Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына бақылау жасау құқығын иемденуге рұқсат беру ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2002 жылғы 3 маусымдағы N 207. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 4 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1906.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 20   қаулысымен .
_____________________________

      "Сақтандыру қызметi туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126-II ҚРЗ Қазақстан Республикасының  Заңын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДI
      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына бақылау жасау құқығын иемденуге рұқсат беру ережесi бекiтiлсiн. 
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi. 
      3. Банктердi және сақтандыруды қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.): 
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын; 
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне және аумақтық филиалдарына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жiберсiн. 
      4. Осы қаулы күшiне енгiзiлген күннен бастап сақтандыру (қайта сақтандыру) Ұйымына бақылау жасау құқығын иемденуге рұқсат беру ережесi қолданылатын тұлғалар 90 күнтiзбелiк күн iшiнде сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға көрсетiлген мерзiм iшiнде растау құжаттарын ұсына отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына бақылау жасау құқығын иемденуге рұқсат беру туралы, не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс берушi акцияларын тiкелей немесе аффилиирленген тұлғалар арқылы иелену, пайдалану және басқару үлесін бес проценттен төмен деңгейге дейін азайту туралы өтініш беруге міндетті. 
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А.Марченкоға жүктелсін.  

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының  
Ұлттық Банкi Басқармасының  
"Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымына бақылау жасау құқығын
иемденуге рұқсат беру ережесiн
бекiту туралы" 2002 жылғы  
3 маусымдағы N 207 қаулысымен
бекiтiлген           

  Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына
бақылау жасау құқығын иемденуге рұқсат беру
ережесi

       Ескерту: Ереженiң мәтiнiндегi "уәкiлеттi мемлекеттiк орган", "уәкiлеттi мемлекеттiк органның" деген сөздер "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 416   қаулысымен .

1. Жалпы ережелер  

      1. Осы Ереже "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi, уәкiлеттi органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөнiндегi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына бақылау жасау құқығын иемденуге рұқсат (бұдан әрi - рұқсат) беру тәртiбiн және оны беруден бас тарту негiздерiн айқындайды.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 416   қаулысымен

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына (бұдан әрi - сақтандыру ұйымы) бақылау жасау құқығын иемденген тұлға сақтандыру ұйымының дауыс берушi акцияларының жиырма бес процентiнен астамын тiкелей немесе аффилиирленген тұлғалар арқылы иеленетiн, пайдаланатын немесе билiк ететiн заңды немесе жеке тұлға болып табылады.

      2-1. Заңды немесе жеке тұлғаның аффилиирленген тұлғалары:
      сақтандыру ұйымының акционерi болып табылатын және сақтандыру ұйымының дауыс беретiн акцияларының жиырма бестен көп процентiмен дауыс беру мүмкiндiгi бар тұлғалардың; немесе
      сақтандыру ұйымының акционерi болып табылатын және сақтандыру ұйымының дауыс беретiн акцияларының жиырма бестен көп процентiмен дауыс беру мүмкiндiгi бар тұлғалардың акцияларының (қатысу үлесiнiң) отыз бес немесе одан көп процентiн тiкелей немесе басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы иеленген (дауыс беру мүмкiндiгi бар) тұлғалардың акцияларының (қатысу үлесiнiң) отыз бес немесе одан көп процентiн иеленген (дауыс беру мүмкiндiгi болған) жағдайда заңды немесе жеке тұлға сақтандыру ұйымының дауыс беретiн акцияларының жиырма бес процентiнен көбiн иеленген болып танылады.
       Ескерту: 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 416   қаулысымен .

      3. Тұлғалардың ешқайсысы уәкiлеттi орган берген рұқсатты алмай сақтандыру ұйымына бақылау жасау құқығын иемденуге құқылы емес. 

  2. Рұқсат беру тәртiбi және рұқсат беруден
бас тарту негiздерi

      4. Сақтандыру ұйымына бақылау жасау құқығын иемдену ниетi бар заңды немесе жеке тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші) рұқсат беру туралы уәкiлеттi органға өтініш жасайды.
       Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қазандағы N 323   қаулысымен

      5. Өтініш еркін нысанда жасалады және оған мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) жеке тұлға - осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің деректері, сондай-ақ оның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
      2) заңды тұлға:
      осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің деректері;
      жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
      сақтандыру ұйымын бақылау құқығын иелену туралы өтініш берушінің жоғарғы органы шешімінің көшірмесі;
      сақтандыру ұйымының акцияларын сатып алу мерзімі мен талаптары туралы, сатып алу үшін пайдаланылатын ақша сомасы және оның көздерінің сипаты туралы, растаушы құжаттар қоса берілген мәліметтер;
      сатып алғаннан кейін өтініш берушінің болжалды есеп айырысу балансын қосқандағы сақтандыру ұйымының бақылау құқығын иелену зардаптарына, бар болған жағдайдағы өтініш берушінің жоспарлары мен ұсыныстарына, сақтандыру ұйымдарының активтерін сату бойынша,  сақтандыру ұйымының басқа заңды тұлғамен бірігуі немесе  қызметке маңызды өзгерістер енгізу немесе сақтандыру ұйымын басқару (бизнес-жоспарды және ұйымдық құрылымды қосқанда) қаржылық болжам жасау;
      Сондай-ақ рұқсат беру туралы өтініш берердің алдындағы тоқсан соңында аудиторлық ұйым қол қойған (не заңды тұлға құрылған сәттен бастап бір аяқталған қаржы жылы үшін, егер осы мерзім екі жылдан кем болмаса) соңғы екі аяқталған қаржы жылы үшін алынған түсіндірме жазбасы қоса берілген өтініш берушінің жылдық есеп беруі;
      өтініш берушінің сақтандыру ұйымы алдында мерзімі өткен және (немесе) берешек балансына қойылған берешектердің жоқтығын растайтын құжаттар;
      Аталған құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде берілуі мүмкін. Құжаттардың басқа тілдерден аударылуы нотариат арқылы куәландырылуы тиіс.
       Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 416   қаулысымен ,  ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қазандағы N 323    қаулысымен

      6. Егер сақтандыру ұйымын бақылау құқығын екi және одан да көп тұлғалар иемденсе, олардың әрқайсысы рұқсат алуға қажеттi рұқсатты дербес беріледі.
       Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қазандағы N 323   қаулысымен .  

      7. Рұқсат беру туралы мәселенi уәкiлеттi орган өтiнiш берушi осы Ереженiң 5-тармағында көзделген құжаттардың толық пакетiн ұсынған күннен бастап бiр ай iшiнде қаралады.
       Ескерту: 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қазандағы N 323   қаулысымен

      8. Сақтандыру ұйымын бақылау құқығын иеленуге рұқсат алудан бас тарту негізі - өтініш берушінің қаржылық тұрақсыздығы болып табылады.
       Ескерту: 8-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қазандағы N 323   қаулысымен .
      9. Өтiнiш берушiнiң қаржылық тұрақсыздық белгiлерi мынадай факторлардың бiрi болып табылады:
      1) өтiнiш берушiнiң мiндеттемелерi оның активтерiнен асып кетедi;
      2) егер өтiнiш берушiнiң соңғы екi қаржылық жыл iшiндегi қызметiнiң нәтижесi зиян болып табылса;
      3) өтiнiш берушiнiң мiндеттемелерiнiң мөлшерi сақтандыру ұйымының қаржылық жай-күйiне айтарлықтай қауiп төндiредi;
      4) өтiнiш берушiнiң сақтандыру ұйымы алдындағы мерзiмi өткен және (немесе) сақтандыру ұйымының балансынан тыс есебiне жатқызылған берешегiнiң болуы;
      5)  заңды тұлға-өтініш берушінің меншікті капиталының жеткіліксіздігі - Заңның  25-бабының  2-тармағына сәйкес сақтандыру ұйымының акцияларын сатып алу үшін.
       Ескерту: 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 416   қаулысымен ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қазандағы N 323   қаулысымен .

      10. Уәкiлеттi орган рұқсат беруден бас тартқан жағдайда өтініш берушіге бас тартудың нақты себептерін көрсете отырып жазбаша хабарлауға міндеттi.

      11. Уәкiлеттi органның сақтандыру ұйымын бақылау құқығына рұқсаты бар тұлға он күнтiзбелiк күн iшiнде уәкiлеттi органға растама құжаттарын ұсына отырып сақтандыру ұйымына тiкелей немесе аффилиирленген тұлғалары арқылы қатысу үлесiнiң өзгеруi туралы жазбаша хабарлайды.
      Бұл ретте дауыс беретiн акциялардың үлесiн өзгертуге уәкiлеттi органның рұқсаты талап етiлмейдi.
       Ескерту: 11-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 416   қаулысымен .

      11-1. Уәкiлеттi органның сақтандыру ұйымын бақылау құқығына рұқсатын алған тұлға аталған рұқсатты алған күннен бастап он күнтiзбелiк күн iшiнде уәкiлеттi органға сақтандыру ұйымына дауыс беретiн акциялардың үлесiн тiкелей немесе аффилиирленген тұлғасы арқылы сатып алу фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынады.
      Сақтандыру ұйымына бақылау жасау құқығына рұқсат алған тұлға уәкілетті органға осы тармақта көрсетілген құжаттарды бермеген жағдайда жоғарыда аталған рұқсат көрсетілген мерзім бойынша өзінің күшін тоқтатады.
       Ескерту: 11-1-тармақпен толықтырылды, тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 416   қаулысымен ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қазандағы N 323   қаулысымен .

  3. Қорытынды ережелер

      12. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiлетiн болады.

       Төраға

                                      Қазақстан Республикасының  
                                      Ұлттық Банкi Басқармасының  
                                        2002 жылғы 3 маусымдағы   
                                      N 207 қаулысымен бекiтiлген
                                      Сақтандыру (қайта сақтандыру)
                                      ұйымына бақылау жасау құқығын
                                     иемденуге рұқсат беру ережесiне
                                                 N 1 қосымша

       Ескерту: 1-қосымшаға толықтырулар енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 416   қаулысымен ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қазандағы N 323   қаулысымен .

         ӨТIНIШ БЕРУШI (ЖЕКЕ ТҰЛҒА) ТУРАЛЫ МӘЛIМЕТТЕР

____________________________________________________________________            (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)
1. Өтiнiш берушiнiң аты-жөнi_______________________________________
___________________________________________________________________
2. Туған күнi______________________________________________________
3. Азаматтығы______________________________________________________
4. Жеке басын куәландыратын құжаттағы деректер (нөмiрi, сериясы,
берiлген күнi және кiм берген)_____________________________________
___________________________________________________________________
5. Мекен-жайы______________________________________________________ 
6. Жұмыс орны, қызметi_____________________________________________
7. Бiлiмi _________________________________________________________
          (оқу орнын, аяқталған жылын, мамандығын көрсету керек)
8. Еңбек қызметi туралы қысқаша резюме_____________________________
___________________________________________________________________
                   (мекен-жайы, қызметi, жұмыс уақыты)
9. Өтiнiш берушiнiң сақтандыру ұйымының жарғылық капиталындағы үлесi
(оның iшiнде басқа акционерлермен бiрге үлесi)_______________
___________________________________________________________________
(қажет болған жағдайда басқа акционерлердiң де үлесiн көрсету керек)
10. Акционердiң басқа да заңды тұлғалардың жарғылық капиталына
(тiкелей немесе аффилиирленген тұлғалар арқылы) қатысуы туралы
мәлiметтер:
- осы ұйымдардың атауы және мекен-жайы
____________________________________________________________________
- осы ұйымдардың мемлекеттiк тiркелуi туралы мәлiметтер
____________________________________________________________________
- олардың қызметiнiң түрi (қызметiнiң түрiн атап көрсетiңiз)
____________________________________________________________________
- осындай заңды тұлғаның әрқайсысының жарғылық капиталдағы үлесi, сондай-ақ оның ақшалай алғандағы мөлшері
________________________
    (қолы, күні)

11. Құрылтайшының жақын туыстарының (әкесi, шешесi, аға-iнiсi,
апа-қарындасы, жұбайы, балалары) сақтандыру ұйымының немесе өзге де
заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы туралы, сондай-ақ -
тiкелей немесе аффилиирленген тұлғалар арқылы қатысатын әкесi,
шешесi, аға-iнiсi, апа-қарындасы, балалары, жұбайы туралы
мәлiметтер:
- осы ұйымдардың атауы және мекен-жайы
____________________________________________________________________
- осы ұйымдардың мемлекеттiк тiркелуi туралы мәлiметтер
____________________________________________________________________
- олардың қызметiнiң түрi (қызметiнiң түрiн атап көрсетiңiз)
____________________________________________________________________
- осындай заңды тұлғаның әрқайсысының жарғылық капиталдағы үлесi
12. Сақтандыру ұйымы акционерiнiң дауыс беретiн акциялар сатып алуға
арналған ақшаның шығуы ________________________________
13. Сақтандыру ұйымының акционерi мүлкiнiң (жылжымалы, жылжымайтын)
тiзбесi ____________________________________________________________
____________________________________________________________________
оның iшiнде кепiлге салынғаны ______________________________________
14. Сотталғандығы туралы мәліметтер
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
15. Сақтандыру қызметіне орай құқық бұзушылық жасауына байланысты  әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны туралы мәліметтер
___________________________________________________________________
___________________
    (қолы, күні)

                                       Қазақстан Республикасының  
                                       Ұлттық Банкi Басқармасының
                                        2002 жылғы 3 маусымдағы
                                       N 207 қаулысымен бекiтiлген
                                      Сақтандыру (қайта сақтандыру)
                                      ұйымына бақылау жасау құқығын
                                     иемденуге рұқсат беру ережесiне
                                               N 2 қосымша       

       Ескерту: 2-қосымшаға толықтырулар енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қазандағы N 323   қаулысымен .

                 ӨТIНIШ БЕРУШI (ЗАҢДЫ ТҰЛҒА)
                      ТУРАЛЫ МӘЛIМЕТТЕР

____________________________________________________________________              (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)
1. Өтiнiш берушiнiң атауы __________________________________________
____________________________________________________________________                           (ұйымның толық атауы)
2. Өтiнiш берушiнiң мекен-жайы______________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
            (почта индексi және мекен-жайы, телефоны, факс)
3. Мемлекеттiк тiркелгенi туралы мәлiметтер_________________________
____________________________________________________________________
           (құжаттың атауы, нөмiрi, берiлген күнi, кiм берген)
4. Қызметтiң мәнi___________________________________________________
____________________________________________________________________                (қызметiнiң негiзгi түрлерi көрсетiлсiн)
5. Қазақстан Республикасының резидентi, резидент емесi болып санала
ма (резидент емес болса, қай елдiң резидентi екендiгi көрсетiлсiн)
____________________________________________________________________
6. Өтiнiш берушiнiң бiрiншi басшысы туралы ақпарат
____________________________________________________________________                     (аты-жөнi, туған күнi, айы, жылы)
Бiлiмi______________________________________________________________
____________________________________________________________________
          (оқу орнын, аяқталған жылын, мамандығын көрсету керек)
6-1. Еңбек жолы туралы мәліметтер:
___________________________________________________________________
     Жұмыс кезеңі     |      Жұмыс орны        |      Қызметі
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

6-2. Сотталғандығы туралы мәліметтер
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
6-3. Сақтандыру қызметіне байланысты құқық бұзушылық жасауына байланысты әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны туралы мәліметтер
___________________________________________________________________
6-4. Өтініш берушінің мүддесі тапсырылған өтініш беруші өкілі туралы мәліметтер
___________________________________________________________________
                          (аты-жөні)
___________________________________________________________________
        (жеке басын куәландыратын құжат деректері)
7. Өтiнiш берушiнiң сақтандыру ұйымының жарғылық капиталындағы
үлесi (оның iшiнде басқа акционерлермен бiрге үлесi) _______________
____________________________________________________________________
(қажет болған жағдайда басқа акционерлердiң үлесiн де көрсету керек)
8. Өтiнiш берушiнiң басқа да заңды тұлғалардың жарғылық капиталына
қатысуы туралы мәлiметтер:
- осы ұйымдардың атауы және мекен-жайы _____________________________
- осы ұйымдардың мемлекеттiк тiркелуi туралы деректер
____________________________________________________________________
- олардың қызметiнiң түрi (қызметiнiң түрiн атап көрсетiңiз)________
____________________________________________________________________
- осындай заңды тұлғаның әрқайсысының жарғылық капиталдағы үлесi , сондай-ақ оның ақшалай алғандағы мөлшері
____________________________________________________________________
9. Өтiнiш берушiнiң заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы 10%-тен
кем болмайтын акционерлерiнiң/қатысушыларының тiзбесi:
- осы ұйымдардың атауы және тұрған орны, не аты-жөнi және мекен-жайы
____________________________________________________________________
- олардың қызметiнiң түрi (қызметiнiң түрiн атап көрсетiңiз)
____________________________________________________________________
- өтiнiш берушiнiң жарғылық капиталдағы үлесi
____________________________________________________________________
(басшының қолы, күнi)

_______________________
    (ұйымның мөрi)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады