"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне норма шығармашылық қызметті жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 сәуірдегі Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 63-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне норма шығармашылық қызметті жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 сәуірдегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі тізбеге сәйкес белгіленген мерзімде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2011 жылғы 3 мамырдағы
№ 63-ө өкімімен  
бекітілген    

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне норма
шығармашылық қызметті жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011
жылғы 1 сәуірдегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет
нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/с

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (заңға тәуелді актілердің жобаларын ресімдеу, Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар және халықаралық шарттардың жобалары бойынша лингвистикалық ғылыми сараптама, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өз интернет-ресурстарында заңдардың жобаларын орналастыру міндетін бекіту бөлігінде)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Әділетмині

2011 жылғы мамыр

2.

Мемлекеттік органдардың үлгі функцияларын айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Әділетмині

2011 жылғы мамыр

3.

Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Әділетмині

2011 жылғы мамыр

      Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
     Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады