Жаңаөзен қаласы және қала жанындағы елді мекендерде жануарларды ұстау қағидасы туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы мәслихатының 2004 жылғы 14 желтоқсандағы N 12/75 шешімі. Маңғыстау облыстық Әділет департаментінде 2005 жылғы 27 қаңтарда N 1841 тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2005 жылғы 21 маусымдағы N 18/109 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 21.06.2005 № 18/109 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 8)-тармақшасына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Жаңаөзен қаласы және қала жанындағы елді мекендерде жануарларды ұстау қағидасы бекітілсін.

      2. Осы шешім жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Сессия төрағасы

Қалалық мәслихаттың хатшысы


  Жаңаөзен қалалық мәслихатының
2004 жылғы 14 желтоқсандағы
N 12/75 шешімімен бекітілген

Жаңаөзен қаласы және қала жанындағы елді мекендерде
жануарларды ұстау Қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Осы қағида Жаңаөзен қаласы және Қызылсай, Теңге елді мекендерінде жануарлардың барлық иелеріне, меншік нысаны мен ведомстволық бағынысына қарамастан, ұйымдар мен кәсіпорындарға таратылады.

      2. Жануарларды ұстаудың міндетті шарты болып мыналар табылады:

      1) ветеринария бөлімінде жыл сайын қайтадан тіркеуден өткізу, ерекше қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы вакцинация жасату және паразитарлық ауруларға қарсы жоспарлы алдын алып өңдеу жасату жоспарлы шараларды жүзеге асыру;

      2) жаңадан алған жануарлар екі апталық мерзімде ветеринария бөлімінде қаралуға және тіркелуге, тіркелу анықтамасын алынуға тиіс;

      3) санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық-санитарлық ережелер мен нормаларды сақтау.

      3. Жануарларды қаладан тысқары жерлерге алып кету мен сату, тіркеу куәлігі негізінде, ветеринария бөлімі беретін, вакцинация мен дегельминтизация датасы көрсетілген, белгіленген үлгідегі ветеринарлық куәлік рәсімделген кезде ғана рұқсат етіледі.

      4. Жануарларды теңізге, адамдар деп алатын басқа да табиғи және жасанды суларға түсіруге тыйым салынады.

      5. Мамандандырылған коммуналдық кәсіпорындар жануарларды ветеринариялық дәрігердің қорытындысы бойынша алады және оқшаулайды. Оқшаудағы жануарларды ұстауға байланысты барлық шығындар, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 10.07.2002ж. N 339-II Заңына сәйкес, иелері есебінен өтеледі.

2. Жануарлар иелерінің құқығы

      6. Кез келген жануар иелердің меншігі болып табылады және кез-келген меншік сияқты заңмен қорғалады.

3. Жануарлар иелерінің міндеттері

      7. Жануарлардың иелері мыналарға міндетті:

      1) олардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес асырауға, жануарларға адамгершілікпен қарауға, оларды қараусыз қалдырмауға, ауырған жағдайда уақытында ветеринариялық көмек көрсетуге;

      2) оларды асырайтын және қыдыртатын жерлерде тиісті санитарлық жағдайды сақтауға;

      3) ветеринарлық мекемелердің талабы бойынша қарау, диагностикалық зерттеу және емдеп алдын алып өңдеу үшін уақытында апарып тұруға;

      4) адамдар мен жануарлардың айналасында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қажетті шараларды алуға;

      5) жануарды одан әрі бағу мүмкіндігі жоқ кезде, оны басқа иегерге немесе ветеринарлық мекемеге тапсыруға;

      6) жануарларды алу, жоғалту немесе оның өлімі туралы тұрғын жерлері бойынша мемлекеттік ветеринарлық қызмет органына хабарлауға;

      7) жануарлар адамды немесе жануарды қапқан кезде иесі бұл туралы жақын маңдағы медициналық және ветеринарлық мекемелерге хабарлауға, жануарларды мамандардың қадағалауымен қаралым және карантин жасау үшін ветеринарлық мекемеге жеткізуге;

      8) жануарлардың мүрдесін алып кету және жоқ қылу үшін арнайы қызметтерге хабарлауға. Оларды лақтыруға немесе жерге көмуге тыйым салынады.

4. Ит пен мысық асырау

      8. Мыналарға рұқсат етіледі:

      1) жануарларды тұрғын орын жайларда, соның ішінде туыстық байланысты жоқ, өзара келісімдері бар, медициналық қайшы көрсеткіштері жоқ екі немесе одан да көп отбасылары тұратын пәтерлерде ұстауға;

      2) жануарларды жолаушылардың алаңдаушылығын болдырмайтын жағдайды сақтай отырып, көліктің барлық түрлерінде алып жүруге;

      9. Мыналарға тыйым салынады:

      1) азаматтарға (соның ішінде 14 жасқа дейінгі балаларға) қоғамдық орындарға итпен торлы ноқтасыз және қарғы баусыз баруға және қыдыртуға;

      2) жануарларды ортақ қолданылатын жерлерде; асханада, дәлізде, баспалдақ алаңдарында, үй шатырларында, төлелерде, сондай-ақ, балкондарда және лоджияларда бағуға;

      3) жануарларға подъездерді, баспалдақ алаңдарын, газондарды, тротуарларды, саяжай аумағын ластатуға. Егер де жануар осы жерлерде қиын тастаған болса, оны иелері жедел алуға тиіс.

      10. Қоғамдық орындарындағы, иелері дүкендердің, емханалардың, дәріханалардың, тұрмыстық қызмет кәсіпорындарының және басқалардың жанына байлап кеткендерден басқа, қасында адамы жоқ иттер мен мысықтар қараусыз деп саналады және арнайы қызметтердің аулауына жатады.

      11. Тұрғын үйлер жанында иттерді қыдыртқан кезде олардың иелері тыныштықты қамтамасыз етуі қажет, иттерді үргізбеуге тиіс. Иттерді осындай мақсатқа тиіс арнаулы бөлінген алаңдарда қыдырту керек. Жол-көлік уақиғасынан қашық болу үшін итті көшеден және үлкен жолдардан өткенде қарғы бауда ұстау керек.

5. Үй, ауыл шаруашылығы жануарларын,
құстар мен араларды бағу

      12. Селитебті аймақта ауылшаруашылығы жануарларын, құстарды және араларды бағуға, жайылтуға, айдауға тыйым салынады. Селитебті аймақ қоршаған ортаны күзету басқармасының келісімі бойынша қала әкімінің шешімімен айқындалады.

      13. Азаматтарға, кәсіпорындар мен ұйымдарға қаланың селитебті аймағынан тысқары жерлерде үй жануарларын қорада бағуға рұқсат етіледі.

      14. Қаланың селитебті аймағында жүрген ауыл шаруашылығы

      жануарларын мамандандырылған қызметтер ұстайды. Оларды бағу арнайы орындарда 7 тәулік бойы жүзеге асырылады. Егерде осы мерзім өткенше иелері келмесе мұндай жануарлар иесіз жануар ретінде мал сою пункттеріне тапсырылады, ал одан түскен сома жергілікті бюджетке аударылады. Көрсетілген мерзімге дейін жануарлардың иесі шығып жатса, оларды аулау, тасымалдау, бағу жөніндегі шығымдар иесінің есебінен өтеледі.

      15. Үй, ауылшаруашылығы жануарлары, құстар мен аралар,

      қолданыстағы нормаларға сәйкес, дара сектордың тұрғын үйлерінен, стадиондардан, қоғамдық тамақтандыру, сауда, азық-түлік өнеркәсібі кәсіпорындарынан, көп пәтерлі үйлерден, жаппай демалыс орындарынан, сауықтыру балалар лагерінен, демалыс үйлерінен, санаториялардан, табиғи және жасанды сулардан, артезиян құқықтарынан қашықта орналасқан, арнайы жабдықталған жабық орын жайларда ұсталады.

      Қала маңайындағы поселкелердің бір қабатты үйлерінде бірнеше отбасылары тұрған кезде жануарларды, құстар мен араларды осы үйде тұратын көрші отбасыларының келісімімен, белгіленген ветеринарлық, санитарлық ережелерді сақтай отырып бағуға болады.

      16. Экзотикалық жануарларды тұрғын үйлерде, жабайы және үй

      жануарларын мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің, мектептердің, оқушылар сарайының, дүкендердің зообұрыштарында, қаланың ветеринарлық бөлімінің рұқсатымен ғана, бағуға болады.

      17. Әр-түрлі жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында тоқсан

      сайын мал жайланған орынға дезинфекция жүргізу керек.

      18. Мал жайланған орын жайды тоқсан сайын әктеу керек және кем деген 1 рет дезинфекция жасау керек. Малдың көңін, жемнің қалдығын және қоқыстарды осы үшін арнайы бүлінген жерге уақытында апарып төгу керек.

      19. Малды көшелерде, алаңдарда, скверлерде, саяжайларда және

      басқа да ортақ қолданылатын жерлерде қыдыртуға тыйым салынады.

      20. Жануарларды алып кету және алып келу тек ғана қаланың бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының немесе оның орынбасарының рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.

6. Осы қағидаларды бұрмалағаны үшін жануарлар иелерінің
жауапкершілігі

      21. Осы қағидаларды бұрмалаған жеке және заңды тұлғалар 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің" N 155-II кодекстің (ҚРӘҚБтК) 310, 311 баптарына, 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339-II "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жазаға тартылады.

      22. Жануарлардың азаматтардың денсаулығына келтірген зияны және мүлікке келтірген нұқсаны белгіленген заңға сәйкес жануарлар иелерінің есебінен өтеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады