"Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 8 шілдедегі № 91-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат берсін.

      3. Жергілікті өкілді және атқарушы органдар:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылдасын;

      2) Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.

      4. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұсынылған ақпаратты жинақтасын және құқықтық актілер қабылданған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат берсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2020 жылғы 8 шілдедегі
№ 91-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі

Р/c №

Құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындалуына жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Құқықтық актінің сапасына, уақтылы әзірленуіне және енгізілуіне жауапты тұлға

1

2

3

4

5

6

1.

"Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АҚДМ

2020 жылғы шілде

Ж.М. Қожахметов

2.

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгісінің нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығы

АҚДМ

2020 жылғы тамыз

Б.А. Тілепов

3.

Бейбіт жиналыстарға қатысатын журналист (бұқаралық ақпарат құралының өкiлi) қызметінің қағидаларын, журналистің айырым белгілерінің нысандарын бекіту

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығы

АҚДМ

2020 жылғы тамыз

К.Б. Ойшыбаев

4.

Пикеттеуді жүргізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын белгілеу туралы

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың мәслихаттарының шешімдері

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың әкімдіктері

2020 жылғы тамыз

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің жетекшілік ететін орынбасарлары, аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың әкімдері

      Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:

      АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады