Жезқазған қаласындағы жануарларды ұстау Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 30 сессиясының 2003 жылғы 15 шілдедегі N 30/396 шешімі. Қарағанды облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 20 тамызда N 1277 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2012 жылғы 24 мамырдағы N 6/50 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2012.05.24 N 6/50 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдесіндегі N 339-ІІ "Ветеринария туралы" Заңның және Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2001 жылдың 30 қаңтардағы N 155-ІІ Кодекстің 310311 баптарына сәйкес қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Жезқазған қаласындағы жануарларды ұстау Қағидасы бекітілсін. (N 1 қосымша бірге тіркеледі).
      2. Қала әкімі (Ж. Ибаділдин) санитарлық аймақты және жануарларды далаға шығару үшін арнайы жерді анықтасын.
      3. Жануарларды ұстау Қағидасы қаланың аймағындағы барлық үй және басқа жануарлардың иелері үшін міндетті болып табылады.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік мәдениет жүйесі, адам құқығы және құқылық тәртіп мәселесі бойынша тұрақты комиссиясына (Болен Х.), (Ильясов А - қалалық ауыл шаруашылық басқармасы) жүктелсін.
      5. Осы шешім әділет органдарынан тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарына жариялансын.

      Мәслихаттың 30 сессиясының
      төрағасы                                   С. Рысбеков

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                А. Өсерова

Қалалық Мәслихаттың N 30/396
"Жезқазған қаласындағы жануарларды
ұстау Қағидасын бекіту туралы"
шешіміне N 1 қосымша
Бекітілген

Жезқазған қаласында жануарларды ұстау
Қағидасы

1. Ортақ жағдай.

      1) Осы Қағида қаладағы барлық жануарлардың иелеріне, ұйымдардың, мекемелердің, өнеркәсіптердің ведомстволық бағыныштылығы мен жекеменшік түріне қарамай бәріне де қатысты.
      2) Жануарларды ұстаудың міндетті шарттары.
      Тұрған жері бойынша мал дәрігерлік емдеу мекемесінде 2,5-3 айлық кезінде диагностикалық тексерістен, өте қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы егіліп, жыл сайын тіркеуден өткізу қажет. Қайта алынған жануарларды қалалық мал дәрігерлік мекемелерде екі апта ішінде тіркеп, тіркелу куәлігін алуға міндетті.
      Санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық-санитарлық ережелер мен нормаларды сақтауға міндетті.
      3) Тіркеу куәлігінсіз жануарларды көрмеге қатыстыруға болмайды, тайпалық тексеріске жіберілмейді.
      4) Мал дәрігерлік куәліксіз құтыруға қарсы егілмеген болса, жануарларды сатуға, сатып алуға және басқа мекен жайға көшіруге болмайды.
      5) Жануарларды даладағы суларға, өзенге шомылдыруға болмайды.
      6) Жануарлар мал дәрігері маманының шешімі бойынша алынып, жеке ұсталынады.

2. Жануарлар иелерінің міндеттері.

      7) Жануарлар иелерінің міндеттері:
      Биологиялық тұрғыда ұстап, жануарларды ұрып-соқпай, қараусыз қалдырмай, ауырып қалған жағдайда мал дәрігерлік көмек көрсетуге міндетті.
      Жануарларды ұстауда, қыдыртқанда санитарлық жағдайы сақтау қажет.
      Мал дәрігерлік мамандарының талабы бойынша, жануарларды уақытылы диагностикалық және профилактикалық-емдеу тексерісінен өткізу керек.
      Даладағы адамдар мен жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қолдану қажет.
      Жануарларды әрі қарай алмайтын жағдайда басқа адамға немесе ветеринарлық мекемеге өткізу керек.
      Сатып алған немесе өлген жануарлар туралы тұрған жері бойынша ветеринарлық қызметке хабарлау керек.
      Жануарларды далаға шығарғанда иелері қасында болып, оларды адамдар жүрмейтін арнайы бөлінген жерлерге шығару керек.
      Жануарлар тістеген жағдайда жануарларды тексеріп, карантиннен өткізу үшін медициналық немесе ветеринарлық мекемелерге хабарлап, жануарларды ветеринарлық емдейтін жерге апару қажет.
      8) Жануарларды бөлек ұстау бойынша ветеринарлық емхананың барлық шығысы жануарлар иелерінің есебінен өтеледі.

3. Жануарлар иелерінің құқығы.

      9) Әрбір жануар адамдардың меншігі болып табылады, сондықтан заңмен қорғалады.

4. Иттер мен мысықтарды ұстау.

      10) Рұқсат беріледі:
      көршілерде медициналық емнің дертке сәйкес келмеуі болмаған жағдайда бөлек отбасы тұратын үйлерде, жеке үйлерде, көп пәтерлі үйлерде жануарларды ұстауға;
      көшеде, аулада иттерді қысқа шылбырмен томағасын кигізіп көшеде, аулада, ұйымдар мен мекемелерде, кәсіпорындарда т.б. жерлерде жүруге;
      жолаушылар қауіпсіздендірілген жағдайда жануарлармен қалалық қоғамдық көліктерде жүрулеріне;
      мекеме, ұйымдарды күзететін иттерді байлап ұстау қажет.
      11) Тыйым салынады:
      көпшілік пайдаланатын қоғамдық жерлерде, көліктерде шылбырсыз, томағасыз 14 жасқа дейінгі балаларға, мас күйіндегі адамдарға иттерді қыдыртуға болмайды;
      көпшілік пайдаланатын жерлерде: коридорларда, баспалдақ алаңдарында, балкондар мен лоджияларда жануарларды ұстауға болмайды;
      баспалдақ алаңдарын, лифтілерді, спорттық алаңды, балалар ойнайтын алаңдарды, көгалды, адамдар жүретін жерлерді, парк аймағын жануарлардың ластандырмауын қадағалау қажет. Егер жануарлар ластаған жағдайда иелері тазалау керек;
      иттер мен мысықтарды еті мен терісін пайдалану үшін ұстауға болмайды;
      ветеринарлық куәліксіз жануарларды сатуға, сатып алуға, қала, облыс, республика сыртына шығаруға болмайды;
      қаланың мемлекеттік ветеринарлық инспекциясының рұқсатынсыз иттер күресін өткізуге болмайды.
      12) Қоғамдық жерлерде иесіз жүрген кезбе ит пен мысықтар арнайы қызметтермен ұсталып, атылуға жатады. (Дүкендердің, поликлиниканың, аптеканың, тұрмыстық қызмет көрсететін жерлерде иелері байлап кеткен иттерден басқа).
      13) Тұрғын үйлердің жанында иттерді шығарғанда тыныштық сақталсын.

5. Ауыл шаруашылық үй жануарлары мен құстарды ұстау.

      14) Санитарлық аймақта ауыл шаруашылық жануарлар мен құстарды ұстауға, жайылтуға, басқа жаққа әкетуге болмайды.
      15) Ауыл шаруашылық үй жануарлары мен құстар арнайы жабдықталған жабық үйлерде ұсталу керек. Ол үйлер жеке секторлы тұрғын үйлерден, мектептен, емдеу және балалар мекемелерінен, парктерден, стадиондардан, қоғамдық тамақтанатын кәсіпорындардан, сауда орынынан, тамақ өнеркәсібінен, көп пәтерлі үйлерден, жалпы демалатын жерлерден, балалар емделетін лагерьден, демалыс үйлерден, санаторийден, Кеңгір су қоймасынан нормативке сәйкес қашық болуы тиіс. Бір этажды үйлерде жануарлар мен құстарды ұстау ветеринарлық-санитарлық Қағиданы сақтаған жағдайда рұқсат етіледі.
      16) Экзотикалық жануарларды қалалық мемлекеттік ветеринарлық инспекциясының рұқсатымен ғана ұстауға болады.
      17) Малдарды ұстайтын жерлерді ай сайын әктеп, дезинфекция жасап тұру қажет. Жемдердің қалдықтарын, қоқысты уақытылы арнайы бөлінген жерлерге шығару керек.
      18) Жұқпалы ауруларды таситын шыбындармен күресу мақсатында үй жануарлары мен құстарды ұстайтын жерлерді сәуір айы мен қараша айының аралығында аптасына бір реттен кем емес инсектицидтық препараттармен тазартып тұру қажет.
      19) Малдарды жалпы көпшілік пайдаланатын жерлерде:
      көшелерде, алаңдарда, скверлерде, парктерде және т.б. жерлерде жайылтуға болмайды.
      20) Жабайы және үй жануарларын жануарлар бұрышында, балалар мен жеткіншектер мекемелерінде, мектептерде, оқушылар сарайында, кооперативтерде қалалық ветеринарлық инспекциясының рұқсаты бойынша ұстауға болады.

6. Қалалық ветеринарлық қызметтің міндеттері.

      21) Ветеринарлық қызметтің қызметкерлері жекеменшік пәтер кооперативтерімен бірлесе отырып, жануарларды ұстайтын адамдардың есебінен жүргізуге міндетті.
      22) Ветеринарлық қызметтің қызметкерлері жануарлар иелерінен ветеринарлық тексерістен тағайындалған уақытта өтуін талап етуге, ветеринарлық куәлік алуды қамтамасыз етуге міндетті.
      23) Ветеринарлық қызметкерлер жануар иелеріне жануарлардың денсаулығы жөнінде анықтама берулері қажет. Егер жануарлар ауырған жағдайда, емдеу үшін жекелеп емдеулерін немесе кейбір жағдайда жоюын талап ете алады.

7. Осы Қағиданы сақтауда жануарлар иелерінің жауапкершілігі.

      24) Қағиданы сақтамаған жануарлардың иелеріне Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодекстің 310,  311 баптарынасәйкес азаматтар үшін 5 айлық есеп көрсеткіші мөлшеріне дейін, лауазымдық тұлғаларға 20 айлық есеп көрсеткіші мөлшеріне дейін, заңды тұлғаларға 100 айлық есеп көрсеткіші дейінгі мөлшерде айып салынады.
      25) Жануарлар азаматтардың мүлкіне шығын және денсаулығына зиян келтіргені үшін тағайындаған заң тәртібі бойынша жануарлардың иелерінің есебінен қайтарылады.
      26) Қағиданың орындалу барысын бақылау қаланың ветеринарлық қызметіне жүктеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады