Мемлекеттік органды айқындау немесе Қазақстан Республикасында өтеусіз қаржылық және техникалық көмек гранттары шеңберінде беретін тауарлар алуға және кедендік ресімдеуге жауапты тұлғаның Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрінің 2002 жылғы 23 сәуірдегі N 48 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 6 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1846. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 23 мамырдағы № 151 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 23.05.2013 № 151 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2001 жылғы 7 маусымдағы N 717 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2001 жылғы 26 шілдедегі N 1588 V011588_ тіркелген, өтеусіз қаржылық және техникалық көмек ретінде, халықаралық ұйымдарға, үкіметтерге, мемлекеттер желі бойынша Қазақстан Республикасының кедендік аумақтарына әкелінетін тауарларды кедендік ресімдеу өткізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл Ережесін орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органды айқындау немесе Қазақстан Республикасында өтеусіз қаржылық және техникалық көмек гранттары шеңберінде беретін тауарлар алуға және кедендік ресімдеуге жауапты тұлғаның Ережесі бекітілсін.
     2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуге өткен күнінен бастап күшіне енеді.

     Министр

                                               Қазақстан Республикасы
                                                Экономика және сауда
                                                   министрлігінің
                                               2002 жылғы 23 сәуірде
                                                   N 48 бұйрығына                                                           қосымша
 
Мемлекеттік органды айқындау немесе Қазақстан Республикасында
өтеусіз қаржылық және техникалық көмек гранттары шеңберінде
беретін тауарлар алуға және кедендік ресімдеуге жауапты тұлғаның
ЕРЕЖЕСІ

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2001 жылғы 7 маусымдағы N№717 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2001 жылғы 26 шілдедегі N 1588 V011588_ тіркелген, өтеусіз қаржылық және техникалық көмек ретінде, халықаралық ұйымдарға, үкіметтерге, мемлекеттер желісі бойынша Қазақстан Республикасының кедендік аумақтарына әкелінетін тауарларды кедендік ресімдеу өткізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл Ережесін орындау үшін әзірленіп отыр.
      2. Мемлекеттік орган немесе өтеусіз қаржылық және техникалық көмекті алушы - ұйым шарт (келісім-шарт, меморандум) жасасқаннан кейін өтеусіз қаржылық және техникалық көмекті беру туралы халықаралық шартқа қол қою туралы хабарлама Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігінен беруді немесе алу туралы Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігіне мынадай құжаттар:
      - өтеусіз қаржылық және техникалық көмекті беру туралы шарттың (келісім-шарттың, меморандумның, келісімнің) көшірмесі;
      - шарт (келісім-шарттың, меморандумның, келісімнің) шеңберінде жеткізілетін тауарлардың (материалдар, құрал-жабдықтар) тізбесі;
      - әкелінетін тауарлар кедендік ресімделіп және бақылау жүзеге асырылады, облыстар (қалалар) көрсетіле отырып, тауарларды берудің кестесі ұсынылады.
      3. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі жоғарыда аталған құжаттарды алғаннан кейін және оларды қарағаннан кейін осы мемлекеттік органды айқындау немесе Қазақстан Республикасына өтеусіз қаржылық және техникалық көмек шеңберінде берілетін тауарларды алуға және кедендік ресімдеуге жауапты тұлғаны ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс министрлігіне хат жолдайды.
      4. Тауарларды алуға және кедендік ресімдеуге жауапты тұлға қайта

 

ұйымдастырылған немесе тұлғаны тарату жағдайында оның заңды мемлекеттік

мұрагері болып табылатын ұйым немесе орган 10 күн мерзімде оны өтеусіз

қаржылық және техникалық көмек шеңберінде берілетін тауарларды алуға және

кедендік ресімдеуге жауапты тұлға етіп айқындауы үшін Қазақстан

Республикасының Экономика және сауда министрлігіне жүгінеді.



      Мамандар:

             Омарбекова А.Т.

             Икебаева Ә.Ж.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады