Қазақстан Республикасының Ұлт саясаты жөнiндегi мемлекеттiк комитетiн құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 1 сәуiрдегi N 2164. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      Бiрыңғай мемлекеттiк ұлт саясатын жүргiзу және республикада қолданылып жүрген барлық тiлдерге деген құқықтық кепiлдiк пен құрметтеушiлiктi қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемiн: 
      1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы таратылатын Тiл комитетiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлт саясаты жөнiндегi мемлекеттiк комитетi құрылсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi осы Жарлықтан туындайтын қажеттi ұйымдастыру шараларын жүзеге асырсын. 
      3. Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi. 

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады