Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 21 қарашадағы N 1582 және 1997 жылғы 20 қазандағы N 1448 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 25 қараша N 1197

      "Жаңа астана" бюджеттен тыс республикалық қорының қаражатын толықтыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. Жаңа астана "бюджеттен тыс республикалық қоры туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 21 қарашадағы N 1582 P951582_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 36, 462-құжат):
      1) қаулының 6-тармағындағы "Ақмола қаласын" деген сөздер "Астана қаласын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) аталған қаулымен бекітілген "Жаңа астана" бюджеттен тыс республикалық қоры туралы ережеде:
      1,4,5,7,8,9,10 және 12-тармақтарындағы "Ақмола қаласы", "Ақмола қаласын", "Ақмола қаласына" деген сөздер "Астана қаласы", "Астана қаласын", "Астана қаласына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "республикалық бюджет есебінен ұсталатын және Астана қаласына көшірілген мемлекеттік органдардың орталық аппараттары қызметкерлерін тұрғын үйді сатып алуынан және аталған қордың қаражаты есебінен жаңадан салынған тұрғын үйлердегі тұрғын жайларды заңдарда белгіленген тәртіппен өзге де жеке және заңды тұлғаларға сатудан алынған ақша".
      2. "Жоғары және орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлерін орналастыруға арналған жаңадан салынған мемлекеттік тұрғын үйді Ақмола қаласының әкіміне беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 қазандағы N 1448 P971448_ қаулысына:
      1) атауы мен мәтініндегі "Ақмола қаласында", "Ақмола қаласына", "Ақмола қаласының" деген сөздер "Астана қаласында", "Астана қаласына", "Астана қаласының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. "Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының, тұрғын үй құрылысының тапсырысшысы ретінде сатудан түскен қаражатты міндетті түрде "Жаңа астана" бюджеттен тыс республикалық қорының шотына аудара отырып, кейін белгіленген тәртіппен жеке адамдар мен заңды тұлғаларға баланстық құнынан кем болмайтын бағамен сату үшін жаңадан салынған мемлекеттік тұрғын үйдің 10%-не дейінін өз балансында қалдыру туралы ұсынысына келісім берілсін".
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады