"Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамына зерттеу университеті мәртебесін беру және оның 2024 – 2028 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 258 қаулысы

      "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 8) тармақшасына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 21-6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамына зерттеу университеті мәртебесі берілсін.

      2. Қоса беріліп отырған "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2024 – 2028 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 5 сәуірдегі
№ 258 қаулысымен
бекітілген

"Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2024 – 2028 жылдарға арналған даму бағдарламасы Мазмұны

1-бөлім. "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы даму бағдарламасының паспорты және кіріспе (қысқаша аннотация және Даму бағдарламасының мақсаты)

3

2-бөлім. Жетістіктерін, проблемалары мен сын-қатерлерді қоса алғанда "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ағымдағы жағдайына шолу

6

1-кіші бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау

6

2-кіші бөлім. Трендтер мен сын-қатерлерді талдау

11

3-кіші бөлім. Даму болжамы және ықтимал даму сценарийлері мен олардың "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамына әсерін айқындау

15

3-бөлім. "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы даму бағдарламасының пайымы, миссиясы және құндылықтары

17

4-бөлім. "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының стратегиялық басымдықтары

17

5-бөлім. "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы даму бағдарламасының қойылған мақсатына қол жеткізу жолдары

19

6-бөлім. "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы даму бағдарламасының іске асырудан күтілетін нәтижелердің сипаттамасы

26

7-бөлім. "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы даму бағдарламасының іске асырылуын мониторингтеу және оның прогресін бағалау

27

"Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы даму бағдарламасының нысаналы индикаторлары


"Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы даму бағдарламасының нысаналы индикаторларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары


1-бөлім. "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы даму бағдарламасының паспорты және кіріспе (қысқаша аннотация және Даму бағдарламасының мақсаты)

Бағдарламаның атауы
 

"Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2024 – 2028 жылдарға арналған даму бағдарламасы

Бағдарламаны әзірлеу үшін негіздеме

1) "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 8) тармақшасы, 9-бабының 5-тармағы, 10-бабы;
2) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 21-6) тармақшасы, 5-3-бабының 23) тармақшасы;
3) Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына Жолдауы;
4) "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының құрылымын және оны әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 25 қазандағы № 590 бұйрығы.

Бағдарламаны әзірлеуші

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі – ҒЖБМ)

Бағдарламаның мақсаттары

"Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамын зерттеу университетіне трансформациялау

Бағдарламаның міндеттері

1) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейлерінде ғылыми қызмет пен білім беру процесін интеграциялау;
2) сапалы білім беру теңдігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, талантты жастарды тарту;
3) елдің зияткерлік әлеуетін көтеруге, Қазақстанның ғылыми мектептерінің халықаралық беделін арттыруға мүмкіндік беретін іргелі және қолданбалы ғылым саласындағы жобаларды іске асыру;
4) патенттерді, лицензияларды сату, стартап-жобаларды әзірлеу түрінде "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы ғалымдарының қолданбалы зерттеулерінің нәтижелерін өңір экономикасына енгізу;
5) "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының қоғам дамуына қосатын үлесін арттыру.

Бағдарламаны іске асыру мерзімдері

2024 – 2028 жылдар

Қаржыландыру көздері

Даму бағдарламасында көзделген іс-шараларды қаржыландыру көзі "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының меншікті қаражаты және тартылған бюджеттік инвестициялар болып табылады

      "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ҚарУ) даму бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 248 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына (бұдан әрі – Тұжырымдама) сәйкес әзірленді.

      ҚарУ Қарағанды өңірінің ғылыми-техникалық және әлеуметтік- экономикалық дамуына белсенді ықпал ете отырып, өңірдегі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы көшбасшы ретінде әрекет етеді. ҚарУ өңірдің және елдің прогресіне үлес қоса алатын білікті мамандарды даярлауға бағытталған академиялық қызмет пен инновациялық жобалардың толыққанды үйлесімі үшін жағдайлар жасаумен айналысады.

      ҚарУ-дың даму бағдарламасы еліміздің солтүстік және орталық өңірлерін және тұтастай алғанда, Қазақстанды ғылыми-технологиялық дамытудың басым бағыттары бойынша экономикалық және әлеуметтік салалар үшін кадрлар даярлауды, серпінді ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді, жаңа әлеуметтік-гуманитарлық және шығармашылық жобаларды дамыту мен іске асыруды қамтамасыз ететін классикалық зерттеу университеті ретінде ҚарУ-ды орнықты дамытуды көздейді.

      ҚарУ ғалымдары ғылым мен білім беру саласындағы мемлекеттік саясатта айқындалған басым бағыттар бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізіп, ғылыми белсенділік көрсеткіштері мен технологияларды экономиканың нақты секторына трансферттеу нәтижелері бойынша қазақстандық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ЖЖКБҰ) арасында ҚарУ-дың көшбасшылық позициясын қамтамасыз ететін болады. ҚарУ келісімшарттық зерттеулер мен ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру шеңберінде, оның ішінде ірі мемлекеттік компаниялармен және ғылыми институттармен бірлесіп кәсіпорындармен ынтымақтастықты дамытуды жалғастырады.

      ҚарУ бітірушілердің ғылымның заманауи деңгейін көрсететін іргелі білімді игеруіне, оларда зерттеушінің шығармашылық дағдыларын, цифрлық экономиканың құзыреттерін және зерттеу нәтижелерін өңір экономикасы мен әлеуметтік салаға енгізуге жәрдемдесуге мүмкіндік беретін кәсіпкерлік қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған білім берудің барлық деңгейлерін дамытуды жалғастырады.

      Магистратура мен PhD докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша біліктілігі жоғары кадрларды даярлау басымдыққа ие болады.

      ҚарУ – экономиканың барлық секторлары үшін біліктілігі жоғары кадрлар даярлаудың ірі ғылыми-әдістемелік орталығы. Осы мақсатта бакалавриаттың, магистратураның, докторантураның білім беру бағдарламаларының кең ауқымы іске асырылатын болады. ҚарУ-да Қазақстан Республикасының ғылыми- технологиялық даму стратегиясының басым бағыттарына сәйкес мамандар даярлауды қамтамасыз ететін білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру, сондай-ақ цифрлық экономиканы дамыту талаптарына сәйкес білім беру бағдарламаларын жаңғырту жалғастырылатын болады.

      ҚарУ-дың теңдестірілген креативті кадрлар құрамы бар, бұл ретте дамыған ынталандыру жүйесін құру негізінде кадрларды тарту және сақтау саясаты ҚарУ-дағы персоналды басқарудың негізі болады.

      Зерттеу университетіне трансформациялау процесінде білім беру және ғылыми қызметтің синергиясына қол жеткізілетін болады, бұл ҚарУ-дың әлеуметтік-экономикалық құндылығын айқындайтын келесі негізгі аспектілердің күшеюіне алып келеді:

      1) білім беру сапасын арттыру: студенттер озық зерттеулерге және оқытудың инновациялық әдістеріне қол жеткізеді, бұл олардың біліктілігі мен еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады;

      2) ғылыми зерттеулерді дамыту: ҚарУ сыртқы қаржыландыруды тартып және өзінің ғылыми мектептерін нығайта отырып, неғұрлым ауқымды және маңызды зерттеулер жүргізе алады;

      3) өнеркәсіппен байланысты нығайту: ғылым мен білімнің интеграциясы нарықта сұранысқа ие инновациялық шешімдер мен технологияларды әзірлеуге ықпал етеді, бұл кәсіпорындармен және ұйымдармен серіктестікті нығайтады;

      4) университеттер рейтингтеріндегі көшбасшылық позициялар: ғылыми зерттеулер мен білім беру жетістіктерінің жоғары деңгейінің арқасында ҚарУ-дың жаһандық және ұлттық рейтингтердегі позицияларының жақсаруы;

      5) шетелдік азаматтар мен халықаралық серіктестер үшін университеттің тартымдылығы: шетелдік жоғары оқу орындарымен және ғылыми ұйымдармен ынтымақтастықтың кеңеюі, ҚарУ-дың халықаралық білім беру және ғылыми орталық ретіндегі позициясының нығаюы, халықаралық ғылыми жобалар мен бағдарламаларға белсенді қатысуы, бұл ҚарУ-дың әлемдік аренадағы беделі мен көрінуін арттырады;

      6) әлеуметтік жауапкершілік: ҚарУ-дың өңір мен елдің әлеуметтік- экономикалық дамуына қосатын үлесі қоғамның өзекті проблемаларын шешуге, жас ғалымдарды, студенттер мен еріктілерді қолдауға, оларды ғылыми, білім беру және әлеуметтік жобаларға тартуға бағытталған қолданбалы зерттеулер мен жобаларды іске асыру есебінен күшейтіледі.

      ҚарУ-дың даму жоспарында мәлімделген мақсат пен міндеттер ғылыми зерттеулерді практикалық өндірістік қызметпен ұштастыруға және жоғары білім деңгейін арттыруға бағытталған. Мұндай тәсіл елдің өнеркәсіптік, коммерциялық және мәдени ландшафтында түйінді позицияны иеленетін Қарағанды өңірінің орнықты экономикалық дамуы мен прогресін жеделдетуге ықпал ететін болады.

2-бөлім. Жетістіктерін, проблемалары мен сын-қатерлерді қоса алғанда "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ағымдағы жағдайына шолу

      1-кіші бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау

      ҚарУ Қазақстанның көпбейінді аса ірі университеттерінің бірі болып табылады және 28 бағыт бойынша бакалаврлар, 24 бағыт бойынша магистрлер және 10 бағыт бойынша PhD докторларын даярлауды жүзеге асырады, қазіргі уақытта 12 факультетте 14 мыңға жуық студент, магистрант пен PhD докторанты білім алады. ҚарУ-да бакалавриаттың, магистратураның және PhD докторантураның 140-тан астам білім беру бағдарламалары институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуге ие.

      Болон декларациясының негізгі қағидаттарын жариялай отырып, ҚарУ бүкіл білім беру ортасының жалпы қабылданған трендтеріне негізделеді және білім беруді ізгілендіруге және білім берудегі жалпыадамзаттық құндылықтардың басымдығына, интернационалдандыруға және жалпы білім беруді жаһандандыруға байланысты маңызды мақсаттарды шешуге күш жұмсайды.

      Оқу жоспарлары мен бағдарламаларының мазмұнында мультипәндік және пәнаралық тәсіл іске асырылады, пәндердің жекелеген модульдері ағылшын тілінде оқылады. "Химия" докторантурасының және "Шет тілі: екі шет тілі", "Шетел филологиясы", "Әлемдік экономика" магистратурасының білім беру бағдарламалары толығымен ағылшын тілінде оқытуға көшті.

      ҚарУ-да жаңа және инновациялық білім беру бағдарламаларын, оның ішінде жетекші отандық және шетелдік университеттермен бірлескен коллаборация кезінде жобалау мен сараптамаға ерекше назар аударылады.

      ҚарУ-да үш тілді бағдарламалар, қос біліктілік бағдарламалары, формалды, формалды емес және информалды білім беру шеңберінде оқыту табысты іске асырылуда, білім беру бағдарламаларының 49 %-ы қашықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы іске асырылады.

      ҚарУ шетелдік университеттермен және ғылыми орталықтармен серіктестік қарым-қатынас орнатқан, 150-ден астам шарттар, келісімдер, меморандумдар шеңберінде беделді қауымдастықтардың құрамына кіреді. Білім беру процесін интернационалдандыру аясында ҚарУ-да студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының (бұдан әрі – ОПҚ) шетелдік серіктестермен академиялық ұтқырлығы іске асырылуда. Шетелдік азаматтар арасында ҚарУ-дың тартымдылығы артып келеді. Жыл сайын Әзербайжан, Армения, Германия, Қытай, Моңғолия, Ресей, Украина, Өзбекстан және тағы басқа да елдерден келген 60-қа жуық азамат ҚарУ студенттері атанады. Сонымен қатар ҚарУ-да 1-2 семестрге есептелген академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында жыл сайын 100-ге жуық студент оқиды. Бұлар Қытай, Италия, Мажарстан, Ресей, Өзбекстан, Украина азаматтары.

      "Республикалық бюджет қаражаты есебінен шетелдік ғалымдарды тарту" бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2020 – 2023 жылдар аралығындағы үш жыл ішінде Болгария, Финляндия, Ресей, Италия, Эстония сияқты және т.б. елдерден 16 шетелдік маман тартылды.

      Тегін негіздегі ынтымақтастық туралы келісімдер негізінде тәжірибе алмасу және дәрістер оқу аясында АҚШ, Финляндия, Польша, Мажарстан, Грекия, Ресей, Түркия, Қырғызстан сияқты және т.б. елдердің серіктес университеттерінен 33 ғалым мен оқытушы жұмысқа тартылды.

      Сондай-ақ 2020 – 2023 жылдар аралығындағы кезеңде ҚарУ қаражаты есебінен шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы жүзеге асырылды және Өзбекстан, Ұлыбритания, Украина, Беларусь, Финляндия, Польша, Мажарстан, Грекия, Ресей, Түркия, Қырғызстан сияқты және т.б. елдерден 98 ғалым тартылды.

      Қазақстанның ЖЖКБҰ рейтингіне сәйкес ҚарУ соңғы жылдар кезеңінде Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктің және Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігінің ұлттық рейтингтерінде жетекші орындарды иеленді, QS World University Rankings әлемдік рейтингінде 851+ позициясына, QS Asia өңірлік рейтингінде 206-позицияға тұрақтады.

      ҚарУ отандық жоғары мектеп көшбасшыларының қатарына кіреді. ҚарУ оқытушыларының жалпы саны 921 адамды құрайды, оның ішінде 62 ғылым докторы, 277 ғылым кандидаты, 117 философия докторы (PhD) және 447 ғылым магистрі, "Болашақ" бағдарламасының 47 түлегі бар. ҚарУ оқытушылары 196 рет "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" және 7 рет "Үздік ғылыми қызметкер" атағын алды. ҚарУ оқытушыларының арасында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшелері, ғылым мен техниканың дамуына зор үлес қосқан ғылыми мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендиялардың лауреаттары, дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендиялардың лауреаттары бар.

      ҚарУ-дың ғылыми инфрақұрылымында 20 ғылыми-зерттеу институты, ғылыми орталықтар мен ғылыми зертханалар бар: Сарыарқа археологиялық институты, Молекулярлық нанофотоника институты, Цифрлық экономика ғылыми-зерттеу институты, Құқықтық зерттеулер және мемлекеттану институты, Этномәдени және тарихи-антропологиялық зерттеулер орталығы, "Баламалы энергия" ғылыми-зерттеу орталығы, "Физика-химиялық зерттеу әдістері" инженерлік зертханасы, Қазақстандағы діни ахуалды кешенді зерттеу ғылыми-зерттеу зертханасы, "Функционалдық материалдар және жасыл энергетикалық технологиялар" ғылыми зертханасы, "Синтез және биологиялық белсенді заттар және фармацевтикалық технологияларды зерттеу", "Қатты және ауыр көмірсутекті шикізатты деструктивті гидрогендеу" ғылыми-білім беру зертханалары, қолданбалы биотехнология және биоинженерия зертханасы және т.б. Нанотехнологияның және қатты дене физикасының; жаңа материалдар синтезінің; биологиялық жүйелердің жағдайын мониторингтеудің; әлеуметтанудың; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің; нарықтық қатынастардың; құқықтанудың; археологияның өзекті бағыттары мен проблемалары бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізіледі.

      ҚарУ жалпы сомасы 1,6 миллиард теңгені құрайтын 112 ғылыми жобаны, оның ішінде 57 ғылыми жобаны гранттық қаржыландыру аясында және 2 ғылыми-техникалық бағдарламаны бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында іске асыруда, оларды іске асыру барысында іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамыту үшін орнықты экожүйені құру, қоғам мен қоршаған әлемді цифрландыру жағдайында "жасыл" технологияларды, жасанды интеллектті, адамның әлеуметтік бейімделуін дамыту міндеттері шешіледі.

      Сондай-ақ 2023 – 2025 жылдарға арналған жалпы сомасы 928 миллион теңгеден асатын үш "мегагрант" бар. BR21882309 "Үшінші буындағы органикалық сәуле шығаратын диодтарға (OLED) арналған p-түйіндес азуленді со-олигомерлер негізінде жаңа органикалық ТАDF люминофорларын құру" деп аталатын бірінші жоба ҒЖБМ-нің Ғылым комитеті тарапынан қолдау тауып, 298741800 теңге көлемінде қаржыландыру алды. BR21882166 "Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Батыс, Шығыс, Орталық және Солтүстік Қазақстанның табиғи флорасының жеміс-жидек өсімдіктерін молайтудың, сақтаудың, пайдаланудың ғылыми-практикалық негіздері" атты екінші жоба 130000000 теңге сомасында ҒЖБМ Ғылым комитетінің "Маңғыстау эксперименттік ботаникалық бағы" ШЖҚ РМК тарапынан қаржыландырылды. BR21882302 "Цифрлық трансформация жағдайындағы қазақстандық қауым: перспективалар мен тәуекелдер" атты үшінші жоба ҒЖБМ Ғылым комитетінің "Философия, саясаттану және дінтану институты" ШЖҚ РМК тарапынан қолдауға ие болып, 499515248 теңге көлемінде қаржыландырылды. Мұндай ауқымды қаржыландыру ҚарУ-да жүргізілетін зерттеулердің маңыздылығы мен өзектілігін айқын көрсетеді және оның жетекші ғылыми-зерттеу орталығы ретінде дамуына ықпал етеді.

      Сонымен қатар ҚарУ жыл сайын ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған университетішілік грант конкурсын және жас ғалымдарға арналған ҚарУ Жас ғалымдар кеңесінің "Ғылымдағы жаңа есім" конкурсын өткізеді. 2023 жылы ҚарУ осы гранттарға өз қаражатынан 57 миллион теңгеден астам қаражат бөлді, осылайша ғылыми зерттеулер мен жас ғалымдардың дамуына қолдау көрсетті. Конкурстық іріктеу нәтижесінде ғылыми-техникалық қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін 12 грант және "Ғылымдағы жаңа есім" бағдарламасы аясында ҚарУ Жас ғалымдар кеңесінің 5 гранты берілді.

      ҚарУ-дың Жас ғалымдар кеңесіне 359 жас оқытушы кіреді, олардың 35-і ғылыми дәрежесі бар оқытушы, 155-і докторант және 15-і постдокторант. ҚарУ факультеттерінде студенттер мен магистранттардың ғылыми қауымдастығының 38 ғылыми үйірмесі жұмыс істейді, онда 1867 студент зерттеу жұмысымен айналысады.

      ҚарУ-да философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялар қорғаумен айналысатын 12 білім беру бағдарламасы бойынша 11 диссертациялық кеңес жұмыс істейді: 8D05101 – "Биология", 8D05401 – "Математика", 8D01301 – "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі", 8D01101 – "Педагогика және психология", 8D02301 – "Филология", 8D01702 – "Шет тілі: екі шет тілі", 8D04101 – "Экономика", 8D05301 – "Химия", 8D05302 – "Физика", 8D02202 – "Тарих", 8D01701 – "Қазақ тілі мен әдебиеті", 8D05303 – "Жылу физикасы және теориялық жылу техникасы". Аталған диссертациялық кеңестер ғылыми жұмыстарды қатаң бағалауды қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар ҚарУ-дағы білім беру процесі мен ғылыми зерттеулердің сапасын арттыруға ықпал етеді. Диссертациялық кеңестердің болуы біліктілігі жоғары оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер санының артуына да әсерін тигізеді, бұл өз кезегінде университеттің жетекші ғылыми-білім беру орталығы ретіндегі беделін арттырады.

      ҚарУ-да 10 ғылыми журнал, оның ішінде "Қарағанды университетінің хабаршысы" басып шығарылады, онда Қазақстан мен шет елдердің жетекші ғалымдары өз еңбектерін қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде белсенді жариялайды. "Қарағанды университетінің хабаршысы" журналының "Химия", "Физика" және "Математика" сериялары Web of Science Core Collection Clarivate Analytics негізгі базасына енді. 2019 жылы ҚарУ-дың ағылшын тілінде шығаратын "Eurasian Physical Technical Journal" журналы төрт ғылыми бағыт бойынша Scopus дерекқорына енгізілген және Energy мен Engineering бағыттары бойынша Q3 квартиліне кіреді. Сондай-ақ Scopus базасына Bulletin of the University of Karaganda – Chemistry және Bulletin of the Karaganda University – Mathematics журналдары кіреді.

      Кадр саясатын іске асыру мақсатында ҚарУ-да ОПҚ-ның біліктілік кәсіби стандарттары, кадрлық әлеуетті дамыту тұжырымдамасы, кадр резерві туралы ереже, ҚарУ жұмыскерлерін оқыту және олардың біліктілігін арттыру туралы ереже әзірленді.

      ҚарУ "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") республикалық әлеуметтік жобасының белсенді қатысушысы болып табылады, оның аясында ҚарУ-да 2000-ға жуық студент білім алады. ҚарУ-да студенттік өзін-өзі басқарудың 16 жастар бірлестігі, 107 клуб, шығармашылық студиялар мен ұжымдар, 30 спорт секциясы жұмыс істейді. Жыл сайын ҚарУ-да қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға, отандық тарихты, мемлекеттік тілді, салауатты өмір салтын танымал етуге, діни экстремизмнің, құқық бұзушылықтардың профилактикасына бағытталған 250-ге жуық іс-шара өткізіледі. ҚарУ-да ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді оқыту үшін жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді, инклюзивті білім берудің ресурстық орталығы жұмыс істейді. ҚарУ-дың бәсекеге қабілеттілігін 10 оқу корпусын, белсенді дамып келе жатқан репозиторийі бар 2 миллион кітап қорынан құралған ғылыми кітапхананы, заманауи оқу залдарын, электрондық ресурс залдары мен қызметтер көрсету бойынша ең заманауи технологиялармен жабдықталған коворкинг-орталықтарды қамтитын дамыған инфрақұрылым қолдайды. ҚарУ білім алушыларға жайластырылған 7 студенттер үйін, қала сыртындағы практика базалары мен демалыс аймақтарын, музейлерді, Студенттер сарайын, Білім беру қызметін психологиялық сүйемелдеу орталығын, медициналық пункттерді, заманауи спорт ғимараттарын ұсынады, баспахана жұмыс істейді.

      ҚарУ-да Environmental, Social, and Corporate Governance халықаралық стандарттарының талаптарын ескере отырып, сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесі табысты жұмыс істейді.

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес ҚарУ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет құрылған.

      ҚарУ-да академиялық адалдық саясаты, Корпоративтік этика кодексі, Корпоративтік жанжалдар мен мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу туралы ереже, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стандарты, құрылымдық бөлімшелер басшыларының, факультеттер декандарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметпен өзара іс-қимыл жасау регламенті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар, Сыбайлас жемқорлықты бағалау және қабылдау, білім беру қызметтерінің сапасы бойынша білім алушылар арасында сауалнама (әлеуметтанулық сұрау салу) жүргізу тәртібі туралы ереже, ішкі (жергілікті) нормативтік құқықтық актілерге және олардың жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар әзірленді және бекітілді. Сонымен қатар ҚарУ-да Әдеп жөніндегі кеңес жұмыс істейді және академиялық адалдық құралдары қолданылады.

      ҚарУ-дың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты жұмыскерлер, ОПҚ мен студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы орнықты мінез-құлық пен мәдениетті қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдайларды жоюға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған.

      2023 жылғы 19 наурызда ҚарУ білім сапасын жақсартуға, барлық көріністерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға ықпал ететін Академиялық адалдық лигасына қосылды.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, мүдделер қақтығысын ұсынымдар қабылдай отырып талдау тұрақты негізде жүргізіледі, ҚарУ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімді құралдарын әзірлеу бойынша ақпараттық хаттар жолданып тұрады. Бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының жұмыс оқу жоспарларына 5 кредит көлемінде "Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет" пәні енгізілген.

      ҚарУ-дың корпоративтік және стратегиялық орнықтылығын дамыту мақсатында орнықты даму мақсаттарын басқару жүйесіне, даму стратегиясына және ҚарУ қызметінің негізгі процестеріне интеграциялау басталды; орнықты даму саласындағы саясат әзірленді. Орнықты даму контексінде 2021 – 2022 оқу жылынан бастап ҚарУ-да тәуекелдерді басқару жүйесі енгізілді. Әзірленген тәуекелдерді басқару саясатына сәйкес қазіргі уақытта ҚарУ-дың оқу, ғылыми, тәрбие, мәдени және басқа да қызмет салаларына байланысты тәуекелдерді басқару бойынша жұмыс жүргізілуде; тәуекел-менеджмент мәдениеті дамуда.

      Стратегиялық міндетті іске асыру аясында ҚарУ инновациялық экожүйені және мәдениетті қалыптастыруға белсенді әсер ету, әлеуметтік ортаны өзгертуге, заманауи қоғамдық даму модельдерін іске асыруға жәрдемдесу арқылы өңірдің инновациялық ортасын дамытуға қатысуды кеңейтуге бағдарланған. ҚарУ әлеуметтік жауапты және инновацияға бағдарланған кәсіпкерлік қызметтің дамуына мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру арқылы ықпал ететін болады.

      2-кіші бөлім. Трендтер мен сын-қатерлерді талдау

      Жаһандану, "жасыл экономиканы" қалыптастыру және дамыту жағдайында инновациялық саясат экономиканы әртараптандырудың маңызды факторы болып табылады, бұл инновациялық типтегі бәсекеге қабілетті экономиканы құруға алып келеді. Төртінші индустриялық революцияның шындықтары өмір туралы ғылымдар мен олардың инженерлік және нақты білім салаларымен тығыз интеграциясы бағытындағы танымды дамытудың басымдықтарын ауыстырады. Давос экономикалық форумының басшысы К. Швабтың пікірінше, ХХІ ғасырдағы мегатрендтер биология, физика және ақпараттық технологиялар сияқты бағыттарда ұсынылатын болады. Транс- және пәнаралық технологияларды енгізу процесі үлкен материалдық және зияткерлік ресурстарды қажет етеді, бұл ретте бұл шығындар орынды екенін түсіну маңызды. Айта кету керек, жоғары технологиялық жабдықты жасау және онымен жұмыс істеу әрі алынған деректерге түсінік беру үшін қызметкерлердің тиісті құзыреті қажет, яғни өз саласының тар бейінді міндеттерін де, транспәндік өзара іс-қимылдың артықшылықтарын да түсінетін біліктілігі жоғары мамандарды даярлау қажет. Оларды даярлау көпбейінді классикалық университеттерде мультипәндік зерттеу орталықтары негізінде іске асырудың ең үлкен шарттарына ие.

      Жетекші шетелдік зерттеу университеттерінің (Stanford University, University of Texas at Austin, Manchester Metropolitan University және басқалары) негізгі ерекшеліктерін талдау мынадай аспектілерді бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:

      1) өз салаларында сарапшылар болып табылатын жоғары деңгейдегі оқытушыларды тарту;

      2) озық ғылыми ізденістерді қамтамасыз етуге қабілетті заманауи зерттеу инфрақұрылымының болуы;

      3) университет қауымдастығының барлық қатысушыларының әралуан мүдделеріне жауап беретін әртүрлі пәндер бойынша зерттеу бағдарламаларының кең спектрі;

      4) түрлі кәсіби топтар арасындағы ынтымақтастықты ынталандыру және инновациялық серпіліске ықпал ететін пәнаралық зерттеулерге ықпал ету;

      5) экономикалық дамуға ықпал ететін ғылыми жаңалықтар мен инновацияларды коммерциялық секторға берудің тиімді тетіктерінің болуы;

      6) ҚарУ-дың жаһандық ғылыми және білім беру кеңістігінде орнықты позициялануына ықпал ететін тиімді халықаралық ынтымақтастық;

      7) ҚарУ зерттеу университетінің қазақстандық қауымның экономикалық, әлеуметтік және мәдени проблемаларын шешуге қатысуы.

      ЖЖКБҰ-ның заманауи дамуы еңбек нарығының тенденциялары мен кадрларға деген қажеттіліктің өзгеруін болжаусыз мүмкін емес. Еңбек нарығы қазіргі қоғамның тенденцияларын және елде, сондай-ақ әлемде де болып жатқан технологиялық және әлеуметтік өзгерістерді көрсетеді. Білім беруде бейімделу тәсілдерін іздеу қажеттілігіне барлық елдер қойып отырған түрлі жаһандық сын-қатерлерге қарамастан, отандық еңбек нарығының негізгі тенденциялары сақталуда.

      Отандық еңбек нарығының маңызды тенденциясы мультифункционалды дағдылары мен жаңа білімі бар, бизнес-құрылымдар мен кәсіпорындарды жаңа стандарттар негізінде жедел қайта құруға, оларды дағдарыстан шығаруға қабілетті мамандарға сұраныстың артуы болып қала береді. Кейбір зерттеулердің нәтижелері бойынша орта мерзімді перспективада әртүрлі деңгейдегі IT-мамандар (бағдарламашылар мен мобильді әзірлеушілерден бастап киберқауіпсіздік жөніндегі сарапшыларға дейін), бизнесті цифрлық трансформациялау жөніндегі мамандар, SMM-менеджерлер, маркетологтар, "Big Data" талдаушылары аса үлкен сұранысқа ие болады. ЖЖКБҰ-ға қатысты бұл бітірушілердің үлкен көлемдегі ақпаратта бағдарлану, белгісіздік жағдайында әрекет ету және кросс-функционалдық міндеттерді шешу қабілеті сияқты қасиеттері сұраныста болатынын білдіреді. Жаңа шындықтарды ескере отырып, ҚарУ орта мерзімді перспективада цифрлық шынайылықтың жаһандық сын-қатерлеріне сай келуі үшін білім беру бағдарламаларын жаңғыртуды жүргізуге бағдарланған.

      "Жасыл өсімге" көшу Қазақстан үшін қажетті басымдық болып табылады, өйткені қазіргі уақытта елдің экономикалық дамуы айтарлықтай дәрежеде өндіруші өндірістерге және шикізат тауарларының экспортына шоғырланған. Сонымен қатар экономиканың көптеген секторларында энергияны көп қажетсіну мен ластанудың салыстырмалы түрде жоғары деңгейі, сондай-ақ энергия тиімділігінің төмендігі байқалады.

      Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына Жолдауында: "Біз "жасыл" экономиканы дамыту мәселесімен мықтап айналысуымыз керек. Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшетіні сөзсіз. Халықаралық сарапшылардың мәліметіне сүйенсек, жалпы әлемдегі күрделі қаржы салымдарының үштен біріне жуығы жаңартылатын энергетика жобаларының еншісінде.", – делінген. 

      Қазақстанның "жасыл өсім" стратегиясы ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға және болашақ ұрпақ үшін орнықты өсімді қамтамасыз ету үшін жаңа технологияларды ілгерілетуге бағытталған.

      Қазақстан Орталық Азияда "жасыл өсімге" көшу үшін ұйымдық-құқықтық негіз құрған алғашқы мемлекет болды.

      Аталған негізге бірнеше заңнамалық актілерді қабылдау енгізілген, олардың қатарында Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі, "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдама.

      Қарағанды облысында "жасыл өсім" проблемасы және "жасыл экономика" саласында инновациялық экожүйелерді қалыптастыру қажеттігі тау-кен өнеркәсібі, қара және түсті металлургия үстемдік ететін өңірдің салалық ерекшелігіне байланысты ерекше өткір тұр. Өңір экономикасының ауыл шаруашылығы секторында өнімділік пен жалпы өнім жинау көбінесе табиғи-климаттық жағдайларға байланысты болып отыр. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану мәселесі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігіне байланысты ерекше өзектілікке ие болады.

      Қалдықтарды басқару саласындағы ағымдағы жағдай тарихи өндірістік қалдықтардың мұрасы сияқты күрделі мәселемен сипатталады. Алдыңғы онжылдықтарда ауыр өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен және пайдалы қазбаларды игеру қалдықтарының айтарлықтай тарихи көлемі жинақталды. Мұндай қалдықтардың едәуір бөлігі уытты болумен қатар, олардың құрамында экономикалық жағынан құнды материалдардың едәуір бөлігі бар екенін және оларды технологиялық циклдерде қайта пайдалануға болатынын ескеру қажет.

      ҚарУ инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі өңірлік хабқа айналады. "Green Innovation Hub" "жасыл" инновациялардың университеттік зерттеу хабы бастапқы кезеңде шағын жоғары технологиялық кәсіпорындарды қалыптастыратын және қолдайтын зерттеу орталықтары мен бизнестің байланысын қамтамасыз ететін ерекше инфрақұрылым болады. Green Innovation Hub технологиялық трансфертті жүзеге асыру алаңына айналады, яғни жобалары ғылыми орталықтарда пайда болған "жасыл" технологияларды өндіріске беру, түпкі ойды өнімді шығару сатысына дейін жеткізу жүзеге асырылады. Green Innovation Hub ұлттық, сол сияқты халықаралық деңгейде басқа хабтармен өзара тығыз байланыста болады. Мысалы, Green Innovation Hub Astana Hub-пен өз қызметінде жасанды интеллект пен басқа да IT-технологияларды пайдаланатын серпінді компанияларды құру бойынша жобаларды бірлесіп іске асыратын болады.

      Қазіргі Қазақстан жағдайында өнеркәсіпті, жоғары технологияларды және қарқынды экономикалық жаңартуларды дамытумен қатар әлеуметтік-гуманитарлық білімнің орны мен рөлі өз маңызын жоғалтпайды. Заманауи әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың негізгі даму тенденциялары олардың поликонцептуалдылығы, мультипәнділігі, цифрлық трансформациясы, интегративті тәсілі, трансмәдениеттілігі болып табылады, бұл осы тәрізді тенденцияларға сәйкес келетін білім беру жүйесін қажет етеді.

      Әлеуметтік-гуманитарлық білім беру трендтерінің бірі бағдарлардың "hard skills" тар бағытталған арнайы білімі мен дағдыларын оқытудан жан-жақты дамыған бәсекеге қабілетті маман қалыптастыруды қамтамасыз ететін "soft skills" әмбебап, кәсібиден жоғары құзыреттерді қалыптастыруға ауысуы болып табылады. Білім беру жүйесінде икемді дағдыларды қалыптастыру тақырыбы соңғы уақытта бүкіл әлем бойынша зерттеушілердің, оның ішінде академиялық ғылыми қоғамдастық, сол сияқты әртүрлі ұйымдар өкілдерінің де назарын көбірек аударып отыр.

      Бүгінгі таңда әлеуметтік-гуманитарлық танымның негізгі қағидаттары мен категориялық аппараты айтарлықтай өзгерістерге ұшырап отырғаны және бұл сыни және мазмұнды қайта ұғынуды, сондай-ақ одан әрі дамуды талап ететіні анық. Қазіргі қоғамның сын-тегеуріндері Қазақстанның демографиялық және гендерлік саясаты саласындағы өзекті әлеуметтік технологияларды, білімді меңгерген, белсенді азаматтық ұстаным мен әлеуметтік белсенділік танытатын кәсіпқойларды даярлауға жоғары талаптар қояды.

      Конфессияаралық келісім және жеке тұлғаның діни бірегейлігі, қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау және арттыра түсу мәселелері өз өткірлігін жоғалтпайды. Әлеуметтік-гуманитарлық білім беру өткен, қазіргі және болашақтағы мәдениеттің жетістіктерін өзіндік байланыстырушы ретінде әрекет етеді, оларды уақыт пен ұрпақтың өнімді диалогының мүмкіндігіне рефлексиялық қатынас деңгейінде үйлестіреді. Сондықтан да қазіргі жағдайда әлеуметтік-гуманитарлық білім берудің негізгі қызметі де өзгереді, ол түбегейлі және тез өзгеретін қауым жағдайында адамдар үшін вариативті, дамушы білім беру жүйесіне трансформациялануы тиіс.

      Заманауи отандық білім берудің жаһандық мақсаты гуманистік тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Бұл қазіргі әлеуметтік-мәдени кеңістікте өзін-өзі анықтауға және өзін-өзі көрсетуге қабілетті, жоғары бейімделгіштік пен проактивтілікке, субъективті әл-ауқаттың жоғары деңгейіне, шығармашылық еркіндікке және вариативті ойлауға ие еркін тұлға. Бұл әлеуметтік-гуманитарлық білімге және адамды қалыптастыратын әлеуметтік-гуманитарлық білімге көбірек көңіл бөлуді айқындайды. Қазіргі әлемде әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар әлеуметтік, мәдени және саяси құбылыстарды түсіндіруде, түсінуде, болжауда, орнықты қоғамды қалыптастыруда және үйлесімді мәдениетаралық және конфессияаралық қатынастарды дамытуда маңызды рөл атқаруда.

      Жоғары білім берудің өзекті әлемдік трендтері жоғары білімі бар халық үлесінің өсуі, практикаға бағдарланған оқыту, цифрландыру, онлайн-білім беру, білімді пәнге бағдарлап тарату, интернационалдандыру, геймификациялау, дербестендіру, сондай-ақ ЖЖКБҰ-ның миссиясын білім көздерінен және зерттеулерден инновациялар мен технологиялық прогресс орталықтарына жедел трансформациялау болып табылады, бұл өз кезегінде ЖЖКБҰ-ны қызметтің жаңа деңгейіне шығаруға тиіс.

      Білім беру контентін технологиялық қайта құрудың, пәнаралық және жеке білім беру траекторияларын енгізудің, "soft және future-skills" оқу және жобалау қызметін қамтитын инновациялық білім беру бағдарламаларын қалыптастырудың алдағы жылдарға арналған жоғары білім беру жүйесін дамытудағы жаһандық трендтерге айналуы күтіледі.

      Халықаралық зерттеулердің деректері педагогтарды даярлаудағы ғылыми-әдістемелік аспектіні дамыту қажеттілігіне, олардың өзгерістерге, сондай-ақ білім алушылардың жеке қажеттіліктерін есепке алуға дайындығын қалыптастыруға назар аудару қажет екендігін айғақтайды.

      Еңбек нарығының қажеттіліктерін және білім беру перспективаларының зерттеулерін талдау үздіксіз білім беру процесін жүйелі дамыту қажет екенін белгілеуге мүмкіндік береді. Демек, университеттік білім беруде дәстүрлі оқыту бағдарламаларынан жаһандық құзыреттіліктерді қалыптастыру, оқытудың интерактивті және дизайнерлік технологияларын енгізу бағытында білім беру мазмұнын жаңарту арқылы білім алушыларды болашаққа даярлауға көшу қажет.

      Кез келген пәндік салада болашақ мамандарды даярлау білім беру процесін сапалы білім беру инфрақұрылымымен, заманауи санитариялық нормаларға, қауіпсіздікке, жарақтандыру стандарттарына сәйкес келетін объектілермен қамтамасыз етуді де талап етеді.

      3-кіші бөлім. Даму болжамы және ықтимал даму сценарийлері мен олардың "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамына әсерін айқындау

      Даму стратегиясының контекстінде ҚарУ қоршаған ортаның динамикалық өзгерістеріне, соның ішінде жаңа технологиялық трендтерге, экономикалық өзгерістерге және әлеуметтік флуктуацияларға тиімді бейімделуге бағытталған. Бұл тәсіл әртүрлі сын-қатерлерді белсенді қадағалау мен барабар ден қоюды білдіреді, бұл университеттің тұрақтылығын қолдауға және ұзақ мерзімді дамуына ықпал етеді.

      Жаһандану процестері және әлемдегі әртүрлі интеграциялық процестер жоғары білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттілігін өзектілендірді. Орын алған өзгерістер білім беру мазмұнына, оқыту құралдары мен әдістеріне, білім беру сапасын бағалау жүйесіне, білім алушыларды ҚарУ-дың білім беру қызметіндегі кәсіби қызметке даярлау жүйесіне өз әсерін тигізді. Осыған байланысты білім беру қызметтері сапасының, оларды әртараптандырудың маңыздылығы, оқу орнының білім беру қызметтері нарығында бәсекеге түсу қабілетін сақтаудың басқа көрсеткіштерінің қолжетімділігі артты. Мұның бәрі ҚарУ-дың бәсекеге қабілеттіліктің әлемдік тенденцияларына жүгініп, халықаралық бәсекелестік жағдайында жоғары мектеп міндеттерін орындауды ұйымдастыруға мүмкіндік беретіндей даму стратегиясын әзірлеу, өндірісті ұйымдастырудың, басқарудың және кадрларды даярлаудың жаңа технологиялары мен типтерін енгізудің интегралды шешуші тәсілдерін белгілеу қажеттігін алдын ала анықтады.

      ҚарУ-дың табысты білім беру, ғылыми, зерттеу, инновациялық, тәрбие қызметін қамтамасыз ету, кадрлық әлеуетті дамыту, интернационалдандыру мен халықаралық тануды арттыру, қаржылық тұрақтылығын нығайту мақсатында нәтижелілікті жүйелі мониторингтеу және түзету қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асырудың негізгі құралдары болмақ. ҚарУ-дың ұйымдастырушылық архитектурасын жаңарту, басқарудың барлық деңгейлерінде ақпараттық экожүйені және жобалау қызметін дамыту, университеттік ғылымды коммерцияландырудың өсуі және эндаумент-қордың қызметі жоспарланған индикаторларға қол жеткізу үшін бизнес-процестердің тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      Жаңа білім беру моделінің маңызды аспектілері коммуникациялар, сыни ойлау және стратегиялық командалық жұмыс болып табылады. Студенттерді бірінші оқу жылынан бастап әртүрлі жобалық жұмыстарды іске асыруға тарту, технологиялық және пәнаралық зерттеулердің стартаптарын әзірлеу үшін ашық алаңдар құру, сондай-ақ корпоративтік оқыту жағдайында дуалды оқытуды ұйымдастыру озық білім берудің негізгі элементтеріне айналады.

      Озық білім беру білім беру жүйесін болашақ қажеттіліктерге бейімдеуге, оқу орындарының нарықтық қатынастармен өзара іс-қимыл деңгейін арттыруға және қаржылық тұрақтылық үшін әлемдік экономикалық тетіктерді пайдалануға бағытталған. Бұдан басқа, білім беру сапасын арттыруға және студенттердің өз білімдерін үнемі жаңартып отыруға ұмтылуын қалыптастыруға екпін беріледі.

      Озық білім беру моделін қалыптастырудың негізі – адамды белгісіздік және сыртқы ортаның тез өзгеруі жағдайында өмір сүруге және жұмыс істеуге бейімдейтін жаңа кәсіби және тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған тұлғаны дамыту. Осы білім беру моделін іске асыру ҚарУ-дың қазіргі әлемде тиімді қызметке дайын бітірушілерінің кәсіби ұтқырлығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған.

3-бөлім. "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы даму бағдарламасының пайымы, миссиясы және құндылықтары

      Даму бағдарламасының пайымы:

      Классикалық зерттеу университеті – жоғары технологиялық ғылыми зерттеулер мен академиялық артықшылық орталығы.

      Даму бағдарламасының миссиясы:

      ҚарУ серпінді ғылыми зерттеулер мен білім беру инновациялары арқылы өңір мен елдің жоғары технологиялық дамуына ықпал етеді.

      Даму бағдарламасын іске асырудың тікелей нәтижесі – кәсіпорындарды инновациялық жаңғырту, заманауи технологияларды құру, біліктілігі жоғары кадрлар даярлау арқылы әлемдік тенденциялар мен трендтерді ескере отырып, республика мен өңір экономикасының түйінді салаларын дамыту.

      Даму бағдарламасының құндылықтары:

      1) Жаңа кәсіптер атласын ескере отырып, ел экономикасының инновациялық салалары үшін кадрлар даярлау;

      2) жаңа білім мен инновацияларды генерациялау;

      3) мемлекет пен қоғамға қызмет ету үшін бәсекеге қабілетті тұлғаны дамыту;

      4) магистратура және докторантура деңгейінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің халықаралық стандарттарына сәйкес зерттеу құзыреттерінің жиынтығын меңгерген жас ғалымдарды даярлау;

      5) "жасыл" экономика жағдайында экономикалық секторларды инновациялық жаңғырту саласында ғылыми зерттеулер жүргізу, аддитивті өндірісті енгізу, өндірісті бақылау және басқару жүйелерін оңтайландыру, ҚарУ ОПҚ-ның, студенттерінің, магистранттарының, докторанттарының, шаруашылық жүргізуші субъектілер өкілдерінің қатысуымен көпфункционалды маңызы бар жаңа материалдар жасау және әзірлеу;

      6) инновациялық жаңғырту және "жасыл" технологиялар саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілерге маркетингтік және инжинирингтік қызметтер көрсету;

      7) ҚарУ-да орнықты даму қағидаттарына сәйкес келетін корпоративтік саясатты енгізуге бағытталған түбегейлі жаңа құрылымдар – орталықтар құруға алып келетін институционалдық және қоғамдық өзгерістер жүргізу;

      8) жетекші шетелдік зерттеушілерді тарта отырып, халықаралық консорциумдарды ұйымдастыру үшін жағдайлар жүргізу.

4-бөлім. "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының стратегиялық басымдықтары

      ҚарУ-дың қоғам дамуына қосатын үлесі көпқырлы және түрлі салаларды қамтиды:

      1. Білім беру үлесі.

      Академиялық даму аясында ҚарУ қазіргі еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін бәсекеге қабілетті бітірушілерді сапалы даярлауды нығайту жөніндегі стратегияны ұстанады. Бұған университеттің миссиясы мен пайымын, сондай-ақ оның стратегиялық даму мақсаттарын іске асыруға бағытталған ҚарУ-дың академиялық саясатының арқасында қол жеткізіледі. Академиялық адалдық қағидаттарын сақтауға ерекше назар аударылады, бұл білім беру бағдарламаларына және бітірушілердің біліктілігіне жоғары сенімділік деңгейін қамтамасыз етеді.

      2. Ғылыми үлесі.

      ҚарУ ғылымды дамытудың басым бағыттарына ерекше назар аудара отырып, ғылымның, техниканың және технологияның түрлі салаларында іргелі және қолданбалы зерттеулермен белсенді түрде айналысады. Зерттеу университетінің түйінді міндеттерінің бірі технологиялардың экономиканың нақты секторына тиімді трансфертін қамтамасыз ету болып табылады, бұл елдің инновациялық дамуына және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

      ҚарУ біліктілігі жоғары магистрлер мен PhD докторларын, бейіні бойынша докторларды даярлауға да күш-жігерін салады. Бұған қоса, ҚарУ ғылыми зерттеулер мен басылымдарда адалдықты, ашықтықты және жауапкершілікті қамтамасыз ете отырып, ғылыми әдеп қағидаттарын ұстанады және ілгерілетеді.

      ҚарУ-дағы ғылыми әзірлемелер мен технологияларды коммерцияландыру зерттеу табыстарын өнеркәсіп пен экономиканың басқа секторларында қолдануға болатын бәсекеге қабілетті өнімдер мен көрсетілетін қызметтерге айналдыруға бағытталған жүйелі процесті білдіреді.

      ҚарУ зерттеулерінің сыртқы ірі тапсырыс берушілері "Clean Field Kazakhstan" ЖШС, "Ұлттық биотехнология орталығы" ЖШС, "Археологиялық зерттеулер" ЖШС, "Минова Қазақстан" ЖШС, Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығы" КММ, Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ, ҒЖБМ Ғылым комитетінің "Маңғыстау эксперименттік ботаникалық бағы" ШЖҚ РМК және т.б. болып табылады.

      Мәселен, "Ұлттық биотехнология орталығы" ЖШС тапсырысы бойынша ботаниканың, молекулалық генетиканың және биоинформатиканың заманауи әдістерін қолдана отырып, Қазақстандағы тамырлы өсімдіктердің түрлік әралуандығының қазіргі жағдайын зерделеу жұмыстары жүргізілуде. ҚарУ химия факультетінің ғалымдары "Clean Field Kazakhstan" ЖШС үшін бастапқы материалды және алынған өнімдерді кейіннен физикалық-химиялық жағынан талдай отырып, мұнай өнімдерін ультрадыбыстық өңдеу жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ "QARMET" АҚ, "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС, ERG Group сияқты жетекші металлургиялық компаниялардың тапсырысы бойынша зерттеулер жүргізілуде.

      2023 жылы ҚарУ ғалымдары жалпы сомасы 197 миллион теңгені құрайтын 21 шаруашылық-келісімшарттық жұмыстарды жүзеге асырды.

      Зияткерлік меншікті қорғау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. 2023 жылы 98 қорғау құжаты алынды, оның ішінде Қазақстан Республикасының 7 патенті, зияткерлік меншік объектілеріне авторлық құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы 91 авторлық куәлік. Ұлттық зияткерлік меншік институтымен бірлесе отырып, зияткерлік меншік құжаттарын дайындау бойынша ғалымдарға консультация беру жұмыстары жүргізіледі.

      3. Әлеуметтік үлесі.

      ҚарУ халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарын қолдауды, мәдени және білім беру іс-шараларын өткізуді, сондай-ақ жергілікті қоғамдастықтың дамуына үлес қосуды қоса алғанда, белсенді әлеуметтік жұмыс жүргізеді.

      ҚарУ-дың әлеуметтік қолдау жүйесі студенттердің әл-ауқатының негізгі элементтерін ғана емес, сонымен қатар орнықты даму, теңдік, әралуандылық және инклюзивтілік аспектілерін де қамтиды:

      1) жеңілдіктердің икемді жүйесі: ҚарУ халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарынан шыққан студенттер мен талантты жастарға әртүрлі оқу жеңілдіктерін ұсынады;

      2) теңдік, әралуандылық және инклюзивтілік саясаты: ерекшеліктер құрметтелетін әрі бағаланатын және барлық студенттер мен қызметкерлер үшін мүмкіндіктер теңдігі сақталатын инклюзивті және әртараптандырылған білім беру ортасын құру жөніндегі шараларды іске асыру. Ерекше қажеттіліктері бар студенттер үшін инклюзивті білім беру қағидаттарын белсенді енгізу. Барлық оқу кеңістіктерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

      3) психологиялық қолдау: психологиялық көмек қызметінің, сондай-ақ басқа да мамандандырылған құрылымдардың жұмыс істеуі;

      4) орнықты даму мақсаттары: орнықты даму қағидаттарын экологиялық жауапкершілік пен әлеуметтік қатыстылықты қалыптастыруға ықпал ететін оқу бағдарламалары мен зерттеу қызметіне интеграциялау;

      5) инновацияларды дамытуға қосатын үлесі: ҚарУ технопарктер, бизнес-инкубаторлар мен зерттеу орталықтарын қоса алғанда, технологиялар трансферті мен ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруға ықпал ете отырып, инновациялық инфрақұрылымды құру және дамыту бойынша белсенді жұмыс атқарады;

      6) халықаралық үлесі: ҚарУ жаһандық ауқымда мәдениетаралық алмасу мен ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ете отырып, халықаралық білім беру жобаларына және ғылыми жобаларға қатысады.

      Осылайша, ҚарУ қоғамның әлеуетін арттыруға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ете отырып, оның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми және мәдени дамуында айтарлықтай рөл атқарады.

5-бөлім. "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы даму бағдарламасының қойылған мақсатына қол жеткізу жолдары

      ҚарУ даму бағдарламасының мақсатты нұсқамаларына қол жеткізу үшін мынадай стратегиялық бағыттар бойынша іс-шаралар өткізу жоспарлануда:

      1) менеджментте тәжірибе алмасу, білім беруді интернационалдандыру, ғылыми ынтымақтастық және инновациялық салаларда бірлескен жобалар құру үшін отандық және шетелдік зерттеу университеттерімен коллаборация;

      2) прогрессивті идеялардың, заманауи технологиялардың қоғам мен өңір өнеркәсібіне әсерін кеңейту мақсатында өңірлік қоғамдастықпен, үкіметтік емес ұйымдармен, жергілікті атқарушы органдармен және басқа да стейкхолдерлермен интеграциялану және өзара іс-қимыл жасау;

      3) орнықты даму, "жасыл" технологиялар, жасанды интеллектті дамыту, қоғамды және қоршаған әлемді цифрландыру жағдайында адамның әлеуметтік бейімделуі бағытында іргелі және қолданбалы жобаларды іске асыру;

      4) білім алушыларда патриотизмді, діни, этносаралық және конфессияаралық толеранттылықты, орнықты даму мақсаттарына бейілділікті қалыптастыру мен дамыту үшін шаралар қабылдау және іс-шаралар ұйымдастыру;

      5) бітірушілердің ғылымның қазіргі деңгейін көрсететін іргелі білімді игеруіне және оларда hard-, soft- және digital skills, шығармашылық дағдылар мен кәсіпкерлік қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған білім берудің барлық деңгейлерін дамыту;

      6) цифрлық білім беру ортасын жетілдіру және әлемдік озық практикалар мысалында білім беру экожүйесін құру;

      7) талапкерлерді іріктеу жүйесін жетілдіру және студенттерді, магистранттарды, докторанттарды қабылдау географиясын кеңейту;

      8) академиялық ортаны, ҚарУ-дың білім беру бағдарламаларын басқару жүйесін пәнаралық және транспәндік оқыту тәсілдерін құру арқылы, оның ішінде республиканың және шетелдің басқа да университеттері мен ғылыми-зерттеу университеттерінің мамандарын тарта отырып трансформациялау;

      9) ҚарУ-дың заманауи инфрақұрылымын құру, материалдық-техникалық және зертханалық кешенді жаңғырту;

      10) ҚарУ студенттері мен жұмыскерлері арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілікті дамытуға бағытталған кешенді құқықтық түсіндіру жұмысын күшейту;

      11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті аумақтық органмен, басқа да мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру бойынша бірлескен ұсыныстар әзірлеу мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жақсарту.

      ҚарУ-дың даму үшін елеулі әлеуеті бар. Мәселен, меншікті қаражаты есебінен соңғы жылдары ауданы 247,16 м2 инновациялық термос-жылыжай салынды, студенттерге арналған 132 орындық жатақханадағы денсаулық сақтау пунктінің ғимаратына реконструкциялау жүргізілді, 500 орындық жаңа жатақхананың құрылысы басталды. Сондай-ақ болжамды ауданы 2000 м2 ғылыми технопарктің құрылысы аяқталуда. Ғылыми технопарктің құрылысы "білім экономикасы" мен "жасыл өсімнің" жаһандануы жағдайында орнықты стратегиялық даму басымдықтарына сәйкес жоғары білім, инновациялық ғылым және Орталық Қазақстан өңірінің әртараптандырылған өндірісінің аумақтық интеграциясы үшін бірыңғай салааралық ғылыми-білім беру және өндірістік-технологиялық платформа ретінде өңірлік технополис құруға мүмкіндік береді. Баламалы энергия көздері (күн, жел және геотермалдық энергия, сутегі өндірісі) саласындағы құзыреттер орталығын, тау-кен өнеркәсібінің қажеттіліктері мен жаңа наноматериалдар әзірлеу үшін талдамалық зертхана құру жоспарлануда.

      Батыс Еуропа мен Солтүстік Американың (Harvard University, ETH Zurich, Chicago University және басқалары) озық зерттеу университеттерінің тәжірибесі көрсеткендей, R&D ғылыми-зерттеу жұмыстарын сапалы және тиімді орындау үшін ғылыми технопаркті заманауи зертханалық жабдықтармен жарақтандыру қажет. Ғылыми технопарктің ғылыми-зерттеу экожүйесін құру үшін судың фотоыдырауы кезінде ағыннан сутегі мен басқа да газдарды сәйкестендіру үшін Agilent газ хроматографын, PIXcel3D қатты денелі үш өлшемді детекторы бар ұнтақты дифрактометрді, рентгендік-флуоресцентті спектрометрді, ЭПР-спектрометрді, 1260 Infinity II Multi-Detector GPC/SEC Agilent Technologies гель-енгізбелі хроматографиясының мультидетекторлық жүйесін, индуктивті байланысқан плазмалы масс-спектрометрді және басқаларын сатып алу көзделеді.

      Тұжырымдамада ұсынылған ағымдағы жағдайды талдауға сәйкес 2029 жылға қарай мектеп бітірушілер санының екі есе өсуі күтілуде, бұл ЖЖКБҰ-ның шамадан тыс жүктелуіне, білікті ОПҚ-ның жетіспеушілігіне, университеттердегі және жатақханалардағы орын тапшылығына, заманауи инфрақұрылымды қалыптастыру, ЖЖКБҰ-ның зертханалық базасын жаңарту өзектілігінің артуына алып келеді.

      ҚарУ-дың дамуына тағы да қосымша серпін беру үшін химия факультеті үшін 1112 орындық мамандандырылған оқу-зертханалық корпусының құрылысы жоспарлануда.

      Қазір химия факультеті жалпы ауданы 3775,5 м2 ғимаратта орналасқан, бұл 5 жыл бұрын жеткілікті болған. Соңғы жылдары мемлекет тарапынан тапсырыс және тиісінше талапкерлердің химиялық мамандықтарға деген сұранысы бірнеше есе өсті. Бүгінде химия факультетінде 1200-ден астам адам білім алады. Бакалавриаттағы оқу процесі педагогикалық, жаратылыстану-ғылыми және инженерлік даярлық бағыттарының 8 білім беру бағдарламасы бойынша, магистратурада 5 және докторантурада бір бағдарлама бойынша жүзеге асырылады.

      Демек, білім алушыларды сапалы даярлау үшін арнайы үй-жайлар, оның ішінде химиялық зертханалар, сынақ орталықтары, жартылай өнеркәсіптік қондырғыларға арналған үй-жайлар қажет. Үй-жайлар Good Laboratory Practice халықаралық стандарттарының талаптарына сай болуы, арнайы жиһазбен және жабдықтармен жарақтандырылуы тиіс. Мұндай шешім ғылыми және білім беру қызметін сипаттайтын барлық көрсеткіштерге оң әсер етеді.

      "Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі жалпыұлттық басымдықтары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 520 Жарлығын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 ақпандағы № 121 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының көміртегі бейтараптығына қол жеткізуінің 2060 жылға дейінгі стратегиясын және Тұжырымдаманы іске асыру мақсатында ҚарУ-да күн батареялары үшін жаңа материалдар жасау, жел қондырғыларының инновациялық модельдері, геотермальдық жылыту жүйелері, сутегі энергетикасы саласындағы әзірлемелер бағытында ғалымдардың жобалары іске асырылуда. Осыған байланысты "Баламалы энергетика" сынақ полигоны салынады, онда ғалымдар өз әзірлемелеріне ірілендірілген сынақтар жүргізе алады. Бұл жарияланым белсенділігі, халықаралық гранттарға қатысу сияқты көрсеткіштерге оң әсер етеді және сайып келгенде, ғалымдардың идеяларын өңірде, мысалы, Саран және Балқаш қалаларында фотоэлектрлік типтегі күн электр станцияларында енгізу мүмкіндігі пайда болады.

      Университеттің қоғамның дамуына үлес қосу миссиясын іске асыру аясында дене шынықтыру және спорт факультеті бар ҚарУ-дың қажеттіліктерін зерделеу кезінде спорт алаңдары мен әкімшілік-тұрмыстық кешені бар далалық ашық стадион салу қажеттілігі анықталды.

      Бұдан басқа, соңғы жылдары дене шынықтыру және спорт факультетінің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға сұраныс күрт өсті. ҚарУ-ға талапкерлерді тартатын жаңа білім беру бағдарламасы әзірленуде.

      Жоғарыда баяндалған мән-жайлар ҚарУ-дың дене шынықтыру және спорт факультетінің материалдық-техникалық базасын жақсарту қажеттігін растайды. Бұл білім сапасы мен дене шынықтыру және спорт факультеті білім алушыларының өсіп келе жатқан контингентінің (1300-ден астам білім алушы) спорттық көрсеткіштеріне оң әсер етеді, сабақтар өткізу тұрғысынан ОПҚ мүмкіндіктерін кеңейтеді, олардың тиімділігін арттырады.

      ҚарУ базасында стадионның болуы еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеу, халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен және дене шынықтырумен айналысу арқылы сауықтыру, біліктілігі жоғары мамандар даярлау тұрғысынан бірқатар аса маңызды міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

      Бұдан басқа, заманауи стадион тұтастай Қарағанды қаласы үшін спорттық және басқа да бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орынға айналады.

      2024 – 2028 жылдарға арналған даму бағдарламасында көзделген іс-шараларды іске асыру үшін жалпы көлемі 16562306 мың теңге қаржыландыру қажет, оның ішінде тартылған бюджеттік инвестициялар есебінен – 13692982 мың теңге және меншікті қаражат есебінен – 2869324 мың теңге, оның ішінде жылдар бойынша:

      2024 жыл – меншікті қаражат есебінен барлығы 2298411 мың теңге;

      2025 жыл – меншікті қаражат есебінен барлығы 62000 мың теңге;

      2026 жыл – меншікті қаражат есебінен барлығы 408729 мың теңге;

      2027 жыл – барлығы 5975377 мың теңге, оның ішінде:

      тартылған бюджеттік инвестициялар – 5925377 мың теңге,

      меншікті қаражат – 50000 мың теңге;

      2028 жыл – барлығы 7817789 мың теңге, оның ішінде:

      тартылған бюджеттік инвестициялар – 7767605 мың теңге,

      меншікті қаражат – 50184 мың теңге.

      ҚарУ-дың даму бағдарламасын іске асыруға меншікті және тартылған бюджеттік инвестициялар қатысатын болады.

      Атап айтқанда, 2024 – 2028 жылдары білім беру сапасын арттыруға және ғылыми-зияткерлік, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғыртуға арналған бюджеттен тыс шығыстарды кезең-кезеңімен ұлғайту жоспарлануда.

      Қаражатты 2024 – 2028 жылдары инфрақұрылымдық инвестициялық жобаларды іске асыруға бағыттау жоспарлануда, оның ішінде:

      жалпы сметалық құны 2152855 мың теңге болатын (авторлық және техникалық қадағалау бойынша шығыстарды ескере отырып) "500 орындық студенттік жатақхана құрылысына" (сыртқы инженерлік желілермен және аумақты абаттандырумен). Жобаны іске асыру кезеңі – 2023 – 2024 жылдар, қаржыландыру көзі – меншікті қаражат;

      сметалық құны 509463 мың теңге болатын "Ғылыми технопарктің құрылысына". Жобаны іске асыру кезеңі – 2023 – 2024 жылдар, қаржыландыру көзі – меншікті қаражат;

      жобалау және құрылыс-монтаждау жұмыстарының болжамды құны 10109875 мың теңге болатын "Инженерлік желілері бар химия факультеті үшін 1112 орындық оқу-зертханалық корпусының құрылысына". Жобаны іске асыру кезеңі – 2026 – 2028 жылдар, қаржыландыру көзі: меншікті қаражат – 58730 мың теңге, тартылған бюджеттік инвестициялар – 10051145 мың теңге;

      жобалау және құрылыс-монтаждау жұмыстарының болжамды құны 160000 мың теңге болатын "Баламалы энергетика" полигонының құрылысына". Жобаны іске асыру кезеңі – 2025 – 2026 жылдар, қаржыландыру көзі – меншікті қаражат;

      болжамды сметалық құны 162000 мың теңге болатын "Спорт алаңдары мен әкімшілік-тұрмыстық кешені бар далалық ашық стадионның құрылысына". Жобаны іске асыру кезеңі – 2025 – 2026 жылдар, қаржыландыру көзі – меншікті қаражат.

      Ғылыми технопаркті материалдық-техникалық жарақтандыру мақсатында жалпы көлемі 3872021 мың теңге болатын меншікті және тартылған бюджеттік инвестициялар есебінен жабдық сатып алу көзделеді, оның ішінде жылдар бойынша:

      2024 жыл – 40000 мың теңге;

      2025 жыл – 40000 мың теңге;

      2026 жыл – 50000 мың теңге;

      2027 жыл – 1870919 мың теңге;

      2028 жыл – 1871102 мың теңге.

      Ғылыми және оқу зертханаларын жарақтандыру үшін жабдықтар сатып алуға тартылатын бюджеттік инвестициялар есебінен қаржыландыру көлемі – 3641837 мың теңге, оның ішінде жылдар бойынша:

      2027 жыл – 1820919 мың теңге;

      2028 жыл – 1820918 мың теңге.

      Барлығы республикалық бюджет есебінен жалпы көлемі 13692982 мың теңге болатын бюджеттік инвестициялар тарту жоспарлануда, оның ішінде жылдар бойынша:

      2027 жыл – 5925377 мың теңге: оның ішінде құрылысқа – 4104458 мың теңге, зертханаларды жабдықтауға – 1820919 мың теңге;

      2028 жыл – 7767605 мың теңге: оның ішінде құрылысқа – 5946687 мың теңге, зертханаларды жабдықтауға – 1820918 мың теңге.

      Бұл шығыстар заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде жеткізілген шығыстар лимиті шегінде қаралатын болады.

      Инфрақұрылымдық инвестициялар ұзақ мерзімді шекке және табыстылықтың төмен нормасына ие, бірақ білім беру және ғылыми, ғылыми-зерттеу қызметінің жаңа сапасын қамтамасыз ете отырып, университетті дамыту үшін үлкен мультипликативтік тиімділігі бар.

      ҚарУ-дың 2024 – 2028 жылдарға арналған жалпы кірістері 92739651 мың теңге көлемінде болжанады, оның ішінде:

      білім беру қызметінен – 65941224 мың теңге (71,10 %);

      ғылыми қызметтен – 9232269 мың теңге (9,96 %);

      өзге де қызметтен – 3750507 мың теңге (4,04 %);

      академиялық ұтқырлықтан – 71833 мың теңге (0,08 %);

      шетелдік мамандарды тартудан – 50836 мың теңге (0,05 %);

      тартылған бюджеттік инвестициялардан – 13692982 мың теңге (14,77 %).

      Оның ішінде 2024 – 2028 жылдарға арналған қызмет түрлері бөлінісінде:

      2024 жылы:

      білім беру қызметі: республикалық бюджет есебінен (мемлекеттік тапсырыс шеңберінде) – 6983622 мың теңге; жергілікті бюджеттер есебінен (мемлекеттік тапсырыс шеңберінде) – 68600 мың теңге; бюджеттен тыс қаражат (жеке және заңды тұлғалармен жасалатын шарттар бойынша) – 3935558 мың теңге;

      ғылыми қызмет: республикалық бюджет есебінен (мемлекеттік тапсырыс шеңберінде) – 1201532 мың теңге; бюджеттен тыс қаражат (заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектордың тапсырыстары бойынша) – 349415 мың теңге;

      академиялық ұтқырлық – 13000 мың теңге;

      шетелдік мамандарды тарту – 9200 мың теңге;

      өзге де жарғылық қызмет: барлығы 765149 мың теңге.

      2025 жылы:

      білім беру қызметі: республикалық бюджет есебінен (мемлекеттік тапсырыс шеңберінде) – 7332803 мың теңге; жергілікті бюджеттер есебінен (мемлекеттік тапсырыс шеңберінде) – 70000 мың теңге; бюджеттен тыс қаражат (жеке және заңды тұлғалармен жасалатын шарттар бойынша) – 4535558 мың теңге;

      ғылыми қызмет: республикалық бюджет есебінен (мемлекеттік тапсырыс шеңберінде) – 1300000 мың теңге; бюджеттен тыс қаражат (заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектордың тапсырыстары бойынша) – 366885 мың теңге;

      академиялық ұтқырлық – 13650 мың теңге;

      шетелдік мамандарды тарту – 9660 мың теңге;

      өзге де жарғылық қызмет: барлығы 803417 мың теңге.

      2026 жылы:

      білім беру қызметі: республикалық бюджет есебінен (мемлекеттік тапсырыс шеңберінде) – 7932803 мың теңге; жергілікті бюджеттер есебінен (мемлекеттік тапсырыс шеңберінде) – 70000 мың теңге; бюджеттен тыс қаражат (жеке және заңды тұлғалармен жасалатын шарттар бойынша) – 5135558 мың теңге;

      ғылыми қызмет: республикалық бюджет есебінен (мемлекеттік тапсырыс шеңберінде) – 1400000 мың теңге; бюджеттен тыс қаражат (заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектордың тапсырыстары бойынша) – 385230 мың теңге;

      академиялық ұтқырлық – 14333 мың теңге;

      шетелдік мамандарды тарту – 10143 мың теңге;

      өзге де жарғылық қызмет: барлығы 692125 мың теңге.

      2027 жылы:

      білім беру қызметі: республикалық бюджет есебінен (мемлекеттік тапсырыс шеңберінде) – 8532803 мың теңге; жергілікті бюджеттер есебінен (мемлекеттік тапсырыс шеңберінде) – 70000 мың теңге; бюджеттен тыс қаражат (жеке және заңды тұлғалармен жасалатын шарттар бойынша) – 5735558 мың теңге;

      ғылыми қызмет: республикалық бюджет есебінен (мемлекеттік тапсырыс шеңберінде) – 1600000 мың теңге; бюджеттен тыс қаражат (заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектордың тапсырыстары бойынша) – 404491 мың теңге;

      академиялық ұтқырлық – 15049 мың теңге;

      шетелдік мамандарды тарту – 10650 мың теңге;

      өзге де жарғылық қызмет: барлығы 726801 мың теңге;

      тартылған бюджеттік инвестициялар – 5925377 мың теңге.

      2028 жылы:

      білім беру қызметі: республикалық бюджет есебінен (мемлекеттік тапсырыс шеңберінде) – 9132803 мың теңге; жергілікті бюджеттер есебінен (мемлекеттік тапсырыс шеңберінде) – 70000 мың теңге; бюджеттен тыс қаражат (жеке және заңды тұлғалармен жасалатын шарттар бойынша) – 6335558 мың теңге;

      ғылыми қызмет: республикалық бюджет есебінен (мемлекеттік тапсырыс шеңберінде) – 1800000 мың теңге; бюджеттен тыс қаражат (заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектордың тапсырыстары бойынша) – 424716 мың теңге;

      академиялық ұтқырлық – 15802 мың теңге;

      шетелдік мамандарды тарту – 11183 мың теңге;

      өзге де жарғылық қызмет: барлығы 763016 мың теңге;

      тартылған бюджеттік инвестициялар – 7767605 мың теңге.

6-бөлім. "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының даму бағдарламасын іске асырудан күтілетін нәтижелердің сипаттамасы

      Даму бағдарламасы ғылыми қызметті басқаруды біртіндеп жаңартуды, зерттеу университетінің моделіне сәйкес ғылыми бөлімшелердің икемді және ашық құрылымын қалыптастыруды көздейді.

      ҚарУ даму бағдарламасының түйінді міндеттерін іске асыру процесінде оның бүкіл қолданылу мерзімі ішінде мынадай нәтижелерге қол жеткізілетін болады:

      1-міндет. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейлерінде ғылыми қызмет пен білім беру процесін интеграциялау:

      1) ҚарУ-дың QS World University Rankings рейтингіндегі позициясы – 700+ позиция;

      2) QS Asia рейтингіндегі позиция – 150+ позиция.

      3) Times Higher Education әлемдік рейтингіндегі позиция – 1501+ позиция;

      4) жаңартылған жабдықтар мен зерттеу инфрақұрылымының үлесі – 20 %;

      5) ҚарУ-дың ғылыми және білім беру қызметіне тартылған жетекші шетелдік ғалымдардың саны – 90;

      6) кәсіптік стандарттар мен еңбек нарығының сұранысы негізінде білім беру бағдарламаларын жаңарту – 15 %.

      2-міндет. Сапалы білім беру теңдігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, талантты жастарды тарту:

      1) студенттердің жалпы санынан шетелдік студенттердің үлесі – 3,5 %;

      2) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейінде білім алушылардың үлесін ұлғайту – 20 %;

      3) ҚарУ-да инклюзивті білім беру үшін жасалған жағдайлардың деңгейі – 100 %;

      4) жұмыс берушілердің кадрларды даярлау (ҒЖБМ пайдаланатын әлеуметтанулық зерттеулердің нәтижелері бойынша), білім беру қызметтерінің сапасына қанағаттану дәрежесі – 77 %;

      5) іске асыру кезінде әлемдік цифрлық кітапханалар пайдаланылатын білім беру бағдарламаларының үлесі – 46,2 %.

      3-міндет. Елдің зияткерлік әлеуетін көтеруге, Қазақстанның ғылыми мектептерінің халықаралық беделін арттыруға мүмкіндік беретін іргелі және қолданбалы ғылым саласындағы жобаларды іске асыру:

      1) іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыру көлемінің өсімі – 50 %;

      2) халықаралық базалардағы ғылыми жарияланымдарға дәйексөз келтірудің орташа санының өсуі – 4,5;

      3) ғылыми конкурстардың, конференциялардың, олимпиадалардың жеңімпаздары атанған студенттер санының ұлғаюы – 150;

      4) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар ғалымдар үлесінің өсімі – 25.

      4-міндет. Патенттерді, лицензияларды сату, стартап-жобаларды әзірлеу түрінде ҚарУ ғалымдарының қолданбалы зерттеулерінің нәтижелерін өңір экономикасына енгізу:

      1) ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізуге арналған университеттік гранттардың үлесі – 21 %;

      2) өңірдің және елдің кәсіпорындарымен бірлескен зерттеу жұмыстарының үлесі – 15 %;

      3) өңір үшін іске асырылатын әлеуметтік маңызы бар жобалардың үлесі – 12 %.

      5-міндет. ҚарУ-дың қоғам дамуына қосатын үлесін арттыру:

      1) ҚарУ-дың, қаланың, облыстың, республиканың ұйымдастырушылық қоғамдық қызметіне тартылған білім алушылардың қатысу үлесі – 42 %;

      2) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқытуды аяқтағаннан кейінгі 1-ші жылы жұмысқа орналастырылған бітірушілердің үлесі – 85 %;

      3) Күміс университет бағдарламалары бойынша тыңдаушылар саны – 90.

      Барлық белгіленген мақсаттар мен міндеттерді іске асыруда табысқа жету үшін еңбек нарығының өзгермелі талаптарына ден қоюда икемділікке ие болу қажет, бұл білім беру бағдарламалары мен зерттеу жобаларын экономика мен қоғамның ағымдағы қажеттіліктеріне жедел бейімдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар білім беру сапасын, ғылыми зерттеулер мен инфрақұрылымдық жобаларды жоғары деңгейде ұстап тұру үшін Даму бағдарламасы шеңберінде жеткілікті қаржыландыру деңгейін қамтамасыз ету өте маңызды, бұл сайып келгенде ҚарУ-дың орнықты дамуына ықпал етеді.

7-бөлім.  "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы даму бағдарламасының іске асырылуын мониторингтеу және прогресін бағалау

      ҚарУ даму бағдарламасының нысаналы индикаторлары және ҚарУ даму бағдарламасының нысаналы индикаторларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары осы Даму бағдарламасына 1 және 2-қосымшаларда келтірілген.

  "Академик Е.А. Бөкетов
атындағы Қарағанды
университеті" коммерциялық
емес акционерлік қоғамының
2024 – 2028 жылдарға арналған
даму бағдарламасына
1-қосымша

"Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы даму бағдарламасының нысаналы индикаторлары

Р/с

Нысаналы индикаторлар

Өлшем бірлігі

Жоспарлы кезеңде

2024
жыл

2025
жыл

2026
жыл

2027
жыл

2028
жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

Мақсат – "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамын зерттеу университетіне трансформациялау

1-міндет. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейлерінде ғылыми қызмет пен білім беру процесін интеграциялау

1

ҚарУ-дың QS World University Rankings рейтингіндегі позициясы

позиция

851+

781
+

751
+

731
+

700
+

2

QS Asia рейтингіндегі позиция

позиция

206

190

170

160

150

3

Times Higher Education әлемдік рейтингіндегі позиция

позиция

-

-

-

1501+

1501+

4

Жаңартылған жабдықтар мен зерттеу инфрақұрылымының үлесі

%

17

18

19

19,5

20

5

ҚарУ-дың ғылыми және білім беру қызметіне тартылған жетекші шетелдік ғалымдардың саны

саны

50

60

70

80

90

6

Кәсіптік стандарттар мен еңбек нарығының қажеттіліктері негізінде білім беру бағдарламаларын жаңарту

%

10

11

12

13

15

2-міндет. Cапалы білім беру теңдігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, талантты жастарды тарту

1

Студенттердің жалпы санынан шетелдік студенттердің үлесі

%

2,6

2,8

3,0

3,2

3,5

2

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейінде білім алушылардың үлесін ұлғайту

%

7

10

13

16

20

3

ҚарУ-да инклюзивті білім беру үшін жасалған жағдайлардың деңгейі

%

100

100

100

100

100

4

Жұмыс берушілердің кадрларды даярлау (ҒЖБМ пайдаланатын әлеуметтанулық зерттеулердің нәтижелері бойынша), білім беру қызметтерінің cапасына қанағаттану

%

72

73

75

76

77

1

2

3

4

5

6

7

8


дәрежесі







5

Іске асыру кезінде әлемдік цифрлық кітапханалар пайдаланылатын білім беру бағдарламаларының үлесі

%

45,4

45,6

45,8

46,0

46,2

3-міндет. Елдің зияткерлік әлеуетін көтеруге, Қазақстанның ғылыми мектептерінің халықаралық беделін арттыруға мүмкіндік беретін іргелі және қолданбалы ғылым саласындағы жобаларды іске асыру

1

Іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыру көлемінің өсімі

%

5

7

10

20

50

2

Халықаралық базалардағы ғылыми жарияланымдарға дәйексөз келтірудің орташа санының өсуі

бірлік

3

3,5

3,8

4,0

4,5

3

Ғылыми конкурстардың, конференциялардың, олимпиадалардың жеңімпаздары атанған студенттер санының ұлғаюы

саны

20

50

80

110

150

4

Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар ғалымдар үлесінің өсімі

%

10

12

15

20

25

4-міндет. Патенттерді, лицензияларды сату, стартап-жобаларды әзірлеу түрінде ҚарУ ғалымдарының қолданбалы зерттеулерінің нәтижелерін өңір экономикасына енгізу

1

Ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізуге арналған университеттік гранттардың үлесі

%

17

19

20

20

21

2

Өңірдің және елдің кәсіпорындарымен бірлескен зерттеу жұмыстарының үлесі

%

12,5

13

14

14

15

3

Өңір үшін іске асырылатын әлеуметтік маңызы бар жобалардың үлесі

%

5

7,5

10

11

12

5-міндет. ҚарУ-дың қоғам дамуына қосатын үлесін арттыру

1

ҚарУ-дың, қаланың, облыстың, республиканың ұйымдастырушылық қоғамдық қызметіне тартылған білім алушылардың қатысу үлесі

%

38

39

40

41

42

2

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқытуды аяқтағаннан кейінгі 1-ші жылы жұмысқа орналастырылған бітірушілердің үлесі

%

82,0

83,0

83,5

84,0

85,0

3

Күміс университет бағдарламалары бойынша тыңдаушылар саны

адам

50

60

70

80

90

 
  "Академик Е.А. Бөкетов
атындағы Қарағанды
университеті" коммерциялық
емес акционерлік қоғамының
2024 – 2028 жылдарға арналған
даму бағдарламасына
2-қосымша

"Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы даму бағдарламасының нысаналы индикаторларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с

Іс-шаралардың атауы

Өлшем бірлігі

Жоспарлы кезеңде

Аяқталу нысаны

2024
жыл

2025 жыл

2026 жыл

2027 жыл

2028 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Мақсат – "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамын зерттеу университетіне трансформациялау

1-міндет. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейлерінде ғылыми қызмет пен білім беру процесін интеграциялау

1

ҚарУ-дың QS World University Rankings рейтингіне қатысуы

позиция

851+

781+

751+

731+

700+

рейтингтегі орын

2

ҚарУ-дың QS Asia рейтингіне қатысуы

позиция

206

190

170

160

150

рейтингтегі орын

3

ҚарУ-дың Times Higher Education әлемдік рейтингіне қатысуы

позиция

-

-

-

1501+

1501+

рейтингтегі орын

4

Топ-500 QS/Top-100 QS by Subject рейтингіндегі әлемнің жетекші университеттерімен бірлесіп білім беру бағдарламаларын, оның ішінде қос дипломды білім беру шеңберінде іске асыру

бірлік
 

1

2

3

4

5

білім беру бағдарламалары

5

Шетелдік сарапшыларды оқытушылық және ғылыми қызметке тарту

ОПҚ штатындағы үлесі, %

5,0

5,2

5,5

5,7

6,0

бұйрықтар

6

Жетекші ЖЖКБҰ мен ғылыми орталықтарда ОПҚ

%

25

30

30,5

31

31,5

сертификат
тар

1

2

3

4

5

6

7

8

9


біліктілігін арттыру және олардың шетелдік тағылымдамалары








7

Кәсіптік стандарттар мен еңбек нарығының қажеттіліктері негізінде білім беру бағдарламаларын жаңарту

%

10

11

12

13

15

білім беру бағдарламалары

8

Ғылыми инфрақұрылымды салу және жарақтандыру

саны

1

1

1

2

2

ғылыми инфрақұрылым

9

Жабдықтар мен зерттеу инфрақұрылымын жаңарту

%

17

18

19

19,5

20

зерттеу жабдықтары

10

Айналы зертханалар мен ұжымдық пайдалану зертханаларын ашу

саны

1

2

1

2

3

ұжымдық пайдалану зертханалары

11

Ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша жаңа ғылыми орталықтар ашу

саны

1

1

2

2

3

жаңа ғылыми бөлімшелер

2-міндет. Cапалы білім беру теңдігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, талантты жастарды тарту

1

Шетелдік студенттер контингентінің ұлғаюы

жалпы контингенттегі үлесі, %

2,6

3,0

3,2

3,5

4,0

білім алушыларды қабылдау туралы бұйрықтар

2

Білім алушылардың триместрге, семестрге, оқу жылына арналған академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысуы

жалпы контингенттегі үлесі, %

0,39

1,0

1,5

2,0

2,5

оқыту нәтижелерін тану

3

Жергілікті атқарушы органдардың, жұмыс берушілердің гранттары есебінен

жалпы контин-генттегі үлесі, %

2

2,1

2,2

2,3

2,3

қабылдау туралы бұйрықтар

1

2

3

4

5

6

7

8

9


оқитын талапкерлер санын арттыру








4

Жұмыс берушілерді, бизнес-құрылымдардың өкілдерін оқу процесіне тарту

ОПҚ штатындағы үлесі, %

17

18

20

20,5

21

бұйрықтар
 

5

Онлайн-оқыту форматында білім беру бағдарламаларын іске асыру

білім беру бағдарламаларының саны

-

2

3

3

4

білім беру қызметіне лицензия

6

Білім алушылардың әлемдік цифрлық платформаларды пайдалануы (жыл сайын)

адам

1500

1500

1500

1500

1500

оқыту нәтижелерін тану

3-міндет. Елдің зияткерлік әлеуетін көтеруге, Қазақстанның ғылыми мектептерінің халықаралық беделін арттыруға мүмкіндік беретін іргелі және қолданбалы ғылым саласындағы жобаларды іске асыру

1

Ғылыми конкурстарға қатысуға өтінімдер дайындау бойынша оқыту семинарларын, тренингтер өткізу

саны

3

5

6

8

10

қаржыландырылатын жұмыстар санын ұлғайту

2

Зертханадағы жұмысты ескере отырып, интегралды GPA енгізу

%

10

30

50

75

100

зертхана жұмысының тиімділігі

3

Рейтингтік журналдарда мақалалар жазу және академиялық жазба, конкурстарға қатысу бойынша жетекші шетелдік және отандық ғалымдардың дәрістерін ұйымдастыру

саны

2

3

5

6

8

жарияланатын мақалалар, дайындалған өтінімдер

4

Индекстелетін ғылыми журналдардағы мақалалардың өсімін қамтамасыз ету

%

2

4

5

6

7

индекстелетін ғылыми журналдардағы мақалалардың артуы

5

Халықаралық

бірлік

7

7

8

8

8

ҚарУ-дың

1

2

3

4

5

6

7

8

9


дерекқорларда индекстелетін ҚарУ-дың ғылыми журналдарының санын арттыру







индекстелетін ғылыми журналдары санының артуы

6

ҚарУ-дың меншікті қаражаты есебінен ғылымда жетістікке жеткен студенттерге стипендия белгілеу

саны

3

5

7

10

12

ғылыммен айналысатын студенттер санының артуы

7

Талантты жастарды іздеу бағдарламасын іске асыру

адам

6

24

40

70

100

жас ғалымдар санының артуы

8

Жас ғалымдардың ғылыми тағылымдамаларын, іссапарларын ұйымдастыру

саны

5

6

6

8

9

жас ғалымдардың өсімі

9

Постдокторлық бағдарламалар конкурстарына қатысу

саны

10

12

15

16

17

постдокторанттардың өсімі

10

Диссертациялық кеңестердің құрамына жетекші шетелдік ғалымдарды қосу

саны

-

1

2

3

5

тартылған шетелдік ғалымдар санының артуы

4-міндет. Патенттерді, лицензияларды сату, стартап-жобаларды әзірлеу түрінде ҚарУ ғалымдарының қолданбалы зерттеулерінің нәтижелерін өңір экономикасына енгізу

1

Қолданбалы жоғары оқу орны ішілік гранттарға конкурс өткізу

саны

2

2

2

2

2

жоғары оқу орны ішілік грант

2

Өңірдің кәсіпорындарымен және ұйымдарымен бірлесіп инновациялық құрылымдар ашу

саны

1

2

3

3

4

бірлескен инновациялық құрылымдар

3

Өңірдің және елдің ұйымдарымен шарттар, келісімдер жасасу

саны

2

2

2

2

2

бірлескен зерттеулер жүргізу

5-міндет. ҚарУ-дың қоғам дамуына қосатын үлесін арттыру

1

Тренингтер, әңгімелесулер, сауалнамалар(халықтың әлеуметтік

саны

жылына
 

жылына

жылына

жылына
 

жылына
 
 

қолдауға арналған

1

2

3

4

5

6

7

8

9


жағынан осал топтарына) өткізу


5 рет

7 рет

9 рет

11 рет

13 рет

коммуникативті орта құру

2

Конкурстар өткізу (бейнероликтер, эссе, викториналар, дебат, зияткерлік, әлеуметтік)

саны

50 конкурс

55 конкурс

60 конкурс

65 конкурс

70 конкурс

білім алушылар арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту

3

Іс-шаралар өткізу (шығармашылық, танымдық, рухани)

саны

50 конкурс

55 конкурс

60 конкурс

65 конкурс

70 конкурс

студенттердің рухани-адамгершілік деңгейін арттыру

4

30-74 жас аралығындағы цифрлық сауаттылықты арттыруға бағытталған формалды емес білім беру бағдарламалары бойынша тыңдаушылардың саны

адам

120

130

140

150

160

формалды емес білім беру бағдарламалары бойынша тыңдаушылар

5

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, құқықтық мәдениет деңгейін арттыруға, студент жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға және дамытуға бағытталған іс-шаралар саны

бірлік

13

15

18

20

22

сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар санын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы дамыту


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады