Шағын және орта бизнес, сауда мен қызмет көрсету жөнiндегi комиссия туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданы әкімдігінің 2003 жылғы 18 шілдедегі N 441 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 6 тамызда N 1353 тіркелді. Күші жойылды - Зайсан ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 19 наурыздағы N 230 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Зайсан ауданы әкімдігінің 2008.03.19 N 230 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 7-тамыздағы N 883 "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан Шағын және орта бизнес мәселелерi жөнiндегi комиссияны құру туралы" және Шығыс Қазақстан облысы Әкімиятының 2003 жылғы 2-маусымдағы N 83 "Шағын және орта бизнес, сауда және қызмет мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы" қаулыларын жүзеге асыру үшiн аудан аумағында кәсiпкерлiктi әрi қарай дамыту мен қолдау және мемлекеттiк сауда саясатын жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31-бабындағы 1-тармағының 3), 4)-тармақшалары негiзiнде Зайсан ауданының әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
       1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 7-тамыздағы N 883 және Шығыс Қазақстан облысы Әкімиятының 2003 жылғы 2-маусымдағы N 83 қаулылары басшылыққа алынсын.
       2. Зайсан ауданы әкімиятының жанындағы шағын және орта бизнес пен сауда және қызмет көрсету жөнiндегi аудандық комиссия N 1 қосымшаға сәйкес құрылсын (бұдан әрi-Комиссия).
       3. Комиссия туралы ЕРЕЖЕ N 2 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      4. Комиссияға бекiтiлген ЕРЕЖЕГЕ сәйкес жұмыс атқару мiндеттелсiн.
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары Б. Қинашевқа жүктелсiн.
      6. Осы қаулы Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет басқармасында мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi.

      Аудан әкiмiнiң мiндетiн
      атқарушы, әкiмнiң орынбасары

Зайсан ауданы әкімиятының
2003 жылғы 18 шiлдедегi N 441
қаулысына N 1 қосымша

Шағын және орта бизнес пен сауда және қызмет
көрсету жөнiндегi аудандық комиссия
құрамы

Қинашев Болат Қинашұлы

комиссия төрағасы, аудан
әкiмiнiң орынбасары

Комиссия мүшелерi:

Меңбаев Майдан Қинаятолдаұлы

экономика бөлiмiнiң
меңгерушiсi

Ақтекенов Оразкен Қанағатұлы

аудан бойынша салық
комитетiнiң төрағасы

Жалелхан Сырым Жалелханұлы

экономика бөлiмiнiң жетекшi
маманы

Уәли Марат Қалиасқарұлы

ауылшаруашылық және
өңдеп-ұқсату бөлiмiнiң
меңгерушiсi

Биқадамов Базарбек Айдарбекұлы

статистика бөлiмiнiң бастығы

Қоқанова Айгүл Рыспекқызы

аудандық санитарлық-
эпидемиялық басқармасы
мемлекеттiк мекемесiнiң
бастығы

      Аудан әкiмiнiң
      аппарат басшысы

Зайсан ауданының әкімиятының
2003 жылғы 18 шiлдедегi N 441
қаулысына N 2 қосымша

Зайсан ауданы әкімиятының жанындағы Шағын
және орта бизнес пен сауда және қызмет көрсету
жөнiндегi комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы жағдай

      1. Зайсан ауданы әкімиятының жанындағы Шағын және орта бизнес пен сауда және қызмет көрсету жөнiндегi комиссия (бұдан әрi-Комиссия) консультативтiк-кеңестiк орган болып табылады және Қазақстан Республикасындағы кәсiпкерлiктi қолдау және әрi қарай дамыту концепциясын, сауда саясатын iске асыру мақсатында құрылған.
      2. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 7-тамыздағы N 883 "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан шағын және орта бизнес мәселелерi жөнiндегi комиссия құру туралы" және Шығыс Қазақстан облысы Әкімиятының 2003 жылғы 2-шi маусымдағы N 83 "Шағын және орта бизнес, сауда және қызмет мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы" қаулыларының негiзiнде құрылған.
      3. Комиссия өзiнiң iс әрекетiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен функциялары

      4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
      1) Қазақстан Республикасының "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Заңын жүзеге асыру шараларын жүргiзуге әрекеттесу;
      2) жергiлiктi мемлекеттiк органдарға кәсiпкерлердiң салық төлеудегi ауыртпалығын азайтуға ұсыныстар енгiзуге қатысу;
      3) меншiктер мен активтердi заңдастыру мәселелерi жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге қатысу;
      4) несие ресурстарын алу жолдарын жеңiлдету шараларын жүргiзуге ұсыныстар әзiрлеуге қатысу;
      5) әкiмшiлiк рәсiмдер мен рұқсат етудi жеңiлдету жөнiндегi мәселелерi бойынша ұсыныстар дайындауға қатысу;
      6) шағын және орта бизнестi қолдау жөнiндегi аймақтық орталықтарын ұйымдастыру туралы ұсыныстар жасауға қатысу;
      7) ауылдағы шағын және орта бизнестi, сауда және қызмет көрсетудi дамытуға ұсыныстар дайындау;
      8) аудан әкімиятының шағын және орта бизнес, сауда мен қызмет көрсету мәселелерi жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      9) кәсiпкерлердiң қоғамдық ұйымдарының iзгiлiктi бастамаларын қолдау, азаматтардың әл-аухатын арттыру мен экономикалық дамыған мемлекет құруға әр кәсiпкердiң өмiрдегi белсендiлiгiн арттыруды оң көзқарасын қалыптастыруды насихаттау;
      10) аудан әкімиятының кәсiпкерлiкпен шұғылдануға байланысты мәселелерi жөнiндегi қаулылары мен басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын өз бастамаларымен даярлау;
      11) шағын және орта бизнестi, сауда мен қызмет көрсетудi қолдау мен қорғау жөнiндегi жобалар мен мақсатты бағдарламаларды iске асыру, үйлестiру мен даярлауға қатысу;
      12) ауылдар мен қала әкiмдерiнiң шағын және орта бизнестi дамыту жөнiндегi iс-шараларын үйлестiру болып табылады.
      5. Өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес Комиссияның iс-әрекетi:
      1) шағын және орта бизнестi қолдау мен дамыту жөнiндегi аймақтық және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру мен үйлестiруiн қамтамасыз етуiне, даярлануына қатысу;
      2) маңызды әлеуметтiк-экономикалық мәселелердi шешуге бағытталған бағдарламаларды әзiрлеуге қатысу, оларды жүзеге асыруда шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiн, бiрлестiктерi мен қауымдастықтарын қатыстыруды қамтамасыз ету;
      3) шағын және орта бизнес, сауда мен қызмет көрсету жұмыстарының мүдделерiне қатысты заңнамада белгiленген тәртiптерге сәйкес нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын өз бастамаларымен әзiрлеудi жүзеге асыру;
      4) заңнамада белгiленген тәртiпке сәйкес аудан әкiмi мен әкімиятының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын даярлауға шағын және орта бизнес өкiлдерiн тарту және кәсiпкерлер қауымдастықтарына, шағын және орта бизнес бiрлестiктерi мен кәсiпорындарына ұйымдастырушылық, қаржылық, материалдық-техникалық көмек көрсету жөнiнде шараларды әзiрлеу;
      5) аудан әкiмiнiң, әкімиятының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын даярлауда заңнамада белгiленген тәртiпке сәйкес кәсiпкерлердiң пiкiрлерiн есепке алу;
      6) шағын және орта бизнестiң салалық, кәсiби және аумақтық одақтарымен, қауымдастықтарымен, бiрлестiктерiмен және басқа да кәсiпкерлiк құрылымдарымен өзара қарым-қатынас жасау;
      7) шағын және орта бизнеске, сауда мен қызмет көрсетуге қолдау жасайтын мемлекеттiк органдармен, шағын және орта бизнес, сауда мен қызмет көрсету саласында мемлекеттiк саясатты жетiлдiру мен келiсiмдi шешiмдер даярлауда үнемi өзара қарым-қатынас жасау;
      8) тиiстi мемлекеттiк органдардың, кәсiпкерлердiң қоғамдық ұйымдарының өкiлдерiнiң, сондай-ақ кәсiпкерлердiң өздерiнiң қатысуымен тақырыпты отырыстар өткiзу;
      9) заңнамада белгiленген тәртiптерге сәйкес кәсiпкерлердiң заңды құқықтарын қорғау және мүдделерiне өкiлдiк ету;
      10) заңнамада белгiленген тәртiппен Комиссияда жұмыс iстеуге беделдi кәсiпкерлер, басқару органдарының өкiлдерi мен басқа да мамандар қатарынан эксперт және кеңесшiлердi тарту;
      11) белгiленген тәртiпте мемлекеттiк органдардан қажеттi ақпараттық, талдаулық, анықтама-статистикалық құжаттар жиынтығын, сондай-ақ ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлердi алу болып табылады.

3. Комиссияның жұмыс атқаруын ұйымдастыру

      6. Комиссияны оның төрағасы-Зайсан ауданы әкiмiнiң орынбасары басқарады.
      7. Комиссия құрамына мемлекеттiк органдардан мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы деңгейiндегi мәртебесi бар өкiлдерi енгiзiледi.
      8. Комиссия жұмыс органының функциялары аудандық экономика бөлiмiндегi шағын және орта бизнес жөнiндегi бас маманға жүктеледi.
      9. Комиссияның жұмыс органы:
      1) Комиссия отырысының күн тәртiбiн қалыптастырады;
      2) Комиссия шешiмдерiнiң орындалуын бақылап қамтамасыз етедi;
      3) Комиссия мүшелерi мен оның жұмысына тартылған мамандардың жұмыстарын үйлестiредi.
      10. Комиссия отырысында қарастырылатын мәселелер тiзбесi қажеттiлiгiне байланысты құрастырылып төрағаның қолымен бекiтiледi және ол тiзiм бойынша мүшелерiне таратылады.
      11. Комиссия отырысында қаралған мәселелер бойынша хаттама жасалып, оған Комиссия төрағасы қолын қояды. Комиссия шешiмi Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгiнiң дауыс беру жағдайында қабылданады. Егер берiлген дауыстар қарама-қарсы тең болған жағдайда төраға дауысын берген шешiм қабылданады.
      12. Комиссия шешiмдерi ұсыныс беру сипатында болады.
      13. Комиссия мүшелерi ерекше пiкiрлерiн айтуға құқылы, ол айтылған жағдайда жазба түрiнде мазмұндалып Комиссия отырысының хаттамасына қоса берiлуi қажет.
      14. Комиссия отырыстары қажеттiлiгiне байланысты тоқсан сайын кемiнде 1 рет өткiзiледi және төрағамен шақырылады. Егер шұғыл шешiм қабылдау қажеттiлiгi туындаса Комиссияның жоспардан тыс отырысы өткiзiлуi мүмкiн, ол төрағаның шақыруымен өткiзiледi.
      15. Комиссия отырысында төрағаның шақыруы бойынша өтiнiштерi қаралатын кәсiпкерлер мен олардың қоғамдық ұйымдарының өкiлдерi, мүдделi мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғалары, сондай-ақ басшылары қатыса алады.

      Аудан әкiмiнiң
      аппарат басшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады