Балқаш ауданы әкімиятының жанынан діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес туралы

Жаңа

Алматы облысы Балқаш аудандық әкімиятының 2003 жылғы 3 маусымдағы N 6-8 қаулысы. Алматы облыстық Әділет басқармасында 2003 жылы 20 маусымда N 1224 тіркелді

      "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бап 17 тармағына сәйкес ауданда діни бірлестіктермен жұмысты нақтылау, олармен байланыстарды күшейту мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Діни бірлестіктердің жұмыстарын реттеу мен бақылау мақсатында аудан әкімияты жанынан діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес құрылсын. Аудан әкімияты жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес туралы ережесі бекітілсін (қоса тіркеледі).

      2. Кеңестің дербес құрамы туралы ұсыныс аудандық мәслихатқа енгізілсін.

      3. Діни ұйымдармен нақты жұмыстар жүргізіліп, олардың Қазақстан Республикасы Заңдарының сақталуын қатаң бақылауға алу аудандық кеңес пен селолық округ әкімдеріне тапсырылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Рахымбаевқа жүктелсін.

      Аудан әкімі
      Аудан әкімінің орынбасары
      Аппарат басшысы
      Заң кеңесшісі
      Жалпы бөлім бастығы

Аудан әкімиятының
3 06 2003 ж.
N 6-8 қаулысына
қосымша

Аудан әкімияты жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес туралы
ЕРЕЖЕ

I. Жалпы ережелер

      1. Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес (бұдан әрі-Кеңес) аудан әкімияты жанындағы нұсқамалық-кеңесші орган болып табылады.
      2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің нормативтік - құқықтың актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
      3. Кеңес өз қызметін мемлекеттік органдармен, діни және аймақтағы қоғамдық бірлестіктермен өзара іс - қимылды жүзеге асырады.
      4. Кеңестің шешімдері ұсынымдық сипатқа ие.

II. Кеңестің мақсаты, міндеттері мен функциялары

      1. Кеңестің мақсаты - Қазақстан Республикасы азаматтарының дін ұстану бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясат, қоғамдағы діни келісімді нығайту және конфессияаралық қатынастар үндестігі мәселелері жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
      2. Кеңестің негізгі міндеттері төмендегідей:
      аймақта діни жағдайды және оның даму тенденцияларын жан-жақты және әділ зерттеу, жинақтап қорыту және талдау;
      азаматтардың дін ұстанудағы бостандығы құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
      аймақтағы діни жағдайдың жай-күйі және дін ұстану бостандығы туралы Заңнаманың сақталуы туралы аудан әкімінің ақпараттық деректер банкін қалыптастыру;
      діни бірлестіктер арасындағы өзара түсіністік пен төзімділікті нығайту және оларға Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес нұсқамалық-көмек көрсету болып табылады.
      3. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай фукнцияларды жүзеге асырады:
      азаматтардың дін ұстану бостандығына және діни бірлестіктермен өзара іс-қимылындағы құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыруға қатысады;
      аудан аумағында құрылған діни бірлестіктердің және шетел миссионерлерінің қызметін зерделеуді жүзеге асырады, олар туралы деректер банкін қалыптастырады;
      ақпараттық  насихаттық іс-шараларды жүзеге асырады.

III. Кеңестің қызметін ұйымдастыру және оның жұмыс тәртібі

      1. Кеңесті аудан әкімінің орынбасары басқарады. Кеңестің мәжілістері үш айда кемінде бір мәрте өткізіледі. Кеңестің кезектен тыс мәжілісі Кеңес төрағасының жеке бастамасы бойынша немесе кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен бірінің өтініші бойынша шақырылады.
      2. Кеңес мәжілісі, егер оның жұмысында Кеңес мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, заңды болып есептеледі. Кеңестің шешімдері мәжіліске қатысқан Кеңес мүшелері жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тепе-теңдігі кезінде Кеңес төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      3. Мәселелерді пысықтау, мәжілістерді дайындау, сараптау және талдау жұмыстарын жүргізу үшін кеңес өз мүшелері бірінің жетекшілігімен іс-қимыл жасайтын жұмыс топтарын құра алады.
      4. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін заңнамаларда белгіленген тәртіппен мыналарға:
      мемлекеттік органдардан, діни ұйымдар мен жеке тұлғалардан Кеңес құзыретіне жататын мәселелер  бойынша қажетті ақпарат сұратуға;
      жоғары және жергілікті мемлекеттік органдардың ақпараттық деректер банкін пайдалануға;
      азаматтардың дін ұстану бостандығы құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы республика заңнамаларын бұзған діни бірлестіктер мен шетелдік миссионерлердің қызметіне тыйым салу жөнінде ұсыныстар енгізуге;
      Кеңес құзыретіне қатысты мәселелер бойынша ресми түсініктемелер беруге;
      Заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

IV. Кеңестің қызметін қамтамасыз ету

      1. Кеңестің дербес құрамын аудандық мәслихат бекітеді.
      2. Кеңес аудан аумағындағы жетекші конфессиялар, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлері қатарынан жасақтанады. Кеңес мүшелері өз міндеттерін қоғамдық негізде жүзеге асырады.
      3. Кеңес хатшысы өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
      қызметін ұйымдастырушылық, ақпараттық-талдамалық, әдістемелік және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
      Кеңес мәжілісінде қабылданатын және оның төрағасы бекітетін жұмыс жоспары жөніндегі ұсыныстарды кеңес қарауына енгізеді;
      Кеңес мәжілістерінің күн тәртібін құрайды;
      Кеңестің қызметі туралы есеп дайындайды.

V. Кеңестің қызметін тоқтату тәртібі

      1. Кеңес өз қызметін Заңнамалар негізінде тоқтатады.

      Аудан әкімі
      аппаратының басшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады