Панфилов аудандық мәслихаттың жұмыс тәртібін (регламент) бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 3-6-42 шешімі. Алматы облыстық Әділет департаментінде 2004 жылы 29 сәуірде N 1599 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2011 жылғы 08 желтоқсандағы N 4-54-338 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2011.12.08 N 4-54-338 шешімімен.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару органдары туралы" Заңының 9 бабына сәйкес, Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
       Қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес Панфилов аудандық мәслихатының жұмыс тәртібі (регламент) бекітілсін.

      Аудандық мәслихаты
      сессиясының төрағасы

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы

Аудандық мәслихаттың
2004 жылғы 16 сәуірдегі
N 3-6-42 шешіміне
қосымша

Панфилов аудандық мәслихатының ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
(РЕГЛАМЕНТ)

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1. Аудандық мәслихаттың регламенті Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес құрастырылған.
      2. Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, тиісті әкімшілік - аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіретін және жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін, олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
      3. Жұмыс тәртібі (регламенті) аудандық мәслихаттың ішкі қызмет тәртібін реттейтін нормативтік-құқықтық акт.

2-тарау. Аудандық мәслихатты құру

      4. Мәслихаттарды тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің халқы жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайлайды.
      5. Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бір мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
      6. Тиісті мәслихат депутаттарының санын Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы мынадай шектерде: аудандық мәслихатта жиырма беске дейін белгілейді.
      7. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы белгілеген оның депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үші сайланған жағдайда мәслихат заңды болып есептеледі.
      8. Мәслихат депутаттарын сайлау Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдарымен регламенттеледі.
      9. Мәслихаттың өкілеттігі бірінші сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бірінші сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.
      10. Әкімшілік-аумақтық бөлініс қайта ұйымдастырылған жағдайда жаңадан сайланған мәслихат сессиясының жұмысы басталғанға дейін мәслихат депутаттары өз өкілеттігін сақтайды және құрамына өз сайлаушыларының басым бөлігі кірген, қайта ұйымдастырылған мәслихаттардың депутаттары болып табылады. Әкімшілік-аумақтық бөлініс таратылған жағдайда тиісті мәслихат таратылады.
      11. Мәслихаттың заңды тұлға құқығы болмайды.

3-тарау. Мәслихаттардың құзыреті

      12. Мәслихаттардың құзыретіне:
      1) тиісті аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту, соның ішінде республикалық маңызы бар қаладағы ауданды, кентті, ауылды, ауылдық округті ұстауға арналған шығыстар сметасын бекіту;
      2) тиісті аумақтарда қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану жөніндегі бағдарламаларды және қоршаған ортаны қорғау, сауықтыру жөніндегі шығыстарды бекіту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарға сәйкес өзге де мәселелерді шешу;
      3) әкімнің ұсынуы бойынша әкімшілік-аумақтық бөліністі басқару схемасын бекіту;
      4) өздерінің қарауына жатқызылған әкімшілік-аумақтық құрылыс және жергілікті қауымдастық ұйымының шекараларын айқындау мәселелерін шешу;
      5) әкімнің ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының шешімімен тиісті әкімияттың дербес құрамын келісу;
      6) атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау және тиісті органдарға мәслихат шешімдерін орындамағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ ұйымдарды жауапқа тарту туралы ұсыныс енгізу;
      7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру;
      8) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес, бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық белгіленетін ережелерді бекіту;
      9) Тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністі дамыту жоспарларының, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының, жергілікті бюджеттің атқарылуына бақылау жасау;
      10) Мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құру, олардың қызметі туралы есептерді тыңдау, мәслихаттың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;
      11) Халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мен кедейлікпен күрес бағдарламаларын бекіту;
      12) әкімнің ұсынуы бойынша ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша әкімият жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың дербес құрамын бекіту;
      13) Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;
      14) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясы, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындалуына жәрдемдесу;
      13. Аудандық мәслихаттар құзыретіне қалалар, тиісті аудан аумағында орналасқан кенттер мен ауылдар салудың бас жоспарларын бекіту де жатады.

4-тарау. Мәслихаттың актілері

      14. Мәслихаттың өз құзыретіндегі мәселелер бойынша шығаратын шешімдері мәслихаттың актілері болып табылады.
      15. Мәслихаттардың жергілікті бюджет кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін шешімдерінің жобалары әкімнің оң қорытындысы болған жағдайда ғана қарауға енгізілуі мүмкін.
      16. Мәслихаттың өз құзыреті шегінде және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты қабылдаған шешімдері заңдарда белгіленген тәртіпте ресми жариялануға тиіс және ол тиісті аумақта орындалуға міндетті.
      17. Мәслихаттың жалпыға бірдей міндетті маңызы бар, ведомствоаралық сипаттағы немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты шешімдерін заңдарда белгіленген тәртіпте әділет министрлігінің аумақтық органдарының мемлекеттік тіркеуіне жатады.
      18. Мәслихаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес келмейтін шешімдерін мәслихаттың өзінің жоюы не сот тәртібімен жойылуы мүмкін.

5-тарау. Мәслихат жұмысын ұйымдастыру

      19. Мәслихат өз өкілеттігін сессияларда тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихаттың депутаттары мен хатшысы арқылы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпте жүзеге асырады.
      20. Мәслихат қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешіледі.
      Егер мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемінде үштен екісі сессияға қатысса, мәслихат сессиясы заңды болып табылады.
      21. Мәслихат:
      1) Мәслихат сессиясының төрағасын, мәслихат хатшысын сайлайды және қызметінен босатады, олардың есептерін тыңдайды;
      2) Мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметінен босатады, олардың жұмысы туралы есепті тыңдайды;
      3) Мәслихаттың қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды, тексеру комиссиясының актілерін бекітеді;
      4) Заңдарда белгіленген адам саны мен қаражат лимиті шегінде мәслихат аппаратының құрылымын бекітеді және оны ұстауға әрі материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды. Мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің штат саны лимиті тиісті мәслихат депутаттарының саны негізге алынып, жеті депутатқа бір қызметкер қатынасында, бірақ үш адамнан кем емес болып белгіленеді;
      5) Мәслихаттың регламентін бекітеді;
      6) Депутаттардың сауалдарын қарайды және олар бойынша шешімдер қабылдайды;
      7) өз жұмысын ұйымдастыру жөнінде өзге де шешімдер қабылдайды.

6-тарау. Мәслихат сессиясын шақыру тәртібі

      22. Жаңадан сайланған мәслихаттың бірінші сессиясын осы мәслихат үшін белгіленген депутаттар санының кемінде төрттен үші болған ретте, мәслихат депутаттары тіркелген күннен бастап отыз күн мерзімнен кешіктірмей, тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады.
      23. Мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде төрт рет шақырылады. Оның жұмысын сессияның төрағасы жүргізеді. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемінде үштен бір бөлігінен кем емес депутаттардың, сондай-ақ әкімнің жасаған ұсынысы бойынша шақырылып, мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді. Кезектен тыс сессия кезектен тыс сессия өткізу жөнінде қабылданған шешімнен кейін бес күн мерзімнен кешеуілдетпей шақырылады. Кезектен тыс сессияда оны шақыруға негізгі себеп болған ерекше мәселелер қаралуы мүмкін.
      24. Мәслихат хатшысы мәслихат сессиясын шақыру уақыты мен өткізілетін орны туралы, оның қарауына енгізілетін мәселелер туралы депутаттарға, халыққа және әкімге сессияға кемінде он күн қалғанда, кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда үш күн мерзім ішінде хабарлайды. Мәслихат хатшысы сессиясының қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды депутаттарға және әкімге - сессияға кемінде бес күн қалғанда,ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемінде үш күн қалғанда табыс етеді.

7-тарау

      25. Мәслихат сессиясы жалпы отырыс нысанында өткізіледі.
      26. Мәслихаттың бірінші сессиясын тиісті сайлау комиссиясының төрағасы ашады және мәслихат сессиясының төрағасы сайланғанға дейін жүргізеді. Одан әрі мәслихат сессиясын мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.
      27. Егер депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісі мәслихат сессиясына қатысса, ол заңды болады. Мәслихат сессиясы шешім қабылдайды. Шешім сессия жұмысына қатысушы депутаттар жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
      28. Мәслихаттың сессиясы, қағидаға сай ашық түрде жүргізіледі. Мәслихаттың шешімі бойынша жабық сессия, егер де қатысып отырған депутаттар санының көпшілігі дауыс берген жағдайда өткізіледі.
      29. Мәслихат сессиясы төрағасының шақыруы бойынша жергілікті атқарушы органдар басшылары, тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында орналасқан ұйымдардың басшылары мен өзге де лауазымды адамдары мәслихаттың құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттар беру үшін мәслихат сессиясына келуге міндетті.

8-тарау

      30. Мәслихаттар өз өкілеттігі мерзіміне тұрақты комиссиялар құрады. Олардың саны жетеуден аспауға тиіс. Қажет болған жағдайда, мәслихат тұрақты комиссияларды жаңадан құрып, таратып және қайта ұйымдастыра алады.
      31. Тұрақты комиссиялардың тізбесі мен сан құрамын мәслихат белгілейді. Тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелерін өз депутаттары арасынан тиісті мәслихат сайлайды.
      32. Тұрақты комиссиялар өздерін сайлаған мәслихат алдында жауапты және жылына кемінде бір рет өз өз қызметі туралы есеп береді.

9-тарау. Көпшілікті тыңдау

      33. Тұрақты комиссиялар өз бастамасы бойынша немесе мәслихат шешімі бойынша көпшіліктік тыңдаулар өткізе алады.
      34. Көпшілік тыңдаулар депутаттардың, атқарушы органдар, өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, азаматтардың қатысуымен осы комиссиялардың кеңейтілген отырыстары түрінде тұрақты комиссияның қарауына жататын мейлінше маңызды және қоғамдық мәні бар мәселелерді талқылау мақсатында өткізіледі.
      35. Тұрақты комитеттерде көпшіліктік тыңдаулар өткізу тәртібі мәслихат регламентінде белгіленеді.

10-тарау. Уақытша комиссия

      36. Мәслихаттың құзырына жатқызылған мәселелерді сессияда қарауға әзірлеу мақсатында мәслихат не мәслихат хатшысы уақытша комиссиялар құруға құқылы. Уақытша комиссиялардың құрамын, міндеттерін, өкілеттік мерзімдерін және құқықтарын мәслихат оларды құру кезінде белгілейді.
      37. Мәслихаттың уақытша комиссиялары өз құзыретінде мәселелер бойынша қорытындылар қабылдайды.
      38. Уақытша комиссия жұмысына қатысқаны үшін ақы төленбейді.

11-тарау. Мәслихат сессиясының төрағасы

      39. Мәслихат сессиясының төрағасын мәслихат өз депутаттарының арасынан сайлайды.
      40. Мәслихат сессиясының төрағасы ашық дауыс беру арқылы мәслихат депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен сайланады. Мәслихат сессиясының төрағасын сайлау тәртібі мәслихат регламентінде белгіленеді. Мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы болмаған жағдайда оның өкілеттігін мәслихат хатшысы жүзеге асырады. Мәслихат депутаты мәслихат сессиясының төрағасы болып күнтізбелік жыл ішінде екі реттен артық сайлана алмайды.
      41. Мәслихат сессиясының төрағасы:
      1) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;
      2) мәслихат сессиясын әзірлеуге басшылық жасауды жүзеге асырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады;
      3) мәслихат сессиясының отырысын жүргізуде, мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
      4) мәслихаттың сессиясында қабылданған немесе бекітілген мәслихаттың шешіміне, хаттамаларға, өзге де құжаттарға қол қояды.
      5) Мәслихат сессиясының төрағасы өз қызметін басқа жұмыстан босатылмаған негізде жүзеге асырады.
      6) Мәслихат сессиясында дауыс беру кезінде депутаттардың дауысы тең бөлінген жағдайда, мәслихат сессиясының төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

12-тарау. Мәслихаттың хатшысы

      42. Мәслихаттың хатшысы тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазымды адам болып табылады. Оны мәслихат сессиясында депутаттар арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшілік дауысымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады. Мәслихаттың хатшысы мәслихат өкілеттігі мерзіміне сайланады.
      43. Мәслихат хатшысы лауазымына кандидатураларды мәслихат депутаттары мәслихат сессиясында ұсынады.
      44. Мәслихат хатшысы:
      1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді және сессия төрағасымен бірге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
      2) мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысуы үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды.
      3) Депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштерін қаралуын бақылайды;
      4) Мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      5) Сайлаушылар өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат беріп отырады; мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
      6) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;
      7) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;
      8) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкіл болады;
      9) мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі іс-шараларды белгілейді;
      10) мәслихат шешімі бойынша өзге де міндеттерді орындайды;
      11) Мәслихат хатшысының мәслихаттың тұрақты комиссияларында болуға құқығы жоқ;
      12) Мәслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкілеттігін мәслихат сессиясы төрағасының шешімі бойынша мәслихат тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы уақытша жүзеге асырады.

13-тарау. Аудандық мәслихаттың депутаты және оның
өкілеттіліктері

      45. Мәслихат депутаты жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді.
      46. Депутат:
      1) сайлауға және мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихат хатшысы, тексеру комиссиясының төрағасы, тұрақты комиссияның төрағасы немесе мүшесі болып сайлануға, мәслихаттың өзге де органдарында сайлануға;
      2) мәслихат сессиясы мен оның тұрақты комиссияларында қарау үшін мәселелер ұсынуға, оларды қарауға;
      3) тиісті мәслихаттың аумағында орналасқан жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдарға мәслихаттың құзыретіне жатқызылатын мәселелер бойынша сауалдар беруге және жолдамалар жіберуге;
      4) өз округінің сайлаушыларымен, сондай-ақ өзін өзі басқару органдарымен және ұйымдармен кездесулер мен жиналыстар өткізуге;
      5) сессияда тиісті мәслихат аумағында орналасқан жергілікті атқарушы орган мен ұйымдардың лауазымды адамдарының мәслихаттың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша есептерін тыңдау туралы ұсыныстар енгізуге;
      6) тиісті әкімият отырыстарының жұмысына қатысуға;
      7) саяси партиялардың депутаттық тобы түрінде бірлестіктер құруға құқылы. Саяси партияның депутаттық тобы мәслихаттың кемінде бес депутатын біріктіруге тиіс. Саяси партиялардың депутаттық тобын тіркеу мәслихат сессиясында жүзеге асырылады.
      Саяси партиялардың депутаттық тобының өкілеттігі, қызметін ұйымдастыру мәслихаттың регламентінде белгіленеді.
      47. Депутат:
      1) мәслихаттың және өзі құрамына сайланған оның органының жұмысына қатысуға;
      2) өз округі сайлаушыларымен тұрақты байланыс жасауға, оларға мәслихаттың жұмысы, шешімдердің орындалуы туралы ұдайы хабарлап отыруға, шешімдердің орындалуын ұйымдастыруға және бақылау жасауға қатысуға;
      3) сайлаушылардың өзіне келіп түскен өтініштерін қарауға, азаматтарды жеке қабылдауды ұдайы жүргізуге міндетті.
      Депутат депутаттық сұраулардың құқығын жүзеге асыруға міндетті. Сайлау округіндегі халықпен (сайлаушылармен) жұмыс депутат қызметіндегі маңызды ұйымдастырушылық түр болып табылады. Депутат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын және мәслихаттың тиісті регламентіне сәйкес жүзеге асырады.
      Мәслихаттың әрбір депутатына өкілеттіліктерін кедергісіз және тиімді жүзеге асыру үшін жағдай жасалуына, оның құқықтарын, қадір - қасиеті мен ар-ожданын қорғауға кепілдік беріледі.

14-тарау. Мәслихат өкілеттігін тоқтату негіздері

      48. Мәслихат өкілеттігі Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген оның өкілеттік мерзімі аяқталғанда тоқтатылады.
      49. Мәслихат өкілеттігін мынадай жағдайларда:
      50. Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын сот тәртібімен заңсыз деп танылған шешімдер қабылдау түрінде бірнеше рет (екі және одан да көп) бұзса;
      51. егер жаңадан сайланған мәслихат бірінші сессиясы ашылған күнінен бастап отыз күн өткенше өз құрылымын белгілемесе және тиісті органдарын құрмаса;
      52. тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс қайта ұйымдастырылса немесе таратылса;
      53. мәслихат өз депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің жасырын даусымен өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдаса; экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын екі рет бекітпеумен.
      54. жергілікті бюджетті, аумақты дамытудың жоспарларын, білдірілген әкімиятпен арада еңсерілмейтін келіспеушіліктер болса, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мерзімінен бұрын тоқтатады.

15-тарау. Аудандық мәслихаттың аппараты

      55. Мәслихат аппараты мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асырады, депутаттарға өздерінің өкілеттігін жүзеге асыруға көмек көрсетеді.
      56. Мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      57. Мәслихаттың өкілеттік мерзімінің аяқталуымен, мәслихат өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда, мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің қызметі тоқтатылмайды.
      58. Мәслихат аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.

16-тарау. Мәслихаттың тексеру комиссиясы

      59. Мәслихат жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылау үшін өз өкілеттігі мерзіміне тексеру комиссиясын сайлайды. Тексеру комиссиясы мүшелерінің санын мәслихат белгілейді. Тексеру комиссиясының төрағасын мәслихат депутаттар арасынан сайлайды. Облыстық, аудандық мәслихаттардың тексеру комиссиясының төрағасы өз қызметін басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асырады. Тексеру комиссиясының жұмысына мәслихат депутаты емес адамдар да шарт негізінде тартылуы мүмкін.
      60. Тексерулер мәслихаттың, тексеру комиссиясының не мәслихат хатшысының шешімдерімен, мәслихаттың сайланған депутаттары санының кемінде үштен бірінің талап етуі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда жүргізілуі мүмкін. Тексеру нәтижесі бойынша тексеру комиссия акт жасап, ол туралы мәслихат пен әкімиятқа хабарлайды. Тексеру жылына кемінде бір рет жүргізіледі.
      61. Тексеру комиссиясының өкілеттігі мен жұмыс тәртібі мәслихат регламентімен белгіленеді.

17-тарау. Қорытынды ережелер

      62. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы туралы Заңында белгіленген жағдайда мәслихат сессиясы өтетін залда Қазақстан Республикасының туы қолданылады.
      63. Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат және әкімият өз баспасөз органына құрылтайшы болуға жергілікті радио, телевидение, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға құқылы.
      64. Аудандық мәслихаттың Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Заңдарына сәйкес келмейтін шешімдерін мәслихаттың өзінің жоюы не сот тәртібімен жойылуы мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады