"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 164-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісу бойынша) тізбеге сәйкес бекітілген мерзімде тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2020 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 164-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актiлердiң тiзбесi


Р/с №

Ведомстволық құқықтық актiнiң атауы

Ведомстволық құқықтық актiнiң нысаны

Орындалуына жауапты мемлекеттік органдар

Орындау мерзiмi

Ведомстволық құқықтық актiні сапалы және уақтылы әзірлеу мен енгізуге жауапты адам

1

2

3

4

5

6

1

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері санатына ауыстыру қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ҰҚК (келісу бойынша)

2021 жылғы қаңтар

М.Ө. Қалқабаев

2

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу саласындағы қызметін үйлестіру қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ҰҚК (келісу бойынша)

2021 жылғы қаңтар

Д.А. Ділманов

3

Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі өкілдерінің шекара корабльдерін, катерлері мен кемелерін дайындау, оларға техникалық және өзге де құжаттаманы келісу, оларды өндіруді бақылау және қабылдау жөніндегі қызметі қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ҰҚК (келісу бойынша), ИИДМ, Қорғанысмині

2021 жылғы қаңтар

Д.А. Ділманов

4

Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің пилотсыз ұшу аппараттарын қолдану қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ҰҚК (келісу бойынша), ИИДМ, Қорғанысмині

2021 жылғы қаңтар

Д.А. Ділманов

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ҰҚК – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

      Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады