Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген N 1912 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің 2002 жылғы 19 маусымдағы N 468 "Мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын төтенше жағдайлар жөніндегі органдар жүйесі мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу Ережесін бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 9 қаңтардағы N 17 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 6 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2698. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2011 жылғы 4 сәуірдегі № 135 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2011.04.04 № 135 (мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізілді) Бұйрығымен.

      Мамандық бойынша жұмыс өтілін есептеу тәртібі мен шарттарын белгілеу кезінде бірыңғай тәртіп сақтау мақсатында бұйырамын:

      1. "Мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын төтенше жағдайлар жөніндегі органдар жүйесі мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі Төрағасының 2002 жылғы 19 маусымдағы N 468  бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1912 тіркелді), құжат жарияланбаған, мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын төтенше жағдайлар жөніндегі органдар жүйесі мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу Ережесіне:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері үшін жұмыс өтіліне сондай-ақ байланыс, жөндеу-құрылыс, құрылыс, гидрометеорологиялық, жобалау-іздестіру және инженерлік-гидрологиялық, ғылыми-зерттеу және білім беру қызмет аясын ұйымдастыратын лауазымдардағы уақыт енгізіледі";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Осы Ережеге сай мамандығы бойынша есептелетін жұмыс өтілі күнтізбелік есептеу кезінде есепке алынады.
      Күнтізбелік ай ішінде лауазымдық айлықақысын (төлемін) көтеру құқығы берілетін қызметкерлерге жұмыс өтілін есепке ала отырып, лауазымдық айлықақысын есептеу осындай құқық берілетін күннен бастап жүзеге асырылады".

      2. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді. 

       Төраға

       Келісілді:
       Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты әлеуметтік
      қорғау вице-министрі
      23 қаңтар 2004 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады