Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2585 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқарушының есеп беру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 377 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 253 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 28 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3112

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  3-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына және  52-бабына , "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  9-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқарушының есеп беру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 377  қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2585 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 25 басылымдарында 2003 жылы жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқарушының есеп беру ережесінде:

      1-тармақта:
      1) тармақшада:
      мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
      "осы Ереженің 1-1-қосымшасына сәйкес (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардан басқа) "Өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар (ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде)", "Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар (ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде)", "Саудаға арналған бағалы қағаздар (ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде)" бухгалтерлік баланстың баптарына ескертулер;
      осы Ереженің 1-2-қосымшасына сәйкес (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардан басқа) "Кері РЕПО" операциясы", "РЕПО" операциясы" бухгалтерлік баланстың баптарына ескерту;
      Осы Ереженің 1-3-қосымшасына сәйкес (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардан басқа) "Орналастырылған салымдар (ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде)" бухгалтерлік баланстың бабына ескерту;";
      алтыншы абзацта "басқарушының" деген сөзден кейін ", инвестициялық қорларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      жетінші абзац алынып тасталсын;
      сегізінші абзацта "меншік активтерін" деген сөздерден кейін ", инвестициялық қорларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "осы Ереженің 6-1-қосымшасына сәйкес инвестициялық қор активтері мен міндеттемелерінің құрылымы және құны туралы есеп;
      осы Ереженің 6-2-қосымшасына сәйкес инвестициялық қордың таза активтеріндегі өзгерістер жөніндегі есеп;";
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Ереженің 6-3-қосымшасына сәйкес қордың инвестициялық декларациясында белгіленген инвестициялық қор активтерінің құрылымына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін, мұндай сәйкессіздіктер пайда болған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде инвестициялық қордың активтері жөніндегі есеп;";
      мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "1-1. Осы Ереженің 6-1-қосымшасына сәйкес инвестициялық қор активтері мен міндеттемелерінің құрылымы және құны туралы есепте және Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Ереженің 6-3-қосымшасына сәйкес қордың инвестициялық декларациясында белгіленген инвестициялық қор активтерінің құрылымына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін инвестициялық қордың активтері жөніндегі есепте қордың активтері:
      1) инвестициялық қор активтерінің түрлері бойынша;
      2) бағалы қағаздардың эмитенттері (бағалы қағаздардың бірегейлендіру нөмірлері), салым шарттары жасалған банктер, қор сатып алған қаржы құралдарын шығарған тұлғалар бойынша;
      3) осы тармақтың 2) тармақшасында айқындалған тұлғалар тіркелген мемлекеттер бойынша;
      4) қаржы құралдарының айналыста болу (қолданылу) мерзімдері бойынша;
      5) қаржы құралы көрсетілген валюта бойынша бөлінеді және жекелеген жолдарда көрсетіледі.
      Активтердің әрбір түрі бойынша есепті қалыптастырған кезде өлшем бірлігі саны мағыналарының, активтерді сатып алу құнының, бағалау құнының және процентпен таза активтер құны үлесінің қорытынды жолы толтырылады.

      1-2. Осы Ереженің 6-1-қосымшасына сәйкес инвестициялық қор активтері мен міндеттемелерінің құрылымы және құны туралы есепке, осы Ереженің 6-2-қосымшасына сәйкес инвестициялық қордың таза активтеріндегі өзгерістер жөніндегі есепке және Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Ереженің 6-3-қосымшасына сәйкес қордың инвестициялық декларациясында белгіленген инвестициялық қор активтерінің құрылымына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін инвестициялық қордың активтері жөніндегі есепке инвестициялық портфельді басқарушының басшылары қол қояды, оның мөрімен бекітіледі және инвестициялық қор активтерінің есебін қамтамасыз ететін кастодиан бөлімшесінің басшысы қолын қояды.";

      4-қосымша алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2, 1-3, 6-1, 6-2 және 6-3-қосымшалармен толықтырылсын:

Инвестициялық портфельді 
басқарушының есеп беру  
ережесіне 1-1-қосымша   

________________________________ жылғы жағдай бойынша
инвестициялық портфельді басқарушы __________________
"Өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар (ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде)", "Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар (ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде)", "Саудаға арналған бағалы қағаздар (ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде)" бухгалтерлік баланстың баптарына ескертулер

                                                   (мың теңгемен)
___________________________________________________________________
N | Эмитенттің |Эми.|Бағалы|Ұлттық |Бағалы|Баланстық құны (нетто)
р/с|   атауы    |тен.|қағаз.|біре.  |қағаз.|   (мың теңгемен)
   |            |ттің|дардың|гейлен.|дардың|_______________________
   |            |коды|атауы |діру   |саны  |Сатуға|Саудаға |Өтеуге
   |            |    |      |нөмірі |(дана.|арнал.|арналған|дейін
   |            |    |      |       |мен)  |ған   |бағалы  |ұста.
   |            |    |      |       |      |қолда |қағаздар|латын
   |            |    |      |       |      |бар   |        |бағалы
   |            |    |      |       |      |бағалы|        |қағаз.
   |            |    |      |       |      |қағаз.|        |дар
   |            |    |      |       |      |дар   |        |
___________________________________________________________________
1         2       3     4       5      6      7       8      9
___________________________________________________________________
1     Қазақстан
      Республи.
      касының
      мемлекеттік
      бағалы
      қағаздары
1.1.
...
2     Қазақстан
      Республикасы
      ұйымдарының
      мемлекеттік
      емес эмис.
      сиялық бағалы
      қағаздары
2.1.  Екінші дең.
      гейдегі банк.
      тердің бағалы
      қағаздары
2.1.1.
...
2.2.  Екінші дең.
      гейдегі банк.
      терді қоспа.
      ғанда, заңды
      тұлғалардың
      бағалы
      қағаздары
2.2.1.
...
3.    Шетел мемле.
      кеттерінің
      бағалы
      қағаздары
3.1.
...
4.    Шетел мемле.
      кеттерінің
      заңдарына
      сәйкес шыға.
      рылған мем.
      лекеттік емес
      бағалы
      қағаздар
4.1.
...
5.    Халықаралық
      қаржы ұйым.
      дарының бағалы
      қағаздары
5.1.
...
6     Барлығы
___________________________________________________________________

кестенің жалғасы
___________________________________________
        Күні       |Листинг/рейтинг|Ескерту
___________________|               |
Сатып алу|Сату/өтеу|               |
___________________________________________
    11        12           13          14
___________________________________________

___________________________________________

      Бірінші басшы ____________ күні ______________
      Бас бухгалтер ____________ күні ______________
      Орындаушы ____________ күні ______________ телефоны________
      Мөр орны

Инвестициялық портфельді 
басқарушының есеп беру  
ережесіне 1-2-қосымша   

____________________________________ жылғы жағдай бойынша
инвестициялық портфельді басқарушы ______________________
"Кері РЕПО" операциясы", "РЕПО" операциясы"
бухгалтерлік баланстың баптарына ескерту

                                                     (мың теңгемен)
___________________________________________________________________
N |Операцияның|Бағалы|Ұлттық |"РЕПО" шартының  |      Күні
р/с|  мазмұны  |қағаз.|біре.  | деректемелері   |__________________
   |           |дардың|гейлен.|_________________| РЕПО  |  РЕПО
   |           | түрі |діру   | "РЕПО" | "РЕПО" | ашылу | жабылу
   |           |      |нөмірі |шартының|шартының|       |
   |           |      |       |  күні  | нөмірі |       |
___________________________________________________________________
1        2        3      4        5        6        7        8
___________________________________________________________________
1    "Кері РЕПО"
     операциясы
1.1. Тікелей
     тәсіл
...
1.2. Автоматты
     тәсіл
...
2    "РЕПО"
     операциясы
2.1. Тікелей
     тәсіл
...
2.2. Автоматты
     тәсіл
...
___________________________________________________________________

кестенің жалғасы
___________________________________________________________________
"РЕПО"  | Сыйақы |"РЕПО"-дағы|     "РЕПО" сомасы    |   Ескерту
операция.|ставкасы|бағалы қа. |______________________|
сының    |        |ғаздардың  |теңгемен |   Шетел    |
мерзімі |        |   саны    |         |валютасында |
___________________________________________________________________
     9        10         11         12         13          14
___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

      Бірінші басшы ____________ күні ______________
      Бас бухгалтер ____________ күні ______________
      Орындаушы ____________ күні ______________ телефоны_______
      Мөр орны

Инвестициялық портфельді 
басқарушының есеп беру  
ережесіне 1-3-қосымша   

_____________________________________ жылғы жағдай бойынша
инвестициялық портфельді басқарушы _______________________
"Орналастырылған салымдар (ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде)" бухгалтерлік баланстың бабына ескерту

                                                    (мың теңгемен)
___________________________________________________________________
N |Банк баптарының|Банк|Банк|     Салым бойынша негізгі борыш
р/с|атауы (банктер |коды|рей.|_____________________________________
   |   бөлігінде)  |    |тин.|тең. |Теңгемен есеп.|Салым сомасының
   |               |    |гісі|гемен|телген шетел  |   жиынтығы 
   |               |    |    |     |валютасындағы |
   |               |    |    |     | ақша қалдығы |
___________________________________________________________________
  1          2        3    4     5         6             7
___________________________________________________________________
1    Талап етуге
     дейінгі салымдар
1.1.
...
2    Мерзімді
     салымдар
2.1.
...
3    Шартты салымдар
3.1.
...
4    Барлығы
___________________________________________________________________

кестенің жалғасы
_______________________________________________________
          Салым бойынша сыйақы        |Күмәнді |Ескерту
______________________________________|борыштар|
теңгемен|Теңгемен есептелген| Сыйақы  |бойынша |
        |шетел валютасындағы|сомасының|резерв  |
        |   ақша қалдығы    |жиынтығы |        |
_______________________________________________________
    8               9             10       11     12
_______________________________________________________

_______________________________________________________

      Бірінші басшы ____________ күні ______________
      Бас бухгалтер ____________ күні ______________
      Орындаушы ____________ күні ______________ телефоны_______
      Мөр орны

Инвестициялық портфельді 
басқарушының есеп беру  
ережесіне 6-1-қосымша   

_____________________________________ жылғы жағдай бойынша
[инвестициялық қордың атауы]
Инвестициялық қор активтері мен міндеттемелерінің
құрылымы және құны туралы есеп

1-нысан

Инвестициялық қор активтері мен міндеттемелерінің
құрылымы және құны

                                                           (теңге)
___________________________________________________________________
   N   |                  Атауы               |  Құны  |  Ескерту
___________________________________________________________________
    1                       2                      3          4
___________________________________________________________________
1     Инвестициялық қор шығарған бағалы
      қағаздары
2     Инвестициялық қордың қызмет етуінің
      басталуынан бастап кезең үшін оның
      кірістері (шығыстары), оның ішінде:
2.1    Инвестициялық қордың кірістері:
2.1.1   двидендтер бойынша
2.1.2   сыйақы бойынша
2.1.3   проценттер бойынша
2.1.4   Инвестициялық қордың активтерін сатып
        алу-сату мәмілелері бойынша құнының
        өсімі
2.1.5   Инвестициялық қордың активтерін қайта
        бағалау
2.1.6   Басқасы
2.2    Инвестициялық қордың шығыстары:
2.2.1   Проценттер бойынша
2.2.2   Инвестициялық қордың активтерін сатып
        алу-сату мәмілелері бойынша құнының
        шығындары
2.2.3   Инвестициялық қордың активтерін қайта
        бағалау
2.2.4   Туынды қаржы құралдары бойынша шығыстар
2.2.5   Инвестициялық қордың қызмет етуін
        қамтамасыз ететін тұлғаларға сыйақы
        және өтемақы
2.2.6   салықтар, алымдар, аударымдар
2.2.7   Басқасы
3     Қателесіп есептелген сомалар
___________________________________________________________________
Инвестициялық қор активтерінің жиынтығы
(1, 2 және 3 жолдар бойынша)
___________________________________________________________________

2-нысан

Инвестициялық қор активтерінің құрылымы мен құны

                                                           (теңге)
___________________________________________________________________
N  |           Атауы           |Өлшем |Сатып|Ағымдағы|   Таза 
    |                           |бірлі.| алу |бағалау | активтер 
    |                           |гінің |құны |  құны  | құнының
    |                           |саны  |     |        |  үлесі,
    |                           |      |     |        |процентпен
___________________________________________________________________
  1                2                3      4      5           6
___________________________________________________________________
1     Банк шоттарындағы ақша,
      оның ішінде:                  х
1.1    Теңге                        х     х
1.2    Валюта түрлері бойынша
       шетел валютасы               х
1.2.1  ...
2     Банктердегі салымдар,
      оның ішінде:                  х
2.1    Салымдар, банктер түрлері
       бойынша бөле отырып
       теңгемен                     х
2.1.1  ...
2.2    Валюталар, салымдар,
       банктер түрлері бойынша
       бөле отырып шетел
       валютасында                  х
2.2.1  ...
3     Бірегейлендіру нөмірін
      көрсете отырып бағалы
      қағаздар, оның ішінде:
3.1    Қазақстан Республикасының
       мемлекеттік бағалы
       қағаздары
3.2    Қазақстан Республикасының
       заңдарына сәйкес шығарылған
       мемлекеттік емес эмиссиялық
       бағалы қағаздар
3.2.1   Акциялар
3.2.1.1 ...
3.2.2   Облигациялар,
        оның ішінде
3.2.2.1 Агенттік облигациялар
3.2.2.2 Ипотекалық облигациялар
3.2.2.3 Басқа да қамтамасыз
        етілген облигациялар
3.2.2.4 Басқа да қамтамасыз
        етілмеген облигациялар
3.2.3   Инвестициялық пай
        қорларының пайлары
3.3    Қазақстан Республикасының
       заңдарына сәйкес шығарылған
       басқа да бағалы қағаздар
3.4    Халықаралық қаржы
       ұйымдарының бағалы қағаздары
3.5    шетел мемлекеттерінің
       бағалы қағаздары
3.6    Шетел мемлекеттерінің
       заңдарына сәйкес шығарылған
       мемлекеттік емес бағалы
       қағаздар, оның ішінде
3.6.1   Акциялар
3.6.2   облигациялар
3.6.3   пайлар
3.6.4   басқасы
4     Депозитарлық қолхаттар,
      оның ішінде
4.1    Қазақстандық
4.2    Шетелдік
5     "РЕПО" және "кері РЕПО"
      операциялары бойынша талаптар
5.1   ...
6     Вексельдер
6.1   ...
7     Акционерлік қоғамдарды
      қоспағанда, ұйымдарға,
      консорциумдарға және өзге де
      бірлестіктерге қатысу үлесі
8     Басқа қаржы құралдары
9     Жер
10    Үйлер
11    Аяқталмаған құрылыс
12    Жобалық-сметалық құжаттама
13    Түрлері бойынша бөле отырып
      өзге активтер
14    Дебиторлық берешек,
      оның ішінде:
14.1   Қаржы құралдары бойынша
       есептелген дивидендтер мен
       сыйақы, оның ішінде мыналар
       бойынша:
14.1.1  Қазақстан Республикасының
        мемлекеттік бағалы қағаздары
14.1.2  Шетел мемлекеттерінің
        бағалы қағаздары
14.1.3  Қазақстан Республикасының
        заңдарына сәйкес шығарылған
        мемлекеттік емес бағалы
        қағаздар
14.1.4  Шетел мемлекеттерінің
        заңдарына сәйкес шығарылған
        мемлекеттік емес бағалы
        қағаздар
14.1.5  Қазақстан Республикасының
        басқа қаржы құралдары
14.1.6  Басқа шетелдік қаржы
        құралдары
14.2   Басқа есептелген
       инвестициялық кіріс
14.2.1 ...
14.3   Инвестициялық қордың
       жеткізілген активтері
       үшін алынбаған ақша
14.4   Олар бойынша есептескен
       жеткізілмеген қаржы құралдары
       немесе өзге активтер
14.4.1 ...
14.5   Мәмілелер жасау үшін бағалы
       қағаздар рыногының кәсіби
       қатысушыларына берілген
       активтер
14.5.1 ...
14.6   Басқа дебиторлық берешек
14.6.1 ...
___________________________________________________________________
Инвестициялық қор
активтерінің жиынтығы
___________________________________________________________________

3-нысан

Инвестициялық қор міндеттемелерінің құрылымы мен құны 

                                                           (теңге)
___________________________________________________________________
  N  |               Атауы            |  Өлшем   |Сатып|Ағымдағы
     |                                |бірлігінің| алу | бағалау
     |                                |   саны   |құны |  құны
___________________________________________________________________
   1                     2                    3       4       5
___________________________________________________________________
1     Алынған заемдар мен кредиттер
      бойынша міндеттемелер
2     Инвестициялық қордың бағалы
      қағаздарын сатып алу бойынша
      міндеттемелер
3     Инвестициялық қордың бағалы
      қағаздары бойынша дивидендтерді
      төлеу міндеттемелері
4     Мыналар бойынша кредиторлық
      берешек:
4.1    Инвестициялық қордың
       активтерімен мәмілелер
4.2    Инвестициялық қордың қызмет
       етуін қамтамасыз ететін
       тұлғаларға комиссиялық сыйақы
4.3    Басқа да комиссиялық сыйақы
5     "РЕПО" және "кері РЕПО"
      операциялары бойынша төлемдер
5.1   ...
6     Басқа да кредиторлық берешек
7     Түрлері бойынша бөле отырып
      басқа да міндеттемелер
___________________________________________________________________
Міндеттемелердің жиынтығы
___________________________________________________________________
Инвестициялық қордың таза
активтері құнының жиынтығы
("Активтердің жиынтығы"
"Міндеттемелердің жиынтығы")
шегергенде
___________________________________________________________________
Инвестициялық қордың айналыстағы
бағалы қағаздарының саны
___________________________________________________________________
Пайдың есептік құны
(инвестициялық пай қоры үшін)
___________________________________________________________________

                                                            4-нысан

Инвестициялық қордың шартты және ықтимал
талаптары мен міндеттемелерінің құрылымы және құны

                                                           (теңге)
___________________________________________________________________
  N  | Шартты және ықтимал талаптар  | Ағымдағы бағалау | Ескерту 
     |мен міндеттемелер, оның ішінде:|        құны      |
___________________________________________________________________
  1                 2                          3             4
___________________________________________________________________
1   Туынды бағалы қағаздар бойынша
1.1  Фьючерстер
1.2  Опциондар
1.3  Форвардтар
1.4  Своптар
1.5  Басқалары
2   Түрлері бойынша бөле отырып
    басқалары
___________________________________________________________________

      Инвестициялық портфельді басқарушының басшысы [қолы]
      Инвестициялық қор активтерінің есебін қамтамасыз ететін
      кастодиан бөлімшесінің басшысы [қолы]
      Инвестициялық портфельді басқарушының мөр орны.

Инвестициялық портфельді 
басқарушының есеп беру  
ережесіне 6-2-қосымша   

___________ кезеңнен бастап ___________ дейінгі
[инвестициялық қордың атауы]

Инвестициялық қордың теңгемен таза активтерінің
құнындағы өзгерістер туралы есеп

                                                        (теңге)
___________________________________________________________________
  N  |      Баптардың атауы      |Өткен есепті|  Есепті  | Өзгеру
     |                           | кезең үшін |кезең үшін|проценті
___________________________________________________________________
   1              2                     3           4         5
___________________________________________________________________
1    Инвестициялық қордың бағалы
     қағаздарын орналастырудан
     түскен түсімдер
2    Дивидендтер, сыйақылар,
     проценттер бойынша кірістер,
     оның ішінде:
2.1   Қазақстан Республикасының
      мемлекеттік бағалы
      қағаздары
2.2   Қазақстан Республикасының
      заңдарына сәйкес шығарылған
      мемлекеттік емес бағалы
      қағаздары
2.3   Халықаралық қаржы
      ұйымдарының бағалы қағаздары
2.4   шетел мемлекеттерінің
      бағалы қағаздары
2.5   Шетел мемлекеттерінің
      заңдарына сәйкес шығарылған
      мемлекеттік емес бағалы
      қағаздары
2.6   Банктердегі салымдар
      бойынша проценттер
2.7   Басқа қаржы құралдары
      бойынша кірістер
3    "РЕПО" және "кері РЕПО"
     операциялары бойынша кірістер
3.1  ...
4    Қаржы құралдарын сатып
     алудан-сатудан болған кіріс
     (шығын)
4.1   Қазақстан Республикасының
      мемлекеттік бағалы қағаздарын
      сатып алудан-сатудан болған
      кіріс (шығын)
4.2   Қазақстан Республикасының
      заңдарына сәйкес шығарылған
      мемлекеттік емес бағалы
      қағаздарды сатып алудан-сатудан
      болған кіріс (шығын)
4.3   Халықаралық қаржы ұйымдарының
      бағалы қағаздарын сатып
      алудан-сатудан болған кіріс
      (шығын)
4.4   Шетел мемлекеттерінің
      заңдарына сәйкес шығарылған
      бағалы қағаздарды сатып
      алудан-сатудан болған кіріс
      (шығын)
4.5   Басқа қаржы құралдарын сатып
      алудан-сатудан болған кіріс
      (шығын)
4.6
5    Қайта бағалаудан болған
     кірістер (шығыстар),
     оның ішінде:
5.1   Шетел валютасын қайта
      бағалаудан
5.2   Қаржы құралдарының нарықтық
      құнының өзгеруінен, оның ішінде
5.2.1  Қазақстан Республикасының
       мемлекеттік бағалы қағаздарының
5.2.2  Қазақстан Республикасының
       заңдарына сәйкес шығарылған
       мемлекеттік емес бағалы
       қағаздардың
5.2.3  Халықаралық қаржы ұйымдарының
       бағалы қағаздары
5.2.4  шетел мемлекеттерінің
       мемлекеттік бағалы қағаздарының
5.2.5  шетел мемлекеттерінің заңдарына
       сәйкес шығарылған мемлекеттік
       емес бағалы қағаздарының
5.3   Басқа қаржы құралдарын қайта
      бағалаудан
5.4   Активтердің түрлері бойынша бөле
      отырып басқа активтерді қайта
      бағалаудан
6    Түрлері бойынша бөле отырып
     басқа кірістер
7    Инвестициялық қордың сатып
     алынған бағалы қағаздары
8    Инвестициялық қордың бағалы
     қағаздары бойынша төленген
     дивидендтер
9    Төленген комиссиялық сыйақы,
     оның ішінде:
9.1   Акционерлік инвестициялық қорға
9.2   Инвестициялық портфельді
      басқарушыға
9.3   Инвестициялық қордың
      кастодианына
9.4   Орталық депозитарийге немесе
      инвестициялық қордың
      тіркеушісіне
9.5   Қор активтерімен немесе оның
      бағалы қағаздарымен сатып
      алу/сату мәмілелерін жүзеге
      асыратын брокерлер-дилерлерге
9.6   трансфер-агенттерге
9.7   Сауда-саттықты ұйымдастырушыларға
9.8   Басқа тұлғаларға
10   Түрлері бойынша бөле отырып
     басқа да шығыстар
11   Анықталмаған сомалар
     (қателесіп есептелген)
12   Анықталмаған (қателесіп
     есептелген) сомаларды қайтару
___________________________________________________________________
Инвестициялық қордың таза
активтеріндегі өзгерістердің жиынтығы
___________________________________________________________________
Кезең басына инвестициялық
қордың таза активтері
___________________________________________________________________
Кезең соңына инвестициялық
қордың таза активтері
___________________________________________________________________
Кезең соңындағы жағдай бойынша
айналыстағы (инвестициялық пай
қоры үшін) пайлар саны
___________________________________________________________________
Кезең соңындағы жағдай бойынша
пайдың есептік құны
(инвестициялық пай қоры үшін)
___________________________________________________________________
пайдың есептік құнындағы өзгерістер
(инвестициялық пай қоры үшін)
___________________________________________________________________

      Инвестициялық портфельді басқарушының басшысы [қолы]
      Инвестициялық қор активтерінің есебін қамтамасыз ететін
      кастодиан бөлімшесінің басшысы [қолы]
      Инвестициялық портфельді басқарушының мөр орны".

Инвестициялық портфельді 
басқарушының есеп беру  
ережесіне 6-3-қосымша   

_______________________________________ жылғы жағдай бойынша
[инвестициялық қордың атауы]
Қазақстан Республикасының заңдарында және қордың инвестициялық декларациясында белгіленген инвестициялық
қор активтерінің құрылымына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін инвестициялық қордың активтері жөніндегі есеп

                                                          (теңге)
___________________________________________________________________
N| Инвес. |Өлшем |Сатып|Ағым.|Таза активтер |Бұзудың|Пайда болған
|тициялық|бірлі.|алу  |дағы |құнының үлесі,|пайда  |бұзуды жою
|қор ак. |гінің | құны|баға.|  процентпен  |болған |жөніндегі
|тивінің |саны  |     |лау  |              |күні   |түсініктемелер
| атауы  |      |     |құны |              |       |
___________________________________________________________________
1     2       3      4     5           6        7           8
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Инвестициялық портфельді басқарушының басшысы [қолы]
      Инвестициялық қор активтерінің есебін қамтамасыз ететін
      кастодиан бөлімшесінің басшысы [қолы]
      Инвестициялық портфельді басқарушының мөр орны".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалардың бірлестігіне, "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" Заңды тұлғалардың бірлестігіне, инвестициялық портфельді басқарушыларға, кастодиандарға жіберсін.

      4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады