"Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 63-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.

      Премьер-Министр                              С.Ахметов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің  
2013 жылғы 9 сәуірдегі
№ 63-ө өкімімен   
бекітілген     

«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі 

Р/с №

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Акт нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік органдар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалдаудың) үлгі шартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

2013 жылғы сәуір

2.

Арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі кейінгі жер пайдаланудың (қосалқы жалдаудың) үлгі шартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

2013 жылғы сәуір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады