Тауарлардың импорты кезінде уақытша шектеулер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1376 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы N 171 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.20.  N 171  Қаулысымен.

      Отандық тауар өндірушілерді қорғау мақсатында және Қазақстанмен шекаралас Ресей облыстары губернаторларының бастамашылығы бойынша уақытша шектеулер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің өзара уағдаластығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" заң күші бар Жарлығының 20 және 21-тармақтарына сәйкес мынадай уақытша шектеулер енгізілсін: 
      1999 жылдың 11 қаңтарынан 23 маусымына дейін Қазақстан Республикасының аумағына, қосымшаға сәйкес, шыққан елі Ресей Федерациясы болып табылатын тауарларды, сондай-ақ: 
      Ресей Федерациясының аумағы арқылы транзитпен өткізілетін тауарлардың алушысы Қазақстан Республикасы немесе үшінші елдер болып табылатын; 
      Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасының аумағында уақытша орналасқан әскери құралымдарының жүктері әскери көліктің нөмірлерімен теміржол көлігімен жеткізілетін жағдайларды қоспағанда, кедендік ресімдеу Ресей Федерациясының аумағында жүргізілген үшінші елдердің тауарларын әкелуге тыйым салынсын;<*> 
       ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нің 1999.02.04. N 83 
қаулысымен
       ЕСКЕРТУ.5-абзац алып тасталды - ҚРҮ-нің 2003.03.31. N 310 
қаулысымен

      2. <*>
       ЕСКЕРТУ.2-тармақ алып тасталды - ҚРҮ-нің 2003.03.31. N 310 
қаулысымен .

      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы Кеден одағының Интеграциялық комитетін, осы қаулының 1-тармағына сәйкес уақытша шектеулер енгізілгені туралы хабардар етсін.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нің 1999.02.04. N 83 
қаулысымен .

      4. Транзитті кедендік ресімдеудің өткізу пункттерін шектеу және алкогольді сусындарды (ТМД СЭҚ ТН коды 2204-2208) тек темір жол көлігімен, оның ішінде құрамында спирттің концентрациясы кемінде 80 көлемдік % толық айырылмаған этил спиртін (ТМД СЭҚ ТН коды 2207) және спирттің концентрациясы 80 көлемдік %-тен кем толық айырылмаған этил спиртін (ТМД СЭҚ ТН коды 2208) тек темір жол көлігімен, цистерналарда және тағайындалған пунктіне дейін тиісті кедендік қосақпен транзиттік тасымалдауды жүзеге асыру жолымен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеудің ерекше режимі енгізілсін. 

      5. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті: 
     10 күннің ішінде алкогольді сусындарды (ТМД СЭҚ ТН коды 2204-2208) кедендік ресімдеудің өткізу пункттерін айқындасын; 
     10 күннің ішінде Ресей Федерациясының Мемлекеттік кеден комитетімен алкогольді сусындарды (ТМД СЭҚ ТН коды 2204-2208) кедендік ресімдеудің өткізу пункттерін келіссін; 
       ЕСКЕРТУ.4-абзац алып тасталды - ҚРҮ-нің 2003.03.31. N 310 
қаулысымен .

      6. Энергетика, индустрия және сауда министрлігі 1999 жылдың мамырында Қазақстан Республикасының Үкіметіне жекелеген тауарларды әкелуге уақытша шектеулердің нәтижелері және оларды сақтаудың орындылығы туралы хабарласын.

      7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С. Павловқа жүктелсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы        
Үкіметінің             
1998 жылғы 31 желтоқсандағы      
N 1376 қаулысына          
қосымша               

     Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар әкелу кезінде 
         оларға қатысты уақытша тыйым салу қолданылатын 
                     тауарлардың тізбесі <*>

       ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгертілді - ҚРҮ-нің 1999.02.04. N 83  қаулысымен .

___________________________________________________________________
СЭҚ ТН коды     |Тауарлардың қысқаша атауы
________________|__________________________________________________
0201-0202       |Мүйізді ірі қара малдың еті, жас немесе
                |салқындатылған, тоңазытылған
________________|__________________________________________________
0203            |Жас шошқа еті, салқындатылған, тоңазытылған
________________|__________________________________________________
0207            |Үй құсының еті және тамақтық қосымша өнімдері
________________|__________________________________________________
0402            |Құрамына қант немесе басқа да тәттілендірілген
                |заттар қосылған сүт пен кілегей, қойытылған сүт
________________|__________________________________________________
0405            |Сары май
________________|__________________________________________________
040700          |Құстың жұмыртқасы, қабығындағы, жас,
                |консервіленген (Қазақстан Республикасының Ауыл
                |шаруашылығы министрлігі Мемлекеттік асыл тұқымды
                |мал өсіруді қадағалауының рұқсаты болған кезде
                |инкубаторға арналған құстардың жұмыртқаларын
                |қоспағанда) <*>
________________|__________________________________________________
1001            |Бидай және меслин (өндіру немесе селекциялық
                |жұмыстар үшін әкелінетін Ресей селекциясының
                |бидайы сорттарын қоспағанда)
________________|__________________________________________________
1002 00 000     |Қара бидай
________________|__________________________________________________
1005            |Жүгері
________________|__________________________________________________
1006            |Күріш
________________|__________________________________________________
1101            |Бидай немесе бидай-қара бидай ұны
________________|__________________________________________________
1107            |Солод, қуырылған немесе қуырылмаған
________________|__________________________________________________
1201 00         |Сояның уатылған немесе уатылмаған бұршағы
________________|__________________________________________________
1205 00         |Рапстың уатылған немесе уатылмаған тұқымы
________________|__________________________________________________
1206 00         |Күнбағыстың уатылған немесе уатылмаған тұқымы
________________|__________________________________________________
1517            |Маргарин; тамаққа пайдалануға жарамды қоспалар
                |немесе жануарлар немесе өсімдік майларынан
                |жасалған дайын өнімдер немесе әртүрлі майлардың
                |қоспасынан бөлінетін немесе осы топтағы майлар
________________|__________________________________________________
1601 00         |Шұжықтар мен еттен, қосымша ет өнімдерінен немесе
                |қаннан жасалатын осындай өнімдер; олардың
                |негізінде дайындалған дайын тамақ өнімдері
________________|__________________________________________________
1704            |Құрамында какао жоқ қанттан жасалған кондитерлік
                |бұйымдар
________________|__________________________________________________
1806            |Какао қосылған шоколад және басқа дайын тамақ
                |өнімдері
________________|__________________________________________________
1902            |Спагетти, макарондар, кеспе сияқты жылумен
                |өңдеуге жатқызылған немесе жатқызылмаған ашымаған
                |қамырдан жасалған бұйымдар
________________|__________________________________________________
210210          |Жылдам ашытқылар <*>
________________|__________________________________________________
2207            |Құрамында кемінде 80 көлемдік % спирт
                |концентрациясы бар толық айырылмаған этил спирті
________________|__________________________________________________
2208            |Спирт концентрациясы 80 көлемдік %-тен кем толық
                |айырылмаған этил спирті
________________|__________________________________________________
2304 00 00      |Соя майын айырған кезде алынатын күнжаралар және
                |басқада қатты қалдықтар
________________|__________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады