Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережесі туралы

Күшін жойған

Жуалы аудандық әкімиятының 2004 жылғы 16 наурыздағы N 64 қаулысы. Жамбыл облыстық Әділет Департаментінде 2004 жылғы 13 мамырда N 1348 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы № 6 қаулысымен

      Ескерту: Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы ауданы
      әкімдігінің 2012.01.27 № 6 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 13 тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" N 149 Заңының 7 бабының 6 тармақшасына сәйкес аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 1 қосымшаға сәйкес аудан аумағында әлеуметтік жұмыс орындарын орналастыру және қаржыландыру ережесі бекітілсін.

      2. 2 қосымшаға сәйкес Аудан аумағында әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға сұраныс берген жұмыс берушілердің тізімі бекітілсін.

      3. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына (С. Әзімбеков) әлеуметтік жұмыс орындарын ауыл әкімдері мен жұмыс берушілер сұраныстарын ескере отырып, ережеге сәйкес ұйымдастыруды қамтамасыз ету тапсырылсын.

      4. Аудандық қаржы бөлімі (Қ. Ахметов) әлеуметтік жұмыс орындарын ережеге сәйкес қаржыландырсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Аманбековке жүктелсін.

      Аудан әкімі                               Е. Үсенбаев

  Аудан әкімиятының 2004 жылғы
16 наурыздағы "Әлеуметтік жұмыс
орындарын ұйымдастыру және
қаржыландыру ережесі туралы"
N 64 қаулысымен бекітілген
1 қосымша

Әлеуметтік жұмыс орындарын орналастыру және қаржыландыру ережесі

1. Жалпы ережелер

      Осы Ереже ауданда меншік нысанына қарамастан барлық мекемелерде жұмыссыздар ішіндегі нысаналы топқа жататын азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және оны қаржыландыру тәртібін белгілейді.

2. Ережеде қолданылатын негізгі түсініктер

      1) Әлеуметтік жұмыс орны жұмыссыздар арасындағы нысаналы топқа жататын азаматтарды жұмысқа орналастыру, оларға төленетін еңбек ақыларының бір бөлігін жергілікті бюджет арқылы өтей отырып жұмыс берушілерді жазбаша түрдегі келісімімен ашылатын жұмыс орны.

      2) Нысаналы топ жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды аса қажет ететін азаматтар.

      3) Әлеуметтік жұмыс орнына орналасқан жұмыссыздарға еңбек, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамалары қолданылады.

      4) Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган, жұмыссыздардың ішіндегі нысаналы топқа жататындарын әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуына ықпал етеді.

3. Әлеуметтік жұмыс орнына орналасудың
ұйымдастырылуы мен тәртібі

      1) Әлеуметтік жұмыс орны жұмыс берушінің қаражаты есебінен анықталады немесе құрылады, осы жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың еңбек ақыларына төленетін шығынның бір бөлігі жергілікті бюджет есебінен өтеледі.

      2) Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, жұмыссыздар арасындағы нысаналы топқа жататын азаматтарды әлеуметтік жұмыс орнына орналастыруға және олардың еңбек ақыларына төленетін шығынның бір бөлігін өтеу мақсатында, жұмыс берушілермен келісім шартқа отырады.

      3) Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтамасыз ету және олардың еңбек ақысына арналған бюджет қаражаттарын нәтижелі пайдалану мақсатында тиісті әкімшілік аумақтар, бірліктер /ауыл әкімдері/ жұмыс берушілердің жазбаша келісіміне сүйене отырып, халықтың нысаналы тобына жататын азаматтарды орналастыруға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын анықтайды.

      4) Келісім шартқа сәйкес жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орнына орналастыру аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы арқылы жүргізіледі.

4. Әлеуметтік жұмыс орнын қаржыландыру
көздері мен шарты

      1) Әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу жеке еңбек шартының негізінде жұмыс беруші арқылы ай сайын, орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.

      2) Жұмыс берушінің жұмыссыздарға төлейтін төлем ақы шығыны әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылғандарға жергілікті бюджет қаржысынан 6 айға дейін орта есеппен жалақыны ішінара толықтырады, бірақ Республика бойынша бекітілген ең аз еңбек ақыдан кем болмауы керек. Бюджет есебінен қайтарылатын қаржы ай сайын жұмыс берушінің есеп шотына келісім шартқа сәйкес аударылып отырады.

      3) Әлеуметтік жұмыс орнына орналасқан жұмыссыздардың жергілікті бюджет есебінен есептелген жалақысына заңнамада белгілеген тәртіппен салық салынады.

      4) Әлеуметтік жұмыс орнына орналасқан жұмыссыздарға еңбекақы төлеу нақты атқарылған жұмыс көлеміне сәйкес анықталады.

      5) Жұмыс беруші, жергілікті бюджеттен түскен қаражатты әлеуметтік жұмыс орнына орналасқан жұмыссыздарға кеткен шығынның орнын жабуға пайдаланады.

5. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен
қаржыландырудың тәртібін бақылау

      Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландырудың тәртібін бақылауды мемлекеттік органдар заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

Аудан әкімиятының 2004 жылғы
16 наурыздағы "Әлеуметтік жұмыс
орындарын ұйымдастыру және
қаржыландыру ережесі туралы"
N 64 қаулысымен бекітілген
N 2 қосымша

Мекемелер, ұйымдар және кәсіпорындардың әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыз азаматтарды қамтуға жасалынған тізбесі

Әлеуметтік жұмыс орнын ашатын мекеме және мамандығы

Адам саны

Жұмыс істеу мерзімі

(ай)

1

2

3

1. Аудандық орталық аурухана    (жұмысшы)

3

6

2. "Жуалы Сервис"(жұмысшы)

10

6

3. "Орталық ЖШС" (жұмысшы)

15

6

4. Ақтөбе-ХХІ ЖШС (жұмысшы)

10

6

5. Дархан ш/қ (жұмысшы)

15

6

Барлығы:

53


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады