Мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 сәуірдегі N 6/59 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 25 мамырда N 1519 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы N 55/417 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2011.12.22 N 55/417 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148-II заңының 6 бабына сәйкес қалалық мәслихат шешті:
      1. Мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру Қағидасы бекітілсін (қосымша).
      2. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестріне 159, 1213, 1302 нөмірлерімен енгізілген қалалық мәслихаттың 2000 жылғы 1 желтоқсандағы "Мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру Қағидасын қайта бекіту туралы" N 8/85 шешімінің, 2003 жылғы 23 сәуірдегі "мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру Қағидасын қайта бекіту туралы 2000 жылғы 1 желтоқсандағы N 8/85 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" N 29/281 шешімінің, 2003 жылғы 10 қыркүйектегі "Мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы Қағидасын қайта бекіту туралы" қалалық мәслихаттың 2000 жылғы 1 желтоқсандағы N 8/85 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" N 32/302 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика, коммуналдық сала, көлік, коммуникациялар және табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін. (Гусев А.И.)

      Сессия төрағасы                            А. Омаров

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                Л. Коробейникова

Қалалық мәслихаттың
2004 жылғы 14 сәуірдегі
"Мемлекеттік тұрғын үй
қорын жекешелендіру туралы
Қағидасын бекіту туралы"
N 6/59 шешімімен бекітілген
қосымша

Мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы
Қағидасы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Балқаш қалалық мәслихатының 2004.08.20 N 11/113 шешімімен.

      1. Осы Қағида Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1992 жылдың 24 қаңтарындағы N 66 қаулысына сәйкес жасалған және мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын жайын жекешелендіру реттерін анықтайды, қағида бекітілгенге дейін, мемлекеттік тұрғын үй қорында қалған тұрғын жайларға (пәтерлерге, үйлерге) ғана таратылады.
      2. Мемлекеттік тұрғын үй жайларын өтеусіз меншігіне алу құқығы бекітілген Балқаш қаласының тұрғынына жататын азаматтар тобы:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары;
      2) 1 және 2 топтағы мүгедектер (өздері жасаған қылмыс салдарынан мүгедек адамдарды қоспағанда);
      3) Иесіздендірілген аумақта Чернобыль атомдық электростанция апаттарын жоюға қатысқандар;
      4) Дәрігерлік әлеуметтік сараптама комиссиясының (ДӘСК) қорытындысы бойынша Семей полигонындағы ядролық сынақтар жарылыстарының, сондай-ақ тізімі Қазақстан Республикасы Үкіметі анықтайтын, басқада азаматтық және әскери мақсаттағы ядролық объектілердегі жарылыстардың және радиациялық сәулелердің салдарынан денсаулығы нашарлаған азаматтар.
      5) интернационалистік борышын атқаруға байланысты мүгедек болған интернационалист-жауынгерлер.
      Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2005.09.19 N 23/220 шешімімен.
      3. Тұрғын жайды жекешелендіру ондағы тұратын кәмелеттік жасқа толған барлық отбасы мүшелерінің жазбаша түрде берген келісімдері бойынша жүргізіледі.
      4. Жылжымайтын мүлікке құқық тұрғын жайды төлемақысыз жекешелендіру шарт бойынша рәсімделіп, жылжымайтын мүлікті тіркейтін Қарағанды облысы бойынша "Жылжымайтын мүліктік орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Балқаштық филиалында тіркеледі.
      5. Жекешелендірілген тұрғын жай пәтер жалдаушының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің ортақ меншігіне көшеді, оның ішінде уақытша тұрмайтын отбасы мүшелерінің де, егерде, шартта олардың арасында басқадай көрсетілмесе.
      6. Қалалық мәслихаттың 2004 жылғы 20 тамыздағы N 11/113 шешімімен алынып тасталынған.
      Ескерту. 6 тармақ алынып тасталды - Балқаш қалалық мәслихатының 2004.08.20 N 11/113 шешімімен.
      7. Осы Қағидада көрсетілмеген барлық жағдайларда Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" N 94-I заңымен және Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 24 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру Ережесін бекіту туралы" N 66 қаулысымен басшылық ету керек.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады