Май ауданы әкімдігінің 2003 жылғы 17 қазандағы "Аудан әкімдігінің қарамағындағы тұрғын үйлерді кезектілік тәртібімен белгілеу жөніндегі комиссиясын құру туралы" N 153/15 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, әділет департаментінде 2003 жылдың 24 қазанында N 2112 тіркелді

Күшін жойған

Павлодар облысы Май аудандық әкімиятының 2004 жылғы 4 мамырдағы N 67/1 қаулысы. Павлодар облысының әділет департаментінде 2004 жылғы 4 маусымда N 2541 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2007 жылғы 8 маусымдағы N 151/6 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2007 жылғы 8 маусымдағы N 151/6 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Май ауданы әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 17 қазандағы "Аудан әкiмдiгiнiң қарамағындағы тұрғын үйлердi кезектiлiк тәртiбiмен белгiлеу жөнiндегi комиссиясын құру туралы" N 153/15 қаулысына (2003 жылдың 24 қазанында N 2112 тiркелдi және аудандық "Шамшырақ" газетiнде 2003 жылдың 6 желтоқсанында N 49 ресми жарияланды) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      Аудан әкiмдiгiнiң қарамағындағы тұрғын үйлердi кезектiлiк тәртiбiмен белгiлеу жөнiндегi комиссиясының Ережесiнiң 4 бөлімінің 9 тармағы "аудан әкiмiнiң аппарат басшысы басқарады" деген мазмұны "аудан әкiмiнiң орынбасары басқарады" деп ауыстырылсын.
      2. Комиссияның құрамына өзгерiстер енгiзiлiп, құрамы заңнамаға сәйкес аудандық мәслихаттың сессиясына енгiзiлсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А.Закиярьяновқа жүктелсiн.

      Аудан әкiмi Т.Мүбәраков

Май аудан әкiмдiгiнiң    
2004 жылғы мамырдағы    
"Май ауданы әкiмдiгiнiң  
2003 жылғы 17 қазандағы  
"Аудан әкiмдiгiнiң    
қарамағындағы тұрғын үйлердi
кезектiлiк тәртiбiмен белгiлеу
жөнiндегi комиссиясын құру
туралы" N 153/15 қаулысына
өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзу туралы, әдiлет   
департаментiнде 2003 жылдың
24 қазанында N 2112 тiркелдi"
N 67/1 қаулысымен бекiтiлген

Аудан әкiмдiгiнiң қарамағындағы тұрғын үйлердi кезектiлiк
тәртiбiмен белгiлеу жөнiндегi комиссиясының
ЕРЕЖЕСI

1. Жалпы ережелер

      1. Аудан әкiмдiгiнiң қарамағындағы тұрғын үйлердi кезектiлiк тәртiбiмен белгiлеу жөнiндегi комиссиясы - консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
      2. Комиссия қызметiнiң құқықтық негiзгi Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Заңдарымен, сондай-ақ осы Ереже құрайды.

2. Комиссияның мақсаты мен мiндеттерi

      3. Комиссияның негiзгi мақсаты:
      Комиссия мүшелерi тұрғын үй қажет ететiндердiң кезектiлiгiн ұйымдастыру.
      4. Комиссияның мiндеттерi:
      1) тұрғын үй қажет ететiндердiң кезектiлiгiн бақылау;
      2) қажеттi құжаттардың тапсырылуын бақылау;
      3) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, тұрғын үй қажет ететiндерге кезексiз үй беру туралы шешiм қабылдау.

3. Комиссия қызметiн ұйымдастыру және жұмыс тәртiбi

      5. Комиссия мәжiлiстерi қажет болғанда, өткiзiледi.
      6. Комиссия мүшелерiнiң үштен екi бөлiгi қатысса , оның мәжiлiстерi құқықты болып саналады.
      7. Мәжiлiске қатысқан комиссия мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданып, ұсыныс сипатында болады. Комиссия мәжiлiсiне қатысып отырған мүшелердiң көпшiлiгi дауыс берсе, шешiм қабылданған болып саналады. Дауыс саны тең болса, төрағаның дауысы шешуi болады.

4. Комиссияның құрылуы

      8. Аудан әкiмдiгiнiң қарамағындағы тұрғын үйлердi кезектiлiк тәртiбiмен белгiлеу жөнiндегi комиссияның құрамы, заңнамаға сәйкес аудандық мәслихатында бекiтуге ұсынылады.
      9. Комиссияның төрағасы - аудан әкiмiнiң орынбасары басқарады.
      Комиссия төрағасының орынбасары аудандық коммуналды шаруашылық, көлiк және коммуникация бөлiмiнiң бастығы болады.

5. Комиссия өкiлеттiгi

      10. Комиссия өкiлеттi:
      1) тұрғын үйлердi кезектiлiк тәртiбiн белгiлеу;
      2) тұрғын үйдi алу тәртiбiнiң iс-құжаттары толық болмаған кезде, заңнамаға сәйкес iс-құжаттарды түгелдей жинақтауға сұрау құқылы;
      3) комиссияның мәжiлiстерiнiң қорытындысы бойынша шешiмдер қабылданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады