N 2250 тіркелген "Қаржылық ақпарат нысандарын толтыру жөніндегі Нұсқаулықты, Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне талдау жүргізу Ережелерін және Жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қызметтері тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін анықтау Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі N 135 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2004 жылғы 10 қыркүйектегі N 348 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 15 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3154. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 523 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрiнің 2012.11.29 № 523 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының  Заңының 3-бабының 3-тармағына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қаржылық ақпарат нысандарын толтыру жөніндегі Нұсқаулықты, Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне талдау жүргізу Ережелерін және Жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қызметтері тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін анықтау Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі N 135  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімдемесінде N 2250 тіркелген және "Ресми газетте" 2003 жылғы 20 желтоқсанда N 51 жарияланған) (бұдан әрі - Бұйрық) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Бұйрықтың атауындағы "жүргізу Ережелерін" және "анықтау Ережелерін" деген сөздер тиісінше "жүргізу жөніндегі нұсқаулықты" және "анықтау жөніндегі нұсқаулықты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      Бұйрықтың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларындағы "жүргізу ережесі" және "анықтау ережесі" деген сөздер тиісінше "жүргізу жөніндегі нұсқаулық" және "анықтау жөніндегі нұсқаулық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген Бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне талдау жүргізу ережесінде:
      атауындағы "жүргізу ережесі" деген сөздер "жүргізу жөніндегі нұсқаулық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтағы "осы Ереже жүргізу тәртібін анықтайды" деген сөздер "осы Нұсқаулық жүргізу егжей-тегжейін анықтайды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта:
      "анықтау ережесінде" деген сөздер "анықтау жөніндегі нұсқаулықта" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Ереже" деген сөз "Нұсқаулық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      9-тармақты қоспағанда Ереженің барлық мәтіні бойынша "Ереже" деген сөз "Нұсқаулық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      көрсетілген Бұйрықпен бекітілген Жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қызметі тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін анықтау ережесінде:
      атауындағы "анықтау ережесі" деген сөздер "анықтау жөніндегі нұсқаулық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қызметі тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін анықтау жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) мемлекеттік мүлікті тиімді басқаруды арттыру мақсатында әзірленді және жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қызметі тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін анықтайды.";

      3-тараудың 1-тармағындағы "Осы ережелерде" деген сөздер "Осы нұсқаулықта" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы М.С.Рахановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министрдің міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады