Нақтылы ұстаушының ақпарат беру тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақтан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 30 қазандағы N 381 қаулысы. Қазақтан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 3 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2592. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 313 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 313   қаулысымен .
_________________________________

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Нақтылы ұстаушы мен клиент арасында жасалған нақтылы ұстау туралы шартқа сәйкес нақтылы ұстаушыға өздері туралы мәліметтерді ашу құқығын бермеген клиенттер туралы мәліметтерді қоспағанда тіркеушінің және орталық депозитарийдің талап етуі бойынша қырық сегіз сағат ішінде нақтылы ұстаушының оның нақтылы ұстаушының оның нақтылы ұстауында бағалы қағаздары бар клиенттер туралы мәліметтерді ұсынатыны белгіленсін.
      2. Нақтылы ұстаушы тіркеушінің және орталық депозитарийдің талабын алған күнге, егер аталған талапта өзге күн көрсетілмесе, клиенттер туралы мәліметтер бар ақпаратты жасайды.
      3. Нақтылы ұстаушы тіркеушінің және орталық депозитариймен келісім бойынша қағазға басылған немесе электрондық тасымалдағышта клиенттер туралы ақпарат ұсынады.
      4. Осы қаулы Қазақтан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
      5. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақтан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақтан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақтан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, сауда-саттық ұйымдастырушыларға, өзін-өзі реттейтін ұйымдарға, орталық депозитарийге, "Қазақтан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      6. Қазақтан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы Қазақтан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақтан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақтан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады