"Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 36 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 1 сәуірдегі № 246 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 36 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларында:

      5-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) өздерінің келісімімен Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін және (немесе) паспортын алғаш алу үшін, сондай-ақ оларды қалпына келтіру не ауыстыру үшін жүгінген Қазақстан Республикасы азаматтарының;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мыналардың:

      Қазақстан Республикасында уақытша немесе тұрақты тұруға рұқсат алу үшін жүгінген;

      мыналарды:

      шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын;

      азаматтығы жоқ адамның куәлігін;

      босқын куәлігін;

      жол жүру құжатын алғаш ресімдеген, сондай-ақ қалпына келтірген, ауыстырған жағдайларда он алты жасқа толған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпаратын жинауды жүзеге асырады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы азаматының паспорты Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде ресімделген кезде өздерінің келісімімен Қазақстан Республикасы азаматының, сондай-ақ осы Қағидалардың 10-тармағында белгіленген тәртіппен он екі жастан он алты жасқа дейінгі балалардың дактилоскопиялық ақпаратын жинауды жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган, ішкі істер органдары өз құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасының визаларын ресімдеген кезде он алты жасқа толған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпаратын жинауды жүзеге асырады.";

      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдары өз құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберілетін не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттар қолданылатын, он алты жасқа толған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпаратын жинауды жүзеге асырады.

      8. Қазақстан Республикасының теңізшісінің жеке куәлігін беру туралы шешім қабылданған, он алты жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды дактилоскопиялық тіркеуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.";

      13, 14, 14-1 және 14-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеген кезде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық жеткізгіш мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

      2) туған күні мен жері;

      3) жынысы;

      4) ұлттық тиесілігі (иесінің қалауы бойынша);

      5) азаматтығы;

      6) фотосуреті;

      7) қолының он саусағының папиллярлық бедері құрылымының ерекшеліктері туралы ақпарат;

      8) жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі;

      9) құжат иесінің қолтаңбасы;

      10) жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса);

      11) дактилоскопиялық тіркеу жүргізілген күн мен негізі;

      12) құжатты берген органның атауы;

      13) дактилоскопиялық тіркеуді жүзеге асырған адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе).

      14. Қазақстан Республикасының визасын ресімдеген кезде шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық жеткізгіш мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

      2) туған күні;

      3) жынысы;

      4) қолының он саусағының папиллярлық бедері құрылымының ерекшеліктері туралы ақпарат;

      5) азаматтығы;

      6) фотосуреті;

      7) жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі;

      8) визаның берілген күні, қолданылу мерзімі;

      9) дактилоскопиялық тіркеу жүргізілген күн мен негізі;

      10) виза берген органның атауы;

      11) дактилоскопиялық тіркеуді жүзеге асырған адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе).

      14-1. Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат берген кезде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық жеткізгіш мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

      2) туған күні;

      3) жынысы;

      4) екі қолының он саусағының және алақанының папиллярлық бедері құрылымының ерекшеліктері туралы ақпарат;

      5) азаматтығы;

      6) фотосуреті;

      7) шетелде тұрақты тұратын жерінің мекенжайы;

      8) Қазақстан Республикасында уақытша тұратын мекенжайы;

      9) қабылдайтын тараптың мекенжайы;

      10) жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі;

      11) дактилоскопиялық тіркеу жүргізілген күн мен негізі;

      12) дактилоскопиялық тіркеуді жүзеге асырған адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе).

      14-2. Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберілетін не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардың күші қолданылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық жеткізгіш мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

      2) туған күні;

      3) жынысы;

      4) екі қолының он саусағының және алақанының папиллярлық бедері құрылымының ерекшеліктері туралы ақпарат;

      5) азаматтығы;

      6) фотосуреті;

      7) жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі;

      8) дактилоскопиялық тіркеу жүргізілген күн мен негізі;

      9) дактилоскопиялық тіркеуді жүзеге асырған адамның аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі;

      10) Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберілген күн мен негіздері (заңды күшіне енген сот үкімі немесе шешімі);

      11) өткенге дейін Қазақстан Республикасының аумағына кіруге тыйым салынатын, сот белгілеген күн.";

      мынадай мазмұндағы 14-3-тармақпен толықтырылсын:

      "14-3. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат ресімдеген кезде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық жеткізгіш мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

      2) туған күні;

      3) жынысы;

      4) қолының он саусағының және алақанының папиллярлық бедері құрылымының ерекшеліктері туралы ақпарат;

      5) азаматтығы;

      6) фотосуреті;

      7) жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, күні, қолданылу мерзімі;

      8) дактилоскопиялық тіркеу жүргізілген күн мен негізі;

      9) дактилоскопиялық тіркеуді жүзеге асырған адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

      10) виза, уақытша тұруға рұқсат берілген күні, қолданылу мерзімі;

      11) тұрақты тұру жоспарланып отырған жердің мекенжайы;

      12) тұрақты тұруға өтінішхатты қараған органның атауы.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберілетін не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттар қолданылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарда дене кемістіктері болса (екі қолының барлық саусағы немесе екі қолының барлық саусағының тырнақ фалангаларында папиллярлық бедерлер болмаса), дактилоскопиялау қол алақандары бойынша жүзеге асырылады.

      Екі қолының барлық саусағы немесе екі қолының басы болмаған жағдайда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде дактилоскопиялық тіркеуден және жеке басын дактилоскопиялық ақпарат бойынша растау рәсімінен босатылады.";

      21-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-2. Құжаттандыру рәсімін бастамас бұрын көші-қон қызметінің қызметкері Қазақстан Республикасының азаматынан дактилоскопиялық тіркеуден өтуді қалайтын-қаламайтынын сұрайды.

      Қазақстан Республикасының азаматы көші-қон қызметінің қызметкеріне дактилоскопиялық тіркеуден өтуді қалайтыны не одан бас тартатыны туралы ауызша хабарлайды.

      Егер Қазақстан Республикасының азаматы дактилоскопиялық тіркеуден өтуді қаласа, көші-қон қызметінің қызметкері ҚБҚ-да одан өтуге өтінімді қалыптастырады.

      Қазақстан Республикасының азаматы дактилоскопиялық тіркеуден өтуден бас тартқан кезде де көші-қон қызметінің қызметкері ҚБҚ-да құжаттандыруды жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының азаматы бұған дейін дактилоскопиялық тіркеуден өткен жағдайда және белгі бар болса, қызметкер "ЖБС" ААЖ арқылы верификациялауды жүргізеді.";

      мынадай мазмұндағы 21-3 және 21-4-тармақтармен толықтырылсын:

      "21-3. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды құжаттандырған кезде көші-қон қызметінің қызметкері ҚБҚ-да дактилоскопиялық тіркеуден өткені туралы белгінің бар-жоғын тексереді.

      Белгі бар болса, қызметкер шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды "ЖБС" ААЖ арқылы верификациялауды жүргізеді.

      Егер ҚБҚ-да шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық тіркеуден өткені туралы белгі болмаса, көші-қон қызметінің қызметкері ҚБҚ-да дактилоскопиялық тіркеуден өтуге өтінімді қалыптастырады. Осыдан кейін "ЖБС" ААЖ-да дактилоскопиялық тіркеуді жүргізеді.

      Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам немесе ол заңды мүдделерін білдіретін адам дактилоскопиялық тіркеуден өтуден бас тартқан жағдайда осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес дактилоскопиялық тіркеуден өтуден бас тартуды жазбаша толтырады.

      21-4. Дактилоскопиялық тіркеуден өткен Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды верификациялау дактилоскопиялық сканердің төсеніш шынысына оң және сол қолдың төрт саусағын (сұқ, ортаңғы, атаусыз саусақ пен шынашақты) бір уақытта, содан кейін бас бармақтарын кезекпен қою арқылы бояу жақпайтын әдіспен жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың қол саусақтарының папиллярлық бедерлері жеке басын куәландыратын құжатта орналастырылған не "ЖБС" ААЖ дерекқоры бойынша олардың дактилоскопиялық ақпаратымен сәйкес келетін болса, Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар құжаттандырудың одан кейінгі рәсімінен өтеді.

      Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың қол саусақтарының папиллярлық бедерлері жеке басын куәландыратын құжатта орналастырылған не "ЖБС" ААЖ дерекқоры бойынша олардың дактилоскопиялық ақпаратымен сәйкес келмеген жағдайда дактилокоспикалық тіркеуден өз еркімен өткен Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар осы Қағидалардың 126, 127 және 128-тармақтарында көзделген тексеру іс-шаралары жүргізілгеннен кейін осы Қағидалардың 22-тармағының 2) тармақшасына және 22-1-тармағына сәйкес қайтадан дактилоскопиялаудан өтеді.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Дактилоскопиялық тіркеуден бұрын өткен шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар егер:

      1) екі қолының он саусағының уақытша зақымдануына байланысты бұған дейін дактилоскопиялық ақпарат жинау жүргізілмесе немесе қол саусақтарының жекелеген тырнақ фалангаларында дактилоскопиялауға уақытша мүмкіндік бермейтін ашық жаралар мен өзге де жарақаттың болуына байланысты зақымданбаған саусақтар бойынша жүргізілсе;

      2) дактилоскопиялық тіркеуден өткен адам саусақтың тырнақ фалангаларында папиллярлық бедерлердің жүре пайда болған, қалпына келмейтін зақымдардың (мысалы, тыртық, тері ауруының салдарынан болған тыртықша, елеулі жарақаттар) болуына байланысты "ЖБС" ААЖ дерекқоры бойынша автоматтандырылған жүйеде танылмаса, дактилоскопиялау рәсімінен қайтадан өтеді.";

      мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:

      "22-1. Бұрын "ЖБС" ААЖ бойынша дактилоскопиялық тіркеуден өткен Қазақстан Республикасының азаматы саусақтың тырнақ фалангаларында папиллярлық бедерлердің жүре пайда болған, қалпына келмейтін зақымдарының (мысалы тыртық, тері аурулары салдарынан болған тыртықша, елеулі жарақаттар) болуына байланысты танылмаған жағдайда қайта дактилоскопиялау оның келісімімен жүргізіледі.";

      26-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Уақытша немесе тұрақты тұруға рұқсат беру кезінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберілетін не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттар қолданылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дактилоскопиялау аунату тәсілімен мына әдістердің бірімен:

      1) қолдың он саусағы мен алақандарын сканерлеу арқылы бояу жақпайтын әдіспен;

      2) осы Қағидалардың 27 және 28-тармақтарына сәйкес қолдың он саусағы мен алақандарын дактилоскопиялық картаның қағаз бланкісіне бояу жағу әдісімен жүзеге асырылады.";

      26-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-1. Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның дактилоскопиялаудан өткені туралы анықтама осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес ресімделеді және оған қағаз форматта беріледі.";

      33-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Дактилоскопиялау мүмкіндігін жоққа шығаратын мынадай дене кемістігі бар:

      1) екі қолының барлық саусақтары немесе қолының басы жоқ;

      2) дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысы бар болса, дактилоскопиялық тіркеуден өтуден босату үшін негіз болып табылатын сырқаты бар адамдар дактилоскопиялық тіркеуден босатылады.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Дактилоскопиялық тіркеуден өткен Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпараты:

      1) Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың жеке басын растау және (немесе) анықтау;

      2) Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды есепке алу және бақылау;

      3) жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтетін адамдарды дактилоскопиялық ақпарат бойынша жеке басын растау рәсімі арқылы есепке алу және бақылау үшін пайдаланылады.";

      47 және 48-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Дактилоскопиялық ақпарат бойынша жеке басты растау рәсімі арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтетін адамдарды есепке алу және бақылау үшін дактилоскопиялық тіркеуден өткен Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпаратын пайдалану Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары белгілейтін тәртіппен жүзеге асырылады.

      48. Дактилоскопиялық тіркеуден бұрын өткен адамды дактилоскопиялық ақпарат бойынша тексеруді жүзеге асыруды немесе дактилоскопиялық тіркеуден өткен адамның дактилоскопиялық ақпаратын ұсынуды Ішкі істер министрлігі құзыретті мемлекеттік органдардың осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ресімделген және Ішкі істер министрлігіне фельдъегерлік байланыс немесе электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы жіберілген сұрау салулары бойынша Қазақстан Республикасының ақпаратқа қолжетімділік саласында заңнамасының талаптарын сақтай отырып жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 136-1,136-2, 136-3, 136-4 және 136-5-тармақтармен толықтырылсын:

      "136-1. Дактилоскопиялық тіркеуден өткен адамға дактилоскопиялық ақпаратты беруді ішкі істер органдарының көші-қон қызметінің бөлімшелері оның жазбаша өтініші немесе оның заңды өкілінің (бұдан әрі – өтініш беруші) өтініші негізінде жүзеге асырады.

      136-2. Дактилоскопиялық ақпаратты электрондық түрде алу үшін өтініш беруші "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – веб-портал) не ішкі істер органдары көші-қон қызметінің аумақтық бөлімшелеріне жазбаша өтініш береді.

      Көші-қон қызметінің қызметкері дактилоскопиялық ақпаратты электрондық түрде ұсыну туралы жазбаша өтінішті алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде ҚБҚ базасы бойынша өтініш берушінің дактилоскопиялық тіркеуден өткені туралы мәліметтерді тексереді.

      Өтініш берушінің дактилоскопиялық тіркеуден өткені туралы мәліметтер болмаған кезде көші-қон қызметінің қызметкері жазбаша өтінішті қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде веб-порталдағы өтініш берушінің жеке кабинетіне дактилоскопиялық ақпараттың жоқ екені туралы хабарлама жібереді.

      Веб-порталда өтініш берушінің жеке кабинеті болмаған жағдайда көші-қон қызметінің қызметкері ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжай арқылы не хабарламаны немесе қоңырауды тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып, дактилоскопиялық ақпараттың жоқ екені туралы мәтіндік хабармен хабарлама жібереді.

      Дактилоскопиялық тіркеу туралы мәліметтер бар болса, көші-қон қызметінің қызметкері жазбаша өтініш қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде аумақтық ішкі істер органының жедел-криминалистикалық бөлімшесіне осы Қағидаларға 3-2-қосымшаға сәйкес ресімделген сұрау салуды жібереді.

      Аумақтық ішкі істер органының жедел-криминалистикалық бөлімшесі сұрау салуды алып, екі жұмыс күні ішінде ішкі істер органдары көші-қон қызметінің бөлімшесіне дактилоскопиялық ақпаратты Қазақстан Республикасының ақпаратқа қолжетімділік саласындағы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы жібереді.

      Көші-қон қызметінің қызметкері дактилоскопиялық ақпаратты алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіні веб-порталдағы өтініш берушінің жеке кабинеті арқылы оның дактилоскопиялық ақпараты беруге әзір екендігі туралы хабардар етеді.

      Веб-порталда өтініш берушінің жеке кабинеті болмаған жағдайда көші-қон қызметінің қызметкері ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжай арқылы не хабарламаны немесе қоңырауды тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып, оның дактилоскопиялық ақпараты беруге әзір екендігі туралы мәтіндік хабармен хабарлама жібереді.

      Өтініш берушіге дактилоскопиялық ақпаратты беру ішкі істер органдарының көші-қон қызметі бөлімшесінің кеңсесі арқылы жұмыс уақытында жүзеге асырылады.

      136-3. Дактилоскопиялық ақпаратты қағаз түрінде (бояу жағу әдісімен орындалған дактилоскопиялық картаны) алу үшін өтініш беруші веб-портал арқылы не ішкі істер органдары көші-қон қызметінің аумақтық бөлімшесіне дактилоскопиялық ақпаратты алуға жазбаша өтінішпен жүгінеді.

      Көші-қон қызметінің қызметкері жазбаша өтінішті қабылдап алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ҚБҚ базасы бойынша дактилоскопиялық тіркеуден өткені туралы мәліметтердің бар-жоғын тексереді.

      Өтініш берушіні дактилоскопиялық тіркеу туралы мәліметтер болмаса, көші-қон қызметінің қызметкері жазбаша өтініш қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде веб-порталдағы өтініш берушінің жеке кабинетіне дактилоскопиялық ақпараттың жоқ екені туралы хабарлама жібереді.

      Веб-порталда өтініш берушінің жеке кабинеті болмаған жағдайда көші-қон қызметінің қызметкері ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжай арқылы не хабарламаны немесе қоңырауды тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып, дактилоскопиялық ақпараттың жоқ екені туралы мәтіндік хабармен хабарлама жібереді.

      Өтініш берушінің дактилоскопиялық ақпараты туралы мәліметтер бар болса, көші-қон қызметінің қызметкері жазбаша өтініш қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ішкі істер органдарының жедел-криминалистикалық бөлімшесіне осы Қағидаларға 3-3-қосымшаға сәйкес ресімделген сұрау салу жібереді, сондай-ақ веб-порталдағы өтініш берушінің жеке кабинеті арқылы өтініш берушіге дактилоскопиялауды жүргізу уақыты мен орны туралы хабарлайды.

      Веб-порталда өтініш берушінің жеке кабинеті болмаған жағдайда көші-қон қызметінің қызметкері ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжай арқылы не хабарламаны немесе қоңырауды тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып, дактилоскопиялық ақпараттың жоқ екені туралы мәтіндік хабармен хабарлама жібереді.

      Өтініш берушіні дактилоскопиялау өтініш берілген сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшесінде жүргізіледі. Дактилоскопиялау үшін өтініш берушіні ертіп жүру көші-қон қызметінің қызметкеріне жүктеледі.

      Аумақтық ішкі істер органы жедел-криминалистикалық бөлімшесінің қызметкері осы Қағидалардың 27, 28, 30 және 31-тармақтарына сәйкес өтініш берушіні дактилоскопиялайды.

      Дактилоскопиялаудан кейін ішкі істер органдарының көші-қон қызметі бөлімшесінің кеңсесі арқылы бір сағат ішінде өтініш берушінің қолына қағаз дактилоскопиялық карта беріледі.

      136-4. Геномдық тіркеуден өткен адамның геномдық ақпаратын ұсынуды Ішкі істер министрлігінің жедел-криминалистикалық бөлімшесі оның жазбаша өтініші немесе заңды мүдделерін білдіретін адамның жазбаша өтініші қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      136-5. Геномдық ақпаратты электрондық түрде алу үшін өтініш беруші веб-портал арқылы не Ішкі істер министрлігінің жедел-криминалистикалық бөлімшесіне жазбаша өтініш береді.

      Ішкі істер министрлігі жедел-криминалистикалық бөлімшесінің қызметкері геномдық ақпаратты электрондық түрде беру туралы жазбаша өтініш қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде "ЖБС" ААЖ дерекқоры бойынша өтініш берушінің геномдық тіркеуден өткені туралы мәліметтерді тексереді.

      Өтініш берушінің геномдық тіркеуден өткені туралы мәліметтер болмаған кезде Ішкі істер министрлігі жедел-криминалистикалық бөлімшесінің қызметкері өтініш қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде геномдық ақпараттың жоқ екені туралы веб-порталдағы өтініш берушінің жеке кабинетіне хабарлайды.

      Өтініш берушінің геномдық тіркеуден өткені туралы мәліметтер бар болса, Ішкі істер министрлігінің жедел-криминалистикалық бөлімшесінің қызметкері өтініш қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде веб-порталдағы өтініш берушінің жеке кабинетіне осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес тіркелетін адамның ДНҚ профилінің карточкасын жібереді.";

      осы қаулыға 1, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес көрсетілген Қағидаларға 1-1, 3-2, 3-3 және 4-1-қосымшалармен толықтырылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 3-1-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 1 сәуірдегі
№ 246 қаулысына
1-қосымша
Дактилоскопиялық және
геномдық тіркеуді жүргізу
қағидаларына
1-1-қосымша
Уәкілетті органның
бастығына/Начальнику
уполномоченного органа
  ________________________

ДАКТИЛОСКОПИЯЛАУДАН БАС ТАРТУ/ ОТКАЗ ОТ ДАКТИЛОСКОПИРОВАНИЯ

      Мен, тегі/Я, фамилия |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|,

      аты/имя |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|,

      әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)/отчество

      (если оно указано в документе, удостоверяющем личность) |__|__|__|__|__|__|__|__|,

      туған күні/дата рождения |__|__| |__|__| |__|__|__|__|,

      күні/число айы/месяц жылы/года

      заматтығы/гражданство ________________________,

      ЖСН/ИИН |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|,

      құжат түрі/вид документа ___________________________________________

      (құжат нөмірі немесе сериясы, кім берді, берілген күні/номер

      ____________________________________________________________________,

      или серия документа, кем выдан, дата выдачи)

      являясь законным представителем/опекуном на основании: _________________

      (құжатқа сілтеме,

      ____________________________________________________________________

      сот шешімі, сенімхат /ссылка на документ, решение суда, доверенность)

      негізінде тегі/фамилия |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|,

      аты/имя |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|,

      әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)/отчество

      (если оно указано в документе, удостоверяющем личность) |__|__|__|__|__|__|__|__|__|,

      туған күні/дата рождения |__|__| |__|__| |__|__|__|__|,

      күні/число айы/месяц жылы/год

      азаматтығы/гражданство ____________________________________________,

      ЖСН (бар болса)/ИИН (при наличии) |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|,

      Сыртқы жағы/оборотная сторона

      құжат түрі/вид документа ________________________________________

      (құжат нөмірі немесе сериясы, кім берді, берілген

      _____________________________________________________________,

      күні/номер или серия документа, кем выдан, дата выдачи)

      заңды өкілі/қорғаншысы бола отырып, мынадай себеппен дактилоскопиялық тіркеуден өтуден бас тартамын/отказываюсь от прохождения дактилоскопической регистрации по причине _____________________________

      (бас тарту себебін көрсету/указать

      ______________________________________________________ причину отказа)

      |__| Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін міндетті дактилоскопиялық тіркеуден өту қажеттігі туралы хабардармын/Уведомлен о необходимости прохождения обязательной дактилоскопической регистрации для получения государственной услуги

      Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 443-1-бабының 2-бөлігінде көзделген міндетті дактилоскопиялық тіркеуден өтуден бас тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілік туралы маған ескертілді/Предупрежден об административной ответственности за отказ от прохождения обязательной дактилоскопической регистрации, предусмотренной частью 2 статьи 443-1 КоАП Республики Казахстан.

      Ескертпе/Примечание:

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі/Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях:

      443-1-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың міндетті дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеуден өтуден бас тартуы/Статья 443-1 Отказ граждан Республики Казахстан, иностранцев и лиц без гражданства от прохождения обязательной дактилоскопической и (или) геномной регистрации

      2. Шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың міндетті дактилоскопиялық тіркеуден өтуден бас тартуы – Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады./2. Отказ иностранцев или лиц без гражданства от прохождения обязательной дактилоскопической регистрации влечет административное выдворение за пределы Республики Казахстан.".

      _________________________________________________________________

      (заңды өкілдің, қорғаншының қолтаңбасы)/(подпись законного представителя/опекуна)

      |__|__| |__|__| |__|__|__|__|күні/число айы/месяц жылы/год

      Заңды өкілдің/қорғаншының әрекет етуіне негіз болатын құжаттың

      көшірмесі/Копия документа, на основании которого действует законный

      представитель/опекун

      Қолтаңбасы/Подпись ____________ күні/дата

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 1 сәуірдегі
№ 246 қаулысына
2-қосымша
Дактилоскопиялық және
геномдық тіркеуді жүргізу
қағидаларына
3-1-қосымша

Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның дактилоскопиялаудан өтуі туралы анықтама

      ____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған күні)

      _______________________________________________________________ берілді.

      ЖСН_____________________________________________

      Тіркеу сәйкестендіргіші: KZ _______________________

      Ішкі істер органының атауы ________________________________________

      _________________________________________________________________

      Дактилоскопиялау жүргізген ________________________________________

      (қызметкердің лауазымы, атағы, Т.А.Ә. (егер ол жеке

      __________________________________________________________________

      басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) (дактилоскопиялау күні)

      ___________________________________________________________________

      (қызметкердің қолтаңбасы)

      Мөр орны (бар болса)

      Анықтама ұлттық паспортты көрсеткен кезде жарамды

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 1 сәуірдегі
№ 246 қаулысына
3-қосымша
Дактилоскопиялық және
геномдық тіркеуді жүргізу
қағидаларына
3-2-қосымша
Ішкі істер министрлігінің
жедел-криминалистикалық
бөлімшесі

"Жеке басты биометриялық сәйкестендіру" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқоры бойынша сұрау салу

      KZ _____________________________________ тіркеу сәйкестендіргіші

      бойынша дактилоскопиялық ақпараттың көшірмесін ұсынуды сұраймын.

      Лауазымды адам – сұрау салуға бастамашы___________________________

      (бастамашының тегі,

      ________________________________________________________________

      аты-жөні, лауазымы және қолтаңбасы)

      20____ ж. "__"_____________

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 1 сәуірдегі
№ 246 қаулысына
4-қосымша
  Дактилоскопиялық және
  геномдық тіркеуді жүргізу
қағидаларына
3-3-қосымша
Ішкі істер органдарының
жедел-криминалистикалық
бөлімшесі

Дактилоскопиялауға және қағаз дактилоскопиялық картаны беруге сұрау салу

      Азамат ______________________________________________________

      (тегі, аты-жөні)

      дактилоскопиялық ақпаратты қағаз түрінде беру туралы өтініш түсуіне

      байланысты азамат _____________________________________________

      дактилоскопиялауды және қағаз түрінде дактилоскопиялық карта беруді

      сұраймын.

      Дактилоскопиялық ақпарат "Жеке басты биометриялық сәйкестендіру"

      автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде бар, тіркеу сәйкестендіргіші:

      KZ___________________________________________.

      Лауазымды адам – сұрау салуға бастамашы ________________________

      (бастамашының тегі,

      _______________________________________________________________

      аты-жөні, лауазымы және қолтаңбасы)

      20___ ж. "___"_____________

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2024 жылғы 1 сәуірдегі
№ 246 қаулысына
5-қосымша
Дактилоскопиялық және
геномдық тіркеуді жүргізу
қағидаларына
4-1-қосымша

Тіркелетін адамның ДНҚ профилінің картасы/Карточка профиля ДНК регистрируемого лица

      Тегі/Фамилия|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|,

      Аты/Имя |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|,

      Әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)/Отчество

      (если оно указано в документе, удостоверяющем личность) |__|__|__|__|__|__|__|__|

      туған күні/дата рождения |__|__| |__|__| |__|__|__|__|,

      күні/число айы/месяц жылы/год

      Азаматтығы/Гражданство _______________________________________________,

      Туған жері/Место рождения _____________________________________________,

      ЖСН/ИИН |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|

      ДНҚ-профилі/ДНК-профиль:


Amel

D3S1358

D1S1656

D2S441

D10S1248

D13S317

D16S539

D18S51

D2S1338





































CSF1PO

TH01

vWA

D21S11

D7S820

D5S818

TPOX

D8S1179

D12S391





































D19S433

D22S1045

FGA

*

*

*

*

*

*





































      * - Ескертпе: қолданылатын реагенттер жиынтығына байланысты STR маркерлерінің саны одан да көп болуы мүмкін. Кестеде негізгі аутосомды STR маркерлері көрсетілген/ Примечание: количество STR-маркеров может быть и больше в зависимости от используемого набора реагентов. В таблице представлены основные аутосомные STR-маркеры.

      Лауазымды адам/Должностное лицо _____________________________________

      (тегі, аты-жөні, лауазымы және қолтаңбасы/фамилия,

      _____________________________________________________________________

      инициалы, должность и подпись)

      20____ ж./г. "____"_____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады