Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында чектерді қолдану туралы ережені бекіту жөнінде" 1998 жылғы 5 желтоқсандағы N 266 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2002 жылғы 13 мамырдағы N 169. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 19 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1886. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 91 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.03.2016 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының аумағында чектер мен чек кітапшаларын беру және пайдалану ісін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында чектерді қолдану туралы ережені бекіту жөнінде" 1998 жылғы 5 желтоқсандағы N 266 V980662_ қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

 

     Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында

чектерді қолдану туралы ереженің:

     3-тармағындағы "эмитент-банктері" деген сөздер "чек беруші банкі"

деген сөздермен ауыстырылсын;

     5-тармағындағы:

     3) тармақшасы алынып тасталсын;

     10) тармақшасындағы "жеке" деген сөз "бірегейлендірілген" деген

сөзбен ауыстырылсын;

     11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

     "11) "төлеңіз" деген баған;";

     12) тармақшасы "төлемнің мақсаты" деген сөздерден кейін "(қолма-қол

ақша алу чегін қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;

     мынадай редакциядағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

     "15) "кіріс мақсаты (қолма-қол ақша алу чегі үшін) деген баған.";

     1-тарау мынадай редакциядағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:


 
       "6-1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген болса және оған чекті пайдалана отырып операцияларды өңдеу үшін қажет болса, чек берушінің банкі чекке қосымша деректемелердің қойылуын талап етуге құқылы.";
      14-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Егер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде басқаша көзделмесе, чек беруші банктің уәкілетті органы чек пен чек кітапшасы бланкісінің үлгісін өзі бекітуге құқылы. Бұл орайда чек пен чек кітапшасының бланкісі осы Ереженің талаптарына сәйкес келуге тиіс.";
      1-тарау мынадай редакциядағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
      "14-1. Қорғалу дәрежесіне қойылатын ең аз талаптар, сондай-ақ төленген чектерді чек берушінің банкінің есепке алу тәртібі чек берушінің банкінің ішкі ережелерінде белгіленеді.";
      16-тармақтың:
      1) тармақшасындағы "және олардың қорғалу дәрежесіне (кем дегенде 5 еселік) қойылатын ең аз талаптардың" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) тармақшасының:
      үшінші азатжолындағы:
      "жолдың ең басынан" деген сөздерден кейін "бас әріптен" деген сөздермен толықтырылсын;
      "көрсетілмейді" деген сөзден кейін ", сомасы санмен және жазумен жазылғаннан кейінгі бос жерге қос сызық сызылады" деген сөздермен толықтырылсын;
      төртінші азатжолындағы "бұйрыққа" деген сөз алынып тасталсын;
      мынадай редакциядағы бесінші азатжолмен толықтырылсын:
      "чек берушінің (жеке тұлғалар үшін) немесе оның мүддесін көздейтін адамның тұлғаның (заңды және жеке тұлғалар үшін) жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі, кім және қашан берген;";
      бесінші, алтыншы, жетінші азатжолдары тиісінше алтыншы, жетінші, сегізінші азатжолдары болып есептелсін;
      сегізінші азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
      "чектің түбіртегінде:
      чек жазылған ақша сомасы (сома санмен қойылады), чек жазылған күн және чек берушінің немесе чек кітапшасын пайдалануға уәкілетті адамның қолы және чек берушінің мөр таңбасы (заңды тұлғалар үшін), егер чек кітапшасы белгілі бір сомаға берілсе - операция жасалғанға дейінгі сома қалдығы және чек кітапшасы бойынша жаңа қалдық (қалдық санмен және жазумен

 

қойылады);";

     4) тармақшасы "мерзімі" деген сөзден кейін "(егер чек кітапшасы

белгілі бір мерзімге берілсе);" деген сөздермен толықтырылсын;

     5), 6) тармақшалары алынып тасталсын;

     2-тарау мынадай редакциядағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

     "16-1. Осы Ереженің 16-тармағында көрсетілген чектерді пайдалану

туралы шарттың талаптары чек берушінің банкі мен чек берушінің арасында

жасалған өзге де (аралас) шартта көзделуі мүмкін.";

     18-тармақтағы:

     2) тармақшаның:

     үшінші азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:

     "чек берушінің (жеке тұлғалар үшін) жеке куәлігінің сериясы, нөмірі;";

     бесінші азатжолындағы "жеке" деген сөз "бірегейлендірілген" деген

сөзбен ауыстырылсын;

     жетінші азатжолы "және чек кітапшасының сомасы (егер олар анықталса)"

деген сөздермен толықтырылсын;

     сегізінші азатжолы алынып тасталсын;


 
       оныншы азатжолы "(қолма-қол жасалмайтын төлемді жүзеге асыру мақсатында чек кітапшасын берген кезде) немесе жауапты адамның қолы және чек берушінің банкінің мөртабаны (қолма-қол ақша алу мақсатында чек кітапшасын берген кезде)" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақшаның:
      екінші азатжолындағы "жеке" деген сөз "бірегейлендірілген" деген сөзбен ауыстырылсын;
      үшінші және бесінші азатжолдары алынып тасталсын;
      мынадай редакциядағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Чек берушінің банкі чек кітапшасының сырт жағын толтыру тәртібіне қойылатын қосымша талаптарды белгілеуге құқылы.";
      25-тармақтағы "чек ұстаушы" деген сөзден кейін "егер ол сонымен қатар чек беруші болып саналмаса," деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
      3. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан

 

Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу

шараларын қабылдасын;

     2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік

тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі

бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге

жіберсін.

     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық

Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т. Жангелдинге жүктелсін.

       Ұлттық Банк

         Төрағасы                                            








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады