Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 27 сәуірдегі № 342 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын.

      2. "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі таратылсын.

      3. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ережеде:

      2-тармақта:

      4) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) "Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.";

      13-тармақ мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:

      "23) жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру.";

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 265-15), 265-16), 265-17), 265-18) және 265-19) тармақшалармен толықтырылсын:

      265-15) жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету;

      265-16) жасанды интеллект технологияларын дамыту саласындағы нормативтік құқықтық реттеу бойынша ұсыныстар әзірлеу және іске асыру;

      265-17) жасанды интеллект саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      265-18) жасанды интеллект саласындағы сараптама кеңесінің құрамын және оның қызметі туралы ережені бекіту;

      265-19) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын жасанды интеллектті дамыту бөлігінде келісу;".

      Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      1-тармақта:

      "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген бөлім мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.".

      4-тармақ алып тасталсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады