Сапа саласындағы байқаулардың кейбір ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті төрағасының 2001 жылғы 2 мамырдағы N 128 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылғы 29 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1526. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010 жылғы 12 шілдедегі № 153 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010.07.12 № 153 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 наурыздағы "Сапа саласындағы байқаулар туралы" N 384 қаулысының 4 тармағына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілiп отырған: 
      1) Сапа саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығын алу материалдарын рәсімдеу, ұсыну және сараптау ережелері; 
      2) <*>
      3) "Қазақстанның ең жақсы тауарлары" Республикалық конкурсына ұсынылған өнімнің сараптамалық бағалауын ұйымдастыру және жүргізу ережелері бекітілсін. 
      Ескерту. 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті Төрағасының 2004 жылғы 31 мамырдағы N 139 бұйрығымен, ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2005 жылғы 24 тамыздағы N 232 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).
      2. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетінің тіркеу және сапа жүйесі бөлімі осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 
      3. Осы бұйрық 2001 жылғы 1 сәуір күнінен бастап күшiне енеді. 

      Төраға

Қазақстан Республикасы      
Экономика және сауда       
министрлігінің Стандарттау,   
метрология және сертификаттау  
жөніндегі комитетінің төрағасының
2001 жылғы 2 мамырдағы     
N 128 бұйрығымен        
бекітілген           

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығын алу материалдарын рәсімдеу,
ұсыну және сараптау ережелері

       Ескерту. Ереженің атауы жаңа редакцияда жазылды;
      барлық мәтін бойынша "Қазақстан Республикасы Үкіметінің сапа саласындағы жетістіктері үшін Сыйлығы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін сыйлығы" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2005 жылғы 24 тамыздағы N 232 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан  қараңыз). 

1. Кiрiспе

      1. Осы құжат сапа саласындағы жетiстiктер үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Сыйлығын алуға (бұдан әрi - Сыйлық) материалдарды тапсыру, ресiмдеу, ұсыну және сараптау тәртiбiн белгiлейдi. 

      2. Сыйлық Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Сапа саласындағы конкурс туралы" 2001 жылғы 26 наурыздағы N 384  қаулысымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін сыйлығын беру Ережесiмен" сәйкес берiледi. Конкурстың жеңiмпазына сапа саласындағы жетiстiктер үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметi Сыйлығының символы және диплом тапсырылады.    

      3. Осы Ережеде қолданылатын терминдер: 
      1) Сыйлық - сапа саласындағы жетiстiктер үшiн конкурс иегерлерiне сыйлыққа берiлетiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Сыйлығы; 
      2) конкурсқа қатысатындар - сыйлығын алуға конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген және белгiленген нысанда өтiнiм берген кез келген меншiктi нысандағы заңды және жеке тұлғалар бола алады; 
      3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сыйлығын беру жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) - мемлекеттiк басқару органдарының басшылары, жетекшi ғалымдар мен мамандардың және қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерiнiң iшiнен құрылған консультациялық-кеңесшi орган. 
      4) Жұмысшы орган - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті жанында сапа саласындағы жетекшi ғалымдар мен мамандардан, мемлекеттiк органдар өкiлдерiнен құрылған орган. 
      5) Сарапшылар тобы - қызметтiң әр түрлi салалары сарапшыларынан, әкiмшiлiк және қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерiнен құрылған.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2005 жылғы 24 тамыздағы N 232 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

2. Конкурсқа қатысу шарттары

      4. Конкурсқа қатысуға қызметтер көрсетумен және өнiмнiң барлық түрiн өндiрумен айналысатын, қару-жарақ пен әскери техника өндiрiсiн қоспағанда, барлық меншiк нысандағы заңды және жеке тұлғалар үмiткер бола алады.

      5. Үмiткерлердi iрiктеудi және Сыйлықты беру туралы шешiм қабылдауды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сыйлықты беру жөнiндегi Комиссиясы жүргiзедi.

      6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сыйлығын беру жөнiндегi Комиссия жыл сайын желтоқсан айында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кезектi конкурстың өткiзiлетiнi және осы конкурстың өткiзiлуi туралы хабарлайды.

      7. Ұйымдардың сапа саласында конкурсқа ұсынатын жұмыстарының нәтижесi, конкурсқа қатысуға өтiнiмдер бергенге дейiн, бұл нәтижелер практикада кемiнде жарты жыл бұрын iске асырылған жағдайда ғана қарауға қабылданады.

      8. Сыйлық номинациялардың әрқайсысы бойынша жергiлiктi орындарында жүргiзiлетiн сараптаулардың және сараптық бағалаудың балын белгiлеу негiзiнде үмiткерлердiң iшiнен ең жақсы кәсiпорындарды анықтау жолымен конкурстық негiзде жыл сайын берiледi.

      9. Конкурсқа қатысу үшiн мiндеттi түрде белгiленген нысанда өтiнiм беру керек (1-қосымша) түптеп тігілген, белгiленген құжаттар жинақтамасын Комиссияның жұмысшы органына тапсырады.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2005 жылғы 24 тамыздағы N 232 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

      10. Сыйлық алуға конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың жиынтығы:
      1) бекітілген нысанда (2-қосымша) толтырылған сауалнама-декларациясы 2 беттен кем емес;
      2) конкурсанттың қызмет деңгейін өзіндік бағалауды көрсететін және сапа саласындағы нақты нәтижелердің есебі - 36 беттен кем емес;
      3) есепке қосымша (диаграммалар, графиктер, кестелер, құжаттардың көшірмесі және тағы басқалары) - 30 беттен кем емес;
      4) сапа саласында мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерінің Тіркелімінде N 2918 тіркелген, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті Төрағасының 2004 жылғы 31 мамырдағы N 139 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Сапа саласындағы жетістіктер үшін" сыйақысына ізденуге конкурсқа қатысушыларды бағалау ережесінде жазылған әдістемелік ұсынымдардың 1а-дан 9б-ға дейінгі көрсеткіштер өлшемдерінің негізінде конкурсанттың қызметін бағалау (өзін-өзі бағалау) жөніндегі сауалнама (3-қосымша) - 2 беттен кем емес;
      5) салық төлеуші куәлігінің көшірмесі.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2005 жылғы 24 тамыздағы N 232 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

      10-1. Конкурсқа қатысуға арналған өтінім бір данада жіберіледі, ал жиынтық құжаттар бес данада (құжаттардың үш данасы өтінішпен бірге Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне жіберіледі, ал екі данасы конкурсқа қатысушыға сарапшылық топтың есебімен бірге жергілікті жерлерде тексеру жүргізгеннен кейін Комиссияның жұмыс органына жіберіледі).
      Конкурсқа қатысуға арналған материалдарды ұсыну мерзімі - конкурсты өткізетін ағымдағы жылдың 1-шілдесіне дейін.
      Ескерту. 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2005 жылғы 24 тамыздағы N 232 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз). 

      11. Конкурсқа қатысушының есебi мыналардан тұрады:
      1) ұйым қызметтерiне қысқаша шолу;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығын алуға конкурсқа қатысушыларды бағалау Ережесiнде" қаралған өлшемдi сипаттау.

      12. Шолуда көлемi алтаудан көп емес машинкаға басылған беттер мыналарды қамту керек:
      1) кәсiпорынның тарихын;
      2) өнiмдердiң (қызмет көрсетудiң) негiзгi түрлерiн сипаттау;
      3) ұйымдық құрылымды;
      4)өнiмнiң (қызмет көрсету) сапасына қойылатын негiзгi талаптарды;
      5) нарықтың негiзгi санаттарын (жергiлiктi, аймақтық, ұлттық, халықаралық);
      6) негiзгi тұтынушылар сипаттамасы;
      7) конкурсқа қатысушыны ұсынатын маңыздылықтар, басқа факторлар.

      13. Конкурсқа қатысушы өлшемнiң әрқайсысы бойынша тиiстi ақпарат бередi. Ол қысқа, анық және есеп берудiң жағдайын растайтын нақты материал болуы керек. 

      14. Ұйымның мүмкiншiлiгiн сипаттайтын өлшемдер үшiн, ақпарат екi аспектiге тиiстi болуы керек: 
      1) өлшем сипаттайтын жұмыстардың әдiсi мен нысаны қызметтердiң шегiнде қаншалықты жүйелi түрде қолданылады; 
      2) ұйым қызметтерiнiң салаларында және басқару деңгейiнде бұл әдiстер мен нысандарды қаншалықты кеңiнен қолданады. 

      15. Нәтижелердi сипаттайтын өлшемдер үшiн, ақпаратта мынадай мәлiметтер болуы керек:
      1) ұйымның өзiнiң нәтижелерiн бағалайтын көрсеткiштерi және осы көрсеткiштердiң жоспарланғанмен салыстырғанда ақырғы үш жылдағы өзгеру тенденциясы;
      2) келтiрiлген көрсеткiштердiң ұйым қызметтерiнiң әр түрлi бағыттарын қаншалықты қамтитындығы жайында мәлiметтер.

      16. Есеп А4 форматты қағазда басылуы тиіс. Мәтін қағаздың екі жағынан да мәтін редакторы "Word" N 14 шрифтінде терілуі тиіс. Есеп 36 беттен аспауы тиіс. Есептің мейлінше қажетті ережесін бөліп көрсету ұсынылады.
      Көлемі 30 беттен кем емес диаграммалар, графиктер, сызбалар, кестелер және басқа да материалдар қосымша қоса беріледі.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2005 жылғы 24 тамыздағы N 232 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

      17. Жұмысшы органның мiндетi:
      1) конкурсқа қатысу бойынша кәсiпорындарға басшылық жасау және шақыруларды тарату; 
      2) кәсiпорындардан конкурсқа қатысуға арналған материалдарды және өтiнiмдердi қабылдау, ресiмделулерiнiң дұрыстығын тексеру; 
      3) ұсынылған материалдарды сараптауды және жергiлiктi орнында сараптауды (қажет болғанда) ұйымдастыру;
      4) алынған материалдарды талдау кезiнде сарапшылар тобында туындайтын даулы мәселелердi шешу;
      5) Комиссияға материалдарды дайындау және ұсыну;
      6) дипломдарды ресiмдеу;
      7) Сыйлық беру жөнiнде Комиссия қызметтерiмен байланысты оперативтiк мiндеттердi шешу.

      18. Сарапшылар тобының мiндетi:
      1) конкурсқа қатысушылардың материалдарын алдын ала сараптау;
      2) алдын ала сарапталған материалдар бойынша тұжырымдар дайындау;
      3) конкурсқа қатысушыларды жергiлiктi орындарында тексеру;
      4) Комиссияның жұмысшы органына түпкiлiктi бағалауды баллмен көрсетiп тұжырым дайындау және конкурсқа қатысушылар үшiн ұсыныстар беру.

3. Конкурсқа қатысушылардың материалдарына
талдау жүргізу тәртiбi

      19. Сапа саласында үмiткерлердің қызметтерiн бағалау мен талдау екi кезеңде жүзеге асырылады: 
      1) қаралғанның нәтижесi туралы өтiнiш берушiге хабарлаумен бiрге, одан әрi конкурсқа қатысу үшiн үмiткерлердi алдын ала iрiктеу және тапсырылған материалдарды талдау; 
      2) бiлiктi сарапшылардың күшiмен Сыйлық алуға үмiткер конкурсқа қатысушыларды сараптауды жүзеге асыру. Сараптау ұйыммен келiсiлген мерзiмде өткiзiлетiн болады. 

      20. Конкурсқа қатысушыларды бағалау мен талдаудың жүйелiлiгi 8-қосымшада белгiленген. 

      21. Бiрiншi кезең - конкурсқа қатысушылардың тапсырған материалдарына сараптау жүргiзу: 
      1) материалдарды алдын ала сараптау, Комиссияның жұмысшы органымен және сарапшылар тобымен жүзеге асырылады (4-қосымша). 
      2) алдын ала сараптау нәтижесi бойынша жасалған тұжырымдаманы және тапсырылған материалдарды жұмысшы орган Комиссияға бередi. 
      3) Комиссия жұмысшы орган дайындаған материалдарды қарайды және конкурсқа қатысушыларды анықтау бойынша шешiм қабылдайды. 
      4) Комиссия шешiмi хаттамамен ресiмделедi (6-қосымша). 
      5) конкурсқа қатысуға рұқсат алған кәсіпорындар тізімі дүркіндік баспасөзде конкурс өткізілетін жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірілмей жарияланады. 

      22. Екінші кезең - сыйлықты беру туралы шешім қабылдау. 
      1) Комиссияның жұмысшы органымен немесе сарапшылар тобымен алынған материалдарды талдау кезінде туындаған мәселелерді шешу және сауалдама бойынша өзін-өзі бағалаудың объективтілігін анықтау мақсатымен, бірінші кезеңнен өткен конкурсқа қатысушыны тексеру жергілікті орында жүзеге асырылады. 
      2) тексеру нәтижесі бойынша жұмысшы орган Комиссияға 5-қосымшадағы нысан бойынша тұжырымдама дайындап, жібереді. 

     23. Конкурсқа қатысушыны түпкілікті бағалау сапа саласындағы жетістіктер үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыйлығын беру жөніндегі Комиссиямен жүргізіледі. 

      24. Сыйлық беру туралы шешім көпшілік дауыспен қабылданады және 7-қосымшадағы нысан бойынша ресімделеді. 

      25. Сыйлықты беру туралы шешім Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жарлығымен бекітілгеннен кейін күшіне кіреді және дүркіндік баспасөзде жарияланады.

      26. Сыйлықты тапсыру Дүниежүзілік сапа күніне орайластырылған республикалық іс-шараларды өткізу уақытында арнаулы салтанатты рәсіммен жүзеге асырылады.

      27. Сараптауды жүргізу кезіндегі сол орыннан алынғандар мен конкурстық материалдар жайындағы ақпарат, конкурсқа қатысушыны бағалаудан басқасы, құпия болып табылады және оның жазбаша келісімінсіз басқа мақсаттар үшін пайдалануға болмайды.

      28. Конкурсқа қатысқан барлық ұйымдар мен кәсіпорындар сапа саласындағы қызметтеріне баға және оны жетілдіру туралы ұсыныстар алады.

      29. Иегерлер мен мерейгерлер өз тілегімен және келісімімен сапаны басқару саласындағы өзінің іс-тәжірибесін таратуға, көмек көрсетуге міндетті.

1-қосымша

      Ескерту. Қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің
2005 жылғы 24 тамыздағы N 232 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

                                         Тiркеу нөмiрі ______

                                       Қазақстан Республикасы
                                Индустрия және сауда министрлігінің
                                 Техникалық реттеу және метрология
                                  комитеті - Конкурстық комиссияның
                                            Жұмыс органы 

               Сапа саласындағы жетістіктер үшін
                   Қазақстан Республикасы
             Сыйлығын алуға конкурсқа қатысуға
                            ӨТІНІМ

1. Өтінішкер     

Кәсіпорынның атауы (мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетіледі):
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Мекен-жайы:________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Жұмыс істеу кезеңі:________________________________________________
2. Кәсіпорын басшысы
Тегі, аты, жөні:___________________________________________________
___________________________________________________________________
Атқаратын қызметі:_________________________________________________
___________________________________________________________________
Мекен-жайы:________________________________________________________
___________________________________________________________________
Қызмет орнының телефоны, телефакс:_________________________________
___________________________________________________________________
3. Өтінішкер - кәсіпорынның сипаттамасы

Қызметкерлердің жалпы саны:________________________________________
___________________________________________________________________
Филиалдардың жалпы саны: __________________________________________
Қосымша:
1. Сауалдама-мәлімдеме - 1 дана.
2. Құжаттар жиынтығын беру - 5 дана.
3. Жарнаны төлегендігі туралы төлем тапсырмасының көшірмесі - 1 дана.

     Басшының қолы

     ж. "___"________

2-қосымша
                                              Тiркеу нөмiрі _______

             Сапа саласындағы жетістіктер үшін
             Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
           Сыйлығын алуға конкурсқа қатысушының
                   САУАЛДАМА-МӘЛІМДЕМЕСІ

1. Конкурсқа қатысушы     

Кәсіпорынның ресми атауы: _________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Заңды мекен-жайы: _________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

2. Басшы

Тегі, аты, жөні:___________________________________________________
___________________________________________________________________
Атқаратын қызметі:_________________________________________________
___________________________________________________________________
Пошталық мекен-жайы: ______________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Қызмет орнының телефоны: ______________________________________
___________________________________________________________________
3. Кәсіпорын туралы мәлімет
Қызметкерлердің жалпы саны:   

Филиалдар саны:     

Шығарылған өнімнің (жұмыстар, қызмет көрсетулер) маңызды түрлерінің
үш атауы, СЭҚ ТН коды, ОКП:

4. Конкурсқа жауапты және уәкілетті тұлға
Тегі, аты, жөні:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Атқаратын
қызметі: __________________________________________________________
___________________________________________________________________
Телефон: __________________________________________________________
Телефакс: _________________________________________________________

5. Конкурсқа қатысу үшiн ақы төлегендiгi туралы мәлiмет:
___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________
6. Мәлiмдеме:

     Кәсiпорын атынан өтiнемiн, бiз конкурсқа қатысушыларға
арналып белгiленген ереженi орындауға келiсемiз және сапа саласын.
дағы жетiстiктер үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Сыйлығын
беру туралы Кеңестiң шешiмiн түпкiлiктi қабылдайтын боламыз.
Сараптауды орынында өткiзу қажет болған жағдайда, бiз оның ашық
және күнiлгерi кесiп-пiшiлмей өткiзiлуiне көмек көрсетемiз.
Кәсiпорын осындай сараптаумен байланысты шығынды өзiне алуы
керектiгiн бiз түсiнемiз.

     Басшы қолы

     ж. "____"____________

     Сауалдаманы толтыруға қойылатын талаптар

     1. Барлық талап етiлетiн ақпараттар анық басылған немесе айқын
жазылған болуы керек.
     2. Тiркеу нөмiрiн Кеңес хатшылығы бередi.
     3. Кәсiпорынның атауы және заңды мекен-жайы мемлекеттiк тiркеу
туралы куәлiкпен сәйкестендiрiлiп толығымен көрсетiледi.

                                          Қазақстан Республикасы
                                                Үкіметінің
                                              "Сапа саласындағы
                                              жетістіктері үшін"
                                             сыйақысына ізденуге
                                                  конкурсқа
                                             қатысушыларды бағалау
                                              Ережесіне 3 қосымша

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің
2005 жылғы 24 тамыздағы N 232 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу
тәртібін 3-тармақтан қараңыз). 

          Сапа саласындағы конкурсанттың қызметін
            бағалау (өзін-өзі бағалау) жөніндегі
                            САУАЛНАМА

Сыйақы
моделіне
сәйкес
өлшемдер
атауы

Балы

Өлшем-
дер
көр-
сет-
кіші

Бал бойынша бағалау

Ес-
керту

Өлшем-
дердің
барынша
көрсет-
кіші

Өзін-
өзі
бағалау

Са-
рап-
тама-
лық
ба-
ғалау

1

2

3

4

5

6

7

Басшылықтың
белсенділік
рөлі

100

1 а

25 




1 б

25




1 в

25




1 г

25




Сапа
саласындағы
саясат және
стратегия

100

2 а

25




2 б

25




2 в

25




2 г

25




Персонал

100

3 а

20




3 б

20




3 в

20




3 г

20




3 д

20




Әріптестік
және
ресурстар

8

4 а

16




4 б

16




4 в

16




4 г

16




4 д

16




Ұйымдар
жүзеге
асыратын
процестер

120

5 а

24




5 б

24




5 в

24




5 г

24




5 д

24




Мүмкіндікті
бағалау

бар-
лығы

max

500 бал




Тұтынушының
өнім
сапасына
қанағаттануы
(кызметтер
көрсету)

200

6 а

150




6 б

50




Персонал
қанағаттануы

90

7 а

67,5




7 б

22,5




Ұйымның
қоғамға
ықпалы

70

8 а

40




8 б

30




Ұйымның
жұмыс
нәтижесі

140

9 а

70




9 б

70




Нәтиженің
бағалануы

бар-
лығы

max

500 бал




Барлық көрсеткіш бойынша жалпы саны




                                                           4-қосымша

                                          Тіркеу нөмірі ___________

       "Материалдарды сараптау" бірінші кезеңі бойынша
              Комиссияның Жұмысшы органының
                       Тұжырымдамасы

___________________________________________________________________
    КОНКУРСҚА           САРАПТЫҚ            Жұмысшы      ЕСКЕРТУ   
    ҚАТЫСУШЫНЫҢ         БАҒАЛАУ             органның
    ҚҰЖАТТАРЫ                               БАҒАЛАУЫ
___________________________________________________________________
    ӨТІНІМ
___________________________________________________________________
    САУАЛДАМА-
    МӘЛІМДЕМЕ
___________________________________________________________________
    САУАЛДАМА
___________________________________________________________________
    ЕСЕП БЕРУ
___________________________________________________________________

     Тұжырымдар:

     Ұсыныстар:

     Жұмысшы орган басшысының қолы

     ______ж. "___"_______

                                                        5-қосымша

                                     Тіркеу нөмірі _______________

            Екінші кезең бойынша Жұмысшы органның
                        тұжырымдамасы

___________________________________________________________________
     Өлшем         Конкурсқа            Баллмен          Баллмен
                   қатысушының          сараптық        түпкілікті
                   баллмен              бағалау          бағалау
                   өзін-өзі            
  __________________ бағалауы  
Өлшемнің  Баллмен     
атауы       ең  
          жоғарғы
          бағалау
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

     Тұжырымдар:

     Ұсыныстар:

     Жұмысшы орган басшысының қолы
     _______ж. "___"_______

                                                        6-қосымша

                    Қазақстан Республикасы
              Үкіметінің Сыйлығын беру жөніндегі
                  Комиссияның N___ хаттамасы

     _______ж. "___"_______

     Комиссия ұсынылған материалдар мен Жұмысшы органның 
тұжырымдамасының негізінде ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

     Конкурсқа
     қатысушы_____________________________________________________
             (ұйымның атауы, қабылданған шешім - жіберу/жібермеу)
___________________________________________________________________

            ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ СЫЙЛЫҒЫН АЛУҒА
                       КОНКУРСҚА БҰДАН ӘРІ ҚАТЫСУҒА

     Комиссияның төрағасы:__________________

     Комиссия мүшелері:___________________

                                                        7-қосымша

                     Қазақстан Республикасы
                Үкіметінің Сыйлығын беру туралы
                           N___ шешім

     _______ж. "___"_______

     Конкурсқа
     қатысушы_____________________________________________________
                                 (ұйымның атауы)

     1. Баллдық бағалау __________________________________________
                                   (баллдар саны)     

     2. Экспортқа өнімнің жеткізілуі _____________________________
                             (өнімнің көлемі, қандай уақыт ішінде)

     3. Сапа жүйесін бағалау______________________________________
                             (сертификатталған/сертификатталмаған)

     4. Басқа конкурстағы қатысу _________________________________
                              (кәрілер үйіне, емдеу мекемелеріне,
                          балаларға т.б. қамқорлық көмек көрсетеді)

     Қазақстан республикасы Үкіметінің Сыйлығын беру жөніндегі
     Комиссиямен жоғарыда келтірілген мәліметтер негізінде
     дауыстың көпшілігі шешімімен

     ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

              ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІ СЫЙЛЫҚТЫ БЕРЕДІ

             _______________________________________________
                           (ұйымның атауы)

            ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ СЫЙЛЫҒЫН АЛАТЫН
                            КОНКУРС ИЕГЕРІНЕ

     Комиссияның төрағасы:________________

                                                         8-қосымша

                  Конкурсты өткізудің құрылымдық схемасы
                  _____________________________________
                     Сыйлық беру жөніндегі Комиссия
                  _____________________________________

                  Конкурсты өткізу туралы хабарландыру
                     ______________________________
                          Кәсіпорын және ұйымдар
                     ______________________________

                    Конкурсқа қатысу үшін материалдар
                          және өтінімдер беру

                                             Бірінші кезең
                  _______________________________________
                   Конкурстық Комиссияның Жұмысшы органы
                  _______________________________________

                        Конкурсқа қатысатындардың
                              материалдарын
                         қабылдау және сараптау

                      Комиссияға материалдар дайындау
                                 және беру
                     __________________________________
                       Сыйлық беру жөніндегі Комиссия
                     __________________________________

                        Бұдан әрі конкурсқа қатысуға
                             үміткерлерді таңдау

                                              Екінші кезең
                      ________________________________
                               Сарапшылар тобы
                      ________________________________

                        Жергілікті орнында үміткерлерді
                            тексеру және Комиссияға
                              тұжырымдаманы ұсыну
                     ___________________________________
                       Сыйлық беру жөніндегі Комиссия
                     ___________________________________

                          Сыйлық беру жөнінде шешім
                                  қабылдау
                       ________________________________
                        Қазақстан Республикасы Үкіметі
                        _______________________________

                  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
                     шешімді бекіту туралы Жарлық қабылдауы

Қазақстан Республикасы      
Экономика және сауда       
министрлігінің Стандарттау,   
метрология және сертификаттау  
жөніндегі комитетінің төрағасының
2001 жылғы 2 мамырдағы     
N 128 бұйрығымен        
бекітілген           

  Сапа саласындағы жетістіктер үшін
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
сыйлығын алуға конкурсқа
қатысушыларды бағалау
Ережесі

      Ескерту. Ереженің күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті Төрағасының 2004 жылғы 31 мамырдағы N 139  бұйрығымен .

Қазақстан Республикасы      
Экономика және сауда       
министрлігінің Стандарттау,   
метрология және сертификаттау  
жөніндегі комитетінің төрағасының
2001 жылғы 2 мамырдағы     
N 128 бұйрығымен        
бекітілген           

  "Қазақстанның жақсы тауарлары" Республикалық
конкурсына ұсынылатын өнімдерге сараптық бағалау
жүргізу және ұйымдастыру
Ережесі 

      Ескерту. Мәтін бойынша "экономика" сөзі "индустрия" сөзімен ауыстырылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті Төрағасының 2004 жылғы 31 мамырдағы N 138  бұйрығымен ;
      барлық мәтін бойынша "Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті", "Стандарттау, метрология және сертификаттау комитеті", "Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетімен" деген сөздер "Техникалық реттеу және метрология комитеті", "Техникалық реттеу және метрология комитеті", "Техникалық реттеу және метрология комитетімен" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2005 жылғы 24 тамыздағы N 232 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз). 

1. Жалпы ереже

     1. Осы ереже "Қазақстанның жақсы тауарлары" Республикалық конкурсына (бұдан әрi - Конкурс) ұсынылатын өнiмдерге сараптық бағалау жүргiзу және ұйымдастыру тәртiбiн реттемелейдi. 

     2. Конкурсқа ұсынылатын өнiмдерге сараптау жүргiзу және ұйымдастыру ережесi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Сапа саласындағы конкурс туралы" 2001 жылғы 26 наурыздағы N 384 қаулысымен сәйкес әзiрленген.

     3. Конкурстың мақсаты мен мiндеттерi: 
     1) өндiрiске бәсекеге жарамды, жоғары сапалы отандық өнiмдер шығаруына көмек көрсету және Қазақстанның тұтынушылық рыногын сапалы отандық тауарлармен молықтыру; 
     2) жоғары сапалы отандық өнiмдердiң тұрақты шығарылуын ұйымдастыруда тәсiлдiң жүйелi - кешендi принциптерiн насихаттау; 
     3) сапалы өнiм өндiрушi қазақстандықтардың беделiн жоғары көтеру; 
     4) халық арасында сапа ұғымын түсiндiрiп тарату. 

  2. Конкурсқа қатысу шарттары

     4. Конкурсқа қатысушылар кез келген меншiктi нысандағы заңды және жеке тұлғалар бола алады, бұлар: 
     1) тұтынушылық және азық-түлік тауарлары өндірісін жүзеге асырады; 
     2) өнiм сапасының жоғарғы деңгейiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша және оны жүйелi түрде жақсартуда болымды нәтижелерi болады; 
     3) Қазақстан Республикасы Индустрия және Сауда министрлiгiнiң Техникалық реттеу және метрология комитетіне өтiнiм және құжаттар беру.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2005 жылғы 24 тамыздағы N 232 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

     5. Заңды және жеке тұлғалар конкурсқа қатысу үшiн мынадай құжаттар мен материалдарды тапсырады: 
     1) сапа мен қауiпсiздiк туралы сертификаттар көшiрмесi және қорытындылар (сәйкестiк сертификаты, экологиялық сертификат, гигиеналық қорытынды-болған ретте); 
     2) сапа жүйесiне немесе өндiрiске арналған сертификат көшiрмесi (болған ретте); 
     3) өнiмдердiң негiзгi тұтыну қасиеттерiнiң сандық негiзгi мәнiн көрсете отырып, параметрлерiн және жай-жапсарын сипаттау. 

     6. Конкурсқа жалпы басшылықты және ақырғы түпкiлiктi қорытынды жасауды Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Техникалық реттеу және метрология комитеті жүзеге асырады. 

  3. Республикалық конкурсты өткiзу кезеңi

     7. Конкурс жұмыстардың күнтiзбелiк жоспарымен сәйкес өткiзiледi және 4 кезең кiргiзiледi. 

     8. Бiрiншi дайындық кезеңi, желтоқсаннан бастап, қаңтарға дейiн өткiзiледi, ол мыналардан тұрады: әзiрлеу, конкурсты өткiзу және ұйымдастыру бойынша құжаттар пакетiн бекiту және келiсу.

     9. Екінші кезең - сәуір айынан бастап маусымды қоса алғанға дейінгі аралықта өтеді.
     Кезеңнің қамтитын мәселелері:
     Аймақтық сараптау комиссиясының конкурсқа қатысушылардан өнімдер бойынша қажетті материалдарды қабылдауы;
     Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық бөлімшелердің инспекторларын қатыстыру арқылы Аймақтық сараптау комиссиясы конкурсқа қатысу үшін ұсынылған өнімдерді сынақтан өткізген және талдау жасаған жұмыстарды іріктеу;
     Конкурсқа қатысушылардың өндірістерін қазіргі технологияны қолдануы, еңбек жағдайы, сапа жүйесін қолданысқа ендіруі және оларды Қазақстан Республикасы Техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінде сертификаттауы, (республикадағы, сондай-ақ шет мемлекеттердегі) тұтынушылардың сын-пікірлері, Қазақстан нарығына және экспортына қатысу үлесі бойынша тексеру. <*>
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті Төрағасының 2004 жылғы 31 мамырдағы N 138 бұйрығыменөзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2005 жылғы
24 тамыздағы N 232 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

      10. Үшiншi кезең, маусымнан бастап, қыркүйекке дейiн өткiзiлетiн аймақтық конкурстың түпкiлiктi қорытындысын шығаруға мыналар кiредi: аймақтық сараптау комиссиясы "Қазақстанның жақсы тауарлары" аймақтық конкурсының мерейгерлерi мен иегерлерiн белгiлейдi және қорытынды тiзiмiн бекiтедi. Аймақтық сараптау комиссиясы Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Техникалық реттеу және метрология комитеті ұйымдастырған Конкурстық комиссияға 1 тамыздан кешiктiрмей мынадай Құжаттарды жiбередi:
      1) конкурсты өткiзу және қорытындысы жайында есеп (ерiктi түрде);
      2) конкурсқа қатысушы ұйымдар тiзiмiн;
      3) конкурс мерейгерлерi және иегерлерi ұйымдарының тiзбесi (ерiктi түрде);
      4) аймақтық конкурсты өткiзу және ұйымдастыру жөнiнде әдiстемелiк ұсыныстар (ерiктi түрде). 
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті Төрағасының 2004 жылғы 31 мамырдағы N 138 бұйрығымен.

      11. Төртінші кезең қорытындылаушы.
      Қыркүйектен қарашаға дейін жүргізіледі және мынадай мәселелерді қамтиды:
      Республикалық Конкурсқа қатысушылардың тізімі Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитетімен бекітілген;
      Конкурсқа қатысушылардың материалдарын сараптау топтарының қарауы;
      Конкурсты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ақпараттық-жарнама жұмыстары;
      Дүниежүзілік көрме күні аясында Конкурс өткізу;
      Конкурсқа қатысушы сараптау топтың сараптық бағалауы және конкурстық комиссияның Конкурстық қортындысын шығару (лауреаттарды және дипломанттарды анықтау және оларды құттықтау);
      Конкурс жеңімпаздарының тізімін жариялау;
      "Қазақстанның үздік тауарлары" көрме-конкурсы лауреаттарының каталогын шығару.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті Төрағасының 2004 жылғы 31 мамырдағы N 138 бұйрығымен, ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2005 жылғы 24 тамыздағы N 232 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

  4. Конкурстың номинациясы

      12. Конкурстық комиссия қорытынды материалдар негiзiнде мынадай номинациялар бойынша мерейгерлер мен иегерлер бекiтедi:
      1) азық-түлiк тауарлары (1-қосымша);
      2) халыққа арналған өндiрiстiк тауарлар (2-қосымша);
      3) өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер (3-қосымша).
      Ескерту. 12-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті Төрағасының 2004 жылғы 31 мамырдағы N 138 бұйрығымен, ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2005 жылғы 24 тамыздағы N 232 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

     13. Аймақтық конкурстың мерейгерлерi немесе иегерлерi болған ұйымдар, аймақтық конкурстың жүлдесiмен және дипломымен марапатталады. Аймақтық конкурстың мерейгерлерi немесе иегерлерi "Қазақстанның жақсы тауарлары" көрмесiне қатысады. Көрме жеңiмпаздары "Қазақстанның жақсы тауарлары" Республикалық конкурсының дипломымен марапатталады.
      Конкурстың әр номинациясы қосымша көрермендер көзайымы жүлдесімен белгіленуі мүмкін.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті Төрағасының 2004 жылғы 31 мамырдағы N 138 бұйрығымен, ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2005 жылғы 24 тамыздағы N 232 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

  5. Конкурсты қаржыландыру

      14. Конкурсты өткiзу және ұйымдастыру бойынша жұмсалатын шығынды жабуға көзделген жарналар сомасын аймақтық және Конкурстық комиссия белгілейдi.

      15. "Қазақстанның жақсы тауарлары" көрмесiн өткiзуге жұмсалатын шығын жұмыстың көлемi мен мазмұны нақтыланғаннан кейiн конкурсқа қатысушымен өтеледi.

  6. Сараптық бағалау тәртiбiн ұйымдастыру

      16. Аймақтық сарапшылар тобының құрамы:
      1) әкiмшiлiк өкiлi;
      2) тәуелсiз зертханалар меңгерушiсi;
      3) берiлген өнiмнiң сарапшы-аудиторы;
      4) тұтынушылар құқын қорғау қоғамының өкiлi;
      5) мемлекеттiк стандарттарды қадағалайтын мемлекеттiк қадағалау маманы;
      6) мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау инспекторы.

      17. Сараптық бағалау баллының тәртiбiн ұйымдастыру:
      1) аймақтық сараптау топтың құрамын құрастыру барысында оны Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті облыстармен қалалардың әкімшілігімен келіседі; <*>
      2) сарапшылар тобының сандық құрамы - 7 адамнан аз болмауы керек. 
      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті Төрағасының 2004 жылғы 31 мамырдағы N 138 бұйрығымен.

      18. Сарапшылар тобының құқықтары: 
      1) қалыптамадағы әрбiр ұстаным бойынша өзiнiң бағасын қоюға құқы бар (оның алқалыққа қатысқанда бағаланатын өнiмдi талқылауына, тапсырылған материалдардың талдауына сүйенiп);
      2) сарапшы өзiнiң құзырет деңгейi жеткiлiктi деп есептейтiн қалыптамадағы ұстанымда өзiнiң бағасын қоюға құқы бар, басқа ұстанымдарды сызып тастайды;
      3) баллмен бағалауға қатысатын әрбiр сарапшы өзiнiң құзырет деңгейi анағұрлым жоғары деп есептейтiн ұстанымдарда өзiнiң бестен артық бағасын белгiлейдi.

      19. Сарапшылардың толтырған қалыптамасы құрамындағы құжаттар жинақтамасымен Конкурстық комиссияға жiберiледi.

      20. Пайдалылығы мен маңызын сараптау комиссиясы белгiлейтiн жекелеген өлшемдер, талаптар, көрсеткiштер бойынша алдын-ала жұмыстар жүргiзiледi.

      21. Егер бір номинация аясында өнімнің бір түрі бойынша ең кемі екі үміткер қатысса конкурс өтті деп есептеледі. <*>
      Ескерту. 21-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті Төрағасының 2004 жылғы 31 мамырдағы N 138 бұйрығымен.

      22. Конкурсқа үстем жағдайға ие және шетелдік заңды тұлғалардың өнімдері және сауда белгілерін шығаратын рынок субъектілері жіберілмейді. <*>
      Ескерту. 22-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті Төрағасының 2004 жылғы 31 мамырдағы N 138 бұйрығымен.

                                                         1-қосымша

                 "АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАР НОМИНАЦИЯСЫ"

                    Облыс _________________________________
                    Ұйым __________________________________
                    Өнім __________________________________
                    Бұйымның қорытынды баллы________________

                       САРАПТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ҚАЛЫПТАМАСЫ     

___________________________________________________________________
N     Өлшемдер, талаптар,                  Сарапшылар       Орташа
         көрсеткiштер                                        балл
___________________________________________________________________
1    Тұтынушылық ерекшелiк      1  2  3  4  5  6  7  8  9  10
    деңгейiн отандық
    тәрiздiлермен салыстыруда
    (1-10 балл)
2    Түйсiктiк ерекшелiк деңгейiн
    шетелдiк тәрiздiлермен
    салыстыру (1-10 балл)
3    қазақстан рыногындағы
    әлеуметтiк бәсекеге
    қабілеттiлiк деңгейi (қол
    жететiндiктер және сол
    тәрiздiлермен бағаны
    салыстырғанда) (1-10 балл)
4    Сатып алушы ұйымдардың,
    мем. бақылаушы органдар,
    тұтынушылар тарапынан
    сарапталып қуатталған
    кiнарат-талаптардың болуы/
    болмауы (0,10 балл) 
5    Сатып алушы ұйымдардың,
    тұтынушылардың болымды
    әсерлерi (сатып алушы
    ұйымдардың, тұтынушылардың
    сын-пікірі негiзiнде)
6    қазақстандық және аймақтық
    шикiзаттар мен материалдарды
    пайдалану % (1-10 балл)
7    Сапа көрсеткішінiң
    тұрақтылық деңгейi
    (1-10 балл)
8    Маркетингілік саясат
    тиiмдiлiгiнің  деңгейi, 
    бәсекеге қабiлеттiлiктi
    басқару  (1-10 балл)
9    "Тамақ өнiмдерi.
    Тұтынушыларға арналған
    ақпарат. Жалпы талаптар"
    туралы ҚР 1010-99 СТ
    қадағалау/қадағаламау
    (0,10 балл)
10   әрлеу, өнiмнің әсемдiк
    ерекшелiгi, буылып-түйiлуi 
    (1-10 балл)
___________________________________________________________________
                  БҰЙЫМЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ БАЛЛЫ (ОРТ.БАЛЛЫ)
___________________________________________________________________
     Жауапты тұлға (т.а.ж.)___________________________________
     _________________________________________________________
     Қолы__________________________

                                                         2-қосымша

          "ХАЛЫҚҚА АРНАЛҒАН ӨНДІРІСТІК ТАУАРЛАР"
                        НОМИНАЦИЯСЫ

                    Облыс _________________________________
                    Ұйым __________________________________
                    Өнім __________________________________

                    Бұйымның қорытынды баллы_______________

                   САРАПТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ҚАЛЫПТАМАСЫ

      ___________________________________________________________________
N     Өлшемдер, талаптар,                  Сарапшылар       Орташа
         көрсеткiштер       _______________________________  балл
                             1  2  3  4  5  6  7  8  9  10   
___________________________________________________________________
1    Отандық тәрізділермен          
    салыстырғандағы техникалық
    деңгейі (1-10 балл)
2    Шетелдік тәрізділермен
    салыстырғандағы техникалық
    деңгейі (1-10 балл)
3    Кепілдік міндеттеменің,
    сенімділіктің, қауіпсіздіктің
    деңгейi (1-10 балл)
4    Сатып алушы ұйымдардың,
    мем. бақылаушы органдар,
    тұтынушылар тарапынан
    сарапталып қуатталған
    кiнарат-талаптардың болуы/
    болмауы (0,10 балл) 
5    Сатып алушы ұйымдардың,
    тұтынушылардың болымды
    әсерлерi (сатып алушы
    ұйымдардың, тұтынушылардың
    сын-пікірі негiзiнде)
    (1-10 балл)
6    қазақстандық және аймақтық
    шикiзаттар мен материалдарды
    пайдалану % (1-10 балл)
7    Сапа көрсеткішінiң
    тұрақтылық деңгейi
    (1-10 балл)
8    Маркетингілік саясат
    тиiмдiлiгiнің  деңгейi, 
    бәсекеге қабiлеттiлiктi
    басқару (1-10 балл)
9    Бұйымдарды дайындауда
    пайдаланылатын  технологияның
    үдемелілігі, жаңалықтар
    ("ноухау" болуы, өнертабыстар,
    патенттер)
10   әрлеу, өнiмнің әсемдiк
    ерекшелiктерi, буылып-түйiлуi 
    (1-10 балл)
___________________________________________________________________
               БҰЙЫМЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ БАЛЛЫ (ОРТ.БАЛЛЫ)
___________________________________________________________________     

    Жауапты тұлға (т.а.ж.)___________________________________
    _________________________________________________________
    Қолы__________________________

                                                          3-қосымша

        "ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӨНДІРІСТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ӨНІМДЕР"
                      НОМИНАЦИЯСЫ

                    Облыс _________________________________
                    Ұйым __________________________________
                    Өнім __________________________________
                    Бұйымның қорытынды баллы________________

                 САРАПТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ҚАЛЫПТАМАСЫ

____________________________________________________________________
N     Өлшемдер, талаптар,                  Сарапшылар         Орташа
       көрсеткiштер          _______________________________  балл
                              1  2  3  4  5  6  7  8  9  10   
____________________________________________________________________
1    Отандық тәрізділермен
    салыстырғандағы техникалық
    деңгейі (1-10 балл)
2    Шетелдік тәрізділермен
    салыстырғандағы техникалық
    деңгейі (1-10 балл)
3    Кепілдік міндеттеменің,
    сенімділіктің, қауіпсіздіктің
    деңгейi (1-10 балл)
4    Сатып алушы ұйымдардың,
    мем. бақылаушы органдар,
    тұтынушылар тарапынан
    сарапталып қуатталған
    кiнарат-талаптардың болуы/
    болмауы (0,10 балл) 
5    Сатып алушы ұйымдардың,
    тұтынушылардың болымды
    әсерлерi (сатып алушы
    ұйымдардың, тұтынушылардың
    сын-пікірі негiзiнде)
    (1-10 балл)
6    қазақстандық және аймақтық
    шикiзаттар мен материалдарды
    пайдалану % (1-10 балл)
7    Сапа көрсеткішінiң
    тұрақтылық деңгейi
    (1-10 балл)
8    Маркетингілік саясат
    тиiмдiлiгiнің  деңгейi, 
    бәсекеге қабiлеттiлiктi
    басқару  (1-10 балл)
9    Бұйымдарды дайындауда
    пайдаланылатын  технологияның
    үдемелілігі, жаңалықтар
    ("ноухау" болуы, өнертабыстар,
    патенттер)
10   әрлеу, өнiмнің әсемдiк
    ерекшелiктерi, буылып-түйiлуi 
    (1-10 балл)
____________________________________________________________________                  БҰЙЫМЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ БАЛЛЫ (ОРТ.БАЛЛЫ)
____________________________________________________________________
    Жауапты тұлға (т.а.ж.)___________________________________
    _________________________________________________________
    Қолы__________________________
   Тұтынушылық ерекшелiктерiн отандық тәрiздiлермен салыстырғандағы
                         деңгейдiң бағалануы
____________________________________________________________________
     Макфа              "Макфа" үмiткер         "Спагетти" тәрiздi
____________________________________________________________________
    Өндiрушi                ААҚ "Макфа"            ААҚ "Экстра М"
    Сыртқы ресiмдеу         өте жақсы                  Жақсы
    Сақталуы, айл.          өте жақсы                өте жақсы
    Буып-түйілуі            өте жақсы               қанағаттанарлық
    Белоктар %                10,4                      10,6
    Майлары %                  0,9                       1,1.
    Көмiртегi %               75,1                      69,7
    Нәрлiлiгi, нәр. мөлш.      332                       338
    Ылғалдылығы, %            Жақсы                   өте жақсы
    Қышқылдылық, град.      өте жақсы                 өте жақсы
    Салмақтың ауытқуы, г      Жақсы                 қанағаттанарлық
    Салмақтың
    тұрақсыздығы, %           Жақсы                    өте жақсы
    Өнiмнiң түрi              Жақсы                      жақсы
    Түсi                      Жақсы                      жақсы
    Бетi                    өте жақсы                  өте жақсы
    Қалпы                   өте жақсы                  өте жақсы
    Дәмi                    өте жақсы                  өте жақсы
    Иiсi                    өте жақсы                    жақсы
____________________________________________________________________
    Сараптық бағалау    жақсы/өте жақсы-(4.5)
    (балл)              немесе 9 сарапшының
                        шешiмi бойынша
____________________________________________________________________                     Ұсынылатын бағалау салыстырымдылығы:
____________________________________________________________________
1 - адым  Деңгейдi     Қанағаттан. Қанағаттанар.   Жақсы   Өте жақсы
         бастапқы     арлықсыз    лық
         бағалау
2 - адым  Бес баллдық
         шәкiл          1-2           3            4          5
3 - адым  Он баллдық
         шәкiл          1,2,3        4,5,6         7,8       9,10
____________________________________________________________________                   САРАПТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ҚАЛЫПТАМАСЫ 
____________________________________________________________________
N     Өлшемдер, талаптар,                Сарапшылар           Орташа
       көрсеткiштер            ______________________________ балл
                                1  2  3  4  5  6  7  8  9  10
____________________________________________________________________
1    Отандық тәрізділермен
    салыстырғандағы техникалық  5  6  7  7  5  4  8  8  Х   Х  6,25
    деңгейі (1-10 балл)
2    Түйсiктiк ерекшелiк         Х  8  8  Х  Х  8  7  8  Х   Х   7,8
    деңгейiн шетелдiк
    тәрiздiлермен               
    салыстырғанда 
    (1-10 балл)
3    қазақстан рыногындағы       9  9  Х  10 10 8  Х  9  10  Х  9,2
    әлеуметтiк бәсекеге         
    қабілеттiлiк (қол 
    жететiндiктер және сол
    тәрiздiлермен бағаны
    салыстырғанда) (1-10 балл)
4    Сатып алушы ұйымдардың,     10 10 10 10 Х  Х  10 10 Х   Х   10
    мем. бақылаушы органдар,
    тұтынушылар тарапынан
    сарапталып қуатталған
    кiнарат-талаптардың болуы/
    болмауы (0,10 балл) 
5    Сатып алушы ұйымдардың,
    тұтынушылардың болымды      5  6  6  7  6  8  5  Х  8   7  6,44
    әсерлерi (сатып алушы
    ұйымдар, тұтынушылардың
    сын-пікірі негiзiнде)
    (1-10 балл)
6    қазақстандық және           7  8  9  8  9  9  8  9  Х   Х  8,38
    аймақтық шикiзаттар
    мен материалдарды
    пайдалану % (1-10 балл)
7    Сапа көрсеткішінiң          Х  4  6  4  Х  5  4  3  Х   Х  4,33
    тұрақтылық деңгейi          
    (1-10 балл)
8    Маркетингілік саясат
    тиiмдiлiгiнің  деңгейi,     6  Х  7  6  5  6  Х  Х  8   Х  6,33
    бәсекеге қабiлеттiлiктi
    басқару  (1-10 балл)
9    "Тамақ өнiмдерi.
    Тұтынушыларға арналған
    ақпарат. Жалпы талаптар"    Х  0  0  Х  Х  0  0  Х  Х   Х   0 
    туралы ҚР 1010-99 СТ
    қадағалау/қадағаламау
    (0,10 балл)
10   әрлеу, өнiмнің әсемдiк      Х  7  Х  Х  6  Х  Х  9  6   7   7
    ерекшеліктері,
    буылып-түйiлуi
    (1-10 балл)
____________________________________________________________________                   БҰЙЫМЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ БАЛЛЫ (ОРТ.БАЛЛЫ)         65,73
____________________________________________________________________
     Ескерту : Х - сараптық бағалауға қатысушы баллдық бағалаудан
қалыс қалады
    7 - сараптық бағалауға қатысушы материалдармен зерделеуді және
алқалық талқылауды есепке алып, баллдық бағалауды беруге болады деп
септейді
    8 - сараптық бағалауға қатысушы неғұрлым осы сала бойынша 
(өз пікірі бойынша) білікті (өзінің бағалауына ерекше көңіл аударады)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады