Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1999 жылдың қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1999 жылғы 5 қазан N 223


      "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Z939000_ Заңына сәйкес қаулы етемін:
      1. Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер 1999 жылдың қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарынан запасқа шығарылсын.
      2. 1999 жылдың қазан-желтоқсанында шақыру күніне дейін 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ еркек жынысты азаматтар, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығын жоғалтқан азаматтар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жергілікті өкілді және атқарушы органдармен бірлесіп Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен өзара іс-қимыл жасай отырып, тиісті әскери комиссариаттар арқылы азаматтарды 1999 жылдың қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырып, қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыруды, оларды мерзімді әскери қызмет өткеру үшін Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен

 

әскери құралымдарға жөнелтуді және мерзімді әскери қызметтің белгіленген

мерзімдерін өткерген әскери қызметшілерді босатуды қаржылай және

материалдық қамтамасыз етуді ұйымдастырсын.

     5. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

           Президенті


     Оқығандар:

     Орынбекова Д.

     Кобдалиева Н.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады