Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл аудандық әкімиятының 2004 жылға 13 ақпандағы N 05 қаулысы. Жамбыл облыстық Әділет Департаментінде 2004 жылғы 23 наурызда N 1265 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 ақпандағы № 19 Қаулысымен

      Еркерту. Күші жойылды - Жамбыл ауданы әкімдігінің 2012.02.02 № 19 Қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149-ІІ "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабына сәйкес аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібі" N 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін мекемелер мен атқарылатын жұмыстар тізімі және оларды қаржыландыру көздері N№2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары  Б.Сергеевке жүктелсін.

      Жамбыл ауданы Әкімі              М. Байгелдиев

Жамбыл ауданы Әкімиятының
2004 ж. "13" ақпандағы
әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыру және қаржыландыру
тәртібін бекіту туралы" N 05
қаулысына N№1 қосымша

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы ереже нысаналы топтардағы азаматтарды жұмыспен қамтамасыз етуде әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынған ұйымдармен /меншік түріне қарамай/ негізгі  шарттарын және есеп айырысу жүйелерін реттейді.

      2. Осы тәртіпте қолданылатын негізгі ұғымдар:
      1) әлеуметтік жұмыс орны - нысаналы топтардағы жұмыссыз азаматтарды  жұмыспен қамтамасыз ету үшін, жұмыс берушілердің жазбаша түрде келісімімен берілген, жұмыс берушілердің еңбек ақы төлеу шығыны  жергілікті бюджеттің есебінен ішінара орны толтырылатын жұмыс орны.

      2) нысаналы топтар - "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңымен бекітілген, әлеуметтік қорғауды қажет ететін және жұмысқа тұруына кедергі көріп отырған азаматтар тобы.

      3. Әлеуметтік жұмыс орындарына қамтылған жұмыссыз азаматтарға Қазақстан Республикасының еңбек туралы, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заң актілері қолданылады.

      4. Халықтық нысаналы топтарындағы жұмыссыздардың әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуын Жамбыл ауданы Әкімінің еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырудың және ұйымдастырудың тәртібі

      5. Әлеуметтік жұмыс орындары осы орынға қабылданған жұмыссыздардың еңбек ақысына жұмсалған шығындарының орнын жергілікті бюджеттен ішінара қайтарылатын, қалған шығындарын өзінің есебінен қаржыландыратын жұмыс берушілермен анықталады немесе құрылады.

      6. Жамбыл ауданы Әкімінің еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған нысаналы топтағы жұмыссыздардың еңбек ақысына кеткен шығындарын ішінара төлеуге, қызмет көрсету бойынша, жұмыс берушілермен келісім-шартқа тұрады.

      7. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз ету және еңбек ақыға төленетін бюджет қаржысын тиімді пайдалану мақсатында, аудандық әкімият жұмыс беруші мекемелермен жазбаша келісім жасасып  нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруды қалыптастырады.

      8. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды орналастыру Жамбыл ауданы Әкімінің еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мекемелермен жасалған келісім-шарттар бойынша жүзеге асырылады.

      9. Нысаналы топтағы жұмыссыздар және әлеуметтік жұмыс орнына орналасу құқығы бар азаматтарға жататындар: оқу орындарын бітірушілер, оралмандар, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, бас бостандығынан айырылып, мерзімін өтеп келгендер.

3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері мен тәртібі

      10. Әлеуметтік жұмыс орындарына алынған жұмыссыздардың еңбек ақысын, жұмыс беруші, еңбек келісім шартында көрсетілген тәртіп бойынша және атқарылған жұмыстың сапасы мен санына қарай ай сайын төлеп тұрады.

      11. Жұмыс берушінің жұмыссыздарға төлейтін төлем ақы шығыны әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылғандарға жергілікті бюджет қаржысынан алты айға дейін орта есеппен жалақыны ішінара толықтырады, бірақ Республика бойынша бекітілген ең аз еңбек ақыдан кем болмауы керек. Жергілікті бюджеттен қаражат жұмыс берушілердің есеп шотына аударылады.

      12. Әлеуметтік жұмыс орындарына алынған жұмыссыздарға төленетін еңбек ақыға заңмен бекітілген тәртіп бойынша салық салынады.

      13. Әлеуметтік жұмыс орындарына алынған жұмыссыздардың еңбек ақысы нақты орындалған жұмыс көлеміне қарай төленеді.

      14. Жұмыс берушілер жергілікті бюджеттен түскен түсімдерді әлеуметтік жұмыс орындарына алынған жұмыссыздардың еңбек ақысына жұмсаған шығындарының орнын толтыру үшін пайдаланады.

4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін қадағалау

      15. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібінің орындалуын қадағалау, мемлекеттік органдармен, заңмен белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

Жамбыл ауданы Әкімиятының
2004 ж. "13" ақпандағы
"Әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыру және қаржыландыру
тәртібін бекіту туралы" N 05
қаулысына N 2 қосымша

Әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін мекемелер
мен атқарылатын жұмыстар тізімі және оларды
қаржыландыру көздері

№N

Ұйым, кәсіпорын, мекеме атауы

Адам саны

Атқарылатын жұмыстар

Атқарылатынжұмыстардың мерзімі

Қаржы көздері

1.

"Жамбыл аудандық коммуналдық  кәсіпорындар комбинаты" КМК

2
 

2
 

3

- су құбырларының жүйесін күзету

- су құбырлары жүйесін жөндеу

- көріктендіру жұмыстары

2004 ж.

Ішінара жергілікті  бюджет. Ішінара жұмыс беруші.

2.

"Жамбыл жолдары" ЖШС

4
 

1

- жол жөндеу жұмыстары

- күзетші

2004 ж.

Ішінара жергілікті бюджет. Ішінара жұмыс беруші.

      Ескерту: КМК - коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын
               ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады