Кейбір селолық округтер мен Бурабай поселкесінің шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Ақмола облыстық мәслихаты мен Ақмола облысы әкімінің бірлескен шешімі 2002 жылғы 12 сәуірдегі N С-16-12/35. Ақмола облысының Әділет басқармасында 2002 жылғы 8 мамырда N 1081 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының Z934200_ "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабына сәйкес, облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру мақсатында және аудан әкімдері мен аудандық мәслихаттардың бірлескен өтініштері негізінде облыстық мәслихат пен облыс әкімі шешім қабылдайды:
      - облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
                   Бұланды ауданы бойынша
      1. Вознесенский селолық округінің шекарасы өзгертілсін және екі әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын:
      - Вознесенский селолық округі, орталығы Вознесенка селосы, Вознесенка, Белоцерковка, Красный кардон селоларының шекарасында;
      - Қараөзек селолық округі, орталығы Колоколовка селосы, Колоколовка, Купчановка, Прохоровка, Еруслановка селоларының шекарасында.
      2. Журавлевский селолық округінің шекарасы өзгертілсін және екі әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын:
      - Журавлевский селолық округі, орталығы Журавлевка селосы, Журавлевка, Ярославка, Новодонецк, Воробьевка селоларының шекарасында;
      - Айнакөл селолық округі, орталығы Красноводское селосы, Красноводское, Острогорское селоларының шекарасында.
      3. Карамышевский селолық округінің шекарасы өзгертілсін және екі әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын:
      - Карамышевский селолық округі, орталығы Карамышевка селосы, Карамышевка, Отрадное, Мат, Суворовка, Роза Люксембург атындағы селолар;
      - Амангелді селолық округі, орталығы Партизанка селосы, Партизанка, Ортақшыл селоларының шекарасында.
 
                         Щучье ауданы бойынша
      1. Наурызбай және Зеленоборское селолық округтерінің шекаралары Мәдениет және Жаңаталап селоларын Наурызбай селолық округінің әкімшілік қарамағынан орталығы Зеленый Бор селосындағы Зеленоборское селолық округінің әкімшілік қарамағына тапсыру арқылы өзгертілсін.
      2. Бурабай поселкесі мен Зеленоборское селолық округінің шекаралары Қымызынай селосын Бурабай поселкесінің әкімшілік қарамағынан орталығы Зеленый Бор селосындағы Зеленоборское селолық округінің әкімшілік қарамағына тапсыру арқылы өзгертілсін.
      3. Бурабай поселкесі мен Зеленоборское селолық округінің шекаралары

 

Оқжетпес селосын Зеленоборское селолық округінің әкімшілік қарамағынан

орталығы Бурабай поселкесіндегі Бурабай поселкесінің әкімшілік қарамағына

тапсыру арқылы өзгертілсін.

     Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы              Облыс әкімі

     Облыстық мәслихаттың хатшысы


     Маман: Закиев М.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады