады. Мұндай нысаналы талаптарға қатысушы үшін нысаналы талаптардың шамасы кіру жылы нысаналы талаптарға қатысушылар ретінде ескерілген нысаналы талаптарға қатысушылар үшін шығу жылындағы нысаналы талаптардың мәніне тең деп қабылданады.

      ҚЖМДК – бір нысаналы талаптарға қатысушыға есепті жылдың нысаналы талаптарының сомасы

мен барлық нысаналы талаптарға қатысушылар бойынша бір нысаналы талаптарға қатысушыға арналған нысаналы талаптардың есепті жылдың алдындағы (НТСалдыңғы*ЖК) жылдың соңындағы сомасына есепке жазылған инвестициялық кіріс сомасын дөңгелектегеннен кейінгі қалдықтардың жиынтық мөлшері.

      12. Есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша бір нысаналы талаптарға қатысушыға нысаналы талаптардың сомасы мынадай формула бойынша есептеледі:


мұндағы:

– нысаналы талаптарға қатысушыға арналған нысаналы талаптардың есепті жылдың алдындағы жылдың соңындағы сомасы;

      НТСалдыңғы – кесу әдісі қолданылып, үтірден кейін екі белгіге дейінгі дәлдікпен дөңгелектенеді. Дөңгелектегеннен кейінгі қалдықтардың шамалары барлық нысаналы талаптарға қатысушылар үшін қалдықтардың жиынтық мөлшерін есептеу үшін қосылады (ҚЖМДК);

      ОК – осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес есептелетін Ұлттық қордың валюталық активтерінің он сегіз жылдағы орташа жылдық (орташа геометриялық) кірістілігі.

      13. БЖЗҚ-ның нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы активтерді есепке алуды жүргізу тәртібін бақылауды қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

      14. БЖЗҚ осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес ҚР ҰБ-дан алынған ақпараттың және осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес қалыптастырылған электрондық тізімге енгізілген нысаналы талаптарға қатысушылар санының негізінде бір нысаналы талаптарға қатысушы бойынша:

      1) нысаналы талаптардың есепті жылдағы сомасы туралы;

      2) есепті жылдың алдындағы жылдың соңындағы жағдай бойынша нысаналы талаптар сомасына есептелген инвестициялық кіріс сомасы туралы деректерді есептейді және БЖЗҚ ақпараттық жүйесіне енгізеді.

      15. Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы активтерді есепке алу АҚШ долларымен жүргізіледі.

      16. Нысаналы жинақтау шоттары осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес нысаналы жинақтар сомалары БЖЗҚ-ның нысаналы активтер шотына түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:

      1) ағымдағы жылы он сегіз жасқа толған және толатын нысаналы жинақтарды алушыларға (бұл ретте нысаналы жинақтарды алушыда нысаналы жинақтарды алу құқығы нысаналы жинақтардың сомалары нысаналы жинақтау шотына есепке жатқызылған күннен бастап, бірақ ерте дегенде он сегіз жасқа толған күннен туындайды);

      2) қайтыс болған не соттың заңды күшіне енген шешімімен қайтыс болды деп жарияланған нысаналы талаптарға қатысушыларға;

      3) нысаналы талаптарға қатысушы немесе нысаналы жинақтарды алушы болуға құқығы болған, бұрын есепке алынбаған балаларға ашылады.

      Уәкілетті оператордан немесе соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша нысаналы жинақ төлемдері қайтарылған жағдайларда нысаналы жинақтар нысаналы жинақтау шотына есепке жатқызылады.

      17. БЖЗҚ нысаналы жинақтарды алушының нысаналы жинақтау шотын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген БЗЖҚ міндеттемелері орындалған күннен бастап, сондай-ақ осы Қағидалардың 24-тармағында көзделген жағдайда бір ай өткеннен кейін жабады.

      Нысаналы талаптарға қатысушылардың жалпы санын есептеген кезде есепке алынбаған, бірақ нысаналы талаптарға қатысушылар болуға құқығы бар не болған адамдар жүгінген кезде нысаналы талаптар жүгінген жылдан кейінгі жылдағы өткізіп алынған кезең (кезеңдер) үшін есепке жазылады.

      18. БЖЗҚ осы Қағидалардың 14-тармағы орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ҚР ҰБ-ға ағымдағы күнтізбелік жылы он сегіз жасқа толған/толатын, қайтыс болған не соттың заңды күшіне енген шешімімен қайтыс болды деп жарияланған нысаналы талаптарға қатысушылар, сондай-ақ алдыңғы кезеңдер немесе ағымдағы жыл ішінде нысаналы талаптарға қатысушы болуға құқығы бар не болған, бұрын есепке алынбаған балалар бойынша нысаналы талаптарға қатысушыларға немесе нысаналы жинақтарды алушыларға нысаналы жинақтар сомасында нысаналы активтер шотына осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес алдыңғы кезеңдер немесе ағымдағы жыл ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан адамдар бойынша нысаналы жинақтар сомасына азайтылған нысаналы талаптарды аударуға өтінім жібереді.

      19. ҚР ҰБ осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес БЖЗҚ нысаналы талаптарды аударуға өтінім алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде нысаналы активтер шотына ақша аударуды жүзеге асырады.

      20. Нысаналы жинақтарды алушы он сегіз жасқа толғаннан кейін нысаналы жинақтардың талап етілмеген сомалары он жыл өткеннен кейін нысаналы жинақ төлемдерін алуға жүгінген кезде нысаналы жинақтарды алушының ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына аударылуға жатады.

      Нысаналы жинақтардың сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нысаналы жинақтарды алушы немесе оның мұрагері (мұрагерлері) осы соманы талап еткенге дейін ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотында болады.

      21. Қайтыс болған не соттың заңды күшіне енген шешімімен қайтыс болды деп жарияланған нысаналы талаптарға қатысушылардың, нысаналы жинақтарды алушылардың нысаналы жинақтарының талап етілмеген сомалары нысаналы жинақтау шоттарында есепке алынады және ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына аударылмайды және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.

      22. БЖЗҚ-ның нысаналы жинақтарды нысаналы жинақтау шоттарынан ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шоттарына аударуы нысаналы активтер шотынан БЖЗҚ-ның ҚР ҰБ-дағы ағымдағы зейнетақы жарналарының шотына ақша аударылғаннан кейін теңгемен жүзеге асырылады. Нысаналы жинақтарды аудару жүзеге асырылған күні нысаналы жинақтар аудару жүргізілген күнге ҚР ҰБ белгілеген ресми валюта бағамы бойынша теңгемен қайта айырбасталады.

      23. БЖЗҚ ҚР ҰБ-ға "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы" ҚР ҰБ-ның 2017 жылғы 28 тамыздағы № 167 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15863 болып тіркелген) сәйкес есептілікті ұсынады.

3-тарау. Нысаналы жинақтарды төлеу тәртібі

      24. Қазақстан Республикасының азаматтығы он сегіз жасқа толғанға дейін немесе одан кейін тоқтатылған кезде нысаналы талаптарға қатысушы немесе нысаналы жинақтарды алушы нысаналы жинақтар төлемін алу құқығын жоғалтады, бұл ретте:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған нысаналы талаптарға қатысушының нысаналы талаптары осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес басқа нысаналы талаптарға қатысушылар арасында бөлінеді;

      2) нысаналы жинақтарды алушыда Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылғаны туралы ЖТ МДҚ-дан мәліметтер алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде нысаналы жинақтарды алушының нысаналы жинақтары нысаналы жинақтарды алушының нысаналы жинақтау шотынан есептен шығарылады және БЖЗҚ-ның келесі есепті жылдың нысаналы жинақтарды алушылары алдындағы міндеттемелері ретінде есепке алынады. Бұл ретте нысаналы жинақтарды алушының нысаналы жинақтау шоты осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес жабылады.

      25. Нысаналы талаптарға қатысушы, нысаналы жинақтарды алушы қайтыс болған не соттың заңды күшіне енген шешімімен қайтыс болды деп жарияланған кезде нысаналы талаптарға қатысушының, нысаналы талаптарды алушының мұрагеріне (мұрагерлеріне) нысаналы жинақтар осы Қағидалардың 35-тармағында көзделген құжаттар БЖЗҚ-ға ұсынылған кезде төленеді.

      Бұл ретте мұрагер (мұрагерлер) нысаналы жинақтар қайтыс болған не соттың заңды күшіне енген шешімімен қайтыс болды деп жарияланған нысаналы талаптарға қатысушының, нысаналы жинақтарды алушының нысаналы жинақтау шотына есепке жатқызылғаннан кейін оларды төлеу үшін БЖЗҚ-ға жүгінеді.

      26. Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) оқу ақысын төлеу үшін уәкілетті операторға, сондай-ақ нысаналы талаптарға қатысушының және нысаналы жинақтарды алушының мұрагерлеріне нысаналы жинақ төлемдері АҚШ долларымен жүзеге асырылады.

      27. Нысаналы жинақтарды алушы он сегіз жасқа толған және онда Қазақстан Республикасының азаматтығы болған жағдайда Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған нысаналы мақсатқа сәйкес нысаналы жинақтау шотындағы нысаналы жинақтарды қолда бар нысаналы жинақтар шегінде шексіз мәрте пайдалануға болады.

      28. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) оқу ақысын төлеуге нысаналы жинақ төлемдерін алу үшін нысаналы жинақтарды алушы не оның заңды өкілі (нысаналы жинақтарды алушы әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) болған жағдайда) уәкілетті операторға жүгінеді, онда нысаналы жинақтарды алушының атына АҚШ долларымен банктік шот ашады және тізбесін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, уәкілетті оператор айқындаған құжаттармен қоса уәкілетті оператордың интернет-ресурсы арқылы не мобильді қосымшасында нысаналы жинақтарды төлеуге арналған электрондық өтініш (бұдан әрі – төлеуге арналған өтініш) береді.

      29. Уәкілетті операторлар мен БЖЗҚ-ның ақпараттық өзара іс-қимыл және ақпарат алмасу тәртібі өзара іс-қимыл тараптары арасында жасалған тиісті келісіммен белгіленеді.

      30. Уәкілетті оператор нысаналы жинақтарды алушылар не осы Қағидалардың 28-тармағына сәйкес олардың заңды өкілдері берген төлеуге арналған өтініш пен құжаттарды қарағаннан және мақұлдағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға уәкілетті оператор тіркеген төлеуге арналған өтініштер туралы электрондық хабарламалар жібереді.

      31. Уәкілетті оператор осы Қағидалардың 32-тармағында белгіленген жағдайларда уәкілетті оператордың ішкі құжаттарына сәйкес нысаналы жинақ төлемдерін қайтару бойынша жұмыс жүргізеді.

      32. Нысаналы жинақтарды алушы нысаналы жинақ төлемдерін қайтаруды:

      1) нысаналы жинақтарды алушы не оның заңды өкілі нысаналы жинақтарды алушының тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) оқу ақысын төлеу мақсатында БЖЗҚ-дан алынған нысаналы жинақ төлемдерін есепке жатқызуға арналған нысаналы жинақтарды алушының банктік шотына есепке жатқызылған нысаналы жинақ төлемдерінің барлық сомасын немесе сомасының бір бөлігін БЖЗҚ-ға қайтаруға уәкілетті операторға өтініш берген;

      2) нысаналы жинақ төлемдерімен толықтырылған мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бұзылған;

      3) нысаналы жинақтарды алушы тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) оқу ақысын төлеуге арналған барлық қажетті құжаттарды ұсынбаған;

      4) екінші деңгейдегі банктерден немесе сақтандыру ұйымдарынан немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарынан нысаналы жинақ төлемдері қайтарылған жағдайларда жүзеге асырады.

      Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда нысаналы жинақ төлемдерінің сомасы алушының уәкілетті операторда ашылған банктік шотына бес жұмыс күні ішінде қайтарылады.

      33. Уәкілетті оператор БЖЗҚ-ға нысаналы жинақ төлемдерінің сомасын қайтаруды:

      1) осы Қағидалардың 32-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда нысаналы жинақтарды алушыдан қайтаруға өтініш алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;

      2) осы Қағидалардың 32-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайда ол тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) оқу ақысын төлеу мақсатында нысаналы жинақтарды алушының БЖЗҚ-дан нысаналы жинақ төлемдерін есепке жазуға арналған банктік шотына түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

      3) осы Қағидалардың 32-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда ол тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) оқу ақысын төлеу мақсатында нысаналы жинақтарды алушының БЖЗҚ-дан нысаналы жинақ төлемдерін есепке жазуға арналған банктік шотына түскен күннен бастап қырық бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Қағидалардың осы тармағында көрсетілген нысаналы жинақ төлемдерінің сомаларын қайтару уәкілетті оператордың ҚР ҰБ-да АҚШ долларымен ашылған корреспонденттік шоты арқылы нысаналы активтер шотына жүзеге асырылады.

      Нысаналы жинақ төлемдерінің сомасы қайта айырбасталып қайтарылған кезде уәкілетті оператор қайтару кезінде белгілеген валюта бағамы бойынша қайта айырбасталған АҚШ долларындағы сома қайтарылады.

      Бұл ретте қайта айырбастауға байланысты шығыстарға ақы төлеу, нысаналы жинақтарды алушының БЖЗҚ-да ашылған нысаналы жинақтау шотына нысаналы жинақ төлемдерін аударуға (қайтаруға) байланысты банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу нысаналы жинақтарды алушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      34. Уәкілетті оператор қайтарған нысаналы жинақ төлемдерінің сомаларын БЖЗҚ нысаналы жинақтарды алушылардың нысаналы жинақтау шоттарына БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен және мерзімде есепке жатқызады.

      35. Қайтыс болған немесе соттың заңды күшіне енген шешімімен қайтыс болды деп жарияланған нысаналы талаптарға қатысушының немесе нысаналы жинақтарды алушының нысаналы талаптарын алу үшін мұрагерлер БЖЗҚ-ға жеке жүгіне отырып мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша нысаналы жинақ төлемдерін тағайындау туралы өтініш (бұдан – өтініш);

      2) мұрагердің немесе оның заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы;

      3) ЖТ МДҚ-да нысаналы талаптарға қатысушының немесе нысаналы жинақтарды алушының қайтыс болғаны туралы мәліметтер болмаған жағдайда қайтыс болған нысаналы талаптарға қатысушының немесе нысаналы жинақтарды алушының қайтыс болғаны туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі;

      4) мұраға құқық туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырған көшірмесі не мұраға қалдырылатын мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не соттың заңды күшіне енген шешімі;

      5) мұрагердің уәкілетті операторда АҚШ долларымен ашылған банктік шотының деректемелері.

      Мұрагер (мұрагерлер) БЖЗҚ-ға осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген тәртіппен нысаналы жинақтар түрінде нысаналы жинақтау шотына есепке жатқызылғаннан кейін қайтыс болған не соттың заңды күшіне енген шешімімен қайтыс болды деп жарияланған нысаналы талаптарға қатысушының нысаналы талаптарының төленуі үшін жүгінеді.

      Нысаналы жинақтау шоты болмаған жағдайда БЖЗҚ жеке жүгінген кезде мұрагерге (мұрагерлерге) жүгінген күні БЖЗҚ-ның ішкі құжатында айқындалатын нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тартып, оны қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      36. Өтініш:

      1) үшінші тұлға арқылы берілген кезде үшінші тұлға (сенім білдірілген тұлға, заңды өкіл) осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша:

      нотариат куәландырған сенімхаттың түпнұсқасын немесе оның өтініш беру жөніндегі өкілеттіктері көрсетілген нотариат куәландырған көшірмесін;

      жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын;

      заңды өкіл жүгінген жағдайда заңды өкілдің мәртебесін растайтын құжатты қоса береді.

      Бұл ретте мұрагердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі нотариатта куәландырылады (нотариаттық куәландыру тұратын мемлекетте жүргізілген жағдайда);

      2) пошта байланысы құралдары арқылы берілген кезде мұрагердің, заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың, заңды өкілдің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі. Мұрагердің, заңды өкілдің өтініштегі қолы нотариатта куәландырылады (нотариаттық куәландыру тұратын мемлекетте жүргізілген жағдайда).

      37. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1083-бабына сәйкес қайтыс болған нысаналы талаптарға қатысушылардың, нысаналы жинақтарды алушылардың иесіз қалған мүлік деп танылған нысаналы жинақтарына сот актісі бойынша жүгінген адам БЖЗҚ-ға мынадай құжаттар ұсынады:

      1) заңды күшіне енген сот актісі;

      2) уәкілетті операторда АҚШ долларымен ашылған банктік шоттың деректемелері.

      Осы Қағидалардың 35, 36 және 37-тармақтарында көрсетілген құжаттарды мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен, оның ішінде цифрлық құжаттар сервисінен алу мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну талап етілмейді.

      38. Егер түпнұсқасы бар құжат көшірмесінің дұрыстығын, мұрагердің, заңды өкілдің өтініштегі қолының төлнұсқалығын куәландыру, сенімхатты куәландыру бөлігінде нотариаттық ic-әрекеттерді шетелдік нотариустар жүргізсе, онда оларды Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, заңдастыру қажет.

      39. БЖЗҚ:

      1) осы Қағидалардың 30-тармағына сәйкес уәкілетті оператордан электрондық хабарлама түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:

      нысаналы жинақтарды алушының төлеуге арналған өтініште көрсетілген нысаналы жинақтар сомасында нысаналы активтер шотынан уәкілетті операторға ақша аудару арқылы нысаналы жинақтарды төлеуді, ол уәкілетті оператор тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) оқу ақысын төлеу мақсатында нысаналы жинақтарды төлеу үшін ашқан нысаналы жинақтарды алушының банктік шотына кейіннен есепке жатқызу үшін уәкілетті оператордан электрондық хабарлама алынған күнгі нысаналы жинақтардың сомасынан аспауға тиіс, не

      ұсынылған мәліметтер Қазақстан Республикасы заңнамасының және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда бас тарту себебін көрсете отырып, нысаналы жинақтарды төлеуден бас тартуды;

      2) БЖЗҚ осы Қағидалардың 35, 36 және 37-тармақтарында көзделген, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттарды қабылдаған не оған түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде:

      нысаналы активтер шотынан ақшаны уәкілетті операторда АҚШ долларымен ашылған және өтініште мұрагер көрсеткен банктік шотқа немесе сот актісі бойынша жүгінген адамдар ұсынған банктік шотқа аудару арқылы мұрагерге бір мезгілде нысаналы жинақтарды төлеуді, не

      ұсынылған құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда бас тарту себептерін көрсете отырып, БЖЗҚ құжаттарды қабылдаған не түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтінішті орындаудан бас тартуды жүзеге асырады.

      Көрсетілген тармаққа сәйкес ақша аударымдары нысаналы активтер шотынан уәкілетті операторлардың ҚР ҰБ-да АҚШ долларымен ашылған корреспонденттік шоттарына жүзеге асырылады.

      БЖЗҚ нысаналы жинақтардың аударымдарына және төлемдеріне байланысты банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарын жабу Бюджет кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

  Нысаналы талаптарды,
нысаналы жинақтарды және
нысаналы жинақ төлемдерін
қалыптастыру мен есепке алу,
сондай-ақ нысаналы талаптарды
есепке жазу қағидаларына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын (бұдан әрі – Ұлттық қор) басқарудың 2022 жылғы қорытындылары бойынша нысаналы талаптардың іс жүзінде қалыптасқан сомасы көрсетілген нысаналы талаптарды есептеу мысалы

Жыл

Ұлттық қордың АҚШ долларындағы валюталық активтерінің кірістілігі *

Түсініктеме

2005 (ЖК18)

3,29 %

ЖК – Ұлттық қордың валюталық активтерінің жеке алынған жылдағы кірістілігі

2006 (ЖК17)

8,67 %

2007 (ЖК16)

9,92 %

2008 (ЖК15)

-2,28 %

2009 (ЖК14)

7,31 %

2010 (ЖК13)

3,02 %

2011 (ЖК12)

1,37 %

2012 (ЖК11)

3,33 %

2013 (ЖК10)

3,36 %

2014 (ЖК9)

-1,19 %

2015 (ЖК8)

-2,44 %

2016 (ЖК7)

0,84 %

2017 (ЖК6)

7,61 %

2018 (ЖК5)

-2,64 %

2019 (ЖК4)

7,42 %

2020 (ЖК3)

7,57 %

2021 (ЖК2)

4,21 %

2022 (ЖК1)

-10,35 %

Ұлттық қордың 18 жылдағы орташа жылдық кірістілігі (ЖК)

2,60 %

КМ = ((1+ЖК1) *…* (1+ЖК18))(1/18)-1

Ескертпе:

* үтірден кейін екі белгіге дейін дөңгелектенген;

ЖК – Ұлттық қордың жеке алынған жылдағы валюталық активтерінің кірістілігі;

КМ – есепті жылдың алдындағы соңғы он сегіз жылдағы Ұлттық қордың валюталық активтерінің орташа жылдық (орташа геометриялық) кірістілігі ретінде есептелген орташаланған инвестициялық кіріс мөлшерлемесі.

Ай

Ұлттық қордың валюталық активтерінің ай соңындағы нарықтық құны

Түсініктеме

2022 қаңтар (ҰҚтаза1)

53 908 295 773

ҰҚтаза – жаһандық кастодиан деректеріне сәйкес нысаналы талаптардың сомасын қамтитын есепке жазылған міндеттемелерді шегергендегі валюталық активтердің есепті жылдың алдындағы жылдың әрбір айының соңындағы нарықтық құны

2022 ақпан (ҰҚтаза 2)

53 996 323 884

2022 наурыз (ҰҚтаза3)

52 985 653 024

2022 сәуір (ҰҚтаза 4)

52 621 820 584

2022 мамыр (ҰҚтаза 5)

53 940 082 658

2022 маусым (ҰҚтаза 6)

51 863 837 063

2022 шілде (ҰҚтаза 7)

53 285 148 741

2022 тамыз (ҰҚтаза 8)

53 806 772 184

2022 қыркүйек (ҰҚтаза9)

51 587 462 654

2022 қазан (ҰҚтаза10)

52 456 089 893

2022 қараша (ҰҚтаза11)

55 826 825 602

2022 желтоқсан (ҰҚтаза12)

55 739 474 926

Ұлттық қордың валюталық активтерінің орташа айлық нарықтық құны (ҰҚорт.айлық)

53 501 482 249

ҰҚорт.айлық = (ҰҚтаза1+…+ҰҚтаза12)/12

Жылдық мәндегі 18 жылдағы инвестициялық кіріс

1 391 038 538

ОИК= КМ*ҰҚорт.айлық

2024 жылы есепке жазуға арналған нысаналы талаптардың сомасы*
(

)

695 519 269


= 50%*ОИК

2024 жылдың аяғындағы жағдай бойынша нысаналы талаптардың жиынтық сомасы
(НТжиыны)

695 519 269

НТжиыны=

+ (НТалдыңғы – ТС)*(1+КМ)

      Ескертпе:

      ҰҚтаза – жаһандық кастодиан деректеріне сәйкес нысаналы талаптардың сомасын қамтитын есепке жазылған міндеттемелерді шегергендегі валюталық активтердің есепті жылдың алдындағы жылдың әрбір айының соңындағы нарықтық құны;

      ҰҚорт.айлық – Ұлттық қордың есепті жылдың алдындағы жылдағы таза валюталық активтерінің орташа айлық (орташа арифметикалық) нарықтық құны;

      ОИК – Ұлттық қордың орташаланған инвестициялық кірісін жыл сайынғы есептеу Ұлттық қордың соңғы он сегіз жылдағы валюталық активтерінің орташа жылдық (орташа геометриялық) кірістілігін Ұлттық қордың таза валюталық активтерінің орташа айлық (орташа арифметикалық) нарықтық құнына көбейту арқылы жүргізіледі;

      КМ – Ұлттық қордың есепті жылдың алдындағы соңғы он сегіз жылдағы валюталық активтерінің орташа жылдық (орташа геометриялық) кірістілігі ретінде есептелген орташаланған инвестициялық кіріс мөлшерлемесі;


– нысаналы талаптардың есепті жылдағы сомасы;

      НТжиыны нысаналы талаптардың есепті жылдың аяғындағы жиынтық сомасы;

      НТалдыңғы – нысаналы талаптардың есепті жылдың алдындағы жылдың соңындағы жағдай бойынша сомасы;

      ТС – БЖЗҚ деректеріне сәйкес айқындалатын есепті жылдың ішіндегі төлемдердің жалпы сомасы.

  Нысаналы талаптарды,
нысаналы жинақтарды және
нысаналы жинақ төлемдерін
қалыптастыру мен есепке алу,
сондай-ақ нысаналы талаптарды
есепке жазу қағидаларына
2-қосымша

Есепті 20 ___ жылдың соңындағы жағдай бойынша нысаналы талаптарға қатысушылардың саны туралы мәліметтер

Р/с №

Нысаналы талаптарға қатысушылардың санаты

Саны

1.

Есепті жылдың басындағы барлығы


2.

Есепті жылы туғандар


3.

Есепті жылы Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдағандар


4.

Есепті жылдың алдындағы жылы қайтыс болғандар не соттың заңды күшіне енген шешімдерімен қайтыс болды деп жарияланғандар**


5.

Есепті жылы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқандар не Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққандар


6.

Есепті жылы он сегіз жасқа толғандар


7.

Нысаналы талаптарға қатысушы болуға құқығы бар бұрын ескерілмегендер


8.

Нысаналы талаптарға қатысушы болуға құқығы жоқ, бұрын есепке алынғандар


9.

Есепті жылдың соңындағы барлығы *


10.

Есепті жылдан кейінгі күнтізбелік жылы он сегізге толатындар*


      * есепті 2023 жыл үшін ақпарат 9 және 10-бағандарда ғана көрсетіледі

      * * есепті 2024 жыл үшін ақпарат 4-бағанда = 0

Мәліметтер құрамы
(файл атауы)

MD5 хеш-сомасы

Өлшемі (байт)

Файлдағы жазбалар саны

Нысаналы талаптарға қатысушылардың жеке сәйкестендіру нөмірлерінің тізімі




      "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы

      ________________/______________/_______________

      Мөр орны лауазымы қолы толық жазылуы

      Қол қойылған күн _____________

      "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы

      ________________/______________/_______________

      Мөр орны лауазымы қолы толық жазылуы

      Қол қойылған күн _____________

  Нысаналы талаптарды,
нысаналы жинақтарды және
нысаналы жинақ төлемдерін
қалыптастыру мен есепке алу,
сондай-ақ нысаналы талаптарды
есепке жазу қағидаларына
3-қосымша

Нысаналы талаптарды аударуға № __ өтінім

күні ________



      Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидаларына сәйкес нысаналы талаптар "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамының нысаналы активтер шотына мына сомада аударылсын:

Ағымдағы күнтізбелік жылы он сегіз жасқа толған және толатын адамдар бойынша нысаналы талаптардың сомасы

_______________

Қайтыс болғандар не соттың заңды күшіне енген шешімімен қайтыс болды деп жарияланғандар бойынша нысаналы талаптардың сомасы

_______________

Нысаналы талаптарға қатысушылар болуға құқығы бар, бұрын есепке алынбаған адамдар бойынша нысаналы талаптардың сомасы

_______________

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамының нысаналы активтер шотына нысаналы жинақтар түрінде аударуға арналған нысаналы талаптардың барлық сомасы

_______________

Нысаналы жинақтар нысаналы жинақтау шотына есепке жатқызылғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан адамдар бойынша аударуға арналған нысаналы талаптардың сомасын түзету

______________

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамының нысаналы активтер шотына аударуға арналған соманың жиыны

_______________

      "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы

      ________________/______________/_______________

      Мөр орны лауазымы қолы толық жазылуы

      Қол қойылған күн _____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады